«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы


Басылымның классификациясы мен типологизациясы



бет74/148
Дата12.09.2020
өлшемі1,02 Mb.
#63838
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   148
Басылымның классификациясы мен типологизациясы.

Басылымның классификациясы мен типологизациясы кітап ісі мәселелерінде бағалы орынға ие. Басылым типологизациясы 1970-1980-ші жылдары кітап ісінің басты әдісі бола отырып, библиографтардың баспа ісі ұйымдастырушыларының, баспа статистерінің практикалық жұмысынан пайда болды. Типология кітап ісінің теоретикалық базасы болып қала береді.

Басылымның типологизациясы мен классификациясы кітап ісі шеңберінде құрастырылады. Бұл мәселелерді құрастыруда маңызды, елеулі еңбек сіңірген – А.И.Барсук, И.Е.Баренбаум, А.А.Грегихин және т.б. атауға болады. Бұл жұмыстардың бөлек қорытындысы «Басылым типологиясы» атты ұжымдық монографияда айқын берілген.

Басылым жіктемесінің жалпы ерекшеліктері.

Құжат болуға әзір тұрған басылым құжат белгілері бойынша жіктеледі: мақсаттылығы, көлемі, басты мәтін құрамы, құрылымы, ақпаратты аналитикалық-синтетикалық қайта өңдеу дәрежесі және т.б. бұл басылымның ішкі түрінің жіктелуін жүзеге асырады.

Мақсатты бағыты бойынша басылым келесі түрге бөлінеді: ресми, ғылыми, ғылыми-танымал, ғылыми-өндірістік, өндірістік-практикалық, нормативтік өндірістік-практикалық, оқу, қоғамдық-саяси, анықтамалық, бос уақытқа арналған басылым, жарнамалық, әдеби-көркем.

Ақпаратты аналитикалық-синтетикалық қайта өңдеу дәрежесі бойынша басылымнығ 5 түрі белгілі: ақпараттық, редерактивтік, библиографиялық, шолулық, сонымен қатар дайджест-басылым. Мұнда басқа басылымдардан алынған қызықты материалдар болуы мүмкін.

Ақпараттық белгілері бойынша басылым 4 түрге бөлінеді: мәтіндік, ноталық, картографиялық, бейне басылым.

Мәтіндік басылымда ой табиғи тіл жазба белгілері арқылы беріледі, яғни, әліпбилік, сөздік және иероглифтік хар арқылы беріледі. Ғылыми ретінде математикалық, химиялық белгілерден тұратын, сонымен қатар графика, кесте, диаграмма және т.б. тұратын формулалар кеңінен пайдаланылады. Атематикалық белгі немесе полиграфиялық мәні бар рәміз әріптен көп ажыратылмайтын болғандықтан мұндай белгілері бар басылымдар мәтіндік басылымға жатады.

Соқырларға арналған басылымдар – брайльдік басылымдар да мәтіндік болып есептеледі. Бірақ олардың полиграфиялық дайындалуы әшейін мәтіндік басылымдардан ерекшеленеді. Сондықтан да мәтіндік басылымды екі түрге бөледі: тегіс басылған және брайльдік мәтіндік.

Ноталық, картографиялық және бейне басылымдары мәтіндік емес басылымға жатады.

Мұнда басты ой жасанды тіл белгілері бойынша беріледі. Біріншісіне ноталық және картографиялық басылым жатады, ал екіншісіне – бейнеграфиялық басылым жатады.

Материалдық конструкциясы бойынша басылымның келесі түрі белгілі: кітаптық, журналдық, беттік, газеттік, бүктеме, карточка басылымы, плакат, открытка, кітап-ойыншық.

Көлемі бойынша, яғни бет саны бойынша, сонымен қатар бір басылым данасын дайындап шығаруға кеткен қағаз саны бойынша барлық алқап 2 түрге бөлінеді: кітап, брошюра, үнпарақ.

Бір мәтін құралы бойынша басылым 2 түрге бөлінеді: монобасылым және жинақ. Монобасылымға бір шығарма кіреді. Жинаққа бірқатар шығармалар кіреді.

Құрылымы бойынша басылымның келесі түрлері кіреді: серия, біртомдық, көптомдық баслым, шығарамалар жинағы, таңдамалы шығармалар.

Серия – томдар жиынтығын, тақырыбын білдіреді.

Бір томдық басылым – бір томмен шығарылған мерзімдік емес басылым.

Көп томдық басылым – бір немесе бірнеше көмірленген томдардан тұратын мерзімді емес басылым.

Шығармалар жинғына бір томдық немес көп томдық басылым жатады. Ол немесе бірнеше автордың шығармаларынан тұратын бір томдық немесы көп томдық шығармалары жатады.

Басылымның көркем-полиграфиялық орындау класы бойынша: 1() жоғары сапалы басылым (сыйлық, жақсы безендірілген); 2) өте жақсы безендендірілген; 3) қарапайым және үнемдеп безендірілген. Басылым иллюстрациялы және иллюстрация емес, көркем-образдық неме ғылыми-танымдық иллюстрациялы болып бөлінеді. Иллюстрациялар суреттерден, гравюрден және т.б. тұрады.

Баспа тәсілі бойынша басылым офсеттік, жоғары, терең, трафареттік болып басылуы мүмкін. Басылым бір түсті және көп түсті басумен басылуы мүмкін (әсіресе балаларға арналған басылымдар). Шрифті әр түрлі, ірі шрифт балар басылымдары мен төменгі сынып оқушылары оқулықтарында болады, уақ шрифт –анықтама басылмдарына тән. Форматы бойын басылым үлкен (84х108/8-ден 84х90-ға/16), орташа (70-тен х 100-ге/16 70-ке х 108/32), кіші форматта (70-тен х 90/32 70-тен х 102/64) және кіші көлемді басылымдар болып бөлінеді.

Әмбебап кестеде басылымдардың түрлері мен типтері біріктірілген, яғни олар бір-бірімен тығыз байланыста.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет