Тарих және құқық факультетінің деканы



бет6/10
Дата22.06.2017
өлшемі1,71 Mb.
#19482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Әдебиеттер: 1. Каждан А. Религия и атеизм в древнем мире. М., 1957.

2. Кубланов М. Мыслители древности о религии. М., 1960.

3. Ковалев. С. И. Основные вопросы происхождения христианства. М., 1964.

Тесті сұрақтарын шешуге тапсырма:

1. Әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастарды анағұрлым жоғары дамыған қазіргі қоғамдарды қандай түрге жатқызады ?

a) жаңа жаңғырту /постмодернистік/

б) өтпелі

в) дәстүрлі

г) жартылай өнеркәсіпті

2. Ақша, билік, бедел сияқты әлеуметтік құндылықтарға жетудегі адамдар мүмкіндігі бірдей болмайтын жағдай қалай анықталады ?

a) әлеуметтік теңсіздік

б) жаратылыстық теңсіздік

в) әлеуметтік айырмашылық

г) жаратылыстық айырмашылық

3. Әлеуметтік стратификация теориясы жақтастарының көзқарастары бойынша әлеуметтік теңсіздік негізі неде ?

a) жеке меншіктің болуы

б) билік үшін күрес

в) таптық күрес

г) қоғамдағы еңбек бөлінісі

4. Адамның нақты анықталған құқықтар мен міндеттерге сәйкес қоғамдағы жағдайын қандай түсінік көрсетеді ?

a) әлеуметтік роль

б) әлеуметтік аскрипция

в) әлеуметтік мәртебе

г) әлеуметтік – бедел
5. Ислам дінінің дінтану ғылымында зерттелуі.

Мақсаты: Ислам дінінің шығу тарихын көрсету. Ислам дінінің негізгі қағидаларын түсіндіру.

Өткізу нысаны: Топтық пікірталас.

Қарастырылатын мәселелер: Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы – Меккеде шықты. Мекке ерте уақыттан бастап – ақ діни орталық болып саналатын. Меккенің орталығындағы Зәмзәм су көзі, оның жанындағы «Әулиелі қаратас» Қааба храмы көшпелі бадауиелердің өз құдайына табынатын орны болды.

Арабия жеріндегі алғашқы монотеистік дін – ханаффизм – бытыраңқы араб тайпаларын біріктіруде көптеген топтардың идеологиясы түрінде шықты. Ханифтер сол уақытқа дейінгі үстем болып келген политеизмге /көп құдайлық/ путқа табынушылыққа қарсы күресті.

Ханафизм Ислам дінінің идеологиялық алғы шарты болды. Қазіргі уақытта Ислам діні Араб елдерінде, Албанияда, Болгарияда, Үндістанда, Түркияда, Югославияда, Африкадағы Мавританның, Тунис, Марокко, Сомали, Ливия, Занзибар, Алжир, т.б. елдерінде орын алады. Біздің елімізде Ислам діні Орта Азия республикаларында, Қазақстанда, Азербайджанда, Башқұрт, Татар, Дағыстан республикаларында орын алады. Ислам дінінің екі бағыты: сүннеттер мен шииттер.

Әдебиеттер: 1. Каждан А. Религия и атеизм в древнем мире. М., 1957.

2. Кубланов М. Мыслители древности о религии. М., 1960.

3. Климович Л. Ислам. М., 1965.

Тесті сұрақтарын шешуге тапсырма:

1. "Әлеуметтік тұтастық елдің көптеген азаматтарының құндылықтардың біртұтас жүйесіне табынуы негізінде пайда болады" - деген тұжырым қай теорияға тән ?

a). функционалистік

б) символикалық интеракционизм жєне этнометодология

в) дау-жанжал теориясы

г) айырбас теориясы

2. "Қоғамдық құрылым адамдардың бір тобының басқаларға үстемдігіне негізделген"- деген тұжырым қай теорияға тән ?

a) дау-жанжал теориясы

б) функционалистік

в) айырбас теориясы

г) жаңа феминизм

3. Берілген тұжырым жеке даралықтар өзара байланыстары теорияларының қайсысына тән "Адамдар бір-бірімен жазылмаған ережелер әсерімен өзара байланысқа түседі "

a). этнометодология

б) символикалық интеракционизм

в) айырбас теориясы

г) әсерлерді басқару теориясы

4. Әлеуметтік стратификация дегеніміз не ?

a) осы теориялар тән

б) әлеуметтік теңсіздікті түсіндіретін теория

в) әлеуметтік жіктерді зерттеу әдісі

г) әлеуметтік жіктер жиынтығы
6. Ислам дінінің дінтану ғылымында зерттелуі және оның қазақ даласында таралуы.

Мақсаты: Ислам діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін екендігін көрсету. Ислам дінінің басты уағыздары мұсылмандардың «Қасиетті» - кітабы аталған құранда жинақталып берілгендігін түсіндіру.

Өткізу нысаны: Жеке баяндамалар

Қарастырылатын мәселелер: Ол біздің заманымыздың ҮІІ ғасырында Арабия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде дүниеге келді.

Ислам дінінің бірнеше мейрамдары бар. Олардың барлығы дерлік, оның әдет – ғұрыптары мен догмаларымен тығыз байланысты. Сопылық /дәруіштік/ - Ислам дінің алғашқы жылдары пайда болған аскеттік ағым ретінде ІХ ғасырда пайда болды.

Ол уағыздар Мұхаммедтің аңыздары түрінде айтылады. «Құран» деген сөз қазақ тілінде «оқу» деген ұғымды білдіреді. Ислам дінінің алғашқы көріністері Қазақстан территориясында ІХ ғасырдың бас кезінде тарай бастағанын білдіретін мәліметтер бар. Ислам діні Қазақстан жеріне оңтүстіктен және солтүстік батыстан келді. Оңтүстіктен Иран мен Орта Азия қалаларында оқыған қожа – молдалар келді. Кама өзені бойындағы Бұлғар хандығы, одан соң Алтын орданың батыс бөлігі Ислам дінін Қазақстанның батыс, солтүстік және шығыс облыстарын мекендеген тайпалардан бұрын қабылдаған болатын.

Әдебиеттер: 1. Гольдциер И. Культ святых в исламе. М., 1938.

2. Климович Л. Обряды, праздники и культ святых в исламе. Грозный. 1958.

3. Мавлютов Р. Ислам. М., 1969

Тесті сұрақтарын шешуге тапсырма:

1. Әлеуметтік топқа қандай мінездеме тән ?

a) мінездемелер толық берілген

б) өз шегінің айқындалуы мен тұрақтылығы

в) ортақ мүдделерінің болуы және нақты әрекет түрлерін іске

асыру қабілеті

г) құрамының біртектілігі мен тұтастық

2. Адамның қоғамдағы жағдайына сәйкес мінез-құлқын қандай түсінік көрсетеді ?

a) әлеуметтік роль

б) әлеуметтік аскрипция

в) әлеуметтік мәртебе

г) әлеуметтік бедел

3. Әлеуметтік мәртебелердің қандай түрлері бар ?

a) осы мәртебелер тән

б) жас ерекшелігі және отбасылық мәртебе

в) оған берілген және өз қолымен жеткен мәртебе

г) негізгі жєне негізгі емес мәртебе

4. Жеке тұлғалар мен топтардың материалдық, моральдық құндылықтарды иеленуі үшін күресі әлеуметтік қарым-қатынастың қай түріне жатады ?

a) конкуренция

б) конфликт

в) айырбас

г) кооперация


7. Ислам – адамгершілік пен ізгіліктің уағыздаушысы.

Мақсаты: Қазақ халқының дінін айтқанда, оның басты бір ерекшелігі – тәрбиелік қасиеті екендігін көрсету. Дін – күрделі рухани құбылыс екендігін түсіндіру.

Өткізу нысаны: Жеке баяндамалар

Қарастырылатын мәселелер: Қазақ халқының дінін айтқанда, оның басты бір ерекшелігі – тәрбиелік қасиеті. Имандылық тәжірибелерін жинақтай білгенде ғана ол жаңа бір сапалық деңгейге көтеріле алады.

Дін мен білім әр уақытта бірін – бірі қолдай отыра дамиды. Ал адамның рухани жағынан дамуына және санасын, мәдени деңгейін көтеруде ғылыми біліммен терең сусындауы қажет.

Дін – күрделі рухани құбылыс. Оның бір көрінісін немесе бір конфессиялық (бағыттық) түрін, немесе жеке қағидаларын әр жерден естіген әңгімелер негізінде талдаудан дінді танимын деу – ағаттық. Дін – адамзат тарихының ерекше саласы. Діннің тарихтағы орнын дұрыс анықтап, сыйлай білуіміз халықтық, ұлттық мәдениетімізді жетілдіруге көмектесетіні сөзсіз.

Әдебиеттер: 1. Гольдциер И. Культ святых в исламе. М., 1938.

2. Климович Л. Обряды, праздники и культ святых в исламе. Грозный. 1958.

3. Мавлютов Р. Ислам. М., 1969

Тесті сұрақтарын шешуге тапсырма:

1. Қоғамның дамуы социологияда қандай ұғыммен түсіндіріледі ?

a) әлеуметтік прогресс

б) әлеуметтік стратификация

в) әлеуметтік мобильдік

г) әлеуметтік регресс

2. Ғылыми-техникалық прогресс, өндірісті модернизациялау, коммуникацияның тез қарқынмен дамуы қандай қоғамға тән белгі ?

a) постиндустриалды қоғам

б) индустриалды қоғам

в) дәстүрлі қоғам

г) өндірісті –қала қоғамы

3. Қоғамдағы әлеуметтік жіктеліс, бөлініс социологияда қандай ұғыммен түсіндіріледі ?

a) әлеуметтік стратификация

б) структура

в) аномия

г) әлеуметтік динамика

4. Әлеуметтік ролдер мен мәдени нормаларды игеру үрдісі қалай аталады ?

a) әлеуметтену /социализация/

б) әлеуметтік бақылау

в) әлеуметтік роль

г) әлеуметтік институт
8. Қазіргі қазақстандық қоғамдағы діннің орны.

Мақсаты: Қазақ жерінде Ислам дінінің нығайуын түсіндіру. Батыс Қазақстан облысы аумағында діни ахуалға шолу жасау.

Өткізу нысаны: Жеке баяндамалар

Қарастырылатын мәселелер: Қазақ жерінде Ислам дінінің нығайуы – Алтын Орда ханы Өзбектің тұсында, 1315 жылы Алтын Ордада мемлекеттік дін болып жарияланды. «Қанафиттер мазғабы» дегеніміз – ата – бабаларының ғасырлар бойы ұстанып келген дүние танымына сай, көшпенділер рухымен үндес ислам дінінің бағыты.

Діннің мемлекет саясатына араласпауы заңды. Ал, мемлекеттің дін ісіне белгілі бір дәрежеде бақылау жасап, шек қоюы керек.

Батыс Қазақстан облысы аумағында діни ахуал тарапынан ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық бірлікті бұзатындай жағдайлар болған жоқ. Негізінен діни бірлестіктердің іс - әрекеттері заңды түрде атқарылуда.

Бүгінгі таңда ішкі саясат департаментінің ұйымдастыру қызметі діни радикализм мен экстремизмнің алдын – алу және ескерту, конфессия арасындағы қарым – қатынасты зерттеу, миссионерлердің қызметі мен олардың басқа дін өкілдерімен байланысын байқауға бағытталған. Батыс Қазақстан облысында діни экстремизмнің алдын алудың профилактикалық – ұйымдастыру шараларының 2007 – 2008 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітіліп, орындалу үстінде. Біздің алдымызда жиһандану атты «ұлы» дәуірдің күтіп тұрғаны белгілі. Жиһандану – баяғыша жеке – дара оқшау, оңаша өмір сүрудің дәурені басталды деген сөз. Әрине, әлемде болып жатқан мұндай өзгерістерден табиғи байлығы мол Қазақстан шет қалуы мүмкін емес.



Әдебиеттер: 1. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

2. Мұртаза Бұлұтай. Ата – баба діні. Алматы «Білім» 2000 ж.

3. Андрианов Н., Павлюк В., Лопаткин Р. Особенности современного религиозного сознания. М., 1968.

Тесті сұрақтарын шешуге тапсырма:

1. Адамның бір әлеуметтік топтан екіншісіне өтуінің кез келген түрі социологияда қандай ұғыммен түсіндіріледі ?

a) әлеуметтік мобильдік

б) әлеуметтік прогресс

в) әлеуметтік динамика

г) әлеуметтік бақылау

2. Қоғамның әлеуметтік жіктелісіне, әлеуметтік стратификацияға көңіл бөлген американ социологы кім ?

a) П. Сорокин

б) Р. Дарендорф

в) Т. Парсонс

г) Э. Дюркгейм

3. Бір әлеуметтік роль адамға қарама-қайшы талаптар қоятын жағдайды қандай түсінік бейнелейді ?

a) ролдік жинақ

б) рольдік егес

в) рольдік бұлқыныс

г) жоғарыда аталғандардың барлығы.

4. Қоғамдық қорларды пайдалану арқылы нақты әлеуметтік тұтыныстарды қанағаттандыруға арналған мәртебелер мен рольдер жиынтығы қай түсінікпен белгіленеді ?

a). әлеуметтік институт

б) әлеуметтік орта

в) басты жиынтық

г) ролдік жүйе
9. Діннің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатындағы ролі.

Мақсаты: Дін және саясат байланыстарын түсіндіру. Діннің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатындағы ролін көрсету.

Өткізу нысаны: Топтық пікірталас.

Қарастырылатын мәселелер: Дін және саясат. Дін және әлемдегі ахуал. Өркениетті және текетірес. Өркениеттің ар жағында «діндер арасындағы бақталастық» деген тарихи проблема жатқаны тағы рас. Өркениет дегеніміз – бергі дәуірдің түсінігі.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші съезін Жаратушының дәргейіндегі діни – рухани жетістік қана емес – саяси акция есебінде бағамдаушылар да бар.

Он бір миллион мұсылман тұратын бүгінгі Қазақстанда сансыз ислам бірлестіктері, екі жүз православиелік, жетпіс үш католик, жиырма иудей, тоғыз жүз қырық тоғыз протестанттық бірлестіктер бар. Мемлекет тарапынан діни, ұлттық татулыққа жан – жақты қолдау көрсетіп келеді. Қазақстан халықтарының Кіші және Үлкен Ассамлеялары құрылып, онда этностар мен түрлі діннің өкілдері бас қосып, ортақ мәселелерді бірлесе шешеді. Мемлекеттің тірегі – ұлт десек, оның теологиялық анықтамасының орнықтығының, тұтастығының бәрінен де бұрын саяси мәні болмақ.

Әдебиеттер: 1. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

2. Мұртаза Бұлұтай. Ата – баба діні. Алматы «Білім» 2000 ж.

3. Андрианов Н., Павлюк В., Лопаткин Р. Особенности современного религиозного сознания. М., 1968.

Тесті сұрақтарын шешуге тапсырма:

1. Қоғамдық-экономикалық формация теориясы шеңберінде қоғам қандай түрлерге бөлінеді ?

a) ежелгі дүние, құл иленушілік, феодальдық, капиталистік, коммунистік

б) христиан, мұсылман, конфуциан

в) аң аулау, жер шаруашылығы, өнеркәсіпті

г) дәстүрлі, қазіргі, жаңа

2. Әлеуметтік ортаның ең ірі бөлшегі не болып табылады ?

a) қоғам


б) әлеуметтік топ

в) әлеуметтік тап

г) әлеуметтік институт

3. Қоғамды жаңғырту /модернизация/ өзіне қандай үрдістерді қосады ?

a) келтірілген үрдістер бар

б) қалаға көшу /урбанизация/ мен мемлекеттік аппараттың күшеюі

в) жеке бостандықтар мен демократиялық үрдістердің өркендеуі

г) нарық пен өнеркәсіптік дамудың жеделдеуі

4. Төменде берілген таптардың қайсысы марксистер теориясына сәйкес Кеңес қоғамында бар екендігі мойындалды?

а) жұмысшы табы

б) жоғары тап

в) орта тап

г) төменгі тап
10. Діни төзімділік пен ұлттық келісім – мемлекет тұрақтылығының негізі.

Мақсаты: Діни төзімділік пен ұлттық келісім мәселелерін түсіндіру. Қазақстанның геосаяси жағдайына діннің әсерін көрсету.

Өткізу нысаны: Жеке баяндамалар

Қарастырылатын мәселелер: Қазақстан Республикасының демократиялық дамуының маңызды жетістіктерінің бірі діни төзімділік пен ұлттық келісім негізінде саяси тұрақтылықты сақтау болып отыр.

Қоғамда жүріп жатқан рухани-адамгершілік жаңару үрдісі белгілі бір деңгейде діни өсиеттерге негізделген. Егемендік алған соң, дін Қазақстан қоғамының әлеуметтік-рухани өмірінде белсенді рол атқара бастады.

Қазақстанның геосаяси жағдайы өте күрделі. Біздің еліміз әлемдік үш діни-мәдени өркениеттің қиылысында тұр. Бұлар мұсылман, христиан және буддистік-конфуциандық діни-мәдени өркениеттер. Қазақстанның өзі де көпконфессиялы мемлекет болғандықтан, бұл діни-мәдени өркениеттердің игі әсерлерін де, және теріс ықпалдарын да жоққа шығаруға болмайды. Мемлекеттік билік институттарының негізгі міндеттерінің бірі - әлеуметтік тартыстың ұлтаралық егеске айналып кетуін жібермеу. Діни татулық пен ұларалық келісім мәселері қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды да күрделі болып табылады.

Әдебиеттер: 1. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

2. Мұртаза Бұлұтай. Ата – баба діні. Алматы «Білім» 2000 ж.

3. Андрианов Н., Павлюк В., Лопаткин Р. Особенности современного религиозного сознания. М., 1968.

Тесті сұрақтарын шешуге тапсырма:

1. К. Маркс теориясына сәйкес, қоғамның қозғаушы күші неде?

а) таптық күрес

б) экономикалық даму

в) техникалық прогресс

г) мәдени өзгерістер

2. Қазақстандық социолог М.С. Аженов қазақстан қоғамын қанша тапқа бөлді?

а) өз сараптамасына сүйеніп үш тапқа

б) Уорнер теориясына сүйеніп алты тапқа

в) М. Вебер теориясына сүйеніп үш тапқа

3. Қытай лидері Мао Цзэ Дун ең үздік философиялық дүниетаным деп санады:

а) кедейлік дүниетанымы

б) Конфуций ілімі

в) Даоцзы ілімі

4. Кеңес қоғамында үлгілі болған тап қандай?

а) кедейлер

б) орташалар

в) байлар


11. Дәстүрлі емес діни секталар және олардың жаңа мүшелер тарту әдістері.

Мақсаты: Дәстүрлі емес діни секталар туралы және олардың жаңа мүшелер тарту әдістері туралы түсініктер беру.

Өткізу нысаны: Реферат.

Қарастырылатын мәселелер: Қазіргі таңда, өте көптеген ірі діни секталар бар. Олардың барлығының орталықтары шет мемлекеттерде болса да, көпшілігінің Қазақстанда, сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында да орталықтары бар.

Барлық секталардың мақсаты біреу ғана, өз «тулары» астына қалай болса да көптеген азаматтар тарту. Діни алдау – арбаудың мазмұны өмірді бақытты қылуға үйіп-төгіп уәде беру болып қалады.

Ең алдымен жаңа ұйығанды өз беттерімен басылған әртүрлі әдебиеттермен көміп тастайды. Қызығушы адам муниттер жиналысына келгенде, оның қандай әдемі, қызықты, үйірімді, ерекше көшбасшы және тағы басқа да адамның өзін бір керім ретінде санай бастайтындай сөздер айтылады. Әрі қарай, өңдеудің келесі баспалдағы, бұл адамды ойлау қабілетінен айыру. Бұл үшін, қайта-қайта үздіксіз қайталанатын бір текті, жылдам жатталатын, ешқандай терең мағынасыз сөздер тіркесі, оларды мантра деп атайды. Сектаның әсер ету құралдары мен тәсілдері сырттан қарағанда қарапайым әрі мағынасыз болып көрінуі мүмкін. Бірақ, комплексті түрде және көпшілік бұқара жиналған жерде өте эффективті әсер етеді.

Әдебиеттер: 1. Волков Е. Н. Методы вербовки и контроля сознания в деструктивных сектах // Журнал практического психолога. М.: Фолиум. 1996.

2. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

3. А. Дарменов. К проблеме назначения теологической экспертизы материалов, содержащих идеи религиозного экстремизма // Правовая реформа в Казахстане. №3. 2004.

4. Г. Лупарев. От свободы совести к свободе мировоззрения // Правовая реформа в Казахстане. №2. 2002.



Тесті сұрақтарын шешуге тапсырма:

1. Қоғамның рухани дамуына еңбек сіңіретін страт қандай?

а) зиялылар

б) кәсіпкерлер

в) әскерилер

г) жұмысшылар

2. Мемлекеттік шенеуіктер тобы қалай аталады?

а) бюрократия

б) олигархия

в) автократия

г) охлократия

3. Қазақстандық социолог М.С. Аженовтың пікірінше жаңа Қазақстанда жойылып кеткен тап қандай?

а) шаруалар

б) жұмысшылар

в) кәсіпкерлер

г) зиялылар

4. Қай ел социология ғылымында «ақсүйек жұмысшылар» ұғымы қолданылды?

а) Кеңестер Одағы социологиясы

б) Американ социологиясы

в) Батыс Еуропа социологиясы

г) Қазақстан социологиясы
12. Қазақстандағы діни секталардың алдын алу және жастарды оған қарсы тұруға тәрбиелеу.

Мақсаты: Қазақстандағы діни секталардың алдын алу мәселелері туралы түсіндіру. Жастарды діни секталарға қарсы тұруға тәрбиелеу жолдарын түсіндіру.

Өткізу нысаны: Топтық пікірталас.

Қарастырылатын мәселелер: Секта – бұл белгілі бір сенмнен бөлініп шығып, сол сенімнің қағидаларына жатпайтын теріс іс - әрекеттер жасайтын топ. Біріншіден – шартты секталар. Бұл дінге күмәнмен қарайды. Қауіптілігі жөнінен үшінші орында.

Біз бірінші кезекте діни бірлікті өте мықты ұстануымыз шарт, өйткені діни бірлік болмайынша, ұлттық бірлік болмайды. Ал секталардың екінші түрі – христиандық секталар, қауіптігі жағынан оларды орта дәрежелі секталар деп те атайды. Бұл секталар адамды өз «дінінің» өзге діндерден жоғарғы тұрғандығына сендіруге көздейді.

ХХІ ғасырда әр елдің дінбасыларына өз халқының рухани, мәдени құндылықтары, жан – дүниесінің тазалығы одан әрі арттыра түсуде деген үлкен жауапкершілік жіктеледі. Экстремизм, фанатизм және дін құндылықтарын бұрмалаушылық – бұлар нағыз құдай сөзінен және діннен мүлдем алшақ жатқан ұғымдар. Үшінші түрі – миссионерлік секта.(негізгі әрекеті – адамды ұйқыдан айыру арқылы үгіт – насихаттарына сендіру). Бұл секталар көбіне жасөспірімдерді арбайды.

Әдебиеттер: 1. Волков Е. Н. Методы вербовки и контроля сознания в деструктивных сектах // Журнал практического психолога. М.: Фолиум. 1996.

2. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

3. А. Дарменов. К проблеме назначения теологической экспертизы материалов, содержащих идеи религиозного экстремизма // Правовая реформа в Казахстане. №3. 2004.

4. Г. Лупарев. От свободы совести к свободе мировоззрения // Правовая реформа в Казахстане. №2. 2002.



Тесті сұрақтарын шешуге тапсырма:

1. П. Сорокин әлеуметтік стратификацияның үш нысанын көрсетті. Міндет пен жауапкершілік осылардың қайсысына тән?

а) кәсіби стратификация

б) экономикалық стратификация

в) саяси стратификация

2. Әлеуметтік теңсіздік пайда болу негізі билік, артықшылықтар мен даңқ бөлінісі екендігін көрсеткен социолог кім?

а) Дж. Ленски

б) Макс Вебер

в) Питирим Сорокин

г) Талкотт Парсонс

3. Әлеуметтік мобилділік дегеніміз не?

а) адамның қоғам ішіндегі орнын, мәртебесін өзгертуі

б) адамның басқа елге көшіп кетуі

в) адамның тек қана қызмет ауыстыруы

4.Адамның қоғамдағы мәртебесі мен оның мүліктік жағдайының өзара байланыстарын тұжырымдаған ойшыл кім ?

а/. К.Маркс, М, Вебер

б/.Э.Дюркгейм

в/. О.Конт




13. Қазақстандағы ислам атын жамылған діни секталардың алдын алу және жастарды оған қарсы тұруға тәрбиелеу.

Мақсаты: Қазақстандағы ислам атын жамылған діни секталардың алдын алу мәселелерін қамту. Жастарды ислам атын жамылған діни секталарға қарсы тұруға тәрбиелеу шараларын түсіндіру.

Өткізу нысаны: Жеке баяндамалар.

Қарастырылатын мәселелер: Қазақстан жас тәуелсіз мемлекет, бірнеше ғасырлар бойы өзінің тәуелсіздігінен айырылып қалған халқымызға ХХ – шы ғасырдың соңғы он жылында азат еткен, еркін тәуелсіз мемлекет болу нәсіп болды.

Дәл бүгінгі күні бәріміздің басымызды біріктіретін ортақ идея аз. Бұл өте алаңдатарлық нәрсе, себебі, мемлекет бар кезде ғана біз бармыз. Әсірессе қазақ ұлты тұрғысынан алғанд, біздің ұлт ретінде сақталып қалуымыздың басты қозғаушысы, оның кепілі мемлекетіміз.

Бізде негізгі екі дін бар. Қазақстан халқының 70пайызға жуығы ислам дінін ұстанады, 29 пайызы христиан дінінде. Ислам – ең алдымен бір кездері мүлде ұмыт болуға айналған, біздің бабаларымыздың рухы мен аса бай мұсылман мәдениетінде лайықты бағасын беруге мүмкіндік тудыратын, біздің дүние танымымызды анықтап беруші билік идеал мен фактор былайша айтқанда Символ. Ел ішінде діни экстремизмнің айтарлықтай бұқаралық сипат алуына саяси ерік – жігер ережелерді ғана тосқауыл емес, сонымен бірге ең алдымен, Қазақстанның тұрғылықты этносының табиғатындағы конфессиялық діни кемшілігінің себептері зор.

Әдебиеттер: 1. Волков Е. Н. Методы вербовки и контроля сознания в деструктивных сектах // Журнал практического психолога. М.: Фолиум. 1996.

2. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

3. А. Дарменов. К проблеме назначения теологической экспертизы материалов, содержащих идеи религиозного экстремизма // Правовая реформа в Казахстане. №3. 2004.

4. Г. Лупарев. От свободы совести к свободе мировоззрения // Правовая реформа в Казахстане. №2. 2002.



Тесті сұрақтарын шешуге тапсырма:

1.Еңбеккерді өз еңбегінің жемісіне қызықтыру қажеттігін ғылыми тұжырымдаған зерттеуші кім ?

а/. Ф. Тейлор

б/. М.Вебер, Э. Дюркгейм

в /. Т.Парсонс, Р.Мертон

г/. О.Конт

2.Ф. Тейлордың пікірінше адам өзінің діни, саяси, адамгершілік құндылықтарын

а/. өнеркәсіп қақпасының сыртында қалдыру қажет

б/. кәсіпорын ұжымына белсенді негізуге тырысу қажет

3.Ақысы көп жұмыс іздейтін жұмысшы күшінің еркіндігі мен икемділігінен туындайтын жұмыссыздық қалай деп аталады ?

а/. фрикциялық жұмыссыздық

б/. циклдық жұмыссыздық

в/. құрылымдық жұмыссыздық

4. Тиісті білімі немесе әзірлігі жоқ еңбек қорларының тым көбеюі әсерінен пайда болатын жұмыссыздық қалай аталады ?

а/. құрылымдық жұмыссыздық

б/. циклдық жұмыссыздық

в/. фрикциялық жұмыссыздық



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет