9. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ОҚИҒАЛАРЫ
9.1. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағандары немесе тиісінше орындамағандары үшін, егер олар еңсерілмейтін күш салдарынан: табиғи зілзала; әскери әрекеттер; террорлық актілер; Жеткізушімен қадағаланбайтын; газ тасымалдау жүйесіндегі немесе газ иесі болып табылатын өндірушілердегі апаттар мен авариялық жағдайлар; газ тасымалдауға ықпал ететін үкіметаралық келісімдер; газды шектеуге ықпал ететін, мемлекеттік органдардың құқықтық актілері мен іс-әрекеттері салдарынан болса, жауапты болмайды. Бұл жағдайда бірде-бір Тарап шығындарды өтеттіруге құқылы болмайды. Кез келген Тараптың талабы бойынша, бұл жағдайда, Шарт бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте, Тараптар еңсерілмейтін күш жағдайлары басталғанға дейін туындаған, Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан босатылмайды.
Еңсерілмейтін күш жағдайлары басталған жағдайда, Тараптар олар басталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күннің ішінде бір-біріне ол туралы хабар береді, Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымымен расталған, төтенше оқиға жағдайларының басталған күнін анықтайтын және сипаттайтын жазбаша хабарламаны пошта арқылы береді немесе тапсырады.
9.2. Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелері тек Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерді орындауына кедергі келтіретін жағдай деңгейіндегі мерзімге ғана тоқтатылуы мүмкін.
Егер еңсерілмейтін күш жағдайлары 3 (үш) немесе одан көп айға созылса, әр Тарап шартты бұзуға болжаған күннен 20 (жиырма) күнтізбелік күн бұрын келесі тарапқа алдын ала хабарлаған жағдайда, Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте, Тараптар 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде Шарт бойынша өзара есептесу жүргізуге міндеттенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |