Талас Омарбеков Зобалаң Орындаған : Құқықтану 102


жылы 5 сәуірде шақырылған бюро мәжілісінің қаулысы береді



бет4/4
Дата13.12.2021
өлшемі0,88 Mb.
#100271
1   2   3   4
Байланысты:
Қарақұм наразылығы

1930 жылы 5 сәуірде шақырылған бюро мәжілісінің қаулысы береді .

Осы қаулының ықшамдалған нүсқасын оқырман назарына ұсынамыз : “ Тыңдалды : Ауылдағы шаруашылықтық – саяси шаралар туралы

Қаулы етілді : Қазақ Өлкелік партия комитеті қарауында бар қазақ ауылындағы бірқатар көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы саяси және шаруашылықтық жағдай туралы мәліметтер , соңғы жылдары қазақ партия ұйымының дұрыс саясатының және жұмысының негізінде ( бөліп көрсеткен біз — Т. О. ) кеңес , партия және шаруашылық құрылыстарында қол жеткен жетістіктердің төмендеу қаупін туғызған үлкен қолайсыздықтардың орын алғанын айғақтайды .

Мұндай жағдай мынаның нәтижесі :

а ) соңғы жылдарда партия ұйымының ( астық даярлау және егін егу науқандарына байланысты ) ауылдағы партия , кеңес және шаруашылық құрылысына көңіл бөлуді әлсіретіп алуы ;

б ) Өлкелік комитет қажеттігін әрқашан көрсетіп отырған , қазақ ауылы ерекшеліктерін ескерудің қажеті жоқ болуы ;

в ) астық даярлауда , түқым жинауда , жүн даярлауда және мешіттерді әкімшілікпен жабуда партия нұсқауларын бұрмалау ;

г ) сондай – ақ әсіресе партия нұсқауларын тікелей бұзу дың көрінісі болып табылатын осы аудандарды ұжымда стыру , жүргізудегі шектен тыс бұрмалаулар .



Көшпелі мал шаруашылығы аудандарында жаппай ұжымдастыру және басым көпшілігі әкімшілік қысым не месе ұжымдастыру міндеттерін қате түсіндіру негізінде құрылған колхоздардың өмір сүрулеріне және дамуларына қазіргі кезеңде ешқандай жағдайлар жоқ .

Жартылай көшпелі аудандарда көпшілік жағдайда жоқтың қасы болып отырған социалистік қайта құруға қажетті алғы – шарттар жасалғанша , округтік комитеттерді екі апталық мерзімде озінің дамуы қажетті , шын мәнінде прогрессивті өндірістік негізі бар колхоздардың ( суланды ру , шөп шабу , өндіріс құралдары және т . б . )

Қосалқы егіншілік бар және мүндайлар кеңейтілулері мүмкін , жартылай көшпелі аудандарда тек еріктілік негізінде , өндіріс құралдарын қауымдастырмайтын , жерді бірігіп өндейтін қарапайым серіктер ұйымдастырылсын .

Өлкелік комитет партия ұйымдарының назарын соңғы кездерде орын алған барлық кемшіліктер мен бұрмалауларды жедел жөндеуге және ауыл шаруашылық және саяси жағдайларын жоғары дәрежеге көтеруге жұмылдыру қажет деп санайды . Осыдан келіп , өлкелік комитет қаулы етеді :

Деректерден көтерілісшілердің мемлекеттік комиссия мүшелерін үлкен құрметпен күтіп алып , қазаққа тән мей мандостықпен арнайы киіз үй тігіп , мал сойып қонақ еткенін байқаймыз . Комиссия мүшелерінің бірі Сәкен Сей фуллиннің айтуынша , халық : “ Үкіметтің өзінің бүкіл өмір сүрген уақытында томенге түскеніне қуанатындарын ”жасырмаған .



Мемлекеттік комиссиямен келіссөз жүргізу үшін көтерілісшілердің әрбір руы I адамнан өкіл шығарған . Ал оларға қажетті нұсқауды көтерілісті ұйымдастырушылар берген . Жалпы алғашқы келіссөзге олардан 14 адам және мұнан басқа көтеріліс басшылары келген . Соңғылар — Қараев Досжан , Аяпберген Айменов , Жұмағазы және т . б . Көтерілісшілер өкілдері , күзетшілерін қосқанда жалпы 30—40 адамнан тұрды . Келіссөздің қалай жүргізілгенін тәптіштеп айтатын қүжат біздің қолымызда жоқ . Бірақ анығы мынау : обастан – ақ Қараев пен оның өкілдері шиеленісті жағдайды бейбіт реттеуге өздерінің келісетіндерін мәлімдеді . Бірақ мүндай ұсынысқа Жұмағазы көнбей қойды .

5. Колхоздарға еріксіз кіргізу тоқтатылсын . Олар тек ерікті жағдайда қабылдансын .

4. Ірі байлар кәмпескіленгеннен кейін енді кәмпескілеу болмайтыны туралы декрет шыққан еді , бірақ бұл іс орташаларға қарсы әлі жалғасуда . Ол тоқтатылуы тиіс .

3. Қазақ даласында тапқа бөліп жіктеуді қою және бұл істі жүргізуге комсомолдарды жібермей барлық мәселені ауылдың жалпы жиналысында шешу қажет .

2. Дін бостандығын беру , мешіттерді қайтару , діни шаралар мен салттарға кедергі жасамау .

1 . 1928 жылы орташалардан әділетсіз кәмпескіленгендерді ( әңгіме Қазақ ОАК – нің 1928 жылғы 15 тамыздағы декретіне сәйкес кәмпескіленген мал туралы болып отырса керек ) қайтару .



Көтерілісшілер өздерінің талаптарын комиссияга жазбаша тапсырды . Онда мынандай мәселелер көтерілді :

Көтерілісшілер талаптарының әділетті екеніне көз жеткізе түсу үшін олардың “ Қарақұмға жиналған азамат тардан ”— деп аталатын үндеуінен үзінді келтірелік : “ ...Ірі байларды кәмпескілеген соң « Еңбекші қазақ » беттерінде енді кәмпескелеудің болмайтыны бірнеше рет атап көрсетілді . Бұған қарамастан соңғы жылдары байларды ғана емес , тіптен орташаларды да кәмпескелей бастады , сондай – ақ оларды жер аударды . Қазақ даласында байлар жоқ ,сондықтан да 28 ст . басшылыққа алмай – ақ . 28 ст . бойынша жер аударылған байларға тек тиісті салық салуды өтінеміз ... Біз мемлекеттік міндеткерліктен ешқашан да жалтармаймыз , біз өкіметке қарсы шықпаймыз және карсы наразылық білдірмейміз , адамша өмір сүру құқғын беруді өтінеміз ... ”


Назарларыңызға рахмет !



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет