Тауарлық газды бөлшек саудада өткізу шарты Орал қ. 2018 ж. «ҚазТрансГаз Аймақ»


ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



бет9/23
Дата19.05.2020
өлшемі102,08 Kb.
#69525
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
2 дог комбыт 2018 (3)

6. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

6.1. Тұтынушы:

1) Шартта белгіленген сападағы және айтылған сандағы Газды алуға және пайдалануға;

2) заңнамада белгіленген тәртіпте Газ бағасы туралы ақпаратты алуға;

3) Шарттарды жасауға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына өтініш білдіруге;

4) Жеткізушіге бір ай бұрын Шарттың бұзылатыны туралы хабарланған және Газ жеткізу үшін толық төлем жасалған жағдайда, Жеткізушімен жасалған Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.

6.2. Тұтынушы:

1) осы Шарт талаптарына сәйкес төлемді/алдын ала төлемді толық көлемде және уақытылы жүргізуге;

2) Газды пайдалану кезінде техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жеткізушімен белгіленген техникалық талаптарды орындауға;

4) Газды Шарт талаптарына сәйкес пайдалануға, оның тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге, газ тұтыну режимін және оперативті-диспетчерлік тәртіпті сақтауға;

5) Шартты бұзатын жағдайда, осы Шарт бойынша толық төлем жүргізіп, Жеткізушіге Шарт бұзылғанға дейін бір ай бұрын кешіктірмей хабарлауға;

6) объектілердің үздіксіз жұмысының бұзылуын болдырмау үшін резерв ретінде басқа отын түрлері орнатылған тұтынушыларда қажетті мөлшерде резервті (апатты) отын түрі болуы тиіс және қажеттілік болған жағдайда, энергиямен қамтамасыз ететін қосымша резерв көзі ретінде оны іске қосуға міндетті;

7) Жеткізушіге өндірісті жоспарлы тоқтау туралы осындай тоқтату болғанға дейінгі 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын хабарлауға;

8) Жеткізушінің диспетчерлік пунктіне тәулігіне жеткізілген газдың көлемі, оның тәулікттік орташа қысымы, температурасы және қысым айырмасы туралы ақпаратты беретін өзінің жауапты тұлғасын тағайындауға;

9) ай сайын, айдың 25-шы күніне дейін осы Шарттың 5.9-тармағына сәйкес салыстырып тексеру актілеріне қол қоюға міндетті.

6.3.Жеткізуші:

1) Газ жеткізу үшін төлемді/алдын ала төлемді толық көлемде және уақытылы алуға;

2) Газдың тұтынылуына және жеткізілген Газ үшін төлемнің/алдын ала төлемнің уақытылы төленуіне бақылау жасауға;

3) осы Шартпен көзделген жағдайларда Газдың жеткізілуін тоқтатуға;

4) Тұтынушыдан газ жабдықтарының және Газды есепке алу аспаптарының қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуді талап етуге;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тұтынушымен газ тұтыну режимін сақтау үшін міндетті техникалық талаптарды белгілеуге;

6) Тұтынушы нақты қойылған шот-фактура бойынша төлемді 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен аса өтемеген жағдайда, Тұтынушы туралы барлық қолында бар ақпаратты «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» ҚР Заңыцна сәйкес Кредит бюросына беруге.

6.4. Жеткізуші міндетті:

1) Шартпен белгіленген мерзімде жеткізілген Газдың сапасына және санына бақылау жасауға және есеп жүргізуге;

2) тұтынылатын Газ көлемдерін бақылауға;

3) осы Шарттың 5.5-тармағына сәйкес ай сайын Тұтынушыға шот-фактураларды беруге;

4) Газды жеткізуге ықпалын тигізетін кез келген төтенше жағдайлар немесе авариялар туралы Тұтынушыға дереу хабарлауға, сонымен қатар Газды жеткізуді тұрақты ету үшін барлық қажетті іс-әрекеттерді қабылдауға;

5) Тұтынушыға немесе оның уәкілетті өкіліне Газды жеткізу мәселелері жөніндегі ақпаратты беруге міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет