(Ө)Дәптерде орындалатын өзіндік жұмыс және оны эталон бойынша тексеру.
Екі пойыз бір уақытта қарама-қарсы бағытта жолға шықты. Бірінші пойыз екінші пойызға қарағанда 30км\сағ кем жылдамдықпен қозғалды. Екінші пойыздың жылдамдығы 130 км\сағ болса, онда 4 сағаттан кейін екеуінің арақашықтығы неше километр болады?
Шешуі:
1) Бірінші пойыздың жылдамдығы қанша?
130 – 30 = 100 км/сағ
2) Қашықтау жылдамдығы қандай?
130 + 100 = 230(км/сағ) – қашықтау жылдамдығы
3) 4 сағаттан кейін екеуінің арақашықтығы қандай болады?
230 ∙ 4 = 920 (км)
Өрнек: 130 + (130 – 30) ) ∙ 4 = 920
Жауабы: 4 сағаттан кейін пойыздардың арақашықтығы
920 км болады.
Критериалды бағалау
Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысты арифметикалық тәсілмен шеше білу.
Дескриптор
Мен:
есепке сызба жасай аламын;
шешуін амалдар бойынша арифметикалық тәсілмен жаза аламын;
шешуін жаза аламын;
жауабын жаза аламын.
Өткен материалмен жұмыс.
Сыныпта кез келген зерттеушілік сипаттағы жұмыстар оқушылардың қажеттіліктеріне байланысты жүргізіледі.
3-тапсырма.
738 920 – (17 728 + 4 319) = 716 873
211 729 + 73 704 – 3 817 = 281 616
29 251 – 12 729 + 3 018 = 19 540
255 427 – (20 735 + 9 999) = 224 693
8-тапсырма. Екінші сөйлеушінің айтуы бойынша, Шыншыл екінші болуы мүмкін емес. Онда бірінші өтірік айтты, өйткені ол қасымда Шыншыл тұр деді. Бұдан мынадай қорытынды шығады: бірінші де, екінші де Шыншыл емес. Демек, Шыншыл – тұрғандардың үшіншісі, ол қасында Өтірікшінің тұрғанын айтты. Онда Өтірікші ортасында тұр. Бірінші Қу тұр.
Оқулық,
дәптер
|
Рефлексия
|
Ата.
Қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс кезіндегі жақындау жылдамдығының формуласын айт.
Жақындау жылдамдығын біле отырып, қарама-қарсы келе жатқан қозғалыстың уақытын қалай табуға болады?
Түсіндір.
Қарама-қарсы қозғалыс кезінде шамалардың әрқайсысын қалай анықтау керектігін түсіндір.
Үйге берілген №9 тапсырма жаңа сабақты бекітуге арналған.
60 + 70 = 130 км
130 ∙ 2 = 260 (км) – қалалардың арасы;
60 ∙ 2 = 120 (км) – 1-автокөлік жүріп өтті;
70 ∙ 2 = 140 (км) – 2-автокөлік жүріп өтті.
Тапсырманың қалған бөлігі баланың шығармашылығы мен жетістігіне негізделген.
|
|
Тақырып: Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептер\ Көрнекті мамандық иелері
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаты
|
4.5.1.9 ** бір бағыттағы (қуып жету, қалып қою) қозғалысқа берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдістермен шығару.
|
Күтілетін нәтижелер
|
Барлық оқушылар:
-қарама-қарсы қозғалыстағы екі дененің жылдамдығын таба алады.
Көптеген оқушылар:
-қарама-қарсы қозғалысқа байланысты есептер шығара алады.
Кейбір оқушылар:
-қарама-қарсы қозғалыстың жылдамдығына байланысты есептер құрастыра алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
-жылдамдықтың тұжырымдамасын анықтайды, жылдамдықты қашықтау жылдамдықтарының қосындысы ретінде түсінеді.
Пəндік лексика жəне терминология
Қарама-қарсы қозғалыс, жылдамдықтың кемуі.
|
Диалогке / жазуға қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Талқылау:
Денелер қай бағытта қозғалады?
Арақашықтықтың жақындауын қалай табамыз?
Денелердің жолын, уақытын, арақашықтығының жақындауын қандай формулалар арқылы табамыз?
|
|
Жазу: кездесу қозғалысына берілген есептерді амалдар және өрнек бойынша арифметикалық тәсілмен жазу.
|
|
Алдыңғы алған білім
|
Шамалардың қатынасы: жылдамдық, уақыт, арақашықтық.
|
Жоспар
|
Жоспарлан-ған уақыт
|
Жоспарланған іс-əрекет
|
Ресурстар
|
0-3
|
Ынталандыру.
Дәрігерлер туралы әңгіме жүргізу. Еліміздің танымал дәрігерлері қанша жыл өмір сүргенін анықтайды. Аспандияров – 49 жыл, Сызғанов 84 жыл өмір сүрді.
Өзектендіру
№ 2
х – екінші велосипедшінің жылдамдығы болсын, сонда
х + 28 – бұл ... .
(х + 28) ∙ 6 = 360 (км)
(х + 28) = 360 : 6
(х + 28) = 60 (км) – қашықтау жылдамдығы.
х = 60 – 28
х = 32 (км/сағ) – екінші фельдшердің жылдамдығы
Мақсат қою
2-есеп неге арналған? Оны қандай тәсілмен шығардың? Бүгінгі сабақтың мақсатын анықтап көр.
|
Оқулық
|
Мағынаны тану
|
Жаңаны ашу
№3. Дәрігерлер науқастарға тез арада көмек көрсетуге асығады. Олар жедел жәрдем көлігімен немесе кейде велосипедпен де келіп жетеді.
140 : 14= 10 (сағ) – дәрігер велосипедпен келген уақыт.
|
S
|
t
|
V
|
Жедел жәрдем
|
70 км/сағ
|
2сағ
|
бірдей
|
Велосипедке мінген дәрігер
|
14 км/сағ
|
?
| Түсіндіре отырып алғашқы бекіту үшін оқушыларға 4-тапсырманы орындау ұсынылады.
Бір стансыдан бір уақытта қарама-қарсы екі бағытқа екі пойыз жолға шықты. Бірінші пойыз 72км\сағ, ал екіншісі 68км\сағ жылдамдықпен жүрді. Неше сағаттан кейін пойыздардың арасы 560 км болады?
x – уақыт
(72+68) км/сағ– пойыздардың қашықтау жылдамдығы.
(72+68) ∙ х(км) – х сағаттан кейінгі пойыздардың арасындағы арақашықтық.
Мынадай теңдеу шығады: (72 + 68) ∙ х = 560
Оқушылар жұпта талқылай отырып, әртүрлі тәсілмен шығарады, алынған жауапты салыстырады.
№ 4. 1) Алгебралық тәсіл:
(72 + 68) ∙х = 560
140 · х = 560
х= 560 : 140
х = 4(сағ)
2) Арифметикалық тәсіл:
72 + 68 = 140 (км/сағ ) – қашықтау жылдамдығы
560 : 140 = 4(сағ)– уақыт
4 сағаттан кейін пойыздардың бір-бірінен арақашықтығы 560 км болады.
|