Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Шашкин Зейін. Доктор Дарханов/роман. – Алматы: Өнер, 2010.– 480 б.
-(Қазақтың 100 романы сериясы).
2. Зейін Шашкин. Таңдамалы шығармалар I том // А., 1972.
3. Советтік Қарағанды. – 1962. – 6 июль (№ 158 ). – 4 б.
Аннотация. Для того чтобы характеризовать сочинений З. Шашкина сначала надо распознать судьбу писателя. Есть много сказанное и не сказанное писателям З.Шашкиным. Например, написанный им роман "Доктор Дарханов". Сегодняшний день такой роман редко встречается в художественной литературе посвещающиямся служащим в медицинской отрасле.
Annotation. In order to characterize the compositions z Shashkin first need to recognize the fate of the writer. There is a lot said and not said writers H. Shashkini. For example, he had written the novel "Doctor of Tarkhanov". Today, this novel is rarely found in literature poveselimsya employees in the medical field.
ӘОЖ 31.02:37
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Даубаева Ф. Н.
Т.Рыскулов ауданы.
Жоғары сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу еліміздің егемендігін сақтап, өркениетті елу ел қатарына қосылуы қажеттілігінен туындап отыр. Елбасы Н.Назарбаев “Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде” атты еңбегінде ұлт ішіндегі бірлікті нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, азаматтық келісім ахуалын жасау мәселелеріне тоқталып, “Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді”– деген.
Сан ғасырдан бері қазақ халқының тәрбие жөніндегі өнегелі сөздері мен істері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі отансүйгіштік сезімнен бастау алады. Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халқымыздың ғасырлар бойғы жинақталған тәрбие әдістерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қабілеттерді олардың бойына дарытты. Осылардың бәрі адамзат тәрбиесінде патриотизмнің қандай рөл атқаратындығын көрсетеді.
Қазақ халқы қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен елдігін сақтап қалу үшін күресе отырып, туған елге, кіндік қаны тамған қасиетті жерге деген махаббатын ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп беріп отырды. “Туған жер” ұғымын бала бойына ерте сіңіруге тырысып, оны Отан, ел-жұрт ұғымдарымен байланыстырып отырған. “Отан от басынан басталады”, “Отан оттан да ыстық”, “Елің үшін отқа түс күймейсің” деп тәрбиеленетін қазақ баласы үшін Отан - отбасынан, ата-жұртынан, туып өскен топырағынан басталады.
Патриоттық тәрбиенің нағыз қайнар көзі отбасынан және мектептен басталады. Мұндай тәрбие беруде халқымыздың тарихи мұраларын пайдалану мен тарихи тұлғалардың ұлттық патриотизмге негізделген отансүйгіштік іс-әрекеттерін үлгі тұтудың үлкен маңызы бар екені бүгінгі таңда нақтылана түсуде. Сондықтан зерттеу барысында “патриотизм”, “ұлттық патриотизм”, “қазақстандық патриотизм”, “Отан”, “отансүйгіштік” ұғымдарына қатысты терминдердің мәні мен мазмұны анықталып, нақтыланды.
Патриотизмнің тарихи элементтері туған жерге, ана тіліне, салт-дәстүріне сүйіспеншілік түрінде ықылым заманнан қалыптаса бастаған. Таптық қоғамда патриотизмнің мазмұны да таптық тұрғы да көрініс табады, өйткені әрбір тап Отанға деген көзқарасын өз мүддесі тұрғысынан білдіреді.
“Патриотизм” ұғымына сөздіктер мен ғылыми еңбектерден анықтама беріліп, педагогика ғылымында патриоттық тәрбиенің зерттелуіне сипаттама жасалды. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: “Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары. Өз отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім”– деп анықтама берілсе, Қазақ кеңес энциклопедиясында “патриотизм” – дегеніміз (грекше patris – Отан, туған жер) Отанға деген сүйіспеншілік. Бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды” – деп көрсеткен. Ал Үлкен кеңес энциклопедиясында “Социалистік қоғам азаматының патриотизмі өз Отанына, бүкіл социалистік елдер ынтымақтастығына берілгендік пен адалдықтан тұрады” – делінген. Ал философиялық түсіндірмеде: “патриотизм (грекше patris – Отан) мазмұны Отанға сүйіспеншілік, оған шынайы берілгендік, оның өткені мен бүгінгісі үшін мақтаныш, Отан мүдделерін қорғауға ұмтылу болып табылатын адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім” деп қарастырылады.
Дегенмен де, біздің зерттеу нысанымыз болып отырған патриотизм ұғымын әскери-жазушы, халық батыры Бауыржан Момышұлы педагогикалық-психологиялық тұрғыдан өз шығармаларында жан-жақты қарастырған. Біз Бауыржан Момышұлының «патриотизм» ұғымына берген анықтамасын зерттеу жұмысымызға тірек етіп аламыз. Жазушы “патриотизм – Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз – мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан: өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді”,- дей отырып, “Ұлттық мақтаныш сезімі дегеніміз белгілі бір немесе басқа ұлт адамының көптеген жеке мақтаныш сезімінің жиынтығы болып табылады, ұлттық мақтаныш сезімі әрбір ұлт адамы үшін бұзылмас заң” – деп, ұлттық патриотизмнің негізгі қасиетін атап көрсетеді. Бауыржан Момышұлы ұлтжандылық пен ұлтшылдықтың да ара жігін ашып көрсетеді: “Екі түрлі ұғым бар: ұлттық рух – бұл асыл қасиет, ұлтшылдық – бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы көркеуделік. Бұл мәселені дұрыс түсіне білу керек” – деген сөздерінің жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде мәні зор.
Бауыржан Момышұлы - ержүрек жауынгер, атақты қолбасшы, әскери жазушы. Ең бастысы - әр қылығымен, әр көзқарасымен, бар болмысымен қазақтың намыстан жаралған халық екенін мойындата алған тұлға. Бауыржан Момышұлының отызға енді ілінген шағынан-ақ есімі аңызға айналды, даңқы әлемді шарлады. Ұлтжандылықтан жаралған батырлық бейнесі тарих белдерін аралап, жыл өткен сайын “тот баспас саф алтындай жарқыраған” ерлік жолын жалғастыра отырып, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің қаһарманына айналды. Өзі үшін емес, халқы үшін, сол елінің аты үшін бейбіт өмірде де күрестен, ерлік пен табандылықтан қайтпаған Бауыржан Момышұлының өрлік бейнесін Қасым ақын былай жырлайды:
Нақ сол кезде естідім ер дүбірін,
Атағы атын алып келді бұрын,
Үстінде туған елдің тұрды толқын
“Бауыржан Момышұлы” - деген бір үн.
Б.Момышұлының қол бастаған батырлығы мен интеллектуалды ой-сананың да айтулы еріне айналған даңқы бүкіл Одақ халқы мен күллі әлем жұртшылығына тұтас жайылуымен дараланады. Сондықтан да, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты сақтау, оны үзбей атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп жалғастыру – педагогика ғылымында тәрбиенің өзекті мәселелерінің бірі.
Бауыржан Момышұлының патриот азамат ретінде қалыптасуы, қоғамдық-саяси істерге араласуы Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Тұрар Рысқұлов сынды ұлт зиялыларынан бастау алып, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Қаныш Сәтбаев секілді асыл азаматтардың қасында өтті. Демек, оның азаматтық тұлғасы өзіндік сананы ұлттық санаға ұластырудағы биік парасат өлшемімен көрінеді. Б.Момышұлы қайсыбір саяси, мәдени, әдеби жиындарда болсын, еркін сөйлеп өз ойын ашық айтып отырған. Мысалы, Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновқа жолдаған хатында (1943 ж.) халық тәлімін негізге алып, жігітті батырлық, жауынгерлік, қаһармандық сияқты қасиеттерге тәрбиелейтін ой-тұжырымдарын баяндайды. Халық тәлімінің жүйе-желісін ұстанған жазушы игі дәстүріміздің өмірде қайта жаңғыруына ат салысқан.
Бауыржан Момышұлының хаттарының қаһарлы күндердің шежіресіндей болашақ үшін маңызы зор. Б.Момышұлының Ұлы Отан соғысы жылдарында халқымыздың ақиық жазушысы М.Әуезовке, Қазақстан КП(б) Орталық комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі М.Әбдіхалықовқа, бүкіл әлемге әйгілі “Арпалыс” романының авторы А.Бекке, Қазақ ССР-ы Халық комиссарлары Советінің председателі Н.Оңдасыновқа, Қазақ ССР Ғылым академиясының президенті Қ.Сәтпаевқа және басқа да белгілі адамдарға жазған хаттары, біздің ойымызша, мән-мағынасын жоймайтын, биік патриотизмге толы, болашақ ұрпаққа сабақ болар құнды шығармалар.
Жауынгер жазушының шығармалары арқылы отбасы тәрбиесі ондағы ұстаз бен ата-ана, мораль, этика турасында тұщымды сөз қозғағанына көз жеткіздік. Оның қаламынан туған төл еңбектерінің тәрбиелік жақтары ашылып, патриоттық мәні айқындалды.
Біздің зерттеу нысанымыз болып отырған Бауыржан Момышұлы шығармаларында ұлттық рухтың жоғары болуына айрықша назар аударды. Осыған орай, бірнеше еңбектерін жарыққа шығарды. Мәселен, "Қанмен жазылған кітап", "Ұшқан ұя", "Жонарқа", "Төлеген Тоқтаров"," Бір түннің оқиғасы", "Генерал Панфилов", "Москва үшін шайқас", "Олар менің есімде", "Ел басына күн туса" атты туындылары дүниеге келді.
Жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде Бауыржан Момышұлының шығармаларының мүмкіндіктері кең. Өйткені ол біріншіден, жас ұрпақты тәрбиелеуде адамгершілікке баулудың басты құралы, рухани дүниесі байиды, ниет-танымы, өмірлік көзқарасы қалыптасады; екіншіден, ұлттық тәлім-тәрбие, отбасы тәрбиесі мен салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптарға бай тарихи мұра, үшіншіден, Ұлы Отан соғысында жанқиярлықпен соғысқан ұлдарымыз бен қыздарымыздың бейнесін және ерен ерліктерін ұмыттырмауға мүмкіндік беретін танымдық мұра.
Тарихи-ғылыми, әдеби әдебиеттерге, энциклопедияларға жасаған талдау Бауыржан Момышұлының шығармалары жіктемесінің бір жүйеге түсірмегендігін, олардың әрбірінде әртүрлі жанрларына қарай талдағанғанын көрсетті. Мәселен, Е.Жұматаеваның кандидаттық диссертациясында Бауыржан Момышұлының прозасына ғана педагогикалық талдау жасалса, ал Қ.Уразбаев «Ұшқан ұя» еңбегіндегі салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға тоқталған. Ал Ж.О.Иманалиев еңбегінде Бауыржан Момышұлының өлеңдеріне мазмұндық талдау жасалған.
Зерттеу барысында біз осы еңбектердегі талдауларды негізге ала отырып, Бауыржан Момышұлы шығармаларының түрлерін анықтап ұсынамыз және мазмұнды сипаттаймыз (1 сурет).
Жас жеткіншектердің психологиясына тән басты ерекшелік - олардың ерлікті дәріптейтін шығармаларға деген қызығушылығы. Бауыржан Момышұлының шығармаларын жіктеу барысында, батырдың еңбектеріндегі басты ерекшелік – шығармалардың шынайылығы, деректі айғақтардан тұратындығына баса назар аудардық.
Бауыржан Момышұлының шығармаларының түрлері негізінде ондағы патриоттық идеяларын сұрыптауға тырыстық. Бауыржан Момышұлының шығармаларын алдымен әдеби жанр бойынша (проза, поэзия, ғылыми еңбектері, мақал-мәтелдер, майданнан жазылған хаттары) бойынша жүйеледік (1 кесте).
Прозалық шығармаларындағы (роман, повесть, әңгіме) патриоттық идеялар: ел мен жердің тұтастығы; халықтар достығын қадірлеу; отбасы тәрбиесі: ұл, қыз, келін, ағайын тәрбиесінің ерекшеліктері; ауыз әдебиетті, батырлар жырын сүю; салт-дәстүрді құрметтеу; халыққа адал қызмет ету; халық мүддесін жеке бастың мүддесінен жоғары қоюшылық, намысшылдық.
1-сурет - Бауыржан Момышұлы шығармаларының түрлері
1 кесте - Бауыржан Момышұлының шығармаларындағы патриоттық идеялардың жіктемесі
Бауыржан Момышұлының шығармалары
|
патриоттық идеялар
|
проза
|
роман
|
Москва үшін шайқас
|
ел мен жердің тұтастығы; Халықтар достығын қадірлеу
|
повесть
|
Ұшқан ұя, Бәрің менің есімде
|
Отбасы тәрбиесі: ұл, қыз, келін, ағайын тәрбиесінің ерекшеліктері; ауыз әдебиетті, батырлар жырын сүю; салт-дәстүрді құрметтеу
|
әңгіме
|
Музей апа, Бір түннің тарихы, Офицердің күнделігі, Жонарқа, Төлеген Тоқтаров, т.б.
|
Халыққа адал қызмет ету
Халық мүддесін жеке бастың мүддесінен жоғары қоюшылық, намысшылдық
|
поэзия
|
өлең
|
“Ана тілін ардақта”, “Жардың мұңы”, “Арман жер”, “Солдат әні”, “Ескертпе”, т.б.
|
Қоғамдағы саяси-әлеуметтік жағдай;
|
терме
|
“Қайран сегіз”, “Тырнақтап жина әр жерден”, “Толғау” т.б.
|
ата-баба дәстүрін ардақтау; Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету
|
Ғылыми еңбектері
|
Дәрістері
|
Қанмен жазылған кітап
|
Соғыс психикасы; әскери терминдерге анықтама және тактикалық стратегия туралы;
Солдат өміріне жауапкершілікпен және жауынгер тағдырына құрметпен қарау керектігі; Отбасы, мектеп және әскери тәрбиенің байланыстылығы
|
баяндама
|
Жеңістің 20, 25, 30, 35 жылдығына арналған
|
ұстаз және батырлар бейнесі ;
Адалдық пен адамдыққа тәрбиелеу;
|
Майданнан жазылған хаттары
|
Қайраткерлерге
|
Қазақстан КП(б) Орталық комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі М.Әбдіхалықовқа хаты;
Қазақ ССР-ы Халық комиссарлары Советінің председателі Н.Оңдасыновқа хаты;
|
қазақ тілі мен ділінің тазалығын сақтау
қазақ тілінде ғылыми терминдерді дұрыс аудару;
баспасөз бен әдебиет тілін шұбарландырмау;
ұлттық ойындар - әскери қасиеттерге тәрбиелеуші құрал;
жазушылардың шығармалары жайлы ой-пікірлері
|
Жазушыларға
|
М.Әуезовке, Қ.Сатпаевқа М.Ғабдуллинге т.б
|
Туыстарына
|
Әйеліне, әпкесіне, бауырларына
|
Мақал -мәтел
|
Отан туралы
|
“Отан үшін отқа түскін - күймейсің”, “Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет, жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет ет”, “Отанда опасызға орын жоқ”.
|
Тәртіп туралы
|
“Тәртіп – тән үшін, ынтымақ – жан үшін керек. Тәртіпке бас иген құл болмайды,
Тәртіпсіз – ер болмайды. Елсіз ер бола ма? Жұртсыз жігіт бола ма? Ерлік – елдің қасиеті,
Жүректілік – жігіттің қасиеті”, “Тәрбиелі – тәртіптің құлы, Тәртіпті – елдің ұлы”
|
Ерлік туралы
|
“Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тіке тұрып өлген артық”, “Ерлік елеусіз қалмасын”,
|
Батылдық туралы
|
“Шегініп серке болғанша, Секіріп теке болғын”,
|
Адалдық туралы
|
“Намысты нанға сатпа”, “Ана үшін аянба – ант ұрады, Бала үшін аянба – бетің күйеді. Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын”,
|
Өмір, өлім туралы
|
“Жанын аяған тәніне жау”, “Өмір үшін өлгенше күрес”, “Өлтірсең өлімнен құтыласың, Өлтірмесең өлімге тұтыласың”, “Таяқтан тайсалмасаң, Семсерден сескенбесең, Жеңдім дей бер. Бұқсаң – сұқты, Тығылсаң – тықты, Именсең – езді, Өлдім дей бер”.
|
Әр түрлі ойлар
|
“Айқаймен ала алмайсың, Ақылмен, айламен алғын”, “Намысты адам намысы барды қадірлейді және намысы жоқты сыйламайтыны – заңдылық”
|
Достарыңызбен бөлісу: |