165
тапсырмалары жаттап алуға лайықты, алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілетін ӛңін ӛзгетпей қайталап,
пысықтауына мүмкіндік береді, екінші деңгей тапсырмалары материалды реттеуге және жүйелеуге
берілген тапсырмалар, үшінші деңгей танымдық – іздену түрдегі заңдылықтар шығару қорытынды
жұмыстары.
Деңгейлік тапсырмалар ауқымы ӛте кең. Оқулықтағы жаттығулар - ӛтілген ережелер бойынша
қайталау, пысықтау, бекіту
жұмыстарын арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік
тапсырмалар құрамында мәтіндер, сӛзжұмбақтар, қызықты грамматика, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар
мен тренингтер жүйесін қамтиды. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы,
әрі оқу бағдарламасы оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша
пайдалануға беріледі. Оқушыны деңгейге бӛліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға
деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге
асыралатыны тексеріледі. Ӛз бетімен жұмыс орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында
деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен
іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.
Бірінші
деңгей тапсырмаларды білімнің мимималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама
мӛлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшелігіне сай болады. Сынып бағдарламасына байланысты
лексикалық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар, тілдік ережелер,
жазба жұмыстарын
орындайды. Кейіннен жоғарғы сыныптарда оқыған кезде де есінде тұрақты қалатындай бағытта сӛздік
минимумдарды меңгереді. Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, сынып бағдарламасына сай барлық
бағдарламасымен жұмыс істейді. Оқушы ӛз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтерді
қанағаттанарлық дәрежеде. Ықыласы жоғары. Оқушының сӛйлеуі, хабарды түсінуі, қабылдауы, жазба
жұмыстарын орындау кӛрсеткіштері міндетті деңгейден әлде қайда жоғары болады. Бірінші деңгейден
бастау алған сӛйлеу үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын кӛрінуімен
логикалық ойлау дәрежесінен жоғары болумен, ӛз
жеке басының белсенділігімен, ісіне талдау жасай
білуімен, білімді жаңа жағдайда пайдаланумен сипатталады. Ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада
диалог құрады. Мәтін бойынша сұрақ қояды. Талдау, жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді.
Танымдық - «іздену (эвристикалық) түрдегі жұмыстарды ізденіп ӛз бетімен орындайды. Тӛртінші деңгей
дарынды, іздемпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын
ғана береді, оқушының ӛз
мақсатын қояды, әдістерін іздейді, нәтижеге жетеді. Жазба жұмыстарын
орындайды.
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттарының кӛлемінің
ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты себеп болады. Деңгейлеп оқыту – оқылатын
ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге
асырылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы ӛзінің даму деңгейінің оқу
материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: