Талаптанып келеміз



бет10/11
Дата08.01.2023
өлшемі472,29 Kb.
#165125
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Әдебиеттік оқу 2 сынып 2 тоқсан

Неткенсұлутуғанөлкем!

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.1.4.1 – сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
2.3.2.1 – мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар шығарма мазмұнын түсінеді.
Көптеген оқушылар сөйлеу барысында мақалдарды, көркемсөздерді қолданады; үлгі бойынша өлең құрастырады.
Кейбір оқушылар тақырыпқа сай өлең құрастырады, көркемсөздерді орынды қолданады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы 5 мин

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Ойсергек
Тілек айту.
Аспанымыз ашық болсын! Көк туымыз биік болсын! Ата-анамыз аман болсын!
Деніміз сау, еліміз тыныш болсын!

Кестедегі сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сабақтың тақырыбын болжау.



Хормен айтады.


Оқушылар кестедегі сөздерді дұрыс орналастырады.



Оқушылардың берілген тапсырма
бойынша дұрыс жауаптарын
«Жарайсың!» сөзімен бағалау.

Интербелсенді тақта







Сабақтың мақсатымен таныстыру. Мақсатқа сәйкес оқушылармен бірлесе отырып, жетістік критерийін анықтау.










Ортасы 35 мин

Мағынаны тану.


Білу.
Ойқозғау
1-тапсырма. «Ыстық қой, шіркін, туған жер!» деп айтқан жазушыны ата.
Қаламгердің ойын қалай түсінесің?

Оқушылар өткен материалды еске түсіреді. Жүсіпбек Аймауытовтың


«Қартқожаның туған жері» шығармасынан алынғанын айтады.










Оқылым.
2-тапсырма. Өлеңді түсініп оқы. Өтебай Тұрманжанов. «Туған өлкем» Өлеңнің әр шумағын қара сөзбен әңгімеле.

Оқушылар кезекпен мәнерлеп оқиды.
Әр шумағының мазмұнын қара сөзбен әңгімелейді.




Оқулық Жұмыс дәптері

Түсіну. Жазылым.
3-тапсырма. Туған өлкеңнің табиғатын сипаттайтын көркемсөздерді теріп жаз. Үлгі: Нұрын төккен күн.

Туған өлкенің табиғатын сипаттайтын көркемсөздерді теріп жазады.

Дескриптор:
– мәтіннен нұрын төккен күн, жұпар сепкен күн, алтын дәнді даласы сөздерін теріп жазады.




Қолдану. Жұптық жұмыс.
4-тапсырма. Қайталанып тұрған өлең жолдарына зер сал. Әрі қарай өз бетіңше жалғастыр.
Неткен сұлу, неткен көркем – Осы менің туған өлкем!

Жұпта бірлесе отырып, өлең құрастырады. Сынып алдына шығып құрастырған өлеңдерін оқиды.

Сәтті шыққан өлең жолдарының авторларын «Тамаша!»,


«Жарайсың!»,
«Керемет!» сөздерімен бағалау.







Сергіту сәті.
Көп отырып, шаршадық, Қозғалуды аңсадық.

Қимылдар жасайды.













Жүгiргiмiз келедi, Әдемiлеп ән салып. Топ-топ басайық, Жаттығулар жасайық.
Қайырымды жан болып, Жамандықтан қашайық. Ұшқандай боп кекiлiк, Биiк-биiк секiрiп, Ойнап-ойнап, тез өсiп, Кетемiз бiз жетiлiп.
Тұрып қалмай жантайып, Бiр еңкейiп, шалқайып, Жылдам-жылдам қозғалып, Асқақ әндер айтайық!













Топтық жұмыс. «Өкіл» әдісі
5-тапсырма. Шетелден келген қонаққа туған өлкеңді қалай таныстырар едің? Үйренген көркемсөздеріңді пайдалан. Тірек сөздер: Отаным, дара тіл, тәуелсіз, ақ күмістей қала, туған өлкем.
Саралау: «Нәтиже» әдісі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Топтағы қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушымен ой бөлісіп, идеясын ортаға салып көмектеседі. Оқушыларға өз ойын еркін айтуға, дәлелдеп айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі.

Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтап әрі басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі.
Сосын не білгенін айтуға өкіл өз тобына қайта оралады.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бір- бірлерінің жұмысын бағалайды.







Соңы 5 мин

Рефлексия.
Мұғалім оқушыларға рефлексияны жасайтын мынандай сұрақтар қояды:

  • Сабақ барысындағы көңіл күйің қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдің? Сен үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңды қалай бағалайсың?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

  • Сабақ соңындағы көңіл күйің қандай болды? Неліктен?















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет