Тақырып Малдардың әр түрлі ауруларында қанды серологиялық әдіспен зерттеу


Тапсырма 2 Диффузиялық преципитация реакциясы (ДПР)



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі23,67 Kb.
#86340
1   2   3
Байланысты:
ЗПС 9 (1)

Тапсырма 2 Диффузиялық преципитация реакциясы (ДПР) инфекциялық ауруларын балауда және ауру қоздырушыларының антигендік құрылымын анықтауда кеңінен қолданылатын, қарапайым және сезімталдылығы жоғары реакциялардың бірі болып табылады. Бұл реакцияда агар гелінде белгілі бір қашықтықта орналасқан телімді антиген мен антиденелердің бір-бірімен қосылған жерінде ақ түсті сызық – преципитат пайда болады. Әрбір преципитация сызығы тек бір ғана антиген – антидене кешеніне тән. Сондықтан ДПР көмегімен күрделі антигендік жүйені ажыратуға болады. Антиген мен антиденелер бір-біріне сәйкес келмеген жағдайда преципитат пайда болмайды. ДПР-да келесі компоненттер қолданылады: антигендер, қан сарысулары және агар гелі. Гельдегі ДПР күрделі антиген қоспаларының құрамын егжей-тегжейлі талдауға, антигендердің телімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
ДПР бөлме температурасында (+18о – +22оС) немесе тоңазытқышта (+2о – +4оС) және сирек жағдайда термостатта (+37оС) қойылады. Температура жағдайларына байланысты диффузия жылдамдығы және преципитация сызығының пайда болуы уақытына қарай реакция өзгеріске ұшырайды. Сондықтан, реакцияны міндетті түрде бір қалыпты температурада қою қажет, себебі температура күрт өзгергенде қосымша преципитация сызығы пайда болып, жалған нәтиже беруі мүмкін.
Диффузиялық преципитация реакциясының негізгі компоненті болып агардан дайындалған гель ортасы саналады. Бұл реакцияда құрамы 0,25% калий хлориді мен консервант ретіндегі мертиоляттан тұратын физиологиялық ерітіндідегі 1–1,5 немесе 2% агар қолданылады.
Реакцияны капиллярларда, Петри шыныларында және пластиналардың (зат шыныларының) бетінде қоюға болады.
Диффузиялық преципитация реакциясының капиллярлы әдісі зерттеуге алынған өте аз мөлшердегі реагенттердің антигендік құрылымдарына талдау жүргізуге мүмкіншілік береді. Бұл реакцияда ішкі диаметрі 0,6–0,8 мл болатын пастер түтікшесінен дайындалған капиллярға балқытылған агарды 3–15 мм ұзындықта енгізеді. Сосын қатырылған агары бар капиллярды негізгі түтікшеден 15-20 мм ұзындықта корундты дискімен кесіп алады. Агарлы капиллярдың бір ұшына антигенді, ал екінші жағына телімді қан сарысуын қабаттағаннан кейін (ауа көпіршіктерінің болмауы қажет), майсыздандырылған зат шынысының бетіне қойып, екі ұшын парафинмен бекітп, бөлме температурасында (+18оС) қалдырады. Алғашқы преципитация сақинасының пайда болуын 2–48 сағаттан соң тіркеуге болады. Преципитация сақинасының пайда болу уақыты агар бағанасының ұзындығына және антиген мен антиденелердің концентрацияларына тәуелді. Пайда болған сақиналардың санын, олардың қалыңдығы мен тығыздығын лупа көмегімен анықтайды.
Петри шыныларындағы ДПР. Бұл әдісте майсыздандырылған таза Петри шынысының түбіне 1–1,5 мм қалыңдықта балқытылған агарды құйып, қатырады. Сосын оның үстіне диаметрі 10–15 мм шұңқыршықтар жасауға арналған матрицаны орналастырып, 5–6 мл агар ерітіндісін құяды. Гель қатқаннан кейін матрицаны абайлап алады. Агар геліндегі пайда болған шеткі шұңқыршаларға антигендерді, ал ортаңғы шұңқыршаға антиденелерді құйған соң Петри шыныларын ылғалды камераға салып, бөлме температурасында қалдырады.
Пластиналардағы ДПР. Реакцияда майсыздандырылған, таза, сызаттары жоқ, беткейі тегіс фотопластиналар немесе зат шынылары қолданылады. Горизонтальды жағдайда қойылған пластина немесе зат шынысының бетіне балқытылған агарды 1 мм қалыңдықта құяды. Әрбір шыны беткейіндегі қатырылған агардың бетіне стандартты трафареттің көмегімен шұңқыршалар ойғаннан кейін пастер пипеткасымен антигендер мен телімді қан сарысуларын құяды. Агары бар пластиналар ылғалы жоқ жерде тұратындықтан тез құрғап қалуын ескере отырып, шұңқыршаларды антиген және антиденелермен тез арада толтыру қажет. Телімді преципиттаттың пайда болуына зерттеуге алынған антигендер мен антиденелердің концентрациялары, ортаңғы және шеткі шұңқыршалардың ара қашықтықтары маңызды роль атқарады. Сондықтан, алдын ала зерттеулер жүргізу арқылы реагенттердің концентрациялары мен шұңқыршалардың ара қашықтықтарын анықтап алған жөн. Агар құйылған шыны бетіндегі шұңқыршалардың саны мен олардың орналасуы жүргізілетін зерттеу жағдайларына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Зерттеуде қолданылатын ингредиенттердің мөлшері 0,02 мл құрайды. Егер преципитациялаушы қан сарысуының белсенділігін анықтау керек болса, онда ортаңғы шұңқыршаға белгілі антигенді құйып, перифериялық шұңқыршаларға қан сарысуларының түрлі сұйылтымдарын үлестіреді. Телімсіз преципитацияның алдын алу үшін бақылау (белгілі антигендер мен сау мал қан сарысулары) қойылады.

Бақылау сұрақтары:



  1. Организмнен тыс жағдайда өтетін антиген – антидене реакцияларының жануарлар мен құстардың аса қауіпті жұқпалы ауруларын анықтаудағы маңызы.

  2. Ветеринариялық медицина тәжірибесінде аса қауіпті жұқпалы ауруларды балауда жиі қолданылатын иммунологиялық реакциялар.

  3. Гемагглютинация реакциясы (ГАР) мен гемагглютинацияны тежеу реакциясын (ГАТР) қою техникалары.

  4. Диффузиялық преципитация реакциясы (ДПР). Олардың түрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет