Тауарлық газды бөлшек саудада өткізу шарты Орал қ. 2018 ж. «ҚазТрансГаз Аймақ»



бет6/23
Дата19.05.2020
өлшемі102,08 Kb.
#69525
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
2 дог комбыт 2018 (3)

3. ГАЗДЫ ЖЕТКІЗУ ТӘРТІБІ
3.1. Тұтынушы бірыңғай газ жүйелерінің объектілерін, аспаптарын және жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаған жағдайда, газ құбырлары, жабдықтары, құрылғылары және есепке алу аспаптары тиісті техникалық (түзу) жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына, стандарттарына және нормативтеріне сәйкес болған жағдайда, Тұтынушыны газбен қамтамасыз ету жүргізіледі.

3.2. Егер Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық келісімдермен басқа талаптар бекітілмесе, Жеткізушімен Тұтынушыға жеткізілетін газдың сапасы физика-химиялық көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасында қабылданған стандарттарға және нормативтерге сәйкес болуы тиіс.

3.3. Даулы жағдайда, Газдың сапасы екі жақтың бірлесіп газды талдауға алуы және тиісті акт құрып, оны тәуелсіз зертханада талдаудан өткізуі арқылы анықталады. Бұл ретте Газдың талдамасын жүргізуге байланысты шығындарды Тұтынушы көтереді.

3.4. Газды жеткізу №1 Қосымшада көрсетілген, Тараптармен келісілген кесте бойынша жүзеге асырылады. Жеткізуші жеткізуге міндетті, ал Тұтынушы Газды жеткізудің белгіленген орташа тәуліктік нормасы шеңберінде айдың ішінде газды бір қалыпты алуға, ал қажет болған жағдайда, тараптардың келісімі бойынша - диспетчерлік кесте бойынша алуға міндетті.

Газды жеткізудің (тұтынудың) орташа тәуліктік нормасы Газды жеткізудің (тұтынудың) орташа тәуліктік нормасынан 5 % (бес пайыз) аспауы тиіс. Газ тұтынудың орташа тәуліктік нормасы 5 % (бес пайыз) артқан кезде, Жеткізуші ол туралы Тұтынушыға ескерткен сәттен бастап 3 (үш) сағат өткен соң, Газды жеткізудің (тұтынудың) орташа тәуліктік нормасына дейін Газдың жеткізілуін мәжбүрлеп шектеуді жүргізуге құқылы болады.

Бұл ретте, Жеткізуші осы жағдайда Газ жеткізуді қысқарту нәтижесінде келтірілген қандайда бір шығындар мен залалдар үшін жауап бермейді.

3.5. Айлық Газ жеткізу көлемі осы Шарттың №1 Қосымшасында көрсетілген, келісілген көлемнен 5% (бес пайыздан) артық ауытқыған кезде, Тұтынушы ағымдағы айдың 15 (он бесіне) дейінгі мерзімде поштамен, курьер немесе факсимальді байланыс арқылы Жеткізушіге ауытқулар негіздемесімен келесі айға Газ жеткізуге арналған өтінімді (бұдан әрі - Өтінім) жолдайды.

Егер Газ жеткізу айы басталғанға дейін Жеткізуші Тұтынушыға Өтінімге сәйкес газдың жеткізілу мүмкіндігі жайлы жазбаша растаса, келесі айға газ жеткізуге арналған Өтінім Жеткізушімен қабылданды деп танылады.

Келесі айға арналған Өтінім болмаған жағдайда, Газ Жеткізушімен №1 Қосымшаға сәйкес жеткізіледі.

3.6. Газ жеткізу айының ішінде Жеткізушімен расталған Өтінімге сәйкес көлемді немесе келісілген айлық көлемді түзетуге рұқсат етіледі. Бұл ретте, Тұтынушының Газ жеткізу көлемдерін өзгертуге (бұдан әрі - Түзету) арналған жазбаша түзету өтінімі Жеткізушімен ағымдағы айдың 20 (жиырмасыншы) күніне дейін қарауға қабылданады. Сонымен қатар, Жеткізушімен келісілген газ көлемі толық алынбаған/артық алынған жағдайда, Тұтынушы міндетті түрде растама құжаттардың көшірмелерін беріп, газ көлемінің ауытқушылық себебін көрсетеді.

Жеткізуші Тұтынушының Түзетуін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күннің ішінде Газ жеткізу көлемдерін өзгерту жөніндегі шешімі туралы Тұтынушыға жазбаша растайды немесе бас тартады.

3.7. Газ ай ішінде тұтынушының Газ жеткізуге арналған Өтініміне сәйкес Газды тұтынудың орташа сағаттық нормасына сәйкес, ал өтінім болмаған жағдайда - №1 Қосымшада көрсетілген Газды жеткізудің айлық кестесіне сәйкес жеткізіледі.

3.8. Газды жеткізудің көлемдері және мүмкіндігі магистральдық газ құбырларының және газ тарату жүйелерінің өткізу қабілеті есебімен анықталады.

3.9. Жеткізуші келесі жағдайларда:

1) Тұтынушы газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздік ережелерін бұзса;

2) Тұтынушы өз бетімен газ жабдықтарын қосса;

3) газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің техникалық ақауы болса, бұзушылықтар жойылғанға дейін Тұтынушыға Газ беруді біржақты тәртіппен тоқтатады.

3.10. Жеткізуші газ тасымалдау жүйесіндегі жабдықтарды жөндеу және жаңа Тұтынушыларды қосу бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу үшін Газ беруді тоқтату туралы Тұтынушыға газ беру тоқтатылғанға дейін 48 (қырық сегіз) сағат бұрын ескертеді.

3.11. Жеткізуші келесі жағдайларда:

1) осы Шартпен белгіленген жағдайларда және тәртіппен жеткізілген Газ көлемі үшін дебиторлық берешек болса;

2) Жеткізушінің өкілдері газ құбырларына, газ жабдықтарына және есепке алу аспаптарына жіберілмесе, Тұтынушыны алдын ала ескерте отырып, Газ беруді тоқтатады. Газдың берілуін тоқтату Жеткізушімен Тұтынушыға жазбаша хабарлама жолданған күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік күннен ерте емес уақытта жүзеге асырылады.

3.12. Тұтынушы Шарттың 3.9., 3.11 және 5.1-тармақтарында тізімделген, Газдың берілуін тоқтататын себептерді жойғаннан кейін, сондай-ақ Тұтынушы Шартқа сәйкес берешектерді, айыпақы төлемдерін, газбен жабдықтау жүйесінен ажырату және қосу төлемдері төлегеннен кейін Газдың берілуі жаңартылады.

Жеткізуші Газды қосу жоспарланған күн туралы Тұтынушыға газды жеткізуді қайтадан бастау туралы шешім қабылданған күні хабарлайды. Тұтынушыны ажырату себептері жойылғаннан кейінгі Газды жеткізуді қайтадан бастаудың шекті мерзімі Газды жеткізуді қайтадан бастау туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күннен аспауы тиіс.

Осы Шартта қарастырылған негіздер бойынша Газдың жеткізілуі қысқартылған немесе тоқтатылған кезде, Жеткізуші Газ жеткізуді тоқтатуға немесе қысқартуға, ажыратуға байланысты Тұтынушының шығындарына және залалдарына ешқандай жауапты болмайды.

3.13. Авариялық жағдайлардың және өзге еңсерілмейтін күш жағдайларының салдарынан газдың жеткізілуі шектелген жағдайда, Жеткізуші газбен жабдықтаудан тұтынушыларды ажырату кезектілігін белгілеуге шейін, тұтынушыларға Газды жеткізуді шектеу кестесін бекітеді

Бекітілген кестелер Тұтынушыға Жеткізушінің диспетчерлік қызметі арқылы 8 (7112) 284246 телефонымен хабарланады.

3.14. Тараптар Газды жеткізуге және қабылдауға тікелей қатысы бар, газбен жабдықтау жүйесінде туындауы мүмкін немесе туындаған авариялық және апат алдындағы жағдайларға байланысты оқиғалар туралы бір-біріне дереу хабарлайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет