Өзектендіру.
Формулаларды қайталау керек.
1-оқушы нысанды және оның белгісін атайды, мысалға: «өнімділік» – уақыт бірлігі аралығында дайындалған өнімдер саны;
2-оқушы көрсетілген белгінің тура сол мәнімен басқа нысанды атайды, мысалға: сағатына 15 бөлшек;
3-оқушы соған ұқсас белгімен өзінің нысанын және жаңа белгіні атайды.
Мақсат қою
№2 есепті шығару жоспарын қарастыру.
Екі баспахана 1200 кітап басып шығаруы керек. Бірінші баспахана барлық кітапты 6 күнде, ал екіншісі 12 күнде басып шығарады. Екі баспахана бірігіп жұмыс істесе, осы кітаптарды қанша күнде басып шығара алады?
Шығару жоспары:
1) Бірінші баспахананың өнімділігі қандай?
2) Екінші баспахананың өнімділігі қандай?
3)Бірлескен өнімділік жұмыс қандай?
4) Бірлесіп жұмыс істегенде екі баспахана барлық кітапты неше күнде басып шығарады?
-Біз бірлескен жұмыс өнімділігін таба алдық па?
-Жоқ, бір адам (мәшине) жұмыс істеді және т.б.
Мақсат қойып жаңа тақырыпты карастырамыз:
Бірлесіп жұмыс істеуге арналған тапсырмаларды үйрену.
1200 : 6 = 200 (кітап/күн) – 1-баспахана.
1200 : 12 = 100 (кітап/күн) – 2-баспахана.
200 + 100 = 300 (кітап/күн) – екі баспахана бір күнде шығарады.
1200 : 300 = 4 (күн) – барлық кітапты екі баспахана басып шығаруға керек күн.
Жаңаны ашу
Мұғалім жаңа ережелерді құрастыруды ұсынады.
Бірлескен өнімділікті табу үшін өнімділіктерді қосу керек.
v1 + v2 = vбірл.
Бірлескен жұмысқа екі қатысушының жұмыс уақытын анықтау үшін, орындалған жұмыс көлемін бірлескен өнімділікке бөлу керек.
t = А : Vбірл.
Бірлесіп орындаған жұмыстың көлемін табу үшін, бірлескен өнімділікті уақытқа көбейтеміз. А = Vбірл. ∙t
Алдыңғы тақырыпты бекіту үшін оқушылардың бір-біріне түсінік беріп, ой бөлісуі үшін оларға жұптық тапсырмалар ұсынылады.
3-тапсырманы орындауды ұсынады.
(Жеке) Өзіндік жұмыс дәптерде орындалады
Бірлескен әрекетті табу үшінөнімділіктерді______________ керек.
v1 v2 = vбірл.
Бірлескен жұмысқа екі қатысушының жұмыс уақытын анықтау үшін толтырылған жұмыстың көлемін бірлескен өнімділікке ________ керек.
t = А Vбірл.
Бірлесіп жасаған жұмыстың көлемін табу үшін бірлескен өнімділікті уақытқа______________.А = Vбірл. t
Есептерді дұрыс шешу үшін керек болған алгоритмдерді табу керек. Қандай формулаларды қолдандың?
Шебер айына 10 сөмке тігеді. Ал шәкірті 4 сөмке тігеді. Екеуі біріге отырып, жарты жылда неше сөмке тігеді?
1) 10 + 4 = 14 (дана/ай) – бірлескен өнімділік.
2) 14 ∙ 6=84 (дана) – жарты жылда біріге отырып, істеген өнім.
Шешуі: (10 + 4) ∙ 6=84
Жауабы: жарты жылда 84 сөмке тігілді.
Тапсырманы орындап болған соң, балалар дескрипторларды жазады:
Өткенмен жұмыс.
4–5-тапсырмаларын жалғастыра отырып, топпен орындауды ұсынады. Әр топқа бір тапсырмадан және оны қорғауға уақыт беріледі.
1-топ
2-топ
Өрнектің мәнін орындамай өрнекті өсу ретімен орналастыра аласың ба?
7 451 + 526 7 451 + 536
7 451 + 566 7 451 + 586
Осыған ұқсас тапсырманы құрастыра аласың ба?
Оны қасыңдағы оқушыға ұсынып көр.
3-топ Әр бағандағы бірінші өрнектің жауабын қолдана отырып өрнектің мәнін тап.
|