Тапсырма Тақырып: Тарихшы этнология туралы не білуге тиіс



бет3/4
Дата20.04.2022
өлшемі45,72 Kb.
#140024
1   2   3   4
Байланысты:
1тапсырма
қазақ тілі нед тап, 9 Лекция-презентация (1), «Иррационал те деулер мен те сіздіктер», элект Жұман М, Гаухар Презентация, Тема 6, Тапсырма 3, 3тапсырма, 4 тапсырма, Новый практический курс китайского языка. Учебник. Часть 1 ( PDFDrive ), 14 лекция, срсп 12.03, Гүлдана дүниетану, лекция 4
Түркиядағы кемализм
Түркияның өткен кезеңінде, әсіресе ХХ ғасырдағы тарихында, тарихшыны
еріксіз таңғалдыратын, оған қоса, дәстүрлі тарихи әдістердің көмегімен түсіндіруге келмейтін жайттар бар. Бір кездері түріктерге Осман империясының құлауы ғаламдық кесапат сияқты көрінді. Өйткені түріктердің өзін-өзі бірегейлендіруі сонымен байланысты еді. Шынында да, империя Бірінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан құлап түскен кезде, түріктерге күллі әлем күйреп қалғандай сезілді. Қас пен көздің арасында, сырт қарағанда, тым асығыс күйде Мұстафа Кемалдың «Ұлттық антын» жария етуі жұртшылыққа сиқырлы кереметтей әсер етеді.
Жеңіске жеткен Кемал Түркияны қайта өрлетуге, бірақ мүлдем жаңаша, айқын сызылған өз шекарасы бар зайырлы республика ретінде құруға кіріседі. Оның реформалары мемлекет пен басқару ісін ғана емес, сондай-ақ діни, мәдени, тұрмыстық салаларды да қамтиды. Мұның бәріне тұрғындар еш қарсылық білдірген жоқ. Ешқашанда өзін ұлтына қарай бірегейлендір-меген, ұстанған дініне орай ұйысқан империялық халық ұлттық мемлекет құрды. Ислам дінін ұстанатынын өзінің басты сипаты санаған халық хали-фаттың жойылуына, тым тұрпайы түрде алуан түрлі тыйымдардың енгі-зілуіне жайбарақат қарап, ақырында, (түріктің ар-намысының рәмізіндей болған қызыл телпектерін шешті де) өздері күні бүгінге дейін жек көретін еуропалық баскиім – жиекті қалпақты (намаз оқып, сәждеге маңдайын тигізуді қиындату үшін әдейі) киіп алды. Бұл кезде шаруалар, құдды, түк болмағандай, өздерін бейғам ұстады. Зиялы қауымның шектеулі бөлігі ғана бөле-жарылып, әрі-сәрі күй кешкендей болды.
Осының бәрін күрт дағдарыстың нәтижесінде түрік халқының ой-санасында елеулі өзгерістер болған еді деп бағамдауға бола ма? «Иә» деп жауап беруге тиіс тарихшы да, этнолог та. Бірақ олардың әрқайсысы осы «иә» деген жауаптың астарынан нені түйсінер еді? Халықтың билікке ниеті түзу болды, әрі Кемалдың реформаларын бұлжытпай қабылдады. Бұдан тарихшы халық кемализмді және оның жаңғырту мен батыстандыру идеологиясын қабыл алды деп қорытынды түйер еді, бірақ жалпы түрік бұқарасы Кемал идеологиясын жақтыртпағанын дәлелдейтін деректер
жетіп-артылады.


Ереван
Миллион тұрғыны бар қаланың моноұлттық сипаты бірден көзге шалынады, осы ерекшелік әлеуметтанушылардың урбанизацияны ірі қалалардың міндетті түрде қоса қабат жүретін көпұлттылығымен байланыстыратын байламының тас-талқанын шығарады. Одан әрі өркендеп, өзінің шекарасын кеңейткен сайын, Ереван қауымы біртектілене түсті. Бұл қалада өңкей армяндар ғана тұрады. Мұндай ерекше құбылыс – урбанизация ырқына орай полиэтностық
мекеннің моноэтностық қалаға айналып кету мысалы жер жүзінде кездеспейді. Осы тұрғыдан Ереван еш қалаға ұқсамайды. Ереванның армяндары ата-бабасынан қалалықтар, урбандалған, қала өрке-ниетіне әлдеқашан бауыр басқан халық кейпінде көрінеді. Ал Ереван өзінің қарым-қатынас әдібімен, өте тығыз, үйреншікті әрі консервативті ортасымен тұтасып, шектелген қала сияқты. Ол дәстүрі бүлінбеген ескі шаһарға ұқсайды: құдды, өзге қалаларда дәстүрлі қарым-қатынастардың ыдырауы шапшаң жүріп, ал Ереванға келгенде шабандап қалған, бірақ түбінде оған да жететін тәрізді. Бірақ олай емес. Ереван-тарихтың, Ереван-аңыздың бас айналдырарлықтай ғұмыр жас қиып бергеніне қарамастан, Ереван – мүлде жаңа, мүлде жас қала. Біз білетін Ереван осыдан отыз жыл бұрын бой көтерді. Соңғы жүз жылдықта оның орнында Шығыстың кәдуілгі уәлаяттық кенті – әуелі шығыстық парсылар басқарған Эриван хандығының, содан кейін орыс әкімшілігіне бағынған Эриван губерниясының әкімшілік орталығы тұрды. Тіпті ХХ ғасыр басында да қала халқының саны 30 мың адамға жетпеді. Қайтадан алдымыздан ерекше құбылыс шығады. Урбандалу (кенттену) әдетте салт-дәстүрлерді жойып, әлеуметтік ортаны алуан түрлі құндылықтар мен мінез-құлық түрлеріне мейлінше ашық әрі төзімді ету үдерісімен қоса жүреді. Ереванда бұл үдеріс керісінше өрбіді. Қаланың көлемі ұлғайып, оны индустрияландыруға орай (қайткенде де, сонымен қоса) Ереванның әлеуметтік ортасы бұрынғыдан да томаға-тұйықталып, консерватив бола түсті. Әлеуметтанушылардың бақылауы бойынша, армян астанасында армяндарға бұрын бейтаныс болған, бірақ қаланың бүкіл тұрғыны лезде қабыл алған мінез-құлықтың, этикеттің, әдет-ғұрыптың жаңа үлгілері қалыптаса бастаған. Бір қызығы, «дене еңбегімен айналысатындар мен егде адамдар тобынан гөрі, ой еңбегінің өкілдері мен 18–29 жас аралығындағылар әлгі нормаларды табанды ұстанады» екен10. 1959 және 1979 жылдардағы халық санағы аралығында Ереванда және бүтіндей республикада отбасы мүшелері санының көбеюі үрдісі байқалды. Соның нәтижесінде, 1989 жылғы са-нақтың мәліметтері бойынша, қазір орташа армян отбасында 4,7 адам бар, сондықтан осы көрсеткіш жөнінен Армения мен Ереван бұрынғы Одақтың бүкіл мұсылман емес республикаларының және олардың астаналарының арасында жетекші орында тұр11. Айта кетерлігі, қатардағы қарапайым қала тұрғындары отбасының іріленуі табиғи өсімнің (бала туудың өлім-жітім көрсеткішінен басым түсуі) елеулі түрде құлдырауымен қатар жүрді (өсім шамасы 1960 жылғы 27%-дан 1987 жылы 15,1%-ға, ал 1988 жылы 8,9%-ға кеміп кетті). Бұл қаладағы армян отбасының орташа статистикалық іріленуі біржақты өсім есебінен емес, оның құрылымын күрделендіру арқылы жүзеге асқанын білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет