Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет26/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

2. «Швейцариялық ірімшік»
Ауқымды істерді орындауға мүмкіндік беретін екінші бір жол
– «Швейцариялық ірімшік» деп аталатын әдіс. Бұл әдіс
бойынша әрекет еткенде пілді кесек еттерге бөлгендегідей


белгілі бір тәртіппен қадам баспай, ауқымды істің кез келген
мүмкіндік болған тұсынан аз-аздан орындап отырады. Солайша
құдды бір ірімшікке тесіктер жасағандай немесе кішкентай
бөліктен тістеп-тістеп жегендей азайтып отырып, соңында
барлығын жеп тауысу жеңіл болады. Күнделікті (апталық)
орындалатын істің мөлшерін белгілеп, бос уақыттарда жасап
қоюға болады.
52
3. «Құрбақаны жеп қою»
Өмірде ауқымды тапсырмалармен қатар көлемі жағынан
кішкене ғана болғанына қарамастан, орындалуы жағымсыз не
жалықтырушы істер де болады. Көбіне мұндай істер көп күш
пен ақыл-ойды талап етпейді. Осындай көлемі шағын ғана,
орындалуы ұзақ уақыт пен көп күш алмайтын, бірақ
жағымсыз көрінетін істерді «құрбақа» деп атайды.
«Құрбақа» сипатындағы істердің ең басты белгілері:


Орындау бізге жағымсыз не жалықтырушы болып көрінеді;


Ондай істі бірден орындауға құлшындыратын себеп табу
қиынға соғады;


Ал шындығына келгенде еш қиындығы жоқ.
Әдетте, мұндай шағын істер алдымен «түске қарай», одан
соң «түстен кейін», одан кейін «кешке жақын», ақыр аяғында
«ертең» деп кейінге қалдырыла береді. Осылай «Еріншектің
ертеңі бітпес» дегендей, күннен күнге, аптадан аптаға
шегеріліп жалғаса береді. Сол шағын ғана істерді неге дәл
қазір орындай алмайтынымызға көптеген сылтаулар ойлап
табамыз. Уақыт өте келе біздің «құрбақамыз» «пілге» айналып
кетуі де ғажап емес. Солайша ол іс енді көбірек күш пен
ұзағырақ уақыт талап ететін болады.
Көбіне өзімізді қолға алып, кішкене ғана бір қадам
жасайтын шақта ойымыздағы «жасау не жасамау» деген талас-
тартыс үшін ең қарапайым шешімдерді де қабылдай алмай


жатамыз. Бар күшімізді алатын іштегі күрес жалғасқан сайын
әрекет етіп алғашқы қадамды басуға деген қауқар қалмайды.
Испандықтарда мынадай мақал бар: «Күнделікті таңертең бір
құрбақадан жеп отыр». Мұндай істерді атқарудың ең тиімді
жолы – күнделікті таңертең бір шағын жағымсыз істі орындап
отыру. Күнімізді шағын ғана істі тамамдаумен бастау арқылы
күн ұзаққа жақсы көңіл-күйде жүруге мүмкіндік аламыз. Бір
күнде «бір құрбақаны» жеңу арқылы жеңістің дәмін татып,
көңілді жүреміз. Басқа «құрбақалардың» кезегі келесі күндері
келетіндіктен, оларды ойлап қам жемейміз. Ал егер кейінге
қалдыра беретін болсақ, әрдайым «құрбақа» көз алдымызда
тұрып, бар көңіл-күйімізді бұзатын болады.
«Құрбақаға» теңелген шағын істерді уақыт оздырмай
тындырып алудың пайдалары:


Күні бойы өзіңді жеңімпаз сезінуге мүмкіндік береді;


Мазасыздық сезімінен арылтады: «құрбақаны» «жеп қойған»
соң ол көз алдымызға келіп, көңіл-күйді бұза алмайды;


Уайым мен үрейді азайтады: жағымсыз іспен айналысып
жатпағанын ұғындырады;


Бар күшті күмәнға, уақытты уайымға шығындамай, тезірек
шешім қабылдауға мүмкіндік береді;


Шағын істердің ауқымды жұмысқа айналып кетуінің алдын-
алады.
53

УАҚЫТТЫ ЖОҒАЛТПАУ


Уақытты 
ұрлаушылар 
– 
жүйелі 
түрде 
дұрыс
ұйымдастырылмаған істер.
Уақыт ешкімге жетпейді, тіпті қарап жатқан жалқауға да,
мамық төсекте жатып, күні бойы теледидар көретін адамға
да.
Алайда ешкім уақытының қайда кетіп жатқанын есептемейді.
Ақшасын қайда жұмсағанын соңғы тиынына дейін айтып бере
алуы мүмкін. Ал уақытының қанша бөлігін шығармашылыққа,
білім алуға жұмсағанын, қанша бөлігінің бос өткенін, неліктен
көп уақытын теледидар мен жол «жегенін» кім айта алар
екен?
Ал адамзаттың ысырапқа ең көп жол беріп жатқан мәселесі
– уақытты пайдалану тұрғысында. Уақыт ысырабы деген мына
үшеуінен тұрады: еш нәрсе істемеу, істеу керек нәрсені
істемеу, істемеу керек нәрсені істеу.
Питер Дракер осындай уақытты жоғалтуға алып келетін
жайттарды санамалап береді: уақытынан ұзаққа созылған
жиналыстар, ақпарат және байланыс жүйелерінің жұмысының
ақсаңдауы, қажетсіз телефон қоңыраулары, газет-журналдар
оқу, шамадан тыс жұмысбастылық, жүйесіз басқару және
жеткіліксіз ұйымдастыру, күтпеген қонақтар, шешім қабылдау
барысында күмәндану, қателік жасаудан қорқу, жұмысты
маңыздылығына қарай дұрыс реттемеу, жұмыс барысындағы
қажетсіз үзілістер, ұжымдық әрі жұмыс орнындағы іс-шаралар,
толыққанды ойланбай және жоспар құрмай жұмысқа кірісу,
бір істі аяқтамастан басқасына ауысу, маңызы әлдеқайда
төменірек істерге байлану.
54
Сонымен бірге бірқатар ішкі факторлар да адамның
уақытынан айырылып қалуына әкеліп соғады: бір уақытта
бірнеше істі бірден атқаруға тырысу, уақытты дұрыс
есептемеу, істі кейінге қалдыру, нашар ұйымдастырушылық,
дұрыс тыңдамау, барлық істі жалғыз орындауға тырысу, «жоқ»
деп айта алмау, кейбір істерді басқаларға бөліп бермеу,
жауапкершілікті дұрыс бөле алмау, асығыс шешім қабылдау,
күйзеліс, жоспар құрмай тек есте сақтау қабілетіне сену.


Осы және өзге де өмірімізде кездесетін уақытымызды «жұтып
қоятын» жайттарды анықтап, олармен күресіп, тамырымен
жоюға тырысып, алда өмірімізге қайта бас сұғуына жол
бермеуге барымызды салуымыз қажет. Себебі уақытын
басқара алған жан ғана өмірін басқара алады. Жеңіске
жетушілер уақытын өз қолына алады. Ал жолы болмаған
бейшаралар уақытын басқалардың талан-таражға салуына жол
беріп қойып қол қусырып отыра береді. Сондықтан
уақытымызды ешкімге ұрлатпауымыз қажет әрі өзіміз ешкімнің
уақытын 
ұрламауымыз 
керек. 
Надан, 
ақымақ, 
ойсыз
адамдармен бірге уақыт өткізбеуге барынша тырысу қажет,
себебі одан уақытымыз ғана емес, жүрегіміз де «өледі».
Жетістікке жеткен атақты адамдардың өміріне көз салар
болсаңыз, сахарада жүрген жолаушының суын үнемдегеніндей
олардың өз уақытын үнемді пайдаланғанына куә боласыз.
Сіз – өз уақытыңыздың қорғаушысысыз. Ал уақытты
ұрлаушылар қорғаушылармен таласқа түседі. Соңында міндетті
түрде біреуі жеңіске жетеді. Не сіз ол ұрлаушыларды
жүгендеп ұстап отырасыз, не олар сізді ашса алақанында,
жұмса жұдырығында ұстайтын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   105




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет