-Өсімдіктерге паразиттер мен саңырауқұлақтар тудыратын вирустық және бактериялық инфекциялардан туындаған ісіктер әсер етуі мүмкін. Agrobacterium Tumefavìciens өсімдіктің тамырлары мен ағаш бөліктерін зақымдайтын бактериялық ісік тудырады. Өсімдік қатерлі ісігі жеміс-жидекке де, сәндік өсімдіктерге де әсер етуі мүмкін. Бұл тітіркендіргіш патологияны болдырмау үшін фосфор мен калий бар тыңайтқыштарды қолдану қажет. Жауапты бактериямен күресті Agrotacterium Radiobacter K84 антагонист бактериясымен де жүргізуге болады.
Өсімдік аурулары, туындау себептеріне байланысты жұқпалы (түрлібактерия,вирус,саңырауқұлақ,гематода, т.б. тудыратын) және жұқпайтын (қоректену тәртібінің бұзылуынан, ыстық-суықтан, өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен, т.б.) аурулар топтарына бөлінеді.Жұқпайтын ауруларғақыстың үскірік аяздарынан жеміс ағаштарының діңі шытынап жарылуы, күздік егістер мен көпжылдық шөптесін өсімдіктердің үсікке ұрынуы, жаз айларының аптап ыстығы мен куаңшылығы, аңызақ желдер салдарынан астық дақылдарының масақтарында дән байлануы төмендеп, шөпектенуі, т.б. жатады. Өсімдіктердің жұқпалы ауруларын саңырауқұлақтар, бір клеткалы, таяқша тәріздес бактериялар, вирустар мен вироидтар қоздырады. Зиянды саңырауқұлақтардың, бактериялардың, кейде аяз салдарынан өсімдіктің кейбір бөлігі дұрыс өспей, шектен тыс ұлғайып ісікке, бұдырға айналып, өсімдік рагіне әкеліп соқтырады. Көпжылдық ағаштардың мех. немесе аяздан зақымданған діңдерінде, тамыры мен тамыр жемісінде, кейбір өсімдіктердің сабақтары мен гүл қауашақтарында, жапырақтарында бунақ денелілер жұмыртқаларын салып, сонда өсіп-көбейіп, зақымданған органды пішіні домалақтау келген ісіктерге айналдырып, оның дамуына себепші болады.
Өсімдік аурулары
BasіdіomycetesкласыныңPuccіnіaтуысына жататын саңырауқұлақтар тарататын аса зиянды және кең таралған кесел – өсімдіктердің тат аурулары.Тат өсімдіктіңжер бетіндегі бөлімдеріне, оның ішінде гүліне, жемісіне түседі. Ауру белгілері жапырақ пен сабақта және масақтың қауыздарында ақшыл сарғыш (сары тат), қоңырқай (жапырақ немесе қоңыр тат), қызғылт-қоңырқай (сабақ таты) түсті, көлемі әр түрлі күлдіреуіктер түрінде байқалады. Олар, әсіресе астық дақылдарында көп кездеседі. Сары тат көбінесе оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтарда күздік бидай егісінде кең таралған. Қоңыр тат солтүстік, шығыс және батыс аймақтарда жаздық бидай егістерін жиі шарпып, өнімге айтарлықтай зиян келтіреді. Тат ауруына жүгері,күнбағыс,қарақат,таңқурай,алмұрт,алма, т.б. шалдығады. Өсімдіктердің солуы топырақта ылғал жеткіліксіз болса, ауаның температурасы жоғарылап, сонымен қатар аңызақ жел соқса, жапырақтарға сабақтың өткізгіш түтікшелері арқылы тасымалданатын су жетіспегенде болады. Кешке қарай ауа салқындап, жапырақтарға су тасымалдану реттелген соң өсімдік бастапқы қалпына келеді. Жаңа отырғызылған көшеттер де бастапқы кезде күн ашық, ыстық болса солып, толық тамырланғаннан кейін солуы тоқталады. Өсімдіктердің солуының келесі бір себептері топырақта тіршілік ететін кемірушілер мен бунақденелілер, саңырауқұлақтар мен бактериялар қоздыратын аурулардың (вертициллездіжәнефузариоздысолу немесетрахемикоз аурулары) салдарынан болады. Топырақта тіршілік ететін сымқұрттар мен зауза қоңызының дернәсілдері өсімдіктердің тамырларымен қоректеніп, негізгі тамырларды зақымдауынан олар біртіндеп солады. Саңырауқұлақтар мен бактериялардың мицелийлері (жіпшелері) көбінесе тамырлар мен сабақтың түтікшелерін торлап, кейде улы заттар –токсиндершығарады. Осының салдарынан өткізгіш түтікшелер бітеліп, жапырақтарға судың тасымалдануы нашарлайды. Кейде бөлініп шыққан токсиндер ұлпаларды улайды. Бұлардың салдарынан өсімдіктер тез арада солады.Таз қотыр ауруыөсімдіктің жапырағын, жемісін, өзегін зақымдайды. Олардың бетінде қара дақтар пайда болып, көптеген саңырауқұлақ жіпшелері бар қатты қоңыр даққа айналады. Бұл дақтар жемісті тіліктеп қатты жарақаттайды. Ауру қоздырғыштары жерге түскен жапырақ арасында қыстап шығады. Өсімдік аурулары қоздырғыштарының сақталу, таралу немесе тасымалдану ерекшеліктеріне байланысты негізінен3 топқабөлінеді: тұқым немесе көшет арқылы, ауа толқыны және жаңбыр арқылы таралатындар, топырақта немесе өсімдік қалдықтарында сақталатындар. Вирустар мен бактериялар қоздыратын ауруларды таратуда олардың зиянкестерінің атқаратын рөлі зор. Ауру қоздырғыштары ауа толқыны, жаңбыр бұлттары арқылы жүздеген шақырым, кейде тіпті бір құрлықтан екіншісіне таралуы мүмкін. Ауа райы жағдайларына байланысты аурудың дамуы және таралу ерекшеліктері, одан келетін шығын құбылмалы болады.Эпифитотиядәрежесіне дейін дамыған жағдайда олардан келетін шығын 30 – 40%-дан асады. Өсімдіктің солуын тежеу үшін көкөніс және басқа да суды көп қажет ететін дақылдарды уақытында суғарып отыру қажет. Кеміргіш бунақденелілерден келетін ауруларды төмендетуде ауыспалы дақылдың және жер қыртысын аудара жыртудың маңызы зор. Сонымен қатар, отырғызылатын көшеттер мен тұқымды инсектицидтер және фунгицидтер ерітіндісінде дәрілеген жөн. Өсімдік ауруларының таралуы мен дамуын және зияндылығын шектеу үшінкарантиндікжәнефитосанитарлық,агротехникалық, ал қажет болса химикалық шаралар қолданылады. Осы мақсат үшінселекцияжәнебиотехнологияәдістерін кеңінен пайдалана отырып ауруға берік немесе төзімді сорттарды шығарудың атқаратын маңызы өте зор.