Кесте 4 - Тәрбие жүйесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету факторы (В.С.Безрукова бойынша)
№
|
Тәрбие жүйесін ұйымдастырудың факторы
|
Қамтамасыз ету міндеттері
|
1
|
Саяси
|
- идеологияны, бағыттарды айқындау;
- тұлғалық сапалық қасиеттерін қалыптастыруға байланысты мақсаттар кешенін айқындау;
- дүниетанымдық бағыттарды анықтау;
-моральдық тұрғыда ынталандыру;
-жалпы бақылау.
|
2
|
Финанстік экономикалық
|
-тәрбиелік қарым - қатынасқа түсетін тұлғалардың негізгі қажеттілігін қамтамасыз ету;
- финанстік қажеттіліктерді іске асыру механизмін жасау;
- әр тапсырманы финанстік тұрғыда қамтамасыз ету;
- білім беру және мәдениет мекемелерін жұмыс істеуін финанстік тұрғыда қамтамасыз ету.
|
3
|
Құқықтық
|
-жүйе мен қарым - қатынасты реттейтін заң актілерін дайындау;
- тәрбиелік қарым қатынасқа түсетін тұлғалардың құқығы мен міндетін айқындау;
- мемлекет және білім беру, мәдениет мекемелерінің арасындағы нормативтік актілерді жасап шығару.
|
4
|
Әлеуметтік - психологиялық
|
- мәдениеттің негізгі бағыттарының бірі ретінде білім беруге қарым - қатынасты қалыптастыру;
- адамгершілік - әдептілік және тәртіптілік нормаларды айқындау;
- тәрбиелік қарым - қатынасқа түсетін тұлғалардың дамуын айқындайтын диагностикалық жүйені анықтау.
|
5
|
Материалдық -техникалық
|
-мәдени - тәрбиелік жүйенің функцияларын құрал жабдықтармен қамтамасыз ету;
-оқыту мен тәрбиелеу, басқаруды жаңашыл техникамен қамтамасыз ету;
- байланыс, коммунальдық және күзет қызметімен қамтамасыз ету.
|
6
|
Кадрлік
|
- кадрлармен қамтамасыз ету жүйенсінің үлгісін анықтау;
- кадрларды аттестациялау жүйесін анықтау;
- кадрларды дайындау;
- кадрлар жұмысын бақылау.
|
7
|
Ғылыми оқу - әдістемелік және ұйымдастырушылық қызмет
|
- жүйенің іс - әрекетін ғылыми базамен қамтамасыз ету;
- басқару құрылымын, функциясын айқындау;
- ғылыми кадрлармен қамтамсыз ету;
-оқу - тәрбиелік, әдістемелік материалдар мен оқу құралдарын дайындау, шығару.
|
Тәрбие жүйесінде кез келген тұлға төмендегі қамтылған үш жүйеасты бөліктерде отабасында, формальды және формальды емес білім беру жағдайында дамиды.
Тәрбие жүйесі – тәрбиенің негізгі компоненттерінің (мақсат, субьектілер, олардың іс-әрекеті, қарым-қатынас, материалдық база) өзара әрекеттестігі үдерісінде туындайтын және ұжымның өмір салты, оның психологиялық климаты сияқты интегративті қасиеттерді меңгерген тұтас әлеуметтік ағза ретінде өзінің негізгі қызметі – тәрбиелеуге қатысты ретке келтірілген әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық ашық жүйе тұрғысынан іске асады.
Тәрбие жүйесін құруда сынып жетекшісінің ескеретін жағдайлары оқушылардың қызығушылығы, қабілеті, қажеттілігі, мектептегі педагогикалық үдерістің мүмкіндігі, әлеуметтік және шығармашылық әлеуеті, сонымен қатар ата - ананың құзыреттілігі, олардың тұлғаны, әлеуметтік ортаны қалыптастыруға ықпалы да негізге алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |