Тарих пәні мұғалімі Алиев М. Ш. 2019 жыл мазмұНЫ


- Әуе шарында кім болуы керек?



бет4/21
Дата14.11.2019
өлшемі3,25 Mb.
#51809
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Белсенді оқу әдістері 2014


- Әуе шарында кім болуы керек? Оқушылар бұл мәселе бойынша басты кейіпкерлердің есімдерін жазады: шарды әуеге көтеріп, оны басқару үшін онда болуға тиіс адамдар.

- Жоба табысты болуы үшін оларда не болуы керек? Оқушылар жобаның табысты болуы үшін қажетті деп санайтын барлық нәрселерді шарға жазады.

- Оны не кідіртеді? Зәкірдің жанына оқушылар жобаның табысты басталуына кедергі жасайтын факторларды жазады.

- Оған қатты жылдамдықпен ұшуға не көмектесе алады? Оқушылар әуе шарына тікелей қатысы жоқ, алайда жобаның алға жылжуына септігін тигізетін жұмысқа қабілеттілік, ынта және креативтілік сияқты факторларды белгілейді.

- Шарды бағытынан не шатастыра алады? Оқушылар шардың екі жағына жобаны орындау барысында туындауы мүмкін проблемаларды жазады.

3. Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар жоспарлау үдерісін одан әрі жақсарту мақсатында өздерінің шарларын салыстыра алады.

4. Идеяларды одан әрі зерделеу үшін «Бес сұрақ» сияқты қосымша тәсілдерді пайдалануға болады.
ЫСТЫҚ ОРЫНДЫҚ

Қалыптастырылатын дағдылар:


  • басқалармен жұмыс;

  • креативтілік;

  • ойлау, шешім қабылдау.


Жалпы сипаттама

Бұл шығармашылық рөлдік тапсырма белгілі бір мәселені талқылауға және ақпарат алмасуға көмектесетін тиімді құрал болуы мүмкін.



Сыныпты жоспарлау

Топқа қаратып бір «ыстық» орындық қойылады. Болмаса барынша жайлы пікір алмасуға жағдай жасау мақсатында «ыстық» орындықты дөңгеленіп отырған балалардың ортасына қоюға болады.



Жұмыс алгоритмі

1. Оқушыларға белгілі бір персонаж беріледі немесе олардың өздері қарастырылып отырған мәселеге қатысы бар рөлді ойлап табады.

2. Оқушылар рөлді топта немесе жеке қарастырып, талдайды.

3. Топтағы басқа оқушылар «ыстық» орындықта отырған адамға қою үшін күрделі сұрақтарды дайындайды.

4. Талқыланатын кейіпкер «ыстық» орындыққа отырып, сыныптастары оған сұрақ қоя бастайды. Бұл оқушыларға адамның қиналысын сезініп, өздері келіспейтін көзқарасты, пікірді қалай қабылдайтынын түсінуге көмектеседі.

5. «Ыстық» орындықтың тақырыбы жел электр стансаларын пайдалану, адамдарды клондау, Ирактағы соғыс сияқты проблемалар немесе идеялар болуы мүмкін. Бұл тәсілді пайдаланғанда сыныптағы кез келген оқушы жауап бере алады. Жаттығудың аяғына қарай мұғалім «ыстық» орындыққа отырып, өзінің пікір/көзқарасымен бөлісе алады.

6. Бұл тәсілді пайдалана отырып, құпияны ашу ойынын ойнауға болады, ол жағдайда оқушылар «ыстық» орындықтағы адамның кім екенін табулары қажет.

7. Тапсырманы орындағаннан кейінгі жауап алу кезінде оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоюға болады: олар не білді, оларға не қызықты болды, «ыстық» орындықтағы адамның айтқандарынан олар бірнәрсеге қатысты дау айта алды ма.


Frame8

8. Мұғалім топтың білім деңгейіндегі қандай да болмасын кемшіліктерді бағалап, өз ісінде нені ескеру қажет екенін анықтағаны пайдалы болады. Оқушылар қаралатын мәселеге қатысты алдағы жұмысты жоспарлау үшін «БББ» шәкілін қолдана алады.

9. Оқушыларға қосымша жарыс ойыны ретінде зерделеуге арналған тақырып немесе персонаж беріп, содан кейін олар еш кедергісіз, әрі бір-бірін қайталамастан сыныппен барынша толық мәліметпен бөлісуі үшін «ыстық» орындыққа бір минутқа отырғызу керек. Егер кімде-кім ережені бұзса, оқушылар ол адамды ойыннан шығара алады.

ӨЗІНДІК ОЙЫН

Қалыптастырылатын дағдылар:


  • ақпаратты басқару;

  • ойлау.

Жалпы сипаттама

Бұл әдіс оқушыларда белгілі жауапқа қатысты сұрақ құрастыра білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ол сонымен қатар балама сұрақтар туралы креативті ойлауға қабілетті оқушыларды анықтауға мүмкіндік береді.



Жұмыс алгоритмі

1. Оқушыларға сабақта қарастырылатын тақырыпқа қатысы бар сұрақтардың жауаптары беріледі. Жауаптар жай ғана күн, есім немесе орын, эмоция немесе абстрактілі түсініктер түрінде болуы мүмкін.

2. Оқушылар әр жауап үшін сұрақ ойлап табуы керек.

3. Егер жауаптың бір мәнді сұрағы болмаса, оқушылар өздері ойлап тапқан сұрақтарды бір бірімен салыстырып, белгілі бір сұраққа қатысты тоқтамға қалай келгенін дәйектейді.



Frame9
ПАЗЛ

Қалыптастырылатын дағдылар:

  • ойлау, шешім қабылдау, проблеманы шешу;

  • бірлескен жұмыс.

Жалпы сипаттама

Бұл әдіс жаңа топтар үшін «мұзжарғыш» ретінде, командалық тапсырма, ақпарат жинақтау құралы ретінде, белгілі бір тақырыпқа кіріспе немесе алдағы жоспарлау, шешім қабылдау немесе егжей-тегжейлі пікірталас жүргізуге түрткі болатын, жетелейтін алғашқы қадам ретінде қолданылуы мүмкін. Ол сабақтың қызықты өтуіне ықпал етіп, балалардың оқуға деген ынтасын арттыруға көмектеседі. Осы әдіске ұқсас тапсырма қажет болса, «Ойтамыздықты» қарауға болады.



Сыныпты жоспарлау

Оқушылар пазлдың келесі бөлігін табу үшін кабинеттің ішінде еркін жүрулері керек. Сондай-ақ алдын ала бөлінген топ өз пазлдарын партада жинастыра алады.



Жұмыс алгоритмі

1. Мұғалім үстіне жазылған тапсырмасы бар пазлды алдын ала жасайды. Оны А4 форматты қағазда/жұқа картонда жасап, содан кейін кесуге болады немесе арнайы бағдарлама пайдаланылады.



Frame10
Frame11
Frame12

2. Оқушыларға пазл бөліктері таратылад

3. Оқушылар өз пазлының бөлігі бар басқа оқушыны табу үшін бөлме ішінде жүреді. Пазлдар, мысалы, әртүрлі түске боялуы мүмкін.

4. Оқушылар өздерінің кездейсоқ топтарын тапқаннан кейін, олар командада жұмыс істеп, пазлды құрастырады және тапсырманы орындайды.

5. Жарыс элементін қосу мақсатында мұғалім регламент орната алады.

6. Тапсырма орындалғаннан кейін жауап алу жүргізіледі.



7. Бұл тапсырмадан кейін қосымша тапсырма ретінде «Идея іздеушіні» өткізуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет