Өйткені Алла Тағала пенденің
осы уақытта жасаған дұғасы
мен ғибадатын қабыл ететіндігі және тілеген тілегі мен
сұраған қажетін өтейтіндігі айтылып тұр. Ғалымдар бұл
уақытқа байланысты көптеген жорамалдар айтқан. Бір
хадисте сол сағат жұма күнінің
ішінде деп айтылса, басқа
хадисте имам мінберге шығып құтба оқитын уақыттан бастап
жұма намазын оқып бітіргенше деп айтылады. Үшіншісінде
намазға тәкбір айтылғаннан бастап намазды оқып бітіргенше
делінген болса, төртіншісінде екінті уақытынан күн батқанға
дейін делінеді.
101
Әрбірінде мағлұмат түрліше берілген.
Бұл уақыттардың нақты белгісіз болуының мақсаты – сол
уақыттарға сәйкес келу үшін толықтай бір ай немесе жұмада
бір күн
бойы сергектік танытып, көбірек ғибадат жасауға
мүміндерді ынталандыру. Сол уақыттарды білмеген соң, оны
табу үшін мұсылман адам
рамазанда бір ай бойы және
жұмада күні бойы ғибадатқа құштарлы болып өтеді. Егер
Алла Тағала Қадір түні мен жұма күндегі сағатты анық айтса,
пенделер сол уақыттарда ғана ғибадат етіп, қалған уақытта
ықылас көрсетпес еді. Алайда шариғаттың мақсаты бұл емес.
Достарыңызбен бөлісу: