Дәрілікөсімдікшикізатының
микрофлорасы, фитопатогенді микробтар
|
Өсімдік дәрілік шикізат оның алыну процессі кезінде микроорганизмдер әсерінен көбеюі мүмкін: су арқылы, стерилденбеген дәріханалық ыдыс, бөлме ауасы және жұмыскер қолдары арқылы жұғады. Сонымен қатар, көбею өсімдіктердің қалыпты микрофлорасы және өсімдік ауруларының қоздырғышы-фитопатогенді микроорганизмдер арқылы іске асады. Фитопатогенді микроорганизмдер көбейіп, өсімдіктердің көп мөлшерін жұқтыра алады.
Өсімдік бетіндегі қалыпты өскен микроорганизмдер эпифиттерге жатады. Олар зиян келтірмейді, кейбір фитопатогенді микроорганизмдердің өсімдік ұлпасына енуіне кедергі жасап, өсімдіктердің иммунитетін жоғарлатады эпифитті микрофлораның көп мөлшерін етті-пептонды агарда алтын түсті колониялар түзетін грам теріс бактериялар Erwinia herbicola құрайды. Бұл бактериялар шіріген көкөністер қоздырғыштарының антогонистері болып табылады. Қалыпты жағдайда басқа да бактериялар Pseodomones fluoresces, кейде Bacillus mesentericus және аз мөлшерде саңырауқұлақтар табылады. Микроорганизмдер өсімдіктердің жапырағы мен сабағында ғана емес, сонымен қатар тұқымында да болады. Өсімдік микрофлорасының құрамы өсімдіктің түріне, жасына, топырақ түріне және қоршаған орта температурасына байланысты. Ылғалдылық жоғарлаған сайын эпифитті микроорганизмдер саны жоғарлайды, ал ылғалдылық төмендесе эпифиттер саны төмендейді. Топырақта, өсімдік тамырының маңында микроорганизмдердің саны көп болады. Бұл жер ризосфера (грек тілінен аударғанда rhiza – тамыр, sphaira – шар) деп аталады. Ризосферада көбінесе спора түзбейтін бактериялар(псевдомонадалар,микробактериялар және т. б.) актиномициттер, спора түзетін бактериялар және саңырауқұлақтар болады.
Ризосфераның микроорганизмдері әртүрлі субстраттарды қосады, өсімдіктерге қолайлы биологиялық белсенді қосылыстарды синтездейді (витаминдер, антибиотиктер және т. б.) өсімдіктермен симбиотикалық қарым-қатынасқа түседі, фитопатогенді бактерияларға қарсы антагонистік қасиеті бар.
Өсімдіктің тамыр беткейіндегі микроорганизмдер (ризоплан микрофлорасы) псевдомонадалармен көрсетілген ризосфераға қарағанда үлкен дәрежеде болады. Жоғары өсімдіктердің тамырлары мен саңырауқұлақ мицеласының симбиозын микориз (саңырауқұлақтамыр) деп атайды. Микориз өсімдіктердің өсуін жақсартады. Көптеген микроорганизмдер өсімдіктің тамыр бөлігінде болады, ол микроорганизмдердің топырақпен түсуімен байланысты. Мал жайылған жерлердегі, тезек жиналған жерлердегі, қоқыс жерлердегі өсімдіктер үлкен көлемде өседі. Осының салдарынан өсімдіктер патогенді микроорганизмдерден зақымдалуы мүмкін. Өсімдіктерді дұрыс екпеу микроорганизмдердің көбеюіне қолайлы қоректік орта болып табылады. Микроорганизмдерді өсімдіктерде өсірмеудің бір тәсілі бар, ол өсімдіктерді кептіру процессі.
|