«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет92/139
Дата21.07.2020
өлшемі0,73 Mb.
#63631
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   139
Дәріс №30

Тақырыбы: Құжаттарды жүйелеу.

Дәрістің мақсаты: Құжаттарды жүйелеу технологиясын анықтау

Дәрістің мазмұны: Құжаттарды жүйелеу арнаулы жұмысшы КБЖ кестесі бойынша жүргізіледі. Нақты кітапхана КБЖ кестесін өзінің қорының мазмұнына кітапханашы қамтитын ауданның шаруасына, қорды пайдаланудың сұранысына байланысты КБЖ кестесіндегі қажетті нұсқалық таңбаларды белгілеп алады. Белгілеген кезде қолданылатын нұсқалық таңбаларды,сөрелік нұсқалық таңбаларды және каталогтік нұсқалық таңбаларды сөре үшін қажет және қолданылатын нұсқалық таңбалар жүйелік каталог үшін қажет екендігі әрбір нұсқалық таңбаның тұсында П немесе К әріптері қойылып белгіленеді. Ал белгі қойылмаған нұсқалық таңбалар әзірше құжаттарды жүйелеуге қрлданылады. Қажет жағдайда жұмысшы кестесінде көмекші типтік бөліну нұсқалық таңбалар арқылы қосымша нұсқалық таңбалар КБЖ кестесіне жаңа бетке жазып қосылады немесе кестенің өзінде тиісті беттерге қосып жазады. Жұмысшы кестесін нақтылап отыру ұдайы жүргізілетін процесс кестесінің бір басылымын екіншісіне өту кезеңінде кесттенің мазмұнын қайтадан қарайды.

1.Құжаттарды талдау-дегеніміз онымен танысу арқылы негізгі жіктік сипаттаудан тауып бағалау деген сөз. Құжаттардың мазмұнын білуге онның барлық элементін талдауға көмектеседі.Құжатқа библиографиялық сипаттама жазу үстінде талдау жүргізіле бастайды. Кітаптың титулды бетінде және оның арт жағында құжаттың шығу мәлімдемесінде берілген мәлімдемеге көңіл аударады. Құжатты талдаудың алгоритімді бірнеше кезеңнен тұрады, онымен жан-жақты танысуды қамтамасыз ету үшін талдауды біртұтас бағдарлама бойынша жүргізу қажет. Әртүрлі құжаттың ерекшеліктеріне байланысты оларды талдаудың бағдарламасы әр түрлі болады. Мысалы: кітапханадан брашуралар үшін бағдарламаға титуль бетінің мәліметімен бірге баспа аннотациясы мен басқа нұсқалық таңбасы кітаптың соңында берілген мазмұны, кріспе, мақала,алғысөз, соңғы сөз, көмекші көрсеткіштер, әдебиеттер тізімі, сурет материалдары т.б енеді. Талдау үстінде жүйелеуші кітаптың негізгі тақырыбын, пәнін, оның қаралу тұрғысын, білім саласын құжаттың мақсаты мен кімге арналғаны анықталады да сөз түрінде бір немесе бірнеше сөз тұратынsy шамалап жіктелетін шешім қабылдайды.

Құжатты талдау- күрделі ойлау операциясының жиынтығы. Кітапхананың өзінде берілген баспа нұсқалық таңбасына да сын көзбен қарау қажет. Қажет жағдайда жүйелеуші құжаттарды талдау үстінде әдістемелік және анықтамалық аппаратты жалпы және жеке білім салалары бойынша әдебиеттерді жүйелеудің ережелері берілген құралдар. Әртүрлі ЖОО-дардан орта оқулықтарына арналған оқу құралдары, жүйелеу жөнінде әдістемелік кеңестер берілген журнал мақалалары. КБЖ кестесінің соңында берілген кітапханашыларға арналған әдістемелік нұсқаулар,жүйелік каталог оған жасалған алфавит және пәндік көрсеткіш, мақаланың жүйелік картасы тағы басқалар әдістемелік аппаратқа жатады. Әдістемелік материалдарды кітапхананың өзі де әзірлейді. Мысалы: кітапханада жүйелеудегі әдістемелік шешімдерді картотекалардан жасайды. Бұл картотека да белгілі бір сұрақ немесе мәселе бойынша әдебиеттерді осы кітапханада қалай жүйелеу керектігі жөнінде шешімдер беріледі.

Анықтамалық аппаратқа түрлі анықтамалық басылымдар фактографиялылық картотека , энциклкпедиялар жылдық басылымдар ,түрлі сөздіктер ,орыс тілінің және шет тілінің сөздіктері ,терминалогиялық сөздіктер, географиялық жаратылыстар, картотектар т.б жатады. Бұларды жүйелеуші құжаттың мазмұнын талдау процесінде оның мазмұнын дұрыс талдап, дұрыс жіктік шешім қабылдайды. Жүйелік процесінде кейде мамандардың көмегіне сүйенеді. Мысалы: сөздіктерден табылған кейбір жаңа терминдер кездесуі мүмкін немесе кітап басқа тілде жазылуы мүмкін, мұндай жағдайда кітапханашы кітапханашының басқа қызметінен немесе маман оқырманнан кеңес сұрайды. Құжаттарды талдаудың келесі кезеңіңде жүйелеуші оны каталогта қай жерде бейнеленетінді шешеді. Сөздік формада қабылданатын жіктік шешімнен келесі кезең жіктік нұсқалық таңба беруге көшеді. Ол үшін жүйе КБЖ естесінен тиісті бөлімінен лайықты нұсқалық таңба іздеуді немесе оймен түйіндеген түсінікті алфавиттік көрсеткіштен іздеуді немесе жіктік шешім қабылдау құжатқа кесте бойынша сөрелік немесе каталогтік нұсқалық таңба беру деген сөз. Кейде мазмұны бірнеше нұсқалық таңбадан тұратын арасына тлюс белгісі қойылған толық нұсқа беріледі. Мұндай жағдайда негізгі мазмұны бойынша басылымырақ қаралған сұрақ бойынша негізгі нұсқалық таңба анықталуға көп көңіл бөлінеді. Негізгі нұсқалық таңба бірінші орында тұрады және кітаптың шифрында көрсетіледі. Ол құжаттың сөресіндегі орнын көрсетеді. Ал қалған нұсқалық таңбалар қосымша беріледі. Олар бойынша тек жүйеден каталогта бейнеленеді және қосымша нұсқалық таңбалар өзара кестеде берілу реті бойынша жазылады, толық нұсқалық таңбадағы нұсқалық таңбаның санына қарап, жүйеден каталог үшін карточкалар көбейтіледі. Олардың алғашқысы-негізгі карточка, қалғандары-дублет карточкалар деп аталады. Ол карточканың бәрінде де құжатқа негізгі сипаттама беріледі. Карточканың бәрінде де шифр өзгеріссіз жазылады. Бірақ негізгі және дублет карточканың әрқайсысы да каталогтік нұсқалық таңба әртүрлі болып жазылады. Сол бойынша жүйелік каталогтің тиісті жерінде орналасады. Құжатқа берілген толық нұсқалық таңба тек негізгі карточкада ғана жазылады. Ал дублет карточкада каталогтің нұсқалық таңбасы көрсетіледі.



Шифр

67.91


Ж

елтов М.Н.,Князев В.Е.







Англо-руский и руско-англиский словарь по морскому праву.-М.:

67.91.82

Каталогтық н.т.



В

оениздат,1988.-270 с.

67.91 я2+81.2 Анг-4





67.91

Ж

елтов М.Н.,Князев В.С.







Англо-русский и русско-английский словарь по морскому праву.-М.:Воениздат,1988.-270 с.

81.2

Анг.-4








1985жылдан бастап « ГОСТ-7.44-84 систематизация документов в общие требования» бойынша құжаттарды жүйелеуде параллелді түрде оларға алфавиттік пәндік көрсеткіш үшін пәндік айдар белгілеу міндетті болады. Алфавиттік пәндік көрсеткіш мазмұны жағынан жүйелік каталогтік сәйкес келеді. Оның құрамдас бөлігі және онымен қатар дамып отырады. Оны жасау үшін қызметші аппарат ретінде жүйелік бақылау карточкасы ұйымдастырылады. Онда карточкалар пәндік айдардың нұсқалық таңбалары бойынша қойылады.Жүйелеуші құжаттарды нұсқалық таңбалау үстінде бақылау карточкасы үшін жеке карточка жасалады. Егер ол нұсқалық таңбадан бұрын каталогта бар болса оған бақылау карточкасы жасалады. Мысалы: жоғарғы кітап үшін алфавиттік пәндік көрсеткішке мынадай карточкалар жасалады. Мысалы:1.Морское международная правда-67.91.2.

Английский язык-81.2 английский жүйелік бақылау карточкасы үшін мынадай карточка жасалады. 67.91-Морское межународные права.

1985 жылдан бастап жүйелеу процесінде міндетті түрде жіктеулік шешімді сараптау процесі еңгізілетін болды. Оның негізгі міндеті әдістемелік және техникалық кестеде жібермеу. Егер кітапханада бір ғана жүйелеуші жұмыс істесе жүйеден соң біраз уақыт өткен соң ол өз жұмысын өзі сараптап, тексереді. Егер бірнеше жүйелеуші болса басқа бір жүйелеуші немесе тәжірибеші жоғарғы жүйелеуші сараптауына болады. Мазмұны бойынша сараптаудың өзін әдістемелік және бақылау деп бөледі. Бақылау үшін сараптау жіктеулік нұсқалық таңбаларды жазуда қате жіберіледі тексереді.Ал, әдістемелік сараптау жіктеулік шешім қабылдағанда кететін қателіктерді тексереді.

Жүйелеу процесінің соңғы кезеңі -жіктік шешімді көріктеп жазу, яғни құжаттың өзінде, мұқабасында, титул бетінде шифрын жазу және толық нұсқалық таңбасын тиісті жерінде жазу. Карточкаларды көріктеу процесіне сонымен қатар алфавиттік пәндік көрсетудің және жүйелеп бақылау карточкасы үшін карточкаларды жазу да жатады. Қандай болмасын құжаттарды жүйелеудің үстінде жүйелеуші әмбебап құрамалы жіктеу кестесін қолдана отырып төмендегідей жалпы ережелерді басшылыққа алуы тиіс: 1.Жалпы мен жекенің арасын айыру ережесі. Егер кітапта бір ғылыми саланың жалпы және жеке сұрақ жалпы сұрақпен байланысты берілсе ол кітапты жеке сұрақ бойынша жүйелеу қажет.

2.Мақсатына қарап немесе қайтымдылығына байланысты жүйелеу. Егер кітапта бір ғылым саласының заңын, әдісін келесі бір ғылым саласында пайдалану әдістері туралы жазылса, онда оны пайдалануы бойынша жүйелеу қажет. Мысалы: кітапханатану ғылымында математика ғылымының әдісімен пайдалану тура жазылса, ол кітапханатану ғылымына жатады.

3.Құжаттарда бір объектінің немесе заттың екінші бір объектісі, әсері туралы жазылса, оларды әсер алушы объекті бойынша жүйелеу қажет.

4.Егер кітапта әртүрлі білім саласының кітаптары аталып, олардың бір-бірімен байланысы жазылса, онда кітапта басты қаралған білім саласы бойынша жүйелеу қажет және басқа қаралған білім салалары бойынша қосымша нұсқалық таңба берудің қажеті жоқ. Мысалы: <Медицинская эпидимология, основы общей биологий, паразиталогии, микробиологии и вирусалогии> деген кітапқа 51.9 эпидимология деген нұсқалық таңба беріледі.

Құжаттарды жүйелеудің әдістемелік дамушы сала пайдаланудың сұранысына басылымның сипатына байланысты күрделеніп, дамып, өзгеріп отырады.




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет