«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет77/148
Дата12.09.2020
өлшемі1,02 Mb.
#63838
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   148
Ғылыми басылым

Ғылыми басылымға теоретикалық және эксперименттік зерттеулер нәтижелері кіреді, сонымен қатар тарихи құжаттар мен әдеби мәтіндер де кіреді.

Заманауи ғылыми басылымдардың басты функциясы болып – қоғам қызметінің барлық сферасын ғылыми ақпаратпен қамту. Оған ғылым, өндіріс, білім, мәдениет, басқару қызметтері кіреді.

Ғылыми басылым нақты ғылым саласы мамандарына арналған, бірақ басқа да оқырмандар категориялары пайдалана алады. Ғылыми басылымдар теоретикалық және эксперименталдық зерттеулер нәтижелерін айқындайды. Ғылыми басылымдар тақырыбы шексіз. Онда түрлі мәселелер көрсетіледі: заңдар, гипотезалар, зерттеу барысы, нақты тәжірибелі сипаттау, ғылым генезисі, даулы мәселе бойынша дискуссия және т.б. Мұнда зерттеу әдістемесі, маңызды жаңалықтар тарихы, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтары сипатталады. Ғылыми басылым- бұл зерттеу жұмысының құралы мен нәтижесі.

Ақпарат сипаты бойынша ғылыми басылым екі түрге бөлінеді. Ғылыми –зерттеу басылымы ғылыми жұмысқа арналған және онда теоретикалық немесе эксперименттік мәліметтер болады.

Классикалық шығармалардың деректерін басылымы құжаттардан, мұрағат материалдарынан тұрады.

Ғылыми-зерттеу басылымдары қосымша мақсатты қызметі бойынша келесі түрлерге бөлінеді: монография, дисертациялар, авторефераттары, ғылыми конференциялар авторефераттары, ғылыми конференциялар баяндамалары тезистері, конференция материалдары, ғылыми еңбектер жинақтары.

Монография кітап түріндегі, бір мәселе немесе тақырыпты толық, жан-жақты зерттейтін басылым.

Диссертация авторефераттары – брошура түріндегі, жүргізілген зерттеулерді құрайтын ғылыми басылым.

Диссертация авторефераттары орнатылған талаптарға сәйкес құрастырылады. Ғылыми конференциялар баяндамалары тезистері – конференцияның материалдарын бастан аяғына дейін сипаттайтын ғылыми мерзімдік емес жинақ.

Конференция материалдары (съезд, симпозиум).


  • конференция қорытындысынан тұратын мерзімді емес жинақ бағыты бойынша матералдар ғылыми, ғылыми-практикалық конференциялар болып бөлінеді.

Ғылыми еңбектер жинағы – ғылыми мекемелер, оқу орындары мен қоғамдардың зерттеу материалдарын құрайтын жинақ. Бұл- «Еңбектер», «Ғылыми жазбалар» және басқа да түрлі авторлардың мақалаларын құрайтын жинақтар.

Ғылыми басылымдардың ерекше түрлеріне ғалымдардың шығармалар жинағын жатқызуға болады. Конструкциясы бойынша ғылыми басылымдар кіші көлемдік (конференция материалдары диссертация авторефераттары) және көлемді болып бөлінеді. Монографияның орташа көлемі 10-20 есептік баспа беттері, шығармалар жинағы мен көптомдық еңбектер 30 және одан да көп беттерден тұрады. Шығармалар жинағы қатты қаппен қапталады.Диссертациялар авторефераттары, баяндамалар тезистері қарапайым түрде, арзан қағазда безендіріледі.

Сонымен қатар ғылыми басылымды безендіру жалпы сипатқа да ие. Конференция мемериалдарында конференция қатысушылары тізімдері алфавиттік, есімдік түрде беріледі. Мақалалар жинақтарында алғысөздер, көрсеткіштер болады. Ғылыми жинақтарда тақырыптық айдарлар, мазмұнмен беріледі.

Ғылыми ақпаратты таратушылар деп тек ғылыми басылымдар емес, сонымен қатар жарияланбаған және жарияланған құжаттар да саналады.

Бақылау сұрақтары.


  1. Ғылыми басылымдар дегеніміз не?

  2. Ғылыми басылымдардың басты мақсатты бағыты қандай?

  3. Ғылыми басылымдардың жүктеме сипатының айырмашылығы неден тұрады?

  4. Ғылыми басылымдар қалай бөлінеді?

  5. Ғылыми басылымдардың басты түрлерінің жалпы ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

  6. Жіктеме, типология мәселелерін құрастырудың жетістіктері қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет