ШАРТТА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР
Шартта келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
1) тауарлық газ (бұдан әрі – Газ) - құрамында метаны басым көмірсутегілердің газ тәріздес күйде болатын, шикі газды өңдеу өнімі болып табылатын және құрамдастарының сапалық және сандық құрамы бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін көпқұрамдас қоспасы;
2) есепке алу аспаптары – мынадай функцияларды: газды өлшеуді, жинауды, сақтауды, оның шығысы, көлемі, температурасы, қысымы және аспаптардың жұмыс уақыты туралы ақпарат көрсетуді орындайтын өлшеу құралдары мен басқа да техникалық құралдар;
3) газ беру пунктi – газды есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша Тұтынушыға немесе оның өкілетті өкіліне газды беру жүзеге асырылатын, осы Шарттың №1 Қосымшасында көрсетілетін, Газ тасымалданатын пункт;
4) есеп айырысу кезеңі- жеткiзiлген газ үшін Жеткiзушi мен Тұтынушы арасында өзара есеп айырысу жүргiзiлетiн, жеткізілген газ көлемі анықталатын, кезең. Тараптармен келісілген есеп айырысу кезеңi Шартта көрсетіледi;
Достарыңызбен бөлісу: |