Тарихты оќыту єдістемесі пєнінен ж±мыс баѓдарламасы



бет197/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,08 Mb.
#52193
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   203
Байланысты:
tarih oket odistem umkd

Негізгі ұғымдар: Патриотизм, жеке тұлғаны қалыптастыру, гуманитарлық білім.
Жоспар:
1.Педагогикалық қызметінде тарих мұғалімінің атқаратын
функциясы
2. Қоғамтану мен тарих мұғалімінің дамыту функциясы.
3. Қоғамтану мен тарихты оқып үйренудің тәрбиелік функциясы.
4. Ұйымдастырушылық- педагогикалық білімдері мен іскерліктері.


Мақсаты: Студенттерге тарих пен қоғамдық ғылымдар мұғалімінің жоспарланған моделін көрсету. Мұғалім қызметінің оқытылатын, дамытатын, тәрбиелік пен ұйымдастырушылық функцияларды ашып көрсету.


1.Педагогикалық қызметінде тарих мұғалімінің атқаратын функциясы.
Тарих мұғалімінің мақсаты өз кәсібінің өзектілігін, маңыздылығын, мәнін сезіне отырып, өз кәсіби шеберлігін шығармашылық деңгейде меңгеруге ұмтылдыру.
Білім беру жүйесінде жалпы азаматтық және үлттық негізде жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Бүгінгі мақсат - әрбір жеке тұлғаға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру жэне олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.
Мектеп - жасөспірімдерді қалыптастыратын келешекке жол беретін алтын орда. Мектеп жөнінде: М.Жұмабаев данамыз былай деген: «Қазақтың тағдыры, келешегі, ел болуы да мектептің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді сау, берік, һэм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегімізге тайынбай серттесуге болады. Сондай негізде құра алмасақ, келешегіміз күңгірт».
Ендеше, жаңа типті мектептердің ашылуына байланысты оқу процесінің жаңаруындағы тарих мұғаліміне жан-жақты, жаңалыққа жаны құмар, шығармашылық қасиеті қалыптасқан, жоғары деңгейде өз пәні бойынша білімді меңгерте алатындай жауапкершілік жүктеледі.
Өмірдегі көп мамандықтың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты қажет ететін мамандықтың бірі -мұғалімдік. Олай дейтініміз, мұғалім, әсіресе тарих мүғалімі еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, ол үнемі оқушымен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Мұғалім алдынан бір-біріне ұқсамайтын, әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар мыңдаған шәкірттер өтеді. Сондықтан, мұғалімді әр баланың жан дүниесін танып білуші, әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Тарих мұғалімі күнбе-күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әрқандай кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын-ала сезіп, болжап жэне оның оң шешімін табуға да дайын болуға тиіс.
Осындай күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған тарих мұғалімі өз пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігін таңдаумен бірге Тарих мүғалімінің мақсаты өз кәсібінің өзектілігін, маңыздылығын, мәнін сезіне отырып, өз кәсіби шеберлігін шығармашылық деңгейде меңгеруге ұмтылдыру.
Білім беру жүйесінде жалпы азаматтық және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Бүгінгі мақсат - әрбір жеке тұлғаға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.
Мектеп - жасөспірімдерді қалыптастыратын келешекке жол беретін алтын орда. Мектеп жөнінде: М.Жұмабаев данамыз былай деген: «Қазақтың тағдыры, келешегі, ел болуы да мектептің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді сау, берік, һэм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегімізге тайынбай серттесуге болады. Сондай негізде құра алмасақ, келешегіміз күңгірт».
Ендеше, жаңа типті мектептердің ашылуына байланысты оқу процесінің жаңаруындағы тарих мүғаліміне жан-жақты, жаңалыққа жаны құмар, шығармашылық қасиеті қалыптасқан, жоғары деңгейде өз пәні бойынша білімді меңгерте алатындай жауапкершілік жүктеледі.
Өмірдегі көп мамандықтың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты қажет ететін мамандықтың бірі -мұғалімдік. Олай дейтініміз, мұғалім, әсіресе тарих мұғалімі еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, ол үнемі оқушымен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Мұғалім алдынан бір-біріне ұқсамайтын, әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар мыңдаған шәкірттер етеді. Сондықтан, мұғалімді әр баланың жан дүниесін танып білуші, әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Тарих мүғалімі күнбе-күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмүны әрқандай
педагогикалық - психологиялық өрісін өсіріп отыруға мәжбүр болады. Онсыз ұстаз оқушының қабілетін, қызығушылығын, ішкі қажеттерін сезіп, бағдарлай алмайды, яғни оның шәкірттеріне берген білімі мен тәрбиесі де мазмұнды бола алмайды. Тарих мұғалімінің қазіргі таңдағы алатын орны зор. Мұғалімнің еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Өйткені, ол жас ұрпақтың болашақ тағдыры үшін өзін жауапты сезінеді, оның тэртібі, білімі, қоғамнан алатын орны, адамгершілігі, белсенділігі, іскерлігі үшін күресетін, оның жүрегіне жол тауып, оның жан дүниесінің таза, білімге деген ішкі қажеттілігін оята отырып, баланы білімге ұмтылдырып, талаптандыратын және отан сүйгіштікке тәрбиелейтін - тарих мүғалімі.
Ғылыми педагогиканың негізін салушы Ы.Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы ролін қарапайым, әрі нақтылай айта келіп, кезінде «...Салып жатқан үйдің жақсы болуы, оның іргесінің берік және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісіміз де, қазақ мектептерінің бар келешегі көбінесе, істің қазіргі басталуына байланысты. Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бэрінен де қымбат көремін» - деген пікірі өтпелі дэуірде өз мемлекетінің ірге тасын қалап жатқан қазақ халқының мұғалімге қоятын талабы ретінде естіледі.
Тарих мүғалімінің ерекшелігі деп, эсіресе педагогтің ізденімпаздығын, талмай оқитындығын, білуге деген құштарлығын, артық білуге ұмтылуын айтады.
Тарих мұғалімі жұмысының табысты болуы, белгілі жағдайда балаға деген сүйіспеншілікке байланысты және де өз ісіне деген сүйіспеншілігі арқылы балаға өз пәнінен көбірек мәлімет беруге ұмтылуы болады. Психологиялық - педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда (Ф.Н.Гонобалин, И.В.Страхов, А.И.Щербаков) педагогикалық қабілеттің бірнеше түрін айтады:
1. Дидактикалык қабілет - мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.
2. Академиялық қабілет - мұғалім қабілетінің пән саласына (Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы т.б.) сәйкестігі. Ондай мұғалім өз пәнін ғылым дамуына сай біледі, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
3. Перцептивті қабілет - оқушының ішкі жан дүниесін тани білу. Қабілетті мұғалім оқушылардың сабақ үстіндегі психикалық жағдайын (ренішін, сабаққа қаншалықты әзір, әзер еместігі екенін т.б.) бірден байқауға болады.
4. Сөйлеу (экспрессивті) қабілеті арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты түсінікті етіп, жеткізе білуі. Бұл мұғалім үшін өте маңызды қабілет ерекшелігі.
5. Ұйымдастырушылық қабілеті - сабақты талдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлей білуі, ұжымды дұрыс басқарып, ұйымдастыра білуі, оқу мен тәрбиені дұрыс ұштастыру міндеттерін де оқушыларға бағыт беріп, рухтандыру ісіне басшылық беру, ата-аналармен жұмыс істей білу, сынып ұжымын оқушыларға педагогикалық ықпалды құралға айналдыру, мұғалім өз жұмысын ұйымдастыра білуі.
6. Коммуникативті қабілет - оқушылармен қалыпты дұрыс қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілік жетілдіру.
7. Конструктивті қабілет - оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жүмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықталуы, өз ісіне саналылық, жауапкершілікпен, ойлылықпен қарап педагогтық тапқырлықты таныту.
8. Қолданбалы қабілет - мұғалім өз мамандығына қатынасы жоқ, спорт, оймен келетін шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, көркем өнер, бейнелеу өнер туындыларын білетіндігімен оқушыларды қуанттырып, оларға қатынасу арқылы өз дегеніне жетуге баланы жан-жақты дамыту ісіне үлесін қосуы тиіс.
Қазіргі танда тарих мүғалімінің қызметі инновациялық қызметті меңгеруіне тікелей байланысты. Инновациялық қызмет зерттеушілік, ақпараттық, педагогикалық және үйымдастырушылық, басқарушылық қызметті қамтиды. Кез келген жаңа типтегі мектептің тарих мұғалімі инноватор, яғни жаңалықты игеру үрдісінің авторы.
Мектептің педагогикалық ұжымында тарих мұғалімінің кәсіптік деңгейінің төменгі талаптарына сай болуына талап қойылады:
1. Тарих пәнінен ғылыми - теориялық білімнің тереңдігі.
2. Педагогтық - психологиялық дайындығы.
3. Оқытудың дамыту технологиясын меңгеру.
4. Қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеруі;
5. Жан-жақты білімдарлық, өмірдің әртүрлі саласынан хабардар болуы;
6. Тарих пәнін, соған байланысты ғылымдарды, олардың жетістіктерін, ағымын жақсы білу.
7. Педагогикалық процестерді жобалай және жоспарлай білу:
- оқыту, тәрбиелеу методикасын білу;
- жұмысына шығармашылық көзқарас;
- баланы жете білу, олардың жан дүниесін түсіну;
- педагогтік техниканы меңгеру (қисынды, мэнерлі сөйлей білу);
- педагогтік әдептілікті меңгеру;
- балаға деген сүйіспеншілік пен эәілдікті сезіндіру.
- педагогикалық жағдайларды талдайды;
- оқушыларды ойлауға, жарыс сөздерге түсінуге дағдыландырады;
- жеке оқушылармен, топтармен жекелей жұмыс жүргізеді;
- өзінің іс-әрекетін қадағалау, бағалау тиімділігін дамытады;
- әр оқушымен түсінісе білуі жэне түлға деп санауы;
- қиындықтан қорықпау, еңбек құмарлық, өз ісін сүюі.
Жалпы педагогикалық үрдіс кезінде тарих мұғалімі оқушылардан өз бетінше білім алуға ынталы, өз жұмысын өзі ұйымдастырып, басқара алатын топ құрастыруға талаптануға тиіс. Шәкірт жоғары сапалы білім алуға, тарих мұғалімімен өз ата - анасындай, туыстай қатынаста болуға, оның ар намысына сөз келтірмей сыйлай қарайтын, аялы алақанды сезіп ер жетуге қақылы екендігіне тарих мұғалімі жауапты.
XXI - ғасырдың тарих мұғалімінің болмысы қазіргі таңдағы қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық міндеттердің өзгеруіне байланысты өсіп келе жатқан жас жеткіншектерді дайындауға жаңа талаптар туындауына байланысты өзіндік, педагогикалық шеберлікті талап етеді.
Білім берудің ұлттық болмысына өту жағдайында қазіргі таңдағы мектеп оқытудың және тәрбиелеудің жаңаша психологиялық - педагогикалық диагностиканың тәсілдерін шебер меңгерген, шығармашылықпен ойлайтын, педагог ізденуші, ғылыми ойы бар, патриоттық қасиетке ие, жаңашыл тарихшы педагогты қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет