Құжат кітапхана қорлары, ФТИ органдары, ақпараттық орталықтар, музыканттар, мұражайлар және басқа да құжаттың құрылымдық басты элементі болып табылады. Жиынтығында олар елдің құжаттық қорын құрайды. Бір мезгілде құжаттық қорлар құжаттық коммуникацияның бір бөлігі болып табылады.
Құжаттық қорлар жалпы міндеттер мен функцияларды орындайды.Сонымен қатар қолжазба, депозитарлық қорлар кітапханада мұрағаттар орындайтын функцияларды орындайды. Кітапзаналық қор әрбір басқа құжаттық жүйеде болады (мұрағатта, мұрағатта және т.б.) Сонымен қатар кітапханада өз мұрағаты, мұражайы, ақпараттық орталығы болуы мүмкін. Мысалы , кітап оқу үшін қолданылады, егер ол мұражайға қойылатын болса, ол экспонат ретінде болады. Мұражай кітабы қолға берілмейді.
Құжаттық қор- қоғам қызметінің барлық саласының қоғамдық мәнін қамтитын құжаттар жиынтығы. Олар кітапханада, мұрағатта, мұражайда, ақпараттық орталықтарда сақталып, қолданылады.
Құжаттық қордың басты мәнжүйесі- кітапхана қоры.
Әрбір құжаттық қордың пайда болуы қоғам сұранысына байланысты.Ол құжаттардың міндеттеріне, типіне, кіиапхана профиліне, сонымен қатар оның тұтынушыларының сұраныстарына сай құжаттарға сәйкес келетін құжаттардың жүйеленген жиынтығы.
Кітапханалық құжаттық коммуникацияның басты түйінінің негізгі артықшылықтарына жатады: кітапхана қорының толықтығы, жиналған құжаттардың түрлері мен типтері, тұрғындарға құжаттарды ұсыну, кітапханадағы құжаттардың жалпы қол жетімдігі мен тегін пайдалану мүмкіншілігі.
Мұрағаттар мен мұражай қорларымен салыстырғанда кітапхана қорларында кең әлеуметтік бағыттағы жарияланған және жарияланбаған құжаттар болады. Олар мағынасы, жазбаның белгі жүйесі, материалдық негіз бен конструкциясы бойынша алуан түрлі болып келеді. Кітапханалар өз кітап қорына нақты құжат пен басылымдардың қажетті санын ала алады, яғни кітапханалар кітап қоры құрамы кең,ауқымды, барлыұ адамзат қызметі саласына қызмет көрсете алады.
Кітапханалардың мұрағаттар мен мұражайларға қарағанда артықшылығы- тұрғындарға өз қорынан құжаттарды ұсына алады. Ал мұрағат құжаттарын пайдалану мүмкіндігі шектеулі. Бұл құжаттар мұрағатта тек бір данадан ғана болады.
Мұражайда стрек кездесетін құжаттарды арнайы белгіленген уақытта ғана көрсетеді және үйге берілмейді. Бұл мекемелер арқылы қандай да бір құжатты алу үшін белгілі тәртіп орнатылған. Мұрағатқа сұраныс жасаушы мекемеден хат- ұсыныс қажет. Тек осы құжат болғанда ғана мұрағат құжатты пайдалануға рұқсат бере алады., ал мұражайға бару үшін-кіру ақылы. Ондағы жәдігерлерді тек ақысын төлеп ғана көруге болады. Сондықтан да кітапхана қоры тұрғындар үшін ең қол жетімді мекеме болып табылары сөзсіз. Олар мемлекеттік, ведомстволық немесе азаматтардың жеке кітапханасында жинақталған.
Кітапхана қоры өз құрамы мен құрылымы бойынша алуан түрлі. Кітапхана қорындағы барлық құжаттарды түрлі белгілері бойынша топтарға бөлуге болады., яғни мазмұны, дайындалу тәсілі, материалдық конструкциясы, мерзімділігі бойынша бөлінеді.
Мазмұны бойынша кітапхана қорын әмбебап және арнайы болып бөлінеді. Әмбебап құжат деп, білімнің барлық саласы бойынша берілген құжаттарды атайды. Арнайы кітапхана қорында нақты мазмұндағы құжаттар ғана болады. Әмбебап және арнайы қорлар тек әмбебап және арнайы кітапханаларда болады.
Қор ішінде құжаттар бөлек- бөлек топталады. Кітапхана неғұрлым ірі болса, оның кітап қоры да көлемді болады.
Кинофотоқұжаттар- кітап қорының бір бөлігі болып саналады. Онда дыбыстық және беәне ақпараттар сақталады.
Диссертациялар қоры да кітап қорының бір болып саналады. Ол ғылым кандидаттары мен доктордардың диссетациялары, яғни ғылыми жұмыстары, сонымен қатар авторефераттар да кіреді. Бұл құжаттар тек ғана ірі кітапхана қорларында ғана болады.
Бейнелеу құжаттар қоры кітап қорының бір бөлігі болып саналады. Ол көркем репродукциялардан, бейне плакаттардан, альбомдардан тұрады.
Кітап қорындағы картографиялық басылымдарға қолжазба, баспа карталары, атластар, глобустар т.б. жатады.
Нормативтік және техникалық құжаттар қоры да кітапхана қорының бір бөлігі болып саналады. Ол стандартизация бойынша нормативтік құжаттардан , техникалық- экономикалық нормативтер мен нормалардан, патенттік құжаттардан, типтік жобалар мен сызбалардан және т.б. тұрады.
Нота басылымдары кітапхана қорының бір бөлігі. Ол ноталардан, журнал басылымдарынан тұрады.
Сирек кездесетін кітаптар қоры- кітапхана қорының бір бөлігі. Ол ерекше құнды баспа шығармаларынан тұрады.
Қолжазбалар қоры-кітапхана қорының бір бөлігі. Ол кітап қолжазбалары, коллекциялар, автографтардан тұрады.
Ақпараттық қор-ірі салалық және сала аралық орталықтар мен ақпараттық институттар құжаттарынан құралған.
Ақпараттық қорда ақпаратты неғұрлым қысқа да нұсқа түрде беріледі.Одан басқа ақпараттық қорға анықтамалық сипаттағы басылымдар кіреді, яғни энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктер, каталогтар және т.б.
Мұрағат қорлары-мекеме қызметі процесінде пайда болған құжаттардың жиынтығы. Мұрағат қорлары негізінен оетроспективтік ақпаратты қамтитын мәтіндік құжаттардан тұрады.Олардың барлығы тарихи мәні бар құжаттар.
Кей елдерде мемлекеттік және ведомстволық арнайы мұрағаттар кеңінен дамыған. Оларда мұрағаттық құжаттар , яғни қоғамдық мәні бар құжаттар мұрағаттарда сақталады.
Мқрағат қорларының қорын құраушы болып мекемелер, ұйымдар немесе жеке тұлға болып есептеледі. Мұрағат қорлары құрамына кіретін құжаттар бағыты бойынша алуан түрлі болып келеді.
Мұрағаттық қорлар үшін құжаттың толықтығы өте маңызды. Оның мазмұны көбінесе құжат жинақтарында, жолнамаларда, бөлек қордар тізімдерінде ашылады. Жарияланған күйінде кітапхана қорына түсе отырып, олар мұрағат қорларының құрамы мен құрылымын анықтайды.
Мұражай қоры- мұражайларда сақталатын құжаттар болып табылады. Олардың ішінде:мемлекеттік, мектеп, халықтық, сонымен қатар жеке мұражайлар кездеседі. Тарихи, өлкетану, әдеби, мұражайлар өте көп, сонымен қатар театр мұражайлары, мемориалдық мұражайлар, өнер, өнер қайраткерлері мұражайлары да көп дамыған.
Мұражай қорларында табиғат жасаған,(фауна, флора үлгілері) және 2)адам жасаған, яғни әлеуметтік ақпараттар (картиналар, кітаптар, тұрмыстық заттар) бар.Адам жасаған құжаттар арасында құжаттарды үш түрге бөледі: заттық, бейнелеу, жазба. Жазба түрі ақпаратты уақыт пен кеңістікте тарату үшін арнайы жасалған. Оған: заңнамалық актілер, қолжазба кітаптар, мемуарлар және жеке хаттар, күнделіктер, ғалымдар қолжазбалары, плакаттар, кинофотоқұжаттар кіреді. Сонымен қатар мұнда картиналар, кестелер, тұрмыстық бұйымдар, нумизматикалық коллекциялар кіреді.
Мұражайдағы әрбір құжат экспонат ретінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |