Тақырып: Нөлдермен аяқталатын көптаңбалы сандарды жазбаша бөлу/ Ерте замандағы тарих пен мәдениет



бет13/26
Дата28.01.2020
өлшемі13,52 Mb.
#56696
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
4-с Матем 2-3 тоқсан ҚМЖ ГУЛ-1


Мағынаны тану

Жаңаны ашу

Оқушыларға №2-тапсырманы орындау ұсынылады. Табиғатты қорғау сияқты тағы қандай мамандықтарды білесің, оған трактор жүргізушісі мамандығы жата ма?

Тапсырманы орында:

Трактор жүргізушісі кішігірім трактормен 4 сағат ішінде

5 000 м2жерді жыртты. Дәл осындай еңбек өнімділігімен ол

8 сағаттық жұмыс күнінде қанша квадрат метр жерді жыртады?


  1. 5 000 : 4 = 1250 (м2) – 1 сағатта жыртады.

  2. 8 ∙ 1250 = 10 000 (м2) – тракторшы 8 сағатта жыртады.

Немесе мынадай тәсілмен шығаруға болады:

5 000 (м2) – 4 сағат ішінде жыртты.

5000 + 5000 = 10 000 (м2) – 8 сағат ішінде жыртты.

№3 а). Есепті шығармас бұрын бірыңғай өлшем бірліктеріне өрнектеу керек.

7т2ц – бұл 7 200кг немесе 72ц.

72:2=36 (ц /сағ) – мәшине 1 сағатта тазалайды

Ары қарай жұмыс өнімділігін біле отырып, белгілі бір уақытта мәшине қанша қар тазалайтынын табуға болады.

а) 7 т 2 ц = 7 200 кг : 2 = 3 600 (кг) – мәшине 1 сағатта тазалайды. .

3 600 кг · 6 сағ = 21 600 кг немесе 21 т 6 ц. – 6 сағатта;

3 600 кг · 5 сағ = 18 000 кг немесе 18 т. – 5 сағатта;

3 600 кг · 8 сағ = 28 800 кг немесе 28 т 8 ц. – 8 сағатта.
ә) 3 ц=300кг

3 600 + 300 = 3 900 кг немесе 3 т 9 ц – мәшине бір сағатта тазалайды.

3 900 кг · 6 сағ = 23400 кг немесе 23т 4ц – 6 сағатта;

3 900 кг · 5 сағ = 19500 кг немесе 19т 9ц –5 сағатта;

3 900 кг · 8 сағ = 31200 кг немесе 3т 2ц – 8 сағатта.

Жұппен (топпен) өзіндік жұмыс

№4 а) тапсырманы топта бірігіп орындауды ұсынамыз.

а) 1 500 бөлшек әзірлеу керек. Бір станок бұл жұмысты

15 сағатта, ал екіншісі 10 сағатта орындайды. Екі станок бірге жұмыс істесе, барлық бөлшектерді қанша уақытта әзірлейді?



1)1500:15=100 (бөлш./сағ) – бірінші станоктың өнімділігі.

2) 1500:10=150 бөлш./сағ) – екінші станоктың өнімділігі.

3) 100+150=250 бөлш./сағ) – бірлескен өнімділік.

4)1500:250=6 (сағ) – бір уақытта жұмыс істеген екі станоктың уақыты.

Шешуі: 1500:(1500:15+1500:10)

ә) Кітапханадағы 18 000 кітапты қайта түптеу керек.

Бір шеберхана бұл жұмысты 3 күнде, ал екіншісі 6 күнде

орындайды. Егер екі шеберхана бірге жұмыс істейтін болса,онда барлық кітапты қанша күнде түптеп бітеді? 18 000 : 3 = 6 000 (кітап) – 1 күнде 1-шеберхана түптейді.

18 000 : 6 = 3 000 (кітап) – 1 күнде 2- шеберхана түптейді.

3 000 + 6 000 = 9 000 (кітап) – 1 күнде екі шеберхана бірге түптейді.

18 000 : 9 000 = 2 (күн) – екі шеберханаға қажет.



Бұл (а) тапсырмаға ұқсас орындалады.

Есептің үш түрімен жұмыс (шығармашылық, зерттеушілік, функционалдық сауаттылығын дамыту) мұғалімнің қалауымен құрылады. Бұл жаңа тақырыпқа берілген тапсырмалар мұғалімнің уақытын алмас үшін оқушыларды топқа бөлеміз. Әр топқа бірдей немесе әртүрлі тапсырмалар беріледі. Топтарды тапсырмалардың сипатына қарай мынадай топтарға бөлуге бөлады:

  1. Зерттеушілер

  2. Шығармашылық

  3. Математика күнделікті өмірде

Есепті шығарғаннан кейін сыныпқа жариялайды. Оқушылар өз жауаптарының дұрыстығын дәлелдеуді үйренеді. Ал басқа топтағы оқушылар сол жауаптарға өз ойларын қоса отырып тұжырымдайды. Келесі сабақта топтар рөлдерін ауыстырады.

1-топ."Зерттеушілер"

Мұндай тапсырмаларды орындағанда мұқият бол. Бұл тапсырманы әдеттегі тәсілдермен шешуге бола ма?

а)Таңқурайдан тосап қайнату үшін 5 кг жидекке 4 кг қант

қосады. 10 кг жидектен әзірленетін тосапқа қанша килограмм қант қосады?

Бұл тапсырмалар пропорционал бөлуге берілген есептерге ұқсас. Бірақ массаның бірлік көрсеткішін табудың қажеті жоқ. Бұл есептің оңай жолы 2 есе арттыру арқылы шешімін табу.

4кг ∙ 2=8кг

Шешуі: 4 ∙ (10:5)=8кг

2-топ. "Шығармашылық"

Суретке қарап есеп құрастыр.

Бұл тапсырма пропорционал бөлуге арналған.

Егер 3 қарындаштың бағасы 1 доллар 20 цент болса, онда 1 қарындаштың бағасы 120:3=40цент болады.5 қаламның бағасы 40 ∙ 5=200 цент немесе 2 доллар болады.

Егер сенде 5 доллар болса, қанша доллар қайтарып аласың?

Бұл қандай мәнеттер болуы мүмкін? 5– 3=2 доллар. Бұл жерде АҚШ-тың әртүрлі мәнеттерін еске түсіре аламыз.



Бейнелер

Құны

Портрет

Реверс

Алдыңғы беті

Артқы беті





1 цент

Авраам Линкольн

Қалқан, біріккен мемлекетті бейнелейді





5 цент

Томас Джефферсон

Монтичелло





1 дайм=

10 цент

Франклин Д. Рузвельт

Зәйтүн бұтағы, факел

емен бұтағы







1/4дол-

лар


Джордж Вашингтон

Ең алғашқы аболиционистер-дің бірі,  Джон Браунның қамалы





1/2 доллар

Джон Кеннеди

Ақбасты суқарақұс –АҚШ-тың геральдикалық символы





1 доллар

Бала ұстаған  Сакага́вея

 Радист үндістердің әскери каскалары







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет