Өзіндік жұмыс
Оқулықтағы өзіндік жұмысты орындауға берілген 4 (а) тапсырманы нұсқау бойынша ұсынуға болады, бірақ балалардың деңгейі жоғары болса, екі тапсырманы да орындайды. Содан кейін өзін-өзі тексеруге арналған эталон беріледі. Есептің шешуін түсіндіре отырып амалдар бойынша жазған дұрыс.
а) Фабрикада әрқайсысына бірдей көлемде мата жұмсай
отырып, күрте мен шалбар тігілді. Шалбар 180 дана, ал күрте 120 дана. Егер күртеге қарағанда шалбарға 120 м мата артық жұмсалған болса, олардың әрқайсысына қанша метр матадан жұмсалған?
Тауар
|
1 бұйымға жұмсалған шығын
|
Бұйымның саны
|
Барлық бұйымға жұмсалған шығын
|
Шалбар
|
? м, бірдей
|
180 дана
|
?м, на 120 м артық
|
Күрте
|
? м
|
120 дана
|
? м
|
1) 180 –120 = 60 (дана) шалбар артық
2) 120 : 60 = 2 (м) – 1 бұйымға жұмсалған шығын
3) 2 ∙120 = 240 (м) – барлық күртеге жұмсалды
4) 2 ∙ 180 = 360 (м) – барлық шалбарға жұмсалды
ә) Тігін фабрикасында ұлдар мен қыздарға арналған спорттық кәстөмдер тігілді. Ұлдардың кәстөміне 560 м, ал қыздардікіне 440 м мата жұмсалды. Қыздардікіне
қарағанда ұлдарға 30 кәстөм артық тігілді. Ұлдар мен қыздардың әрқайсысына қанша кәстөм тігілді?
|
1 бұйымға жұмсалғаншығын
|
Бұйым саны
|
Барлық бұйымға жұмсалған шығын
|
Қыздар кәстөмі
|
? м
бірдей
|
? дана
|
440 м
|
Ұлдар кәстөмі
|
? м
|
? дана, 30 артық
|
560 м
|
1) 560 – 440 = 120 (м) – ұлдардың кәстөміне артық жұмсалған мата.
2) 120 : 30 = 4 (м) – 1 бұйымға жұмсалған мата
3) 440 : 4 = 110 (дана) – ұлдар кәстөмі
4) 560 : 4 = 140 (дана) – қыздар кәстөмі
Егер соңғы амалды оқушылар басқа тәсілмен орындаса, мұны қате деп санамау керек. Ол нұсқаны оқушылармен талқылауға болады.
Қиындықтарды түзету.
Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді.
– Кімде қиындықтар туындады?
– Қай жерінде қателестіңдер?
– Жіберілген қателіктің себебі неде?
– Өзіндік жұмыстарыңда қиындық туындамағандар, өздеріңнің әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар.
(Қосымша тапсырмалар орындау).
Бұл 5-тапсырма болуы да мүмкін немесе дәптердегі өзіндік жұмыс болуы мүмкін.
– Қиындықтарды анықтағандар, жұмыстарыңның әрі қарай мақсаты қандай?
(Қателіктерді түзету).
– Қателіктерді түзету алгоритмін қолданамыз.
– Әркім өзінің оқу тапсырмасын дауыстап оқиды.
Балалар дәптерде бағалау критерийі бар тапсырмаларды орындайды.
Мен:
- Тапсырма шарттарын екі шаманың айырмашылығы арқылы таба аламын.
- Шаманың өзара байланысының формуласын қолдана аламын.
- Берілген тапсырмалардың шартын кесте арқылы құрып, шешімін таба аламын.
- Тәсілдер арқылы шеше аламын.
- Өрнектер құра аламын.
(Ө) Дәптерге орындалатын өзіндік жұмыс
Оқушылар дәптерге тапсырманы орындайды және критериалды бағалау құрастырады.
Шамалардың өзара байланысына берілген есептерді талдау және шығару.
Дескрипторлар.
Мен:
Есептегі екі шаманың айырмасын таба аламын;
Шамалардың өзара байланысының (үшбұрыш) формуласын қолдана аламын;
Ізделінді сан мен мен басқа да санды деректерді көру үшін, есептің берілуін кестеге түсіре аламын;
Амалдар бойынша шығара аламын;
Өрнек құрастыра аламын;
Жауабын жаза аламын.
Қосымша тағы тапсырманың біреуін орындауды ұсынуға болады.
а) Шеберханада ұзындығы 96м және 84м мата бөлігі болды. Бірінші бөлікке қарағанда екінші бөліктен 3 көйлек кем тігілді. Әр бөліктен неше көйлек тігілді және барлығы неше көйлек тігілді?
1) 96 – 84 = 12(м) – артық бөлігі
2) 12 : 3 = 4(м) – 1 көйлекке жұмсалған шығын
3) 96 : 4 = 24(дана) – бірінші бөлік
4) 84 : 4 = 21(дана) – екінші бөлік
5) 24 + 21 = 45(дана) – барлығы.
Дәптердегі 1-тапсырма.
Дүкенде маркер мен қаламсапты бірдей бағада сатты. Кассаға маркер үшін 1 680 тг, қаламсап үшін 910 тг ақша түсті. Егер маркерге қарағанда 11 қаламсап кем сатылған болса, онда қанша маркер мен қаламсап сатылған?
1) 1 680 – 910 = 770 (тг) – маркерге төленген артық ақша
2) 770 : 11 = 70 (тг) – маркер немесе қаламсаптың бағасы
3)1 680:70=24 (дана) – маркер
4)910:70=13(дана) – қаламсап
№ 5
54 ∙ 45 = 2 430 (м2) – саяжай жерінің ауданы.
2 430 : 5 = 486 (м2) – бұта отырығызылған.
2 430 – 486 = 1 944 (м2) – көгөніс отырғызылған.
Өткен материалмен жұмыс.
Оқушылар шешу алгоритмін пайдалана отырып, теңдеуді шешеді.
Сол жақ бөлігін бірдей жеңілдетуге болмайтын жағдайдағы күрделі теңдеуді шешу алгоритмін есіңе түсір.
Теңдеуді шеш.
№ 7
(у – 4760) – 3 568 =81 598
у – 4760 = 81 598 + 3 568
у = 85 166 + 4760
у = 89 926
55 090 : в + 8 867 = 9 654
55 090 : в = 9 654 – 8 867
55 090 : в = 787
в = 55 090 : 787
в = 70
(с + 4 589) – 5 869 = 3 216
с + 4 589 = 3 216 + 5 869
с + 4 589 = 9 085
с = 9 085 – 4 589
с = 4 496
х : 2 + 600 = 2 110 – 1 110
х : 2 + 600 = 1 000
х : 2 = 1 000 – 600
х : 2 = 400
х = 2 ∙ 400
х = 800
6–8-тапсырмалар мұғалімнің өз қалауына қарай орындалады.
№6 тапсырманы мұғалім оқушылармен бірігіп орындайды.
а) Әр үйде электресептеуіш құрал бар. Ол қанша электр энергиясының жұмсалғандығын көрсетеді. Электр энергиясы шығынын есептеу үшін есептеуіш құралда көрсетілген сан алынды. Ол 1 229 киловатт-сағатқа тең болды. Алдыңғы көрсеткіш сан 1 084 киловатт-сағат болатын. Егер 1 киловатт-сағат 16 теңге болса, электр энергиясына қанша ақша төленді? Әр ай сайын осындай шығын болатын болса, бір жылға қанша төленеді?
Оқушылардың электр энергиясын өлшеу шамасын білмейтіндігіне қарамастан, олар күнде осы жағдаймен кездеседі. Электр энергиясын үнемдеуге байланысты әңгімелесу өте пайдалы.
1229 –1084 = 145 (кВТ/сағ) –көрсеткіш айырмашылығы
16 ∙ 145=2 320 (тг) – төленетін ақы.
ә) Кесте құрастырып көр. Оған бір жыл бойындағы әр айдың мәліметтерін түсір.
Күні
|
Есептегіштің көрсеткіші
|
Қанша электр энергиясы жұмсалды
|
Қанша теңге төлеу қажет
|
Бұл тапсырма міндетті емес. Оқушыларға бұл тапсырманың тек белгілі бір күндерде орындалатынын ескерту. Коммуналдық қызметтерді төлеудегі есептеу тақырыбы бойынша жоба болуы мүмкін. Бұл электр энергиясын және суды үнемдеуге қызығушылығын оятып, электр мен суды үнемдеуге үйретеді.
ә) Есептегіштің жартыжылдық көрсеткішін 6 саннан
тұратын ретпен құр. Қасыңдағы оқушыға шығынды және
төлеуге қажетті ақшаның мөлшерін есептеуді ұсын. Егер сен бір жылдың есептік көрсеткішін жазатын болсаң, төлемнің қайсы айда (қыста немесе көктемде) көп болғанына назар аудар. Неге олай болғанын түсіндір.
9-тапсырма математиканы күнделікті өмірде қолдануға үйретеді.
Тәулікті сағатқа айналдырамыз: 672: 24=28(тәул.)
28 тәулікте ағып кеткен судың мөлшерін анықтаймыз:
150·28=4 200(л)
Өрнек: 150·(672: 24)
Жауабы: 4200 л су пайдасыз ағып кетеді.
10- тапсырма зерттеуге арналған. Жауабы:
1-адамда: 3 толы, 1 жартылай, 3 бос бөшке.
2-адамда: 2 толы, 3 жартылай, 2 бос бөшке
3-адамда: 2 толы, 3 жартылай, 2 бос бөшке.
|