Тамақтандыру


Мейрамханада қолданылатын шыны және хрусталь ыдыс



бет10/58
Дата02.02.2022
өлшемі7,16 Mb.
#130523
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58
Байланысты:
қызмет көрсету Жумабаева

Мейрамханада қолданылатын шыны және хрусталь ыдыс:


Сусындарды жеке тұтынуға арналған ыдыстар:

Сиымдылығы 200-250см3 фужерлер салқын сусындарды жіберу және тұтыну үшін қолданылады.

Сиымдылығы 250-500 см3 сыраға арналған бокалдар әртүрлі сыраларды жіберуге және тұтынуға арналған.

Сиымдылығы 125-150 см3 шампанға арналған бокалдар шампан және басқа көпіршікті шараптар құюға қолданылады. Олар пішіні бойынша төмендегідей ажыратылады:

  • классикалық (тар, созылған, цилиндірлі) банкетте шампан ұсыну үшін қолданылады;

  • тулип - қызғалдақ түрдегі бокал- шампан және шампан қосылған коктейльдер ұсыну үшін қолданылады;

  • шампан табақшасы – көмірқышқыл газы тезірек жойылатын кішкене ваза түрінде бокал;

  • флюте - биік немесе аласа аяқта созылған конус немесе сәл доңестенген пішінді бокал.

Сиымдылығы 125 см3 кез-келген пішінді лафитті рюмка Мукузани, Саперави, Бордо типті қызыл ас шараптарын ұсынуға қолданылады. Егер лафитті рюмканың биік аяғы болса, оны қызыл шарапқа арналған бокал деп аталады.

Сиымдылығы 100 см3 кез-келген пішінді түрлі-түсті хрустальдан немесе шыныдан жасалған ренвейлі рюмка ақ құрғақ және жартылай құрғақ шараптар (Цинандали, Гурджаани, Арбат және т.б) үшін арналған. Ол кобальт (көк) немесе жасыл-алтын түсті болады. Ашық түсті ас шарабы түрлі-түсті рюмкада

«ойнайды». Биік аяқты рейнвейлі рюмканы ақ шарапқа арналған бокал деп атайды. Егер ақ және қызыл шарптарға арналған рюмкалар түссіз шыныдан жасалса, онда ақ шарапқа арналға рюмка аяғы биік, пішіні созылған болады, ал қызыл шарапқа арналған рюмка - ақ шарапқа арналған рюмкаға қарағанда аласа және жалпақ болады.



Сиымдылығы 75 см3 мадералы рюмка шерри немесе порто атаумен танымал. Бұл рюмкаларда күшейтілген шараптар (Мадера, Херес, Портвейн, Шерри) және десертті шараптар (Мускат, Кагор, Лидия) ұсынылады.

Сиымдылығы 50 см3 арақ рюмкасы арақ немесе тұндырмалар ұсынуға араналған.

Сиымдылығы 15-тен 25см3 дейін ликер рюмкалары (пони) әртүрлі ликерлар ұсыну үшін қолданылады. Пони деген екінші атауын кішігірім көлеміне байланысты алған.

Сиымдылығы 15-тен 25 см3 дейін коньяк рюмкасы коньяк ұсыну үшін қолданылады. Рюмка кішкентаай бөшке пішінді, оған маркалы коньяк құйып, кофемен бірге ұсынады.

Снифтер немесе брендиге арналған бокал, Сиымдылығы 125-600 см3дейін аласа аяқты төмен жағы кең, аузы жағы тарланған қызғалдақ пішінді бокал, тағамнан кейін тұтынатын коняк ұсыну үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет