Таңсық Жұрынқызы Лирикадағы туған жермен тұтастық Көкшетау 2004



бет4/5
Дата11.03.2017
өлшемі1,92 Mb.
#11409
1   2   3   4   5

Қандай көркем, туған өлкем.
Көгілдір тау бір-бірімен белдескен,

Алуан құсы, ару күнмен тілдескен.

Осынау Көкше, қалың нулы орманы,

Сыбдыр қағып, адамдарша үндескен.

89

Оқжетпесім, сексен көл Бурабайым,



Жыр кернейді кеудемді көрген сайын,

Сүйсініп шағын арал Жұмбақтасқа,

Әлсін-әлсін қызықтап қарайлаймын.
Қалың шашты, пәк ару, биші қайың,

Мың бұралған аш беліңнен айналайын.

Осынау Айнакөл мен Шабақ көлдер,

Бейне бір мөлдір түсті күміс айдын.


Өркеш-өркеш төбелер киіз үйдей,

Арасында Бұқпа тау көк кемедей.

Көкше, сенің әр қырың, әр шыңыңа,

Жан өте ме, тамсанып басын имей.


Көкшемнің әр адамы өр, сал-сері,

Ішінде Шоқан атты жиһангері.

Қалайша, Үкілі Ыбырай домбырасы,

Күңірентпес, осынау байтақ қалың елді.


О, туған жер, сені жырлап тынбаймын,

Батады маған, қасіретің де, мұң-қайғың,

Сонау жылдар мойын созған қалмақтар,

Жайында мен бір аңызды жырлайын.


Аңыздың бас тұлғасы - қалмақ қызы,

Бермеген ешбір жанға жай намысты.

Түскенде өз өмірі таразыға,

Үш түрлі батырларға шарт қойыпты.

90

Бірінші орамалды шыңға байлап,



Ерлігін батырлардың ол байқамақ.

Алайда бұл қыз шарты орындалмай,

Басына батырлардың түсті салмақ.
Екінші, қыз шартымен күш сынасты,

Онда да өңкей батыр көп таласты.

Үшінші шартында қалмақ қызы,

Кептер боп өз өмірін жұмбақтады.


Әрине, мыңнан біреу шешен деген,

Өр тұлға Адақ шықты шешем деген.

Қыздың ол жұмбақтаған сырын ашып,

Бүркітті мерт қылады аққу ілген.

Сол қызды сұңқарына табыс қылған,

Қазақта даңқты батыр Адақ болған.

Осылай Көкшетаудың әрбір тасы,

Аңыз боп, ерлікпенен жырға толған.


Бірігіп қазақ пенен қалмақ елі,

Достықтың мінбесіне берік енді.

Арылып зілдей-зұлмат, мол қайғыдан,

Жарасып жүректерді күй кернеді.


Білсін деп осындағы сырды жетік,

Қанықсын, нәр алсын деп, артып үміт.

Бір күні туған өлке өңіріне,

Біздерді Таңсық апай келді ертіп.

91

«Көкшетау» поэмасы - терең теңіз,



Тіл жетіп жырлаған тек Сәкен деңіз.

Ғаламат сұлулықты үйіп-төккен,

Табиғат тартуына бас иеміз.
Ғажабын туған жердің көзбен көрдік,

Сүйсініп аңыздарға сәлем бердік.

Құбылаға басын берген ақ бурамен,

Жеке батыр жайында сыр тербедік.


Әр түрлі мүсін, гранит тас,

Көзімнің құртын алды-ау, ғажайып тас,

Қиялап шақпар тасты қарағайлар,

Өсіпті аспанымен болып сырлас.


Бейне бір жарық жұлдыз, күн мен айың,

Дертке шипа, таза ауа жұпардайын.

Ұласқан, ерлік болып еңбегіңнен,

Бүгін мен зор әсерлер алғандаймын.


Басқа оқушылардың да осындай шығармашылық жұмыстары болды. Суреттер салып тапсырды. Мұндай жұмыстар кабинет жабдықтауға көп көмегін тигізді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Б.Майтанов. «Тарихи тақырыпқа ақындық көзқарас». А.,1995ж.

92

2. Б.Қанарбаева. «Мағжан шығармашылығының фольклорлық



қырлары». А., 1995ж.

3. Е.Ысмайылов «Әдебиет жайлы ойлар». А., 1968ж.

4. Е.Ысмайылов. «Ақын және революция». А., 1964ж.

5. Е.Асқаров. «Батыр Баян туралы бірер дерек». «Жұлдыз». №8.

1989ж.

6. М.Базарбаев. «Көрікті ойдан көркем сөз». А., 1992ж.



7. «Мағжан - азамат, ақын, педагог». Петропавл, 1993ж.

8. Мағжан Жұмабаев шығармалары. А., 1994ж.

9. Р.Нұрғалиев. «Мағжан, Сәкен - қос арыс». А, 1993ж.

10. Сәкен Сейфуллин. «Өлеңдері мен поэмалары». А., 1957ж.

11. С.Қирабаев. «Сәкен Сейфуллин өмірі мен творчестволық жолы».

А., 1974ж.

12. С.Қирабаев. «Революция және әдебиет», мақалалар және

зерттеулер. А., 1977ж.

13. С.Қирабаев. «Талантқа құрмет». А., 1988ж.

14. Т.Нұртазин «Шеберлік туралы ойлар», әдеби-сыни мақалалар. А.,

1968ж.


  1. Е. Ибраһим „Оқжетпес". А., 1973ж.

„Махаббат теңізі» А., 1977ж.

16. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы . №1,2. 1997ж.

93
Ж. МОЛДАҒАЛИЕВТІҢ «МЕН –

ҚАЗАҚПЫН» ПОЭМАСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМДЫҚ ШЕЖІРЕ


Тал бесіктен жер бесікке дейінгі аралықтағы саналы ғұмырын, күллі шығармашылығын халқына арнаған Жұбан Молдағалиев -халқымыздың ақындарының керуен көшінде өз қара нары бар, мәңгілік қазақ атанған ақын. Ақындық жүрек «Мен - қазақпын» деп соғудан бір тынбады. Бүкіл Одақты, дүние жүзін дүр сілкіндірген Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін, 31-желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сол кездегі қанды оқиғаның басты ұйымдастырушысы, бірінші хатшысы Г.В.Колбинмен болған кездесуде: «Мен - қазақпын. Өз халқымды мақтан етемін. Маған оның көп қабатты қатпарлы тарихы қымбат, ал оның бүгінгі күні одан да кымбат. Мен мұндай әділетсіздікке төзе алмаймын. ¥лы Отан соғысында қан кешкенде болашақ ұрпағым солдат етігінің өкшесімен тапталсын дегенім жоқ. Менің ұрпағым нашақор, бұзақы, ұлтшыл емес!» - деп, талайлар бұғып, тілін тістеген уақытта ойын бүркемелемей, тура жолдан таймаған азаматты ұрпағы ұмытпайды.

Білім мен тәрбие - егіз ұғым. Білім - парасаттылыққа, тәрбие - адамгершілікке уағыздайды. Білім мен тәрбие ұштасқан тұста ғана

94

оқу үрдісі нәтижелі болады. Бүгінгі таңда жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық санада білім беруде 10-сыныптағы Ж.Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» поэмасының алар орны ерекше. Поэма - тарихи шындықтың әдеби шежіресі. Сабақта поэманың білімділік, тәрбиелік, тарихи танымдық нәрін танытуды мақсат еттік. Сондықтан да оқушылар-дың материалды меңгеру үрдістерінің психологиялық негіздері төмендегідей т оптастырылады:



1. Окушылардың өзіне өздігінен бақылау жұмысын жүргізуі. Өздері бақылау жұмысын жүргізбесе, өз беттерімен ешбір қорытынды жасамаса, мұғалімнің ауызша баяндауын тыңдау арқылы түйінді мәселелерін анықтауда оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, түсіндіру тиімді екенін тәжірибе арқылы іске асыру.

2. Оқушылардың күнделікті оқу жұмысына саналы зейінмен қарауы, ынталы көзқарасының болуы, материалды тұрақты табандылықпен меңгеруге сенімді болуға төселдіру.

3. Оқушылардың логикалық ойлау операциясын дұрыс жолға қою. Оқу материалын терең түсініп, толық меңгеру үшін оның ішкі заңдылығы мен өзара байланысын дұрыс анықтап, нәтижелі қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Сабақтың педагогикалық тұрғыдан ойдағыдай болуы мұғалім мен оқушының карым-

95

қатынасына байланысты. Теориялық жағынан талапқа сай құрылып, негізгі фактілермен дәлелденген, ғылымилығы логикалық ойлау ынтасын арттыратындай психологиялық жағынан әсерлі болуы көзделді. Оқытуды интегралдау мақсатында «Интеграл сабақ» түрін таңдадық. Мақсатты жұмысымыз іске асу үшін сынып ұжымын екі топқа бөлдік. Бірінші топ «Фактілер сөйлейді», екінші топ «Аңыздар сыр шертеді». Бірінші бағытта-ғылар: Қазақстан территориясын мекендеген ежелгі тайпалардың ата-тегімізге қатысын зерттейді. Біз олардың мұрагерлері болып табыламыз ба? Нақты фактілермен дәлелдейді. Қазақтың бастан кешкен қасіреттері, елдегі аштық, репрессия, соғыс, тың экологиялык апаттар, Семей-Невада, Желтоқсан оқиғаларына қатысты қазақтың мың өліп, мың тірілгенін сандык көрсеткіштер арқылы санаға серпіліс жасайды.



«Аңыздар сыр шертеді» тобы қазақ халқының төркіні «қазақ» сөзінің шығуы жайындағы материалды сұрыптайды. Екі топ та поэманы зерттеп оқып, тарихи тағылымдық ғылыми талдау жұмыстарын жүргізеді.

«Мен - қазақпын» поэмасын талдауға кіріспес бұръш, поэмаға арқау болған қазақ халқы, оның тарих көшінде қалдырған ізі мен алар орны өзіміздің ата-тегіміз, рухани түп-тамырымыз туралы сыр шертеді.

96

Мен - қазақпын, мың өліп, мың тірілген,



Жөргегімде таныстым мұң тілімен,

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген, -

деп, қиналған ақын ағамыздың жүрек сыздатар өлең жолдарының құпиясына терең бойлауды ойластырдық.

Сабақтың білімдік мақсаты:

1. Қазақ халқының түп-қияннан бүгінгі күнге дейінгі тарихи жолын, ата-тегін, рухани тамырын, елдік, бірлік жолындағы күресін таныту.

2. Поэмадағы ата-баба тарихына талдау жасатып, халықтық қасиетті, ұлттық менталитетті көрсетіп, өткеннің өнегесін, кешегіні бүгінгісімен салыстырып, сабақтастыра отыра, оқушының тарихи зердесін ояту.

3. Окушыларды заман, қоғам, саясат тарих таразысына тартып, өзіндік дүниетанымын қалыптастыру. Бабалар қазынасын, рухани эстетикалық мұрамызды бағалай білетін ұлтжанды азамат болып өсуге басшылық жасау.

Мысалы: Қазақ халқын қандай тайпалар мен ұлыстар құрады? - деген сауалға қазақ тарихының зерттеуші этнограф, антрополог, археолог, тарихшы ғалымдарымыздың атынан «фактілер сөйлейді».

Халқымыздың арғы ата-тегі ерте заманда қазіргі казақтардың этникалық территориясын мекен еткен көне сақ, ғүн, үйсін, қаңлы

97

тайпаларынан басталып, түрік қағанаты кезінде ру тайпалардың бірігуінен қалыптаса бастағандығын «Қазақтың шығу тегі» деген плакат арқылы түсіндіріледі.



Сұрақ: «Өздеріңді байырғы сақ пен ғүндардың мұрагерлеріміз деп есептесеңіздер, оны қалай куәлендірер едіңіздер? Қандай нақты дәлелдерің бар?

Парсылар «сақ», гректер «скиф» деп атаған ата-бабаларымыз көшпелі мал шаруашылығымен, бір бөлігі егіншілікпен шұғылданған, олардың көшіп-қонатын көлігі 2,4,6 доңғалақты арбаға ат немесе түйе жеккен. Олар өте батыр жауынгер «қасқа қатал, досқа адал» болған. Сақтардың қайтқан адамды жерлеуінде де өзіндік дәстүрі болған. Қайтқан адамдарға жақсы киім киіндіріп, өзімен бірге қару-жарағын, тұрмысқа қажет басқа да заттарды бірге жерлеген. Бұндай дәстүрдің болғандығын Қазақстан территориясынан табылған археологиялық ескерткіштер дәлелдейді. Мысалы, 1960 жылғы археолог Ф.Х.Арслановтың басқаруымен Павлодар облысының Боровое селосының маңындағы қорымды зерттей келе, біздің дәуірімізге дейінгі мың жылдықта өмір сүрген сақ дәуірінің түрлі бұйымдары табылғандығы дәлел.

1969 жылы Есік қаласының маңынан 17-18 жастағы сақ жауынгері жерленген қорымның құпиясы ашылып, ғылымға «Алтын адам» деген

98

атпен белгілі болғандығы айтылды. Бір күміс зеренің сыртында 26 әріптен құралған екі жол жазу болыпты. Оны аударғанда: «Аға, бұл ошақты саған сыйға тарттым. Дұшпаның алдыңда тізе бүгіп, мерейің әрқашан үстем болсын» деген мағына берген екен. Сақтардың көшпелі өмір салты, ержүрек батырлары мен үлкенді құрмет тұту дәстүрлерінің өзі сақтардың ұрпағымыз деуге негіз болады.



Сонымен бірге көшпенділерде жазу-сызу болмады-мыс дегенді жокқа шығарады. Ата-бабаларымыздың дүние жүзі мәдениетіне қосқан тектілігінің айғағы, теңдесі жоқ мұра -алфавиттік жазуымыздың ертеде-ақ болғандығының дәлелі. Сақ дәуірінің өзінде-ақ жазу мәдениеті дамығанын дәлелдеп отыр. Осы орайда түркі тілінің классификациясы кестесіне назар аударсақ, түркі тілінің Батыс және ПІығыс ғүн тілінен құралатындығы, ал қазақ тілі Батыс ғүнның қыпшақ тіл тобынан тарағандығына көзіміз жетеді.

Осындай бұлтартпас факті - дәлелдер арқылы сөйлеу тілі – түркі тілі мәдениетінің жоғарғы көрсеткіші - түркі жазуы болған, кескін-келбеті европалық нәсілде, көшпелі мал шаруашылығымен, егіншілік, аңшылықпен айналысатын сақтармен шығыстан келген ғүндар - моңғол тектес тайпалардың бір-бірімен араласуынан ҮІ-ҮІІ ғасырларда қазақтың

99

антропологиялық типі қалыптаса бастағанын дәлелдейтін тағылымдық тұжырым жасалды.



Қазақ атауының шығуына байланысты ел арасында сақталған аңыздардан сыр шертеді. XV ғасырда ғана қазақ «халық» атына айналып, этникалық мағынаға ие болды.

1731 жылы Әбілқайыр ханның ықпалымен казақ елінің Ресейге қосылуы, қазақ халқын патшалы Ресей империясының, кейін Кеңес үкіметінің тұсында басыбайлы бодандықта болғандығы да талданды.

Ж.Молдағалиевтің «Мен - қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деген астарлы сөзінде кезінде ашық айтылмаған, тарихи шындықтың қасіретін сыйдырғандығы сабақта талданды. Оны автордың поэмада қалай жеткізгендігі саналы, жан-жақты пікірлесу арқылы қарастырылды.

Поэма неліктен «Мен- қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деп басталады?

Жауап: Қазақ халқының тарихындағы «Ақтаңдақтар» атанған қасіретті 1219, 1723, 1916, 1931-33, 1937-38 жылдардағы алапат қырғындардың зұлмат оқиғалардың ащы ақиқатын таныту үшін осылай басталады. Әрі қарай сол тарихи шындық поэма беттерінен парақталады.

1 .Еділ, Жайық, Ертісті сағаладым,

Үміт көрдім үрейлі орыс атын.

2.Қазағыңмын, алдияр үмітіңмін,

100

Еділ,Жайық, Ертістің күн бетімен



Күн астында күн көру қиындады,

Қуғын шектім, күзендей індетілдім, -

деп Ресейдің ел билігін қолына алған империясы отарлау саясатының басты мақсаты - қазақ жерін өзіне бағындырып алғандағы азапты халін көрсетеді.

Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі басы-байлы боданы болғандығын:

Жазып жүрмін жаңа өмірбаянымды,

Қаныммен, термен, қаламмен,

Ән күйменен,

Жезөкшедей жат тілде шүлдірлейсің,

Күлесің сен орыстың соры алдында, -

деп қазақтың бас бостандығынан айрылған кіріптар кейпін танытады.

Ақын жоғарыда айтылған тарихи шындықты кейде төл сөз бен автор сөзі арқылы да шебер жеткізеді.

- Тоқтат! - деді патшамыз, - қазағы кім?

Қазақ деген жоқ болса азалы кім?

- Қара кырғыз, алдияр онысы бір, -

деп нөкері көбейтті мазақ үнін.
Ақынның поэмадағы:

Өшіп кетіп бір жайда жер бетінен,

Өзге орында балалап өскен елмін, -

деген жолдарын қалай түсіндірер едіңдер?

Бұл жерде ақын ағамыз Кеңес үкіметі жылдарындағы елді жайлаған нәубетті астарлап

101


жазған және Қазақстандағы Голощекиннің «Кіші октябрь» саясатының қырсығынан қолдан ұйымдастырылған аштықтан 2 миллион 300 мың адам қаза тапса, 900 мың адам шетелдерге көшіп, қоныс тепкендігін оқырманға ойлы шабытпен жеткізеді.

Поэмада қазақтың болмысын жалаң суреттеу емес, салт - дәстүрімізбен, тұрмыс - тіршілігімізбен, өмір тынысымыз, болмыс

- бітімімізбен біте қайнасқан бірлікте беріледі.
Мен - қазақпын, қаныммен, сүйегіммен,

Сән - салтанат, салтымды сүйемін мен...


Қонақ келсе, қымыз да, казы да бар,

Құсбек болса, бүркіт те, тазы да бар.


Құнықпаймын дүние - шолаққа мен,

Асым барда қуанам қонаққа мен...


Халқымыздың жауынгерлік салты мен ерлік дәстүрі, ұлттық психологиясы кейінгі ұрпаққа үлгі-ақ:
Жаза алмадым, қайтейін хат білмедім,

Білдім бірақ, найза мен аттың белін,

Ат үстінде ұмыттым кедейлікті,

Ат үстінде өлсем мен шатпын дедім.


Мен – Шыңғыс хан - атыңды өшіремін,

Менмін сені тірідей жерлейтін де...

102

Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым,



Құлап қалсам, атымнан қайта тұрдым.

Сансыз басты диюдай сан тіріліп,

«Мен - қазақпын» дегенді айта тұрдым.

Ж.Молдағалиевтің поэмада қолданған бейнелеу, суреттеу құралдары тың бояумен ойға да, көңілге де қонымды, оралымды қабылданады.

Халықтық мінезді беруде троп түрлерін молынан қолданған.

1. Мен - қазақпын, ажалсыз анамын мен...

2. Мен - қаракөз сұлумын, сайтан қызбын....

Сайрай қалсам, тілімнен бал тамыздым.

3. Пәк сәбимін бесікте уілдеген т.б..

4. Мінезім бар таулардың қатпарындай,

Ән-жырым бар бабалар хаттарындай.

5. Европа да, Азия да емеспін мен,

Аралықпын, жетінші материктей т.б..

6. Көкжиекке соғылған алтын теңіз,

Алтын мұртты бидай ғой әр алқабы.

Ақынның поэмада үлкен шеберлікпен, асқан дәлділікпен халыққа тән мінездің бар қыры мен сырын бір ғана шумаққа сыйдыра білген тұстарын да назарда ұстадық, қуат алдық.

Құшақтасам сүйегім сынды, деме,

Сүйе қалсам, тынысым тынды деме,

103

Жылай қалсам, жұбатпа, мұңды деме,



Сақ-сақ күлсем секіріп, жынды деме.
Поэмадағы қазақтың ұлттық психологиясына ғана тән сипаттарды төмендегіше сұрыптадық.

1. Жанжүрегі көзінен көрінетін халық.

2. Досқа - көл, жауына шөл мінезді халық.

3. Құлай сүйіп, күрт құлайтын халық.

4. Сұлулық пен ән-жырға құмар халық.

5. Қонағына қуанған халық.

6. Жомарттығы, аңқылдақ сенгіштігі шоқпар болып шекесіне

тиген халық.


Ақын ағамыз халқымыздың ежелгі тарихын, болмысын, жан-дүниесін зерттеп қана қойған жоқ. Сонымен қатар, келешек ұрпаққа айтатын ақылын, өсиетін мына үзінділер арқылы жеткізеді:
Республика тізгінін берік ұста,

Су тамызба жауыңның тандырына,

Өлгендерді тірілтіп, өмірлетіп,

Өшкендерді табатын бір ғана біз....

Атымның да кеше ғой таңылғаны,

Оған дейін не таңба таңылмады.

Солар жайлы ойласын ұрпағымыз...

тәрізді үзінділер бойынша жауаптар алынып, ақын өсиеті жас ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі сараланып, әрі қарай қазақ елінің бүгінгі келбетімен байланыстырылды.

104

Кемеңгер жазушымыз М. Әуезовтің: «Әдебиет оқушының ақыл-сезімін тәрбиелеп жетілдіруден басқа, сол оқушыға қазақ деген елдің өткендегісі мен бүгінгі пішінін танытуға керек», - деген салиқалы пікірі «Мен - қазақпын» поэмасын түрлендіріп түп- нұсқасын оқып, оқу проблемасын шешуде жеке тапсырмаларды оқушылардың өздігінен қалай орындайтындығына бақылау жасалынды.



Қ.Мырзалиевтің поэма туралы: «Мен -қазақпын» датасыз тарих, төсқақпайы жоқ мақтаныш, музыкасы жазылмаған халық гимні», -деген пікірін саналылықпен ұрпақ санасында жаңғыртайық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ақшолақов Т. «Көркем шығармаға талдау жасау». А.,

«Мектеп», 1983 ж.

2. Аманжолов Қ. «Қазақ ССР тарихын оқытуда көркем әдебиетті

пайдалану». А., «Мектеп», 1989 ж

3. Байтұрсынов А. «Тіл тағылымы». А., «Ана тілі», 1992 ж.

4. Базарбаев М. «Көрікті ойдан - көркем сөз». «Рауан», А., 1994 ж.

5. Бадрақов Қ. «Жоғарғы кластарда қазақ әдебиетінен

тапсырмалар жүйесі». А., «Мектеп», 1977 ж.

6. Гумилев Л. «Көне түріктер». А., «Білім», 1994 ж.

105


7. «Желтоқсан» 2- кітап. А., «Дәуір» ,1992 ж.

8. Қирабаев С. «Октябрь және қазақ әдебиеті». А., «Жазушы», 1968 ж.

9. Қирабаев С. «Шындық және шығарма».А., «Жалын», 1981 ж.

10.Қозыбаев М. «Ақтаңдақтар ақиқаты». А., «Қазақ университеті»,

1992 ж.

11. Құтқожина Р. «Әдебиетті казақ тілімен байланыстыра



оқыту». А., «Мектеп», 1985 ж.

12. Қасымбеков Ә. «Қазақ тіл мен әдебиетін оқытуды көтерудің

кейбір жолдары». А., «Мектеп», 1989 ж.

ІЗ. Қазақ Совет энциклопедиясі, 4 -том. А., «Ғылым», 1989 ж.

14. Мыңжан Н. «Қазақтың көне тарихы». «Жазушы» А., 1992 ж.

15. Мыңжан Н. «Қазақтың қысқаша тарихы» А., «Жалын», 1994 ж.

16. Молдағалиев Ж. «Шығармалар жинағы» А., «Жалын», 1979 ж.

17. Меңдібаев Ә. «Танымдық мән тасада қалмасын», «Уақыт

және қаламгер» А.,«Жазушы», 1989 ж.

18. Мырзағалиев Қ. «Әдебиет сабағында әдеби теориялық

ұғымдарды оқыту» А., «Мектеп», 1973 ж.

19. Салғарин Қ. «Алтын тамыр». А., «Жазушы», 1986 ж

106

ЛИРИКАДАҒЫ ТУҒАН ЖЕРМЕН Т¥ТАСТЫҚ


Қазақ поэзиясының қасиетті топырағында өлең-жырдың құдіретті өкілдері мен ғүмырлы адамдары бар. Олардың ғүмыры уақытпен, замана еқпінімен өлшенбейді. Олар әр ұрпақпен, әр кезеңмен бірге жасайды. Әр кезеңнің ұрпағы сол ғұмырлылар қалдырып кеткен жүрек үні - жыр жолдарына үңіледі, сырласады.

Халық ұғымында табиғат деген сөз Жер-Ана, туған жер, атамекен сөздері түрінде көбірек айтылады. Халқымыздың мақтанышы болған ғалым, этнограф, зерттеуші жерлесіміз Ш.Уәлиханов былай дейді: «Табиғат пен адам!» Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, одан құпия не бар? Қазактар дүниеге үлкен мән береді. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп санайды. Осы аталғандарды құрмет тұту адам баласына байлық пен бақыт, қуат әкеледі», - деп санайды. Иә, табиғат күллі тіршілік атауының қуатты қоныс-мекені, алтын ұя, тал бесігі екен ғой.

Туған жерге, оның табиғатына арнап көркем шығарма жазбаған ақын-жазушы жоқ шығар. Табиғатты асқан сүйіспеншілікпен, ыстық сезім, шынайы шеберлікпен суреттеген, жас буынның жүрегінде туған жері, байтақ Отаны мен оның

107


әсем табиғатына деген сүйіспеншілік тудыратын мұндай туындыларды Абай, Ыбырай, Шоқан, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Сәкен, Ілияс, Әбділда, Қасым және т.б. ақын-жазушылардың шығармашылығынан мол кездестіреміз.

Қазақ поэзиясында «Сөз өнері» атты үлкен қазына аралына өзінің қысқа ғүмырында өзіндік жыр дариясын ағызып өткен отты жауынгер ақын, ақиық азамат, сезім қылын өзіндік сазымен шерте білген Қасым лирикасының орны ерекше. Себебі лирикалық шығармалар сөз болғанда Қасым өлеңдері одан сырт қалуы мүмкін емес. Әсіресе «Туған жер» атты тақырыпқа арналып жазылған «Туған жер», оның ішінде көгілдір таулы Көкшетау жайлы өлеңдеріне, халықтың туған жермен тұтастығын оқушыларға жеткізу жолдарына арнайы тоқталуды жөн көріп отырмыз. Қасым қысқа ғана ақындық ғүмырына деген толғанысын, өкініші мен қуанышын, болашаққа берген есебін, өзінің жалпы өмірбаяндық бейнесін өлеңдерінде айқын ашып көрсетеді. Өлеңдерінің әр жолынан ақынның үнін естігендей, ақынның қайсар бейнесін көргендей боламыз. Оның қай өлеңін алсақ та, ақынның өз мінезі сыр береді емес пе?! Әсіресе, өзінің аты да айтып тұрғандай, мына «Туған жер» өлеңі Қасымның азаматтык, ақындық тұлғасын анық танытар өлеңмен өрнектелген, сыртқы және ішкі жан дүниесі барынша нақты суреттелген өмірбаяны десек, артық емес.

108

Қасым Көкшетауда болғанында Көкшенің сұлу жерлерін, Оқжетпесті, Жұмбақтасты, Ақшоқыны, Көкше айналасындағы көп көлдің барлығын көреді, бірталай әндер үйренеді, Бурабайда он шақты күн болып, саяхат құрып, Бурабай тақырыбына бірталай суретті өлеңдер жазған көрінеді. Бір күні Қасым курортта бір таныс қызбен екеуі қайыққа мініп Оқжетпесті көруге келеді. Кенет аспанда бұлт ойнап, жел көтеріліп, көлдің бетінде алай-дүлей толқынмен, яғни ажалмен ұзақ алысып жағаға шығады. Қыз есін әзер жияды. Қасымның да өңі құп-қу екен. Қайықты желге қарсы қою арқылы аман қалыпты. «Бурабай толқындары» атты лирикасын осы жағдайға байланысты жазыпты. Көкшенің сұлулығына тәнті болған Қасым қайтсем де бұрын-соңды Көкшені жырлаған ақындармен жарысқа түсіп, олардан асыра бір поэма жазам деген сертпен қайтады. Қысқа ғұмыр арманына жеткізбейді.



Иә, туған жерсіз адам өмірінің еш мәні жоқ. Оның тіршілігі қызықтырады. Әрдайым көңілі алаңдап, аңсары соған ауа береді. Туған жер магнит тәрізді. Қайда болсаңыз да өзіне тартып, сағындырады. Бұл - оның қүдіретті күші. Туған жер алдында кез-келген адам дәрменсіз, әлсіз. Өйткені ол - туған жер перзенті, соның топырағынан жаралған. Сондықтан да оның топырағын сағынады.

109


Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,

Ағашты, биік таулы жерлері бар.

Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын –

Меймандос, берекелі елдері бар, -

деп С.Сейфуллин жырлаған сұлу Арқаның шүйгін бір арнасы Нұра, Есіл өзендері мен Ор, Аба тауларының баурайы қиялын тербеп, ақындық өнеріне шабыт берген, кір жуып, кіндік қаны тамған өлкесі туралы шабытты жырын оқыған адам өз өлкесін көріп, поэзиядағы туған жер тұтастығын таниды. Көкшетаудың сұлу табиғатын, алтын кесе аясындағы көлдерін, карағайлы-қайыңды биік тауларын, берекелі жерін, меймандос елін еріксіз көз алдыңа әкеледі.

Сан мыңдаған оқушы рухани азық тауып, жердің қадір-қасиетін, Жер-Ананың құндылығын ұғынып, салауатты өмірге бет бұрады. Себебі, өлең оқушы бойындағы елге, оның табиғатына деген қасиетті сезім қылын шертіп, әсемдік эмоциясын жандандырып, моральдік сезімін ұштай түседі. Мұндай сезімді психологтар эстетикалық сезімдерге жатқызады. Эстетикалық сезімдер оқушылардың әдемілік пен әсемділікті көре, тани, қабылдай білуіне байланысты біртіндеп дамиды. Олардың біреуінде күшті, біреуінде азырақ болуы әр оқушының интеллектуальдық (танымдық) сезімдеріне байланысты.

110

Лирикалық туындыларды оқытуда өлеңнің жеке компоненттерін таныту - әдебиет сабағындағы басты мәселе. Өтілейін деп отырған лирикакың түрі анықталып, тақырыбы ашылуы қажет. Шығарманың идеясы - оның өзегі. Тақырып идеяға жетектейді, идея тақырып тудырады. Идея мен тақырып бірлікте қарастырылады.



Лириканың басты қаһарманы - ақын. Лирикалық қаһарман толғанысы - жұмыр басты пенденің бәріне тән, жақын, ортақ өмір. Лириканың қадірі да оның жинақтаушылық сипатында.

Композиция. Композициясыз өлең болмайды. Өлеңнің композициялық құрылымын құрайтын бөлшектері анықталады.

Лирикалық туындының тіліне талдауда: автор тілі, кейіпкер тілі, поэтикалык тіл (бейнелеу құралдары мен суреттеу құралдары), поэтикалық синтаксиске орай оқушы білімі зерделенеді.

Сонымен бірге пейзаждық лириканы өтер алдында оқушыларды табиғат аясына экскурсияға шығарып, ақын-жазушы жырлаған сол бір көріністі бала назарынан өткізуге де болады. Сонда оқушы өзінің көргені мен білгенін, бақылағанын ақын салған өрнектерімен байланыстыра отырып, қабылданғанын айтып береді. Сөз жоқ, ондайда оқушылардың лирикалық шығарма туралы түсінігі кеңейіп,

111

эстетикалық талғамы арта түседі. Мәтінді оқып- үйренуге байланысты жүргізілетін жұмыстардың түрлеріне байланысты амал-тәсілдер түрленеді. Оларды сабақ мақсатына қарай ретін тауып орналастыра білу мұғалімнің шеберлігі.



Өз жүректерімен өлең жолдарын өзі туған өлкенің құдіретті қасиетінен үндестік тауып, сезінуге амал іздеуді екі салада іске асыруға болады. Бірі -қасиетті Бурабайға саяхат жасау, екішпісі - «Сен өз өлкеңді білесің бе?» деп, Көкшетаудың бұрынғы, бүгінгі келбетін тарихи шежіре материалдар бойынша сыр шерттірту.
Енді нақты сабағымызға бет бұрайық.

8-сынып.


1 сағат берілген.

Сабақтың тақырыбы:

Қ.Аманжоловтың «Туған жер» өлеңіндегі туған жермен тұтастық (1946 жылы жазылған).

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты:

«Туған жер» өлеңінің тақырыбы, идеясынан берік дағды беріп, лирикадағы туған жермен тұтастықты таныту.

2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың танымдық-шығармашылық ойын дамыту, өздігінен ізденуіне мүмкіндік тудыратын проблемалық ситуация тудыру.

3. Тәрбиелік мақсаты:

112


Ақынның туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігін, оны берудегі ақындық шеберлігін үлгі ету, эстетикалық талғамдарын ұштап, өзін қоршаған ортаны бақылап, қадірлеп, қастерлеуге баулу.

Сабақтың түрі:

Жаңа білім үйрететін сабақ.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:

1. Әңгіме, лекция әдісі.

2. Мәтінмен жұмыс.

3. Түсіндірмелі әдіс.

4. Проблемалық сипаттағы сұрақтар.


Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:

  1. Портрет (Мәди - Қасым).

  2. Плакат.

  3. Буклет.

  4. Күй-табақ.

  5. Өмірбаяндық карта.


Сабақта қолданылатын қосымша материалдар:

1. Т.Ақшолақов. «Көркем шығармаға талдау жасау» - 51-бет. А.,

Мектеп, 1965ж.

2. Ә.Танабаев. «Әдебиет сабағында оқушыларды табиғатты сүюге

тәрбиелеу». -А., Мектеп, 1980 ж.

3. Қ.Мырзағалиев. «Мектепте әдебиет теориясы ұғымдарымен

таныстыру» - А., Мектеп, 1974 ж.

4. З. Қабдолов. «Сөз өнері» - А., Қазақ университеті, 1992 ж.

113

5. Қ.Аманжолов. Шығармаларының төрт томдығы.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет