Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет18/18
Дата27.05.2018
өлшемі6,64 Mb.
#40826
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ж.Н. Нұрғалиев, С.Т. Төлеуханов «Эндокринология» Алматы «Қазақ университеті», 2002. 19-27 бет, 75-105бет, 116-131 бет, 150 бет.

  2. Ж.Б. Ахметов «Паталогиялық анатомия» Алматы «Экономика», 2012. 426-443 бет.

  3. Х.Қ. Сәтбаева, А.А. Өтепбергенова, Ж.Б. Нілдібаева «Адам физиологиясы» 136-178 бет.

  4. Ж.К. Ермаханы «Тәнтану» Алматы «Білім», 2004. 293-299 бет.

  5. М. Дайырбекова «Адам анатомиясы» алматы, 2002. 95 бет.

  6. Қ.С. Рақымжанов, И.М. Төленбек «Адам және жануар физиологиясы» Алматы, 2000. 96-бет.

  7. Г.Бейбітова «Қант диабетінен қалай емделеді» астана хабары, 2006 жыл 7 қазан. 79-бет.

  8. Ж.Нұрғалиев «Эндокриндік жүйелер физиологиясы» Алматы, 2000. 56-бет.

  9. Т.Несіпбаев «Адам және жануарлар физиологиясы» Алматы, 2005. 131-бет.


Аннотация. Сахарный диабет — это эндокринное заболевание, характеризующееся хроническим повышением уровня сахара в крови вследствие абсолютного или относительного дефицита инсулина — гормона поджелудочной железы. Заболевание приводит к нарушению всех видов обмена веществ, поражению сосудов, нервной системы, а также других органов и систем.

Лечение сахарного диабета проводится пожизненно. Самоконтроль и точное выполнение рекомендаций врача позволяют избежать или значительно замедлить развитие осложнений заболевания.



Аnnotation. Diabetes mellitus - endocrine disease is characterized by a chronic increase in blood sugar levels due to absolute or relative insulin deficiency - pancreas hormone. The disease leads to disruption of all types of metabolism, vascular damage, nervous system and other organs and systems.

Treatment of diabetes is held for life. Self-control and strict compliance with the doctor's recommendations can avoid or significantly slow the progression of complications of the disease.



ӘОЖ 57

Х 17
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА АСТІV STUDIO БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНЫП САБАҚ ӨТКІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Халық З., Абжапарова А., Шолпанкулова Г.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат -оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беру. Сабақтың сәтті өтуі біріншіден, мұғалімнің біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты болса, екіншіден, сабақ материалына, ал үшіншіден, сабақ типіне, төртіншіден мұғалім мен оқушының көңіл – күйіне де байланысты. Сабақты тартымды әрі сәтті өткізе білу мұғалімдер қауымынан көп ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет етеді[1].

Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Интерактивті тақтаны әр сабақ барысында, соның ішінде биологиядан практикалық, зертханалық сабақтарды өткізген кезде жиі қолданылады. Биология пәнін оқытуда интерактивті тақтамен жұмыс жасауда оқушылардың қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге, оны пайдалана алуына мүмкіндік береді. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге, дағдыланады. Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады[4].

Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр[2].

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады[5].

Ақпарат құралдарын пайдалана отырып, сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырылады, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырылады, сабаққа ынтасын арттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік береді[2].

Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:

1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.

2. Шығармашылық қабілеттері артады.

3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.

4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.

5. Компьютерлік сауатты болуға үйренеді[5].

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі — білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек»- деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі — бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын «Активті экран» болып табылады[1].

Қазіргі уақытта жаратылыстану — ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Білім берудегі интерактивті технология — мұндағы интерактивті сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор[3].

Бүгінгі күні бірнеше интерактивті тақтаның түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.

Interwrite Board интерактивтік тақтасы - бұл тақта АҚШ-тың 7125 Riverwood Drive Columbia, MD 21046 зауытында жасақталған. Бұл тақтада дәстүрлі сызуқұралдары (сызғыш,транспортир,бұрыштама және т.б.) қолданылады. Олар геометрия, алгебра, сызу, физика және т.б. мектеп пәндері үшін кеңінен қолдануға болады. Тақтаның беті бүлінбейді және ол білім мекемелерінде үлкен сұранысқа ие.

Interwrite Workspace интерактивтік тақтасы - суреттер кітапханасы және шаблондарымен бірге өз материалдарын толықтыруға мүмкіндік беретін қарапайым құралдары бар тақта. Оған барлық ақпараттарды сақтап, басу құрылғысына және электрондық пошта арқылы ақпараттарды жіберуге болады.

Hitachi экраны және интерактивті тақтасы - 24 функциональды батырмалардан,72 виртуальды түстермен сурет салуға мүмкіндік беретін жаңаStarBoard FX Duoсофт-ның негізіндеИнтернет арқылы 50 басқа StarBoardFX бір мезетте байланысқа шығуғажәне қашықтықтан конференциялар өткізугенегізделген тақта болып табылады.

SMART Technologies Inc Технологиясы - SMART Board интерактивті тақтасында екі түрлі технология қолданылады: Резистивтік матрицалы технология. Резистивтік матрицалы технология –бұл жұқа сілтеуішті екі қабаттан тұратын тор, ауа қабаттарымен бөлінген, беті пластикпен қапталған интерактивтік тақта. DViT (Digital Vision Touch) технологиясы - бұл меңзер координатын қолданатын (маркер немесе саусақ) тақтаның бұрыштарында сандық бейне камералар орналасқан. Бұл технологияны қолданғанда меңзердің жылдамдығы артады да, функциональдық мүмкіндіктері артады.

Panaboard KX-BP800 интерактивті тақтасы - электронды Panaboard KX-BP800 интерактивті тақтасының жиналыстар, семинарлар, телеконференциялар, презентациялар мен сұхбаттасу жүргізуге мүмкіндігі мол тақта. Мұнда тақтаныңкөшірмесін алуға болады, проектортүсіретін экран, интерактивті монитор және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар. Оны компьютерге және проекторға қосқанда, Panaboard KX-BP800 тақтасыинтерактивті мониторға айналады, электронды маркердің көмегімен компьютердің қосымшаларын басқаруға болады.

Webster интерактивтік тақтасы- электронды Webster интерактивті тақтасының сериясы TS (TS-400 / TS-600 / TS-800) Polyvision компаниясынан – кәсіптік презентациясы өткізуге арналған құрал. Комплектіге «Webster тақтасы, дербес компьютер,мультимедиа проектор» жатады.«Маркер Тақта» Маркер 4 түсті (қызыл, қара, жасыл, көк) және өшіргіштің көмегімен қарапайым тақта тәрізді кез келген жазбамен суреттерді салуға, құруға және редакторлеуге болады. «Электронды тақта» маркермен немесе саусақпен басқара отырып қажетті операцияларды атқарғанда компьютерлік тышқанның қызметін атқарады[2].

Биология сабақтарында интерактивті тақтаның көмегімен ACTIVstudio бағдарламасын пайдаланып флипчарт қолдану арқылы сабақтарды өткізу тиімді. Бұл ACTIVstudio (Promethean компаниясы) — ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.

Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.

Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.

«Активті экран» кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады[3].

Бағдарламалық — техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады[2].

Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге « мұғалім – оқушы » жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ , мұны барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.

Іс тәжірибемізде интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс – шаралардың қолданудың маңызының зор екенін байқадық.

— Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану

— Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс — әрекетін компьютерлік ойындар және т. б.) сабақта жиі қолдану.

— Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.

— Жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедия – технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық – техникалық базасын жетілдіру[1].

Сабақ материалы Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактівтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Мұғалім алдын – ала дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал – саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады[4].

Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Активті экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.

Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді.

Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

ACTIVstudio программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген бағдарлама. Бұл бағдарлама ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған болғандықтан көбіне жаңа дәріс тақырыбын түсіндергенде пайдаланған өте тиімді. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге, тақырып материалына перде, прожектор құралдарын қолданудың тыңдаушыларға жаңа тақырып материалын түсіну үшін маңызды және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар[2].

Актив студио бағдарламасын сабақта тиімді қолдану жолдары

ActivStudio бағдарламасын ашу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет: Пуск – Все программы - ActivSoftware - Activstudio 3 – Professional Edition V3 – Enter батырмасын шерту қажет немесе Windows жұмысшы ортасында, жарлығына тышқанмен екі рет шертсе жеткілікті[3].

Интерактивті құралдар:

ACTIVstudio бағдарламасының көптеген құралдары бар, атап айтқанда, нысандарды құратын, арнайы эффектілер енгізетін презентацияда интерактивті элементтерді қолданатын, жаңа тақырып материалдарын түсіндіруге қолданатын, оларды қайталауға қолданатын. Бұл құралдарды пайдалану үшін нақты презентацияларда құралдар панелінің көмегі қажет.

Флипчарт-ACTIVstudio бағдарламасымен жұмыста ең негізгі қолданатын ұғым - флипчарт ұғымы. Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгіжұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты ACTIVstudio программасы іске қосылғанда бірден компьютердің экранына сәйкес келетін жаңа флипчарт құрылады.

ACTIVstudio программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген бағдарлама. Бұл бағдарламаны қолданса, оқушылар тереңірек әрі қызықты, толықтай білім алады. Негізгі мақсат, оқушыларды жаңа ақпараттық техникамен жұмыс жасауға, көруге мүмкіндігі болмаса да виртуалды көруіне, онлайн режимде басқа мектеп оқушыларымен білім алмасуға, өз ойларын ашық еркін жеткізе білуге қазіргі заманға сай тұлғалар қалыптасыуына септігін тигізеді. Әрине кез келген сабақтарда қолдана беруіне болады. Сабақтарда, ашық сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, семинар, мастер класс және т.б. өткізгенде ACTIVstudio бағдарламасын қолдану өте тиімді.
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. К.Ж.Бұзаубақова. Білім берудегі инновациялық технологиялар. Оқу құралы. Тараз: ТарМПИ, 2014. 230-240 б.

  2. Досжанов Б.А. Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы оқыту процесін жетілдірудің дидактикалық негіздері: пед. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайын. дис. автореф. / Б.А.Досжанов. Түркістан, 2007. – 30 б.

  3. Кириченко А.А. Мультимедиа-технологии: учеб. Пособие. / Под. ред. А.В.Кострова, ЮНИТА 1 – НОУ «Современная Гуманитарная Академия» - 2005. – 95 стр.

  4. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии / Селевко Г.К., Москва:«Народное образование»,2001. 114-115 стр.

  5. Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту әдістемесі. Оқу құралы. Қарағанды, ЖШС «САНАТ – Полиграфия», 2006. – 344 бет.


Аннотация: В данной статье рассматривается эффективность применений программу ACTIV STUDIO на уроке биологии. Применение новых информационных технологии помогают усовершенствованию знаниям учеников. И на этой статье возможности программы ACTIV STUDIO полностью открываются.

Annotation: In this article is examined efficiency of applications of program ACTIV STUDIO on the lesson of biology. Application of new informative technologies help to improve knowledge of students. And on this article the possibility of the program ACTIV STUDIO is fully.opened.

МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Жарияланым төмендегі элементтерден тұрады:

а) ӘОЖ (әмбебап ондық жіктеу)

б) мақаланың тақырыбы (барлығы бас әріптермен);

в) авторлар туралы мәлімет;

г) мақаланың мәтіні;

д)  әдебиеттер тізімі (5-10);

е)  ан­но­та­ция.

Мақалаларды жазу мен рәсімдеу тәртібін сақтау үшін журнал редакциясы авторлардың төмендегі ережелерді сақтауын сұрайды.

Мақала материалдары баспадан шығу үшін Microsoft Word 2003, 2007 редакторында немесе соған сәйкес редакторларда терілген 3-10 беттік мақаланың қолжазбасы А4 форматты қағазға 1 дана шығарылып, қазақ, орыс немесе шетел тілдерінде тапсыруға болады. Мақала материалының электронды нұсқасы міндетті түрде болуы қажет. Баспаға ұсынылатын мәтінді рәсімдеу тәртібі: KZ Times New Roman, шрифті – 12, жоларалық интервал – 1, параметрлері барлық жағынан – 2см.

Мақала төмендегі құжаттармен қоса ұсынылуы қажет:

- Редакцияға келіп түскен материалдарда ғылым докторы немесе ғылым кандидатының ұйымның мөрі басылған пікірі болуы керек. Пікір беруші мақалалардың сапалылығына жауап береді. Ғылыми дәрежесі жоқ авторлар үшін ғылым докторларының немесе ғылым кандидаттарының пікірі болуы тиіс. Мақалаларды жариялау үшін пікір берушілердің ұсынысы жеткіліксіз. Соңғы шешімді редакция ұжымы қабылдайды.

- қазақ тіліндегі мәтін үшін – орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме; орыс тіліндегі мәтін үшін – қазақ және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме; шетел тілдеріндегі мәтін үшін – қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

- автордың түйіндемесі: тегі, аты, әкесінің аты, қызметі, жұмыс орны, үй және жұмыс телефондары, мүмкіндігінше – факс және e-mail.

Мақала төмендегі талаптарға сәйкес рәсімделуі қажет:

- сол жақ жоғарғы жағында ӘОЖ индексі, екінші бас әріптермен (қою шрифтпен) – мақаланың тақырыбы, үшінші жолда ортасында автор(лар)дың тегі, аты, әкесінің аты жазылады, екі интервалдан кейін негізгі мәтін жазылады.

- әдебиеттерге жасалған сілтемелер дәйектемеден (цитата) кейін, төрт бұрышты жақшаның ішінде, әдебиеттер тізіміндегі нөмеріне сәйкес нөмермен көрсетіледі. Дәйектемені (цитата) беру үлгісі [10,81б.]. Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 10. Бердяев Н.А. Смысл истории. М.: Мысль, 1990. 175 с. мақаланың ең соңында беріледі. Әдебиеттер тізімінен кейін мақаланың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндемесі беріледі.

Кескіндемелер (кестелер, схемалар, диаграммалар) жеке А4 парағында компьютерде немесе анық сызба (тушпен) түрінде орындалуы қажет. Суреттің нөмері қағаздың сырт жағында қойылады және қай бетке және қай жерге орналасатындығы жазылады. Математикалық формулалар Microsoft Equation объектісі ретінде теріліп, беріледі.

Сілтеме жасалатын формулалар ғана нөмірленуі қажет. Графикалық материалдар 5-суреттен аспау керек.

Талапқа сай рәсімделмеген мақалалар қабылданбайды және авторға кері қайтарылады.

Журналдың бір нөмерінде автор бір рет мақала жариялайды, екінші рет тек басқа автормен бірігіп ғана жариялай алады. Бір мақаланың авторы 3-ден аспау қажет.



УСЛОВИЯ ОФОРМЛЕНИЯ СТАТЬИ
Пуб­ли­ка­ция со­сто­ит из следующих обязательных эле­мен­тов:

а) УДК (универсальная десятичная классификация)

б) за­гла­вие ста­тьи;

в) об ав­то­ре (све­де­ния)

г) соб­ст­вен­но текст ста­тьи;

д) спи­сок ли­те­ра­ту­ры (не менее 5 и не более 10 названий);

е) ан­но­та­ция.

При написании и оформлении статей для печати редакция журнала просит придерживаться следующих правил для авторов.

Статья может быть представлена на казахском, на русском или иностранном языках в объеме 3-10 страниц формата А4, включая таблицы, иллюстрации, список литературы. Материал статьи обязательно должна быть в электронном варианте. Рукописи большего объема принимаются по специальному решению Редколлегии. Гарнитура для текстов – KZ Times New Roman, размер шрифта – 12, интервал – одинарный, поля с каждой стороны – 2 см. Статья оформляется только в текстовом редакторе Microsoft Office Word 2003 или 2007.

Статья должна сопровождаться следующими документами:



  • Материалы, направляемые в редакцию, должны иметь внешнюю (стороннюю) рецензию кандидата или доктора наук (с указанием полных сведений о рецензенте), подписанную и заверенную печатью организации (отделом кадров). Рецензент несет ответственность за содержание статьи, достоверность представленных материалов. Рецензия доктора или кандидата наук для авторов, не имеющих ученую степень. Наличие положительной внешней рецензии не является достаточным основанием для публикации статьи. Окончательное решение о целесообразности публикации принимается редколлегией журнала.

  • аннотация для текстов на казахском языке – на русском и английском, для текстов на русском языке – на казахском и английском; для текстов на иностранном языке – на казахском и русском.

  • резюме автора: Ф.И.О., должность, место работы, домашний и служебный телефоны, по возможности – факс и e-mail.

Статьи должны быть оформлены в строгом соответствии со следующими правилами:

  • На первой странице вверху по левому краю – индекс УДК, на второй строке – прописными буквами – название статьи, на третьей указываются инициалы и фамилия автора(ов), после которого через двойной интервал печатается текст статьи.

  • Список литературы дается в конце статьи. Список литературы для оригинальной статьи – не более 10 источников. Список литературы составляется в алфавитном порядке – сначала отечественные, затем зарубежные авторы. Если ссылку приводят на конкретный фрагмент текста документа, в отсылке указываются порядковый номер и страницы. Сведения разделяются запятой. Например: В тексте: [10, с. 81], В за текстовой ссылке (Список литературы): 10. Бердяев Н.А. Смысл истории. М.: Мысль, 1990. 175 с. 

  • После списка литературы представляется резюме на казахском, русском и иностранном языках.

Иллюстрации (графики, схемы, диаграммы) должны быть выполнены на компьютере или в виде четких чертежей (тушью) на отдельном листе формата А4. Математические формулы должны быть набраны как объект Microsoft Equation.. Количество графического материала должно быть минимальным (не более 5 рисунков).

Статьи, оформленные с нарушением требований, к публикации не принимаются и возвращаются авторам.

В одном номере журнала автор имеет право публиковаться один раз, второй раз в соавторстве. Рекомендуемое количество авторов одной статьи – не более трех.

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ИНСТИТУТЫНЫҢ ХАБАРШЫСЫ
ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ЖУРНАЛ


ВЕСТНИК ТАРАЗСКОГО ГОСУДАРСТВЕННОГО

ПЕДАГОГИЧЕСКОГО ИНСТИТУТА
НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ

ЖУРНАЛ

20



2014

(қазан - қараша - желтоқсан)


Медиа орталық басшысы

Кожимбетова Р.Қ.


Редактор:

Мамбетова А.С.


Техникалық редактор:


Джунисова А.А.,

Қазантаев А.А.,

Айнакулов Е.М.


Мұқаба дизайны:


Осерова Ж.Н.

Корректор:

Асилханов Н.Т.

Басуға 30.12.2014 жылы қол қойылды.

Пішімі 210 х 297 1/16. Офсеттік қағаз.

Есепті беті 22,3; Шартты беті 12,5

Таралымы 50 дана. Тапсырыс № 654

Подписано в печать 30.09.2014 г.

Формат 210 х 297 1/16. Бумага офсетная.

Уч. изд.л. 22,3; Усл.п.л.12,5

Тираж 50 экз. Заказ № 654

ТарМПИ, Баспа және дизайн секторы

080000, Тараз қ., Төле би к., 62





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет