“Кең ауқымды лекция” әдiсi – алдыңғыдан айырмасы мұғалiм жетекшiлiгiмен екi түрлi мәтiнмен де жұмыс жасауға арналғандығында. Көбiне балаларға таратып беретiн мәтiн болмаған жағдайда жиi қолданылады. - “Кең ауқымды лекция” әдiсi – алдыңғыдан айырмасы мұғалiм жетекшiлiгiмен екi түрлi мәтiнмен де жұмыс жасауға арналғандығында. Көбiне балаларға таратып беретiн мәтiн болмаған жағдайда жиi қолданылады.
- “Галерея аралау” әдiсi – өзгелердiң қабырғаларға iлген көрнекi материалдарын жеке аралап жүрiп, өз ойын көбiне сол нәрсеге жазуға арналған стратегия.
- “Әлемдi шарлау” әдiсi – алдыңғы екi стратегияға ұқсас, бiр топтан екiншi топқа ауысып жүрiп, түрлi талқылауларға қатысуға бағытталған стратегия.
- “Бес жолды өлең” әдiсi – аты өлең болғанымен, ұйқас құрап, буын сақтау мiндеттi болмағандықтан, заты бөлектеу, кез келген мәтiнмен жеке жұмыс жасауға бағытталған, ой-толғанысқа арналған стратегия: 1 жол – тақырыбы, 2 жол – екi сын есiм, 3 жол – үш етiстiк, 4 жол - өлеңнiң негiзгi идеясы, 5 жол – тақырыпқа балама сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |