Ресми басылым
Ресми- мемлекеттік орандар, мекемелер, ведомстолар мен қоғамдық ұйымдардың нормативтік материалдарынан тұратын басылымдары болып есептеледі.
Ресми басылымдарға конституциялар заңдар, бұйрықтар,қаулылар, шешімдер, циркуларлар, бағдарламалар, қаулылар, нұсқаулар, әдістемелік жарлықтар, прейскуранттар, сонымен қатар стандарттар, нормативтер мен нормалар жатады.
Ресми басылымдардың функционалдық міндеті – сәйкес органдар бекіткен нормалар, талаптар және қоғамдық өмірдегі, ғылымдағы, мәдениеттегі, өндірістегі талаптарды таратып, іске асыру. Олардың көпшілігі, дұрысында, міндетті сипатқа ие, яғни заңдық күші бар.
Ресми басылымдар қоғам және мемлекет басқаруға қажетті ақпараттан тұрады. (Конституция, президент жарлығы және т.б.) Әрекет сферасы мен норматифтілігінен ресми басылымдардың оқырмандық мекен-жайы анықталады. Сонымен, мемлекет Конституциясы мен заңдары елдің барлық азаматтарына таратылады, жарлық пен мекеме қызметкерлеріне, стандарт пен қана құрастырумен, бұйымды шығарумен айналысушыларға ғана таратылады. Жоғарыда аталған белгілерді есепке ала отырып келесі ресми басылым түрлерін бөлуге болады: нормативтік-құқықтық, стандарттық және нормативтік-нұсқаулық басылымдар бойынша нормативтік басылымдар.
Нормативтік-құқықтық басылымдарға конституция, заң, жарлық, қаулы, экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени даму, қоршаған ортаны қорғау бойынша жалпы мемлекеттік бағдарламалар, шешімдер кіреді.
Конституция-қоғамдық және мемлекеттік құрылғыны анықтайтын мемлекеттің басты заңы. Конституция – барлық ағымдағы заңнаманың негізі болып есептеледі.
Заң – заңнамалық биліктің жоғарғы органы қабылдаған нормативтік акт. Бұл құқықтың негізгі дерек көзі, жоғары заңдық күші бар. Заңдар өзінің тақырыптық – мазмұндық белгілері бойына ажыратылады.
Жарлық – мемлекеттік басшылықтың нормативтік акті. Президент конституция мен заңдар негізінде жарлықтар мен шешімдер шығарады.
Қаулы – орындауы биліктің жоғары органдары еңгізген нормативтік құжат.
Экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени даму, қоршаған ортаны қорғау бойынша жалпы мемлекеттік бағдарлама жоғары сипатқа ие нормативтік құжат болып есептеледі.
Нақты территорияда әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму, қоршаған ортаны қорғау бойынша аймақтық бағдарламалар міндетті түрде орындалады.
Шешімдер жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы беріледі. Жарғы ережелерден, қызмет тәртібінен, бір мекеменің мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін реттейтін ресми басылым.
Стандартизация бойынша нормативтік басылымдарға стандарттар мен техникалық жағдайлар кіреді.
Нормативтік-нұсқаулық күші бар заңдарды, үкімет қаулылары мен Министерстволар мен ведомостволар актілерін орындау үшін міндетті. Оған бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, қағидалар кіреді. Бұйрықтар мекеме жетекшісінің мәселелеріне байланысты беріледі.
Жарғы – ережелерден, қызмет тәртібінен, бір мекеменің мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін реттейтін ресми басылым.
Стандартизация бойынша нормативтік басылымдарға стандарттар мен техникалық жағдайлар кіреді.
Нормативтік нұсқаулық басылымдар күші бар заңдарды, үкімет қаулылары мен министерствалар мен ведомстволардың актілерін орындау үшін міндетті.Оған бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, қағидалар кіреді.
Бұйрықтар мекеме жетекшісінің мәселелеріне байланысты беріледі.
Нұсқаулар - өндірістік немесе қоғамдық қызметтегі реттеуші ережелерден тұратын ресми басылым. Оған заңдық акттер кіреді. Нұсқауларды министерстволар, ведомоствалар, мекемелер, кәсіпорындар шығарады.
Ережелер-қызметтің тәртібі мен жағдайын орнықтырады, осы қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Қоғамда мекеме мен ұйымның, министірлікпен ведомоствоның құқығы мен міндеттерін, функцияларын орнықтырушы құқықтық қызмет.
Ресми басылымдарды құрудың, безендірудуң жалпы міндеттері стандарттармен анықталады.
Ресми басылымдар құрылымы, құрастырылу сипаты бойынша өзгеше. Мәтіндік құжаттар негізінен тек мәтіннен тұрады.
Ресми басылымдарда міндетті түрде қашан, кім арқылы қабылданып, бекітілуі, құжаттың ұсынылуы туралы ақпарат болады. Басылымда құжаттың аты беріледі. «Заң», «жарлық», «нұсқау», «нормативтер», «әдістемелік шешімдер».
Ресми басылымдар монобасылым немесе жинақ түрінде шығарылады. Жинақта материалдар тақырыптық белгілері бойыншатоптастырылады. Олардың бір бөлігі алғысөздер, қосылыстар және көмекші көрсеткіштер болады.
Ресми басылымдар шағын етіп беріледі. Көбінесе екі жақтық колонтитул қолданылады. Кейбір басылымдар қағаздың жоғары сорттарынан жасалады. Осылайша мемлекет конституциясы шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |