Өзіндік жұмыс
Дәптердегі тапсырманы орындау ұсынылады.
Теңдеу құрастыр және оның мәнін тап.
Екі қаладан екі ұшақ бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта арақашықтығы 4 650 км жылдамдықпен ұшып келеді. Бірінші ұшақтың жылдамдығы 750 км/сағ, ал екінші ұшақтың жылдамдығы 800 км/сағ. Екеуі кездескен кездегі уақытын тап.
x– уақыт
750 + 800 – кездескен кездегі жылдамдығы
(750 + 800 ) ∙ х = 4 650
1550 ∙ х = 4 650
х = 4 650 : 1550
х = 3 (сағ)
Тексеру:
(750 + 800) ∙ 3 = 4650
4 650 = 4 650
Мұндай тапсырмаларда оқушыларға нөлмен аяқталатын төрт таңбалы санды бөлудің тиімді жолын түсіндіріп кетіңіз.
Қиындықтарды түзету
Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді.
– Кімде қиындықтар туындады?
– Қай жерінде қателестіңдер?
– Жіберілген қателіктің себебі неде?
– Өзіндік жұмыстарыңда қиындық туындамағандар, өздеріңнің әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар.
(Қосымша тапсырмалар орындау).
– Қиындықтарды анықтағандар, жұмыстарыңның әрі қарай мақсаты қандай?
(Қателіктерді түзету).
– Қателіктерді түзету алгоритмін қолданамыз.
– Әркім өзінің оқу тапсырмасын дауыстап оқиды.
(Ж) Дәптерге орындалатын өзіндік жұмыс
Балалар дәптерде бағалау критерийі бар тапсырмаларды орындайды.
Мен:
Екі ауылдан бір-біріне қарама-қарсы екі жылқышы шықты. Біреуінің жылдамдығы 13 км/сағ. Олар 4 сағаттан кейін кездесті. Екі ауылдың арақашықтығы 100 км. Екіншісінің жылдамдығы қанша? Стандарт бойынша өзін-өзі тексеру.
x – v1
13 + х – жақындау жылдамдығы
Теңдеу:
(13 + х) ∙ 4 =100
13 + х =100 : 4
13 + х = 25
х = 25 – 13
x = 12
Өткен материалмен жұмыс.
Оқушылар мұғалімнің көмегімен №4-5тапсырмаларды орындайды.
№ 4
ә) (х + y) ∙ z = х (км) – кент пен ауылдың арасы.
(х + y) = x : z
(х + y) = d(км/сағ) – жақындау жылдамдығы.
d – y = a (км/сағ) – мотоциклшінің жылдамдығы.
№ 5 – алдымен сызбаға жан-жақты талдау жасау керек.
(95 + 66)(км/сағ) – жақындау жылдамдығы.
(95 – 66)(км/сағ)– жылдамдықтардың айырмасы.
66 ∙ 6 (км)– бірінші пойыз жүріп өткен арақашықтық.
95 ∙ 6 (км)– екінші пойыз жүріп өткен арақашықтық.
(66 + 95) ∙ 6(км) – екі қаланың арасы.
№6. Есепті шығару үшін, берілуі бойынша теңсіздік құрастыру керек. Салыстыру таңбасының бәрі бір жаққа қарап тұратындай жазу қажет.
Қ-ң
Ү Ж Қ-ң Кш Қ-й Ш
Жауабы: ең биігі – шырша, ең аласасы – үйеңкі.
|