Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет233/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

Саралап оқыту тәсілі.
Саралап оқыту тәсілі 
– 
білім алушы
-
лардың 
әртүрлі топтары үшін оқу үдерісін
мамандандыруды, білім алушылардың 
ерекшеліктерін есепке алу мақсатында әртүрлі топтар үшін әртүрлі оқыту 
жағдайларын жобалайды. Саралап оқыту тәсілі әр
-
түрлі білім алушылар 
тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшін ар
-
найы оқыту әдістерін және іс
-
әрекеттерді
саралау тәсілдерін кіріктіре
-
ді. Күрделілігімен, оқу
-
танымдық 
қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін 
сараланған тапсырмалар
-
ды қолдану 

сараланған оқу іс
-
әрекеттерін 
ұйымдастырудың шарты болып табылады.
Құзыреттілік тәсілі
Құзыреттілік тәсілдің мақсаты дәстүрлі емес 
және типтік жағдаяттарда шешім қабылдау және іс
-
әрекет жасау, өз 
мақсатын анықтай алу дағдыларын меңгеру болып табылады

Жүйелі-әрекеттік тәсілі

Жүйелі
-
әрекеттік тәсілі білім алу
-
шының
оқу әрекеттерін өз бетінше ұйымдастыру негізінде құрылады, оларда 
әмбебап оқу әрекеттері жүйесін қалыптастыру мен дамыту мүмкіндігін 
қамтамасыз етеді. Ол өз бетімен оқу, өздігінен даму, өз
-
дік ұйымдастыру 
режимінде оқу үдерісін
ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Жүйелі
-
әрекеттік тәсіл курстың тарауларын жеке
-
жеке емес, өзара 
байланыста оқуды ұсынады.
Интегративтік тәсіл.
Білім алушыларды дамытуға арналған 
интегративтік тәсіл
барысындағы оқыту үдерістерге
әртүрлі құралдар мен 
бірнеше іс
-
әрекеттерді біріктіру қағидатына сай құрылады. Интегра
-
тивтік 
тәсілге көптеген белсенді қозғалыс түрлері жатады: сергіту сәт
-
тері, 
театрландырылған ойындар, қозғалыс үзілістері (кідіріс). Интег
-
ративтік
оқыту тәсілі білім алушылардың сөздік қорын кеңейтуге, коммуникативтік 
біліктіліктерін дамытуға, эстетикалық талғамдарын дамытуға, көркемөнер 
туындыларын түсіну және бағалауға мүмкіндік береді. Аталған оқыту тәсілі 
психикалық процестерге әсер етіп қиын
-
дықтарды жоюға, оқу материалын 
тиімді, қолжетімді, жаңа деңгейде қабылдауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет