Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері



бет34/165
Дата11.01.2022
өлшемі415,77 Kb.
#111271
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   165
Байланысты:
Тәрбие теориясы, әдістемесі ЭЛЕКТР.ОҚУЛЫҚ 2017 Иманбаевой

Алтыншы бағыт - көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие. Бұл бағыттың мақсаты: Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларына; қарым-қатынас мәдениетіне; сөз мәдениетін сақтауға; эстетикалық түсініктерді жетілдіруге; көркемдік мәдениет саласында эстетикалық мұраттарға, өнердегі және болмыстағы мінсіз сұлулыққа шығармашылық қабілеттер қалыптастыруға; ойлауға және шығармашылық қиялға, шығармашылық қызметке мәдениетаралық әрекетке; мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін білуге; толеранттылық пен ғаламдық пікір қалыптастыруға; көпмәдениетті тұлға қалыптастыруға қызығушылық, ұмтылыс танытуы. Іске асыру механизмдері: сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, сабақтан тыс іс-әрекеттер; үйірмелер, әдеби клубтар және т.б.; театрларға, мұражайларға, көркемсурет көрмелеріне, галереяларға, тарихи орындарға саяхаттар; шығармашылық кештер, оқушылар жұмысының көрмелері, байқаулар; белгілі тұлғалармен, өнер қайраткерлерімен және т.б. кездесулер; Қазақстан халқы Ассамблеясымен және этномәдени орталықтармен ынтымақтастық; білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Кіші Ассамблеяларын құру арқылы жүзеге асырылады.

Жетінші бағыт - зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі.

Бұл бағыттың мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру; балалар мен жастардың тұлғалық ұстанымдарын жандандыру, ақпаратпен жұмыс жасауда функционалдық дағдыларын, ақпараттық өзара әрекеттесуде этикалық нормалары мен құндылықты мақсаттарын қалыптастыру. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): өмір бойы білім алуына; өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне; сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану қабілетіне; зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілеттілікті меңгеруіне; пікірталас жүргізу дағдыларына; жасампаз қызметке; топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға; ақпараттың түрлі дереккөздеріне; қажетті ақпарат алу арналары мен іздестіру жолдарына; өз қызметінің түрлі салаларынан алынған ақпаратқа; Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне; Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіру; ақпарат дереккөздерін таңдау және талдау жасау, өздігімен іздестіру жолдары мен тәсілдеріне; Интернет-сауаттылыққа; жауапкершілікті мінез-құлыққа және туындаған ақпараттық нәтижеге; ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға ұмтылуы және қызығушылығын білдіру. Іске асыру механизмдері: сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, сабақтан тыс қызмет, элективті курстар, үйірмелер және қызығушылығы бойынша сабақтар, мектептік және желілік дебат турнирлері, оқушылардың бірлескен жобалық жұмыстары; зияткерлік ойындар, байқаулар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-техникалық конференциялар; дарынды мамандармен және замандастарымен кездесулер, рефераттар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, мәлімдемелер, мектептік және студенттік медиа-орталықтар, БАҚ, сайттар, кітапханаларды дәріптеу; психометриялық және социометриялық тестер мен әдістемелер; көшбасшылықты дамыту жөніндегі бағдарламалар және т.б. арқылы жүзеге асырылады.



Сегізінші бағыт - дене тәрбиесі, салауатты өмір салты. Бұл бағыттың мақсаты: салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігі үшін кеңістік орнату. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): денсаулық жағдайының скринингіне; әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге; теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге; табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға; денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінез-құлыққа; өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылығы; қауіпсіздік пен өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге; денсаулық сақтау ортасын құруға; жаңа ортаға бейімделуге ықыласын және даярлығын көрсетуі. Іске асыру механизмдері: сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, волонтерлық қозғалыстар; дене тәрбиесі және салауатты өмір салты сабақтары, спорттық секциялар мен үйірмелер, ақпараттық-ағарту курстары, экологиялық форумдар, ғылыми жобалар, туған өлкеге жасаған экспедициялар, туристік жорықтар, сенбіліктер, репродуктивті денсаулық, нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту және АҚТҚ алдын алу жөніндегі семинар-тренингтер; денсаулық фестивальдері, спартакиадалар, қауіпсіздік бағдарлары; ақпараттық-диагностикалық материалдарды дайындау және тарату; «сенім қызметтерін» ұйымдастыру; мектепті, ауданды, қаланы көгалдандыру және абаттандыру, жасыл желек отырғызу, «Жасыл ел» қозғалысына қатысу және т.б. арқылы жүзеге асырылады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет