Діні мен өнері: Қола дәуірінің тайпалары табиғат күштеріне табынған. Жерлеген адамның басы батысқа немесе оңтүстік – батысқа қаратылып, қол – аяғын бүгіп жатқызған. Бұл жер ана құшағына барған сәби қалпындағы адам түсінігін берген. Өлікті матаушы ажал құдайы - Ямаға сыйынған. Ерте қола дәуірінде жерлеу салтында кремация (мәйітті өртеу) басым болған. Бұл табиғаттың жаңару заңдылығы, жаңа өмірге көшу түсінігі. Бұдан андроновтардың отқа табынғанын байқаймыз. Кейінгі қола дәуірінде жерлеудің кесенемен бірге өртеу түрі болған.
Ошақ қасиетті орын саналған. Жаңа түскен келін ошақты айналған, ол мәйітті шығарарда ошақты айналдырған.
65.Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары туралы баяндаңыз. Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Геродот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, дайлер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б. Сақтарда негізінен, әскери қоғам болды. Сақ тайпалары үш топқа бөлінген.
1. Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін, Сырдарьяның орта ағысын мекендеген
2. Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайя) Қара теңіздің солтүстігінен, Арал маңын яғни Сырдария мен Амудария өзендерінің төменгі ағысын мекендеген.
3. Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) Мұрхаб аңғарын мекендеген.
Сақ тайпалары одақтарының басында көсемдер тұрды, оны патша деп атады. Патшаларды тайпа көсемдерінің кеңесі сайлады. Тайпа көсемдерін оның барлық мүшелері сайлайтын болған. Тайпа ішіндегі аса маңызды ішкі және сыртқы істер халық (вече) жиналысында талқыланып отырды. Оған әйелдер де қатысқан. Қоғамның осындай саяси ұйымын Ф. Энегельс әскери демократия деп атады. Себебі ол кезде соғыстың мәні зор еді. Соғыс тайпа үшін жайылымдық жер мен мал тартып алудың және өздерін сыртқы жаудан қорғап отырудың құралы болды. Көсемдер әскер басы болды да, билік жүргізді. Олар тайпаны қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ол өз тайпасы атынан бітім немесе келісім жасады. Патшалар (көсемдер) рулар мен тайпаларға жайылымдарды, көшіп қонатын жерлерді бөліп берді; ол жерлерді пайдалану тәртібін белгіледі. Жер үшін таластарды шешіп, рулар мен тайпалар арасында қарулы қақтығыстар болмауын қадағалады. Көсем қаза болса, оның сүйегін арбаға салып, ел аралатқан.. Сонымен Сақтар арасында бірте-бірте мүлік теңсіздігі пайда болды. Малға жекеменшік қалыптаса бастады.Қолға түскен тұтқындарды құлға айналдырды. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар: жауынгерлер — сүңгі мен оқ («ратайштар-арбада тұрғандар»), абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар, қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар). Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс — патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды деректері- қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Археологтар зерттеулері Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндік берді Сарматтар. "Сармат" этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды. Сарматтардың бір тайпасы - роксоландар б.з. 1-ғ. Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан. Сарматтар өздері басып алған елдің саяси өміріне мықтап араласқан. Мыс. Б.з.д. 2 ғ. соңында Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста роксоландар скифтерге қосылды. Б.з.д. 1 ғ. Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.д. 49-ж. римдіктер мен сарматтар бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирактарды (сармат тайпасы) жеңеді. Аландар (Оралдың оңтүстік өңірінен шыққандар, сармат тармен туыстас тайпалар) Қара теңіздің солтүстік өңіріне дейін жетеді. Кейін ғұндарға қосылып, Испаниядан бір шығады. Археологиялық ескерткіштері. Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабірін балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған. Екінші кезеңде (орта -Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабір құрылысының түрлері өзгермейді. Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ. Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабірлерге жерленген.