Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз


жер биосферасын құрудағы өсімдіктердің ролі



бет64/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

6. жер биосферасын құрудағы өсімдіктердің ролі
Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера  шекаралары. Биосфера — тірі организмдердің осы уақыттағы немесе өткен уақыттағы әрекетінен пайда болған Жер қабықшасы. Қазіргі уақытта тірі организмдер кездесетін биосфераның бөлігі қазіргі заман биосферасы деп аталады. Биосфера туралы түсінік
/Экология /Биосфера туралы түсінік
Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера  шекаралары. Биосфера — тірі организмдердің осы уақыттағы немесе өткен уақыттағы әрекетінен пайда болған Жер қабықшасы. Қазіргі уақытта тірі организмдер кездесетін биосфераның бөлігі қазіргі заман биосферасы деп аталады.
Биосфера термині алғаш рет 1875 жылы аустриялық геолог Э. Зюсс өз еңбегінде, жер бетін қаптайтын жұқа қабықты сипаттау үшін қолданылған. Кейінірек орыс ғалымы В.И. Вернад­ский біздің планетаның ғаламдық жүйесін сипаттау үшін қолданған болатын. Ол өз еңбегінде, «Тірі зат», бүкіл биосфераның ішіне өтіп, оны қайта құрады», — деп жазған. Биосфе­ра үш фазада: сұйық, қатты және газ заттар арқылы бөлімдердің беткейлері арасында өтеді, күн сәулесінің күшті радиациясы салдарынан зат пен энергия арасындағы белсенді зат алмасу жүреді, ол тіршіліктің пайда болуына және ары қарай дамуына бастама береді. Биосфера литосфераның жоғары қабатын, гидросфера,тропосфера және стратосфераның төменгі қабаттарынан тұрады.

Литосфера биомассасы негізінен өсімдіктермен пайда болған. Жануарлар мен микроорганизмдер үлесі оның суммарлық көлемінің 0,8%-ды құрайды. Биомассаның негізгі бөлігі оның беткейлік қабатында жинақталған, қалыңдығы бірнеше сантиметрден 2-3 метрге дейін болады. Өсімдіктер тамыры және оны мекен етушілер өте тереңге енеді. Жер қыртысының жырақтарынан анаэорбты бактериялар 2-3 км және 1-2 км мұхит тереңдігіне дейін түседі. Мұнай скважиналарынан анаэробты бактериялар 7,5 км тереңдіктен де табылған.


Топырақта өсімдіктерге қажетті биогенді иондар жеткілікті түрде кездеседі. Грунтта сапрофагтардың детритті тізбектері пайда болады, олардың әрекеті салдарынан детрит гумусқа айналады. Гумус коллоидты күйде болады. Оның жеке бөліктері лайға, өзге топырақтардың минералды бөліктеріне жабысады да, минералды-гуминді кешен түзеді.
Гумификация процестерімен қатар минералдану процестері қатар жүреді. Редуценттер органикалық қосылыстарды бейорганикалық түрге айналдырып, оның құрамында өсімдіктерге қажетті минералды заттардың мол қорын жинақтады.
Топырақ түзілу барысында топырақ профилінде көрінетін кеңістік қабат байқалады. Оны түрлі тереңдіктерден алынған үлгілерді зерттеу арқылы анықтайды. Топырақ профильдерінің негізгі 3 қабатын ажыратады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет