«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі №29 Ю. Гагарин атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі»



Дата17.04.2020
өлшемі46,93 Kb.
#62924
Байланысты:
Этника және әлеумет

№29 Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі Сапахова Н.Ж. құрастырған «Этникалық және әлеуметтік саяси процестер» қолданбалы курсына


Пікір

Қазіргі кезеңде мектепте тарихты оқытудағы басты міндет – жастарды адам баласының өткен тарих шындығымен таныстыру, Қазақстан жерін мекендеген басқа да халықтар тарихы мен мәдениетінен хабары бар, қазіргі заман талабына лайық біліммен қаруланып, тәрбие алған қазақ халқының, мемлекеттің нағыз белсенді азаматын тәрбиелеу. Осы мақсатта ұсынылып отырған «Этникалық және әлеуметтік саяси процестер» қолданбалы курсының материалдары қазақ жерінде болған оқиғаларды және КСРО құрамында болған елдер халықтары тарихымен байланысты қарастырылып, белгілі бір тарихи – оқиғалық тұтастығы бар кезеңдерді хронологиялық ретпен баяндап береді.

Өткен тарихты сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен айналысып, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректермен өздігінше жұмыс атқарып, білімін үнемі толықтырып отыратын азамат тәрбиелеуде аталған қолданбалы курс үлес қосады деп есептеймін.

Пікір жазған: «Дүние жүзі тарихы экономика және құқық» кафедрасының аға

оқытушысы

Шолпанқұлова Қ.А

   

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі №29 Ю.Гагарин атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

Әдістемелік кеңестің

шешімімен бекітілген

Хаттама №____

«__»________201_ж.


Мектеп директоры

___________Сламов Г.Т.


«Этникалық және әлеуметтік саяси процестер»

Қазақстан тарихы пәнінен 11 сыныпқа арналған қолданбалы курс жоспары
Құрастырған: Сапахова Н.Ж.

жоғары санатты тарих пәні мұғалімі

Тараз, 2018 жыл



Түсінік хат

«Этникалық және әлеуметтік саяси процестер» қолданбалы курсының бағдарламасы 11- сыныпта 6 тараудан тұрады.

Кіріспе: курс туралы түсінік (1 сағат), І-тарау «Этнос әлемі» (3 сағат);

ІІ-тарау «Көне және ортағасырлардағы Қазақстанның этносаралық қарым-қатынас мәдениеті» (3 сағат);

ІІІ-тарау «Көпэтносты Қазақстанның қалыптасу тарихы» (13 сағат);

IV-тарау «Тәуелсіз Қазақстан – көпэтносты және көпконфессиялы мемлекеттің жаңа үлгісі» (6 сағат);

V-тарау «Қазақстан халқының ортақ салт-дәстүрлері мен мерекелері»

(3 сағат);

VI-тарау «Қазақстан халқының ассамблеясы және этносаралық қатынастар» (4 сағат);

Қорытынды қайталау (1 сағат).

  1. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауындағы: «Тәрбиенің құрамдасы – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы заңға мойынұсынушылық. Бұл құндылықтар меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс», - деген ұстанымдарын ескере отырып, әзірленді.
      2. Елдiң табысты дамуының басты шарты – iшкi саяси тұрақтылықты, азаматтық татулық пен ұлтаралық келiсiмдi қамтамасыз ету, әрі қалыптасқан этникалық қауымдастықтардың терең тарихы негізінде этносаралық қатынастар мәдениетiн арттыру болып табылады.
      3. Арнайы курс бағдарламасы жастарымызға тәрбие берудегі басты бағыттардың бірі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін дамытуды қарастырады. Бағдарламаның болашақ ұрпақты толерантты әрі өзге этностардың құндылықтарын құрметтейтін азамат ретінде тәрбиелеудегі маңызы зор.
     

«Этникалық және әлеуметтік саяси процестер» қолданбалы курсының мақсаты:
     1) Оқушыларға Қазақстанның көпэтносты қоғам ретінде қалыптасу тарихын белгілі заңдылықтар мен тарихи үдерістер негізінде таныстыру.

2) Қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды жолдары мен шарттарын түсіндіру.


Міндеттері:
     

1) этнос ұғымының адам өміріндегі рөлін, оның басты белгілері мен қызметтерін көрсету;


      2) Қазақстан аумағындағы этномәдени үдерістердің негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіру;
      3) этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихын кезеңдер арқылы ашып көрсету;
      4) этностардың бай этникалық тарихы, мәдениеті және олардың қоғам өмірін ұйымдастырудағы қызметтерімен таныстыру;
      5) көпэтносты, әрi көпконфессиялы қоғам құрудағы қазақстандық тәжiрибенің ерекшеліктерін айқындау.


      Күтілетін нәтиже:
Оқушылар тарих пәнінен білімдерін тереңдетіп, шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін дамытады. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Ой-пікір қалыптастырып, дұрыс шешім шығаруды үйренеді.


Тәжірибелік бөлім

1.Картамен жұмыс:

Қазақстандағы көпұлттылық тарауын өткенде Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің Отаны, таралу аймақтары бойынша картамен жұмыс жүргізіледі.

2.Термин сөздермен жұмыс:

Курс барысында кездесетін термин сөздерге талдау жасау.

3.Қысқарған сөздермен жұмыс:

Курс барысында кездесетін қысқарған сөздерге талдау жасау.

11-сыныпта «Этникалық және әлеуметтік саяси процестер» қолданбалы курсын оқыту барысында оқушыларда төмендегідей икем-дағдылар қалыптасады:

1.Мұрағаттарда тарихи құжаттармен, кітапханалардағы каталогпен, карточкалармен жұмыс істеп, оның нәтижесін күнделікті сабақтарда пайдаланады.

2.Мерзімді баспасөз материалдарымен жүйелі түрде жұмыс жасап үйренеді.

3.Әр түрлі іс-шараларға қатысу барысында өз пікірлерін еркін жеткізе білу және оны дәлелдеуге дағдыланады.

Оқу деңгейін бақылау:

Курста оқытудың практикалық тәсілдері де пайдаланылады. Оқушылар ұлттар мен ұлыстар туралы деректермен танысып қана қоймай, зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады, өздігінен ізденуге дағдыланады. Өздерінің толық және тиянақты білім алуы үшін мұғалім ұсынған әдебиеттерден бөлек қосымша әдебиеттерді пайдаланып үйренеді.



Білімдерін тексеру және бағалау:

  • тарау сайын бақылау жұмыстарын алып тексеру;

  • сұрақ-жауап жүргізіп отыру;

  • өзіндік жұмыстар жүргізіп отыру;

  • бағалау жүйесі оқушының білім дәрежесіне, ынтасына қарай бағаланады.


«Этникалық және әлеуметтік саяси процестер» қолданбалы курсының мазмұндық жоспары

11 -сынып

Кіріспе: пән туралы түсінік, мақсат-міндеттері, өзектілігі. Қазақстан халқы, оның күрделі этникалық құрамы. Қазақ этносының ұлт құру және мемлекет құру әлеуеті. Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласында ұстанатын саясаты (1 сағат).
     «Этнос әлемі» (3 сағат):
      1) Этнос ұғымы: этнос ұғымының мәні. Негізгі түсініктер: этникалық тарих, ұлттық мемлекет, унитарлық мемлекет, федерация, титулдық этнос, көпэтностық қоғам, этносаралық коммуникация, диаспора, интеграция, ассимиляция, консолидация (1 сағат);
      2) Жер – этностар мекені: алғашқы этникалық бірлестіктердің пайда болуы (антропогенез, расогенез және этногенез). Этностардың қалыптасуына ықпал ететін түрлі факторлар (тарихи, географиялық, саяси, мәдени). Ірі миграциялық үдерістердің жер шарының этникалық бет-бейнесінің қалыптасуына тигізген әсері (1 сағат);
      3) Қазіргі замандағы этникалық қарым-қатынастар: Жер бетін мекендеген этностарды тілдік, антропологиялық, шаруашылық, діни ерекшеліктері бойынша жүйелеу. Қазіргі әлемдегі этностардың өзара қарым-қатынастары және негізгі үдерістері (1 сағат).
      «Көне және ортағасырлардағы Қазақстанның этносаралық қарым-қатынас мәдениеті» (3 сағат):
      1) Қазақстанның этникалық тарихы: Қазақстан этно-саяси бірлестіктерінің әлем этностарымен қарым-қатынасы тарихынан. Қазақстан территориясын мекендеген халықтардың өзара этногенетикалық және мәдени сабақтастығы (1 сағат);
      2) Қазақтардың өзге халықтармен қалыптасқан қарым-қатынас жүйесі: Қазақ мемлекетінің саяси-дипломатиялық мәдени байланыстары. Қазақ одағына кірген өзге этникалық топтар мен ұлыстар және олардың қоғамға интеграциялануының механизмдері (кірме, ру құрамына ену, төлеңгіттер институты, шалақазақтар). Тамыр болу, қонақжайлылық дәстүрі (1 сағат);
      3) Қазақ халқының мәдениеті. Дәстүрлі рухани және материалдық мәдениет – ұлттық сана-сезімді қалыптастырушы фактор. Ұлттық стереотиптер (1 сағат).
      «Көпэтносты Қазақстанның қалыптасу тарихы» (13 сағат):
      1) Өзге этнос өкілдерінің Қазақстанға қоныстануының алғашқы кезеңі: ХVІІІ ғасырдың орта шеніндегі Қазақ хандығының этникалық территориясы мен халқы. Ресей, Қытай, Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасы

(1 сағат);
      2) ХІХ ғасырдың басындағы Ресей реформалары және этникалық құрамдағы өзгерістер: ХІХ ғасырдың басындағы Ресей реформаларының қазақ қоғамындағы этносаралық қатынастарға тигізген әсері. Казак-орыстардың жергілікті халықтармен мәдени-тұрмыстық байланыстары. Шаруашылықтағы өзара байланыстар. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің үлгілерін қабылдауы. Жайық, Орынбор, Сібір, Жетісу казак-орыстары қоныстарының қалыптасуы. Отырықшы қоныстардың пайда болуы (1 сағат);
      3) XIX ғ. этникалық құрамның күрделенуі: Қазақстанды крестьяндық (қарашекпен) отарлаудың кезеңдері. Ұйғырлар мен дүнгендердің қазақ жеріне қоныс аударуы. Жергілікті халықтармен мәдени тұрмыстық байланыстары. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің отырықшы мәдениет үлгілерін қабылдауы (1 сағат);
      4) Қазақ жеріндегі этносаралық қарым-қатынас ХІХ ғасырдың зиялы қауымының назарында: А.И.Левшин, Т.Г.Шевченко, Ш.Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин, С.Бабаджанов, В.В.Радлов, Ы.Алтынсарин, Н.И.Ядринцев, В.К.Фон Герн, И.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Ж.Көпейұлы, т.б. қазақ жерін мекендеген этностардың мәдени ерекшеліктері және қарым-қатынастары жөнінде (1 сағат);
      5) Алаш зиялыларының этносаралық қатынастарға қатысты ұстанымы: Алаш бағдарламасындағы ұлыс және ұлт саясатының көріністері. Алашорда үкіметінің мемлекет құру және этносаралық мәселелерді шешу үшін жүргізген күресі (1 сағат);
      6) Кеңес үкіметінің орнауы: 1920-1930 жылдардағы саяси-қоғамдық және демографиялық ахуал. КСРО құрамында Қазақ республикасының құрылуы және территорияның межеленуі. 1921-1922, 1932 жылғы аштық. 1929 жылғы переселен басқармасының құрылуы. Демографиялық жағдайдағы өзгерістер (2 сағат);
      7) Қазақстан – үлкен депортациялық лагерь: 1930-1950 жылдардағы тұтас халықтарды елімізге жер аудару тарихынан. Олардың көрген қиыншылықтары мен жаңа жерге орнығуы. Лагерьде азап шеккендер. Қазақ халқы тарапынан қамқорлық (2 сағат);
      8) Тың және тыңайған жерлерді игеру кезіндегі этникалық үдерістер: Тың игеру науқаны кезінде республикаға келген халықтар. Демографиялық жағдайдың күрт өзгеруі (2 сағат);
      9) Кеңес үкіметінің ХХ ғасырдың 2-ші жартысында республикада жүргізген ұлттық саясаты: білім беру, мәдениет салаларындағы саясат. «Халықтар достастығы зертханасы» идеясы. Қазақ тілінің жағдайы. Қазақстандағы кіші этностардың жағдайы (1 сағат);
      10) Қазақстан – егеменді мемлекет: КСРО-ның ыдырауы. КСРО-ның ұлттық саясатының дағдарысы. Қазақстанның егемендік алуы. Алғашқы декларация мен тәуелсіздік туралы заң (1 сағат).
      «Тәуелсіз Қазақстан – көпэтносты және көпконфессиялы мемлекеттің жаңа үлгісі» (6 сағат):
      1) Егеменді еліміздің ұлттық саясаттағы алғашқы қадамдары: отарлық жағдайдан шынайы тәуелсіздікке өту үдерісі. Ата заң. Қазақстанды мекендеген этностар мен этникалық топтардың арасында жаңа қатынастардың қалыптасу тарихы. Қазақстанның мемлекеттік және ұлттық рәміз-нышандары (1 сағат);
      2) Қазақ ұлты өзге этникалық топтардың ұйтқысы ретінде: мемлекет және ұлт құрушы қазақ этносы. Мемлекет және тіл саясаты, қазақ мәдениетінің көпэтностыортадағы орны мен қызметі, қазақ халқының саяси-демографиялық ахуалы (1 сағат);
      3) Қазақстанды мекендеген этникалық топтар және олардың қоғамдық-саяси өмірде алатын орны: орыс, өзбек, украин, ұйғыр, кәріс, татар, башқұрт этномәдени қауымдастықтары. Қазақстандағы этносаралық үйлесім, өзге этникалық топтар мен этнос өкілдері туралы ақпарат және демографиялық жағдай. Қазақстанды мекендеген этностардың материалдық ескерткіштері. Қазақ жерін мекендеген этностардың дәстүрлі өнері, ерекше мерекелері

(2 сағат);
      4) Қазақстан – этнос және конфессияаралық татулықтың жаңа үлгісі. Қазақстандағы діни конфессиялар мен топтар. Олардың қоғамдық өмірдегі орны. Түрлі этностар мен конфессиялардың арасында үйлесім мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған Қазақстан тәжірибесі. Әлемдік дін өкілдерінің бас қосулары (2 сағат).
      14. «Қазақстан халқының ортақ салт-дәстүрлері мен мерекелері»

(3 сағат):
      1) 1 мамыр – Қазақстан халқының достығы мен татулығы мерекесі: Мерекенің маңызы, өткізілу барысы, көріністер. Қазақстанды мекендеген этностардың бейбітшілікті, бірлікті, татулықты дәріптейтін рухани қазыналары мен құндылықтары (1 сағат);
      2) Қазақстан халқының діни-конфессиялық мерекелері: Мұсылмандардың ораза-айт және құрбан айт, христиандардың рождество, т.б. мерекелері

(1 сағат);
      3) Наурыз – Қазақстан этностары үшін шынайы жаңғыру мерекесі: Наурыз мерекесінің тарихи бастаулары мен аңыздар. Наурыздың салт-дәстүрлері. Наурыз – табиғат пен адам баласының болашаққа деген үміті

(1 сағат).
      15. «Қазақстан халқының ассамблеясы және этносаралық қатынастар» (4 сағат):
      1) Қазақстан халқы Ассамблеясының даму стратегиясы. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы. Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы – ұлттық келісім, қауіпсіздік, азаматтық білім. Этномәдени орталықтардың ашылуы (2 сағат);
      2) Қазақстан Республикасының ұлттық доктринасы және этностардың өзара ықпалдастығының артуы. Қабылдану қажеттілігі. Негізгі қағидалары

(1 сағат);


      3) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тұрақтылық пен татулықты сақтаудағы рөлі. Елбасының этносаралық келісімді нығайту жолындағы саясаты. Этносаралық қатынастар туралы Елбасының сөздері мен шығармаларындағы ойлары

(1 сағат).
      16. Қорытынды қайталау (1 сағат).

«Этникалық және әлеуметтік саяси процестер» қолданбалы курсының



тақырыптық жоспары

11-сынып

34-сағат (аптасына 1сағат)



Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе

1







І тарау

Этнос әлемі


3




2

Этнос ұғымы

1




3

Жер – этностар мекені

1




4

Қазіргі замандағы этникалық қарым-қатынастар

1







ІІ тарау

«Көне және ортағасырлардағы Қазақстанның этносаралық қарым-қатынас мәдениеті»



3




5

Қазақстанның этникалық тарихы

1




6

Қазақтардың өзге халықтармен қалыптасқан қарым-қатынас жүйесі

1




7

Қазақ халқының мәдениеті

1







ІІІ-тарау

«Көпэтносты Қазақстанның қалыптасу тарихы»


13




8

Өзге этнос өкілдерінің Қазақстанға қоныстануының алғашқы кезеңі

1




9

ХІХ ғасырдың басындағы Ресей реформалары және этникалық құрамдағы өзгерістер

1




10

XIX ғ. этникалық құрамның күрделенуі

1




11

Қазақ жеріндегі этносаралық қарым-қатынас ХІХ ғасырдың зиялы қауымының назарында

1




12

Алаш зиялыларының этносаралық қатынастарға қатысты ұстанымы

1




13

Кеңес үкіметінің орнауы

2




14

Қазақстан – үлкен депортациялық лагерь

2




15

Тың және тыңайған жерлерді игеру кезіндегі этникалық үдерістер

2




16

Кеңес үкіметінің ХХ ғасырдың 2-ші жартысында республикада жүргізген ұлттық саясаты

1




17

Қазақстан – егеменді мемлекет

1







IV-тарау

«Тәуелсіз Қазақстан – көпэтносты және көпконфессиялы мемлекеттің жаңа үлгісі»



6




18

Егеменді еліміздің ұлттық саясаттағы алғашқы қадамдары

1




19

Қазақ ұлты өзге этникалық топтардың ұйтқысы ретінде

1




20

Қазақстанды мекендеген этникалық топтар және олардың қоғамдық-саяси өмірде алатын орны

2




21

Қазақстан – этнос және конфессияаралық татулықтың жаңа үлгісі

2







V-тарау«Қазақстан халқының ортақ салт дәстүрлері мен мерекелері»


3




22

1 мамыр – Қазақстан халқының достығы мен татулығы мерекесі

1




23

Қазақстан халқының діни-конфессиялық мерекелері

1




24

Наурыз – Қазақстан этностары үшін шынайы жаңғыру мерекесі

1







VI-тарау

«Қазақстан халқының ассамблеясы және этносаралық қатынастар»


4




25

Қазақстан халқы Ассамблеясының даму стратегиясы

2




26

Қазақстан Республикасының ұлттық доктринасы және этностардың өзара ықпалдастығының артуы

1




27

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тұрақтылық пен татулықты сақтаудағы рөлі

1




28

Қорытынды қайталау

1






Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

      1) этнос ұғымының адам өміріндегі орнын, оның басты белгілері мен қызметтерін;


      2) Қазақстан аумағындағы этномәдени үдерістердің негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін;
      3) этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихының негізгі кезеңдерін;
      4) этностардың этникалық тарихы мен Қазақстан аумағына қоныс аудару себептерін;
      5) этностар этнографиясы мен олардың қоғам өмірін ұйымдастырудағы қызметтерін;
      6) көпэтносты, әрi көпконфессиялы қоғам құрудағы қазақстандық тәжiрибенің ерекшеліктерін білуі тиіс;
      7) этносаралық қатынастардың қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі рөлін;
      8) Қазақстан этностары тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктерін;
      9) Қазақстан аумағындағы этномәдени үдерістердің негізгі заңдылықтарын;
      10) этнос өміріндегі мәдениеттің рөлін анықтауды;
      11) салт-дәстүрдің жеке тұлғаның дүниетанымының қалыптасуындағы орнын талдауды;
      12) діннің қоғамның мәдени және рухани дамуындағы рөліне баға беруді;
      13) оқытылатын тақырыпқа байланысты толық жоспар құруды;
      14) тарихи құжаттармен өздік жұмыс жасауды;
      15) этникалық топтарға, маңызды тарихи оқиғаларға, тарихи тұлғаларға өзіндік сипаттама беруді;
      16) алған білімін жаңа жағдайға көшіре білуді;
      17) өткен материалдар бойынша жеке пікірін айта алуды және дәйектер негізінде өз көзқарасын қорғай алуды;
      18) баяндама мен хабарламалар жасауды;
      19) жекелеген тақырыптар бойынша тест жасауды;
      20) тест тапсырмаларын орындауды;
      21) қосымша мәліметтерді өз алдына іздестіруді меңгеруі тиіс.


Пәнаралық байланыс:
Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы этностар өмірінің әртүрлі сатыдағы даму деңгейінің барлық қырларын қарастыратындықтан, пәнаралық байланыстар орната білудің мүмкіндігі өте мол. Пәнаралық байланыс белгілі бір этносқа ортақ фактілер, деректер, түсініктер мен идеялар бойынша жүргізіліп, оқушылардың оқу материалдарын шығармашылықпен игеруіне, оқу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыруға септігін тигізеді. Курс тақырыптарына байланысты пәндер тізімінен тек тарих, әдебиет сияқты гуманитарлық пәндерді ғана емес, жаратылыстану-математика цикліндегі пәндерді де көруге болады.


  1. Дүниежүзі тарихы

  2. Қазақстан тарихы

  3. Қазақ әдебиеті

  4. Орыс әдебиеті

  5. География

  6. Бейнелеу өнері

  7. Музыка





Пәндік оқу-әдістемелік құралдар:



  1. Б.Аяған, М.Шаймерденова, В.Ткаченко Қазақстан тарихы. Оқыту әдістемесі. – Атамұра, 2013ж.

  2. Т.Тұрлығұл, К.Адамбосынов, Қ.Жүкешев Қазақстан тарихы. Әдістемелік нұсқау. – Мектеп, 2013ж.

  3. Қ.Құнапина, Ә.Көпекбай, Б.Адырбек. Қазақстан тарихы. Дидактикалық материалдар – Мектеп, 2013ж.

  4. Б.Аяған. Қазақстан тарихы. Хрестоматия.

  5. Х.Ермұханова Қазақстан тарихы пәні бойынша оқулық – тест жинағы.

Шың – Алматы, 2010ж.

  1. К.Н.Бексұлтанова Қазақстан тарихы – Анықтамалық материалдар, тест тапсырмалары мен жауаптары. Көкшетау, Келешек – 2030,2009ж


Мұғалімге ұсынатын әдебиеттер тізімі:
1.Общечеловеческие и национальные ценности в изменяющемся обществе. Алматы: Ақыл кітабы, 1997.-220с.

2. Нысанбаев Ә.Н. Егемендікке ие болу мен нығаюы жағдайындағы қоғамдық сананың эволюциясы және жаңа құндылықтар жүйесінің қалыптасуы// Тәуелсіз Қазақстан философиясы. Астана: Аударма, 2006.-544б

3. Курганская В.Д. К вопросу о межэтнической интеграции в Казахстане//Германия-Центральная Азия – диалог культур: история, современность, перспективы. Алматы, 2002.-288с.

4. Библер В.С. Культура. Диалог культур (опыт определения). // Вопросы философии. — 1989. —  №6. —  С. 31-42. 

         5.  М.Тәтімов. «Қазақ әлемі» , Алматы , 1993ж.

6.Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен Стратегиясы. – Алматы: Дәуір, 1992. – 56 б.

7. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995 ж. // Егемен Қазақстан. – 1995. – 5 қыркүйек.

8.Смаилов А.А. Демографический ежегодник Казахстана: стат. сб. – Астана: Агентство Республики Казахстан по статистике, 2012. – 608 с.

9.Назарбаев Н. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 83 б.

10. Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру туралы» 1995 жылғы 1 наурыздағы №2066 Жарлығы // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U950002066

Назарбаев Н. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХIII сессиясында сөйлеген сөзі (Астана қ., 2007 жыл 20 тамыз) // http://www.zakon.kz/site_main_news/91821-vystuplenie-prezidenta-respubliki.html.

11.Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы №70-IV Заңы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 сәуірдегі №552 Жарлығы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

12.Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (Астана қ., 2012 жыл 14 желтоқсан) // http://strategykz

13.Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы» 2011 жылы 7 қыркүйектегі №149 Жарлығы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

 

Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

• Артықбаев Ж., Пирманов Ә. «Қазақстан тарихы» энциклопедиялық басылым. Алматы: Атамұра, 2008 ж.

• Ежелгі Қазақстан. Энциклопедия. Алматы:2002 ж.

• Қазақстан тарихы 1,2,3 томдар. Алматы: 1996,1998,2002 ж.

• Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы:1994 ж.

• Мұртаза Ш.«Қызыл жебе» 1978 ж.

• Қасенов Қ. , Төреханов Ә. «Қызыл қырғын». Алматы:1994 ж.

• Қозыбаев М.К. «Ақтаңдақтар ақиқаты». Алматы:1992 ж.

• Қозыбаев М.К. «Тарих зердесі». 1,2 кітап Алматы:1998 ж.



• Ысқақов Б. «Ұмытылмас есімдер». Алматы:1994 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет