Нота басылымдарын жіктеуді құрастыру маңызды теоретикалық әне практикалық міндет болып саналады. Олардың спецификасы жіктеудің көп аспектілік жүйелік құруды талап етеді.
Нота басылымдары музыкалық шығармаларды орындау мен үйренуге бағытталған.
Функционалдық қызметі бойынша барлық нота басылымдары үш түрге бөлінеді: ғылыми, оқу, концерттік.
Ғылыми нота басылымдары ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағытталған, әдетте мамандар, жоғары оқу орны студенттері оны кеңінен қолданады. Оларды басар алдында үлкен мәтіндік жұмыс жүргізіледі: осы жинаққа кіретін шығармалар автографтармен, алдыңғы шыққан басылымдармен салыстырылады, композитордың шығармашылық ойын беретін дәлдік тексеріледі. Ғылыми басылымдарда автордың шығармамен жұмыс жасау процесін айқындаушы фрагменттер нұсқалары келтіріледі. Басылым ғылыми аппаратпен жабдықталған: комментарийлер мен тізімдермен, көрсеткіштермен.
Оқу нота басылымдары тобына мектептердегі әр түрлі музыка аспаптарындағы ойын басылымдары кіреді, оларға хрестоматиялар, диктанттар, жаттығулар, этюдтер, ғаммалар, арпеджио т.б. кіреді.
Музыкалық шығармалардың барлық аудитория алдында орындауға бағытталған түрлері концерттік болып саналады. Оларда комментарий, ғылыми аппарат болмайды. Олардың түсіндірулер көбінесе орындау техникасына байланысты. Композитор жазған бөлек вокализдер мен этюдтер жаттығу секілді көркем мәнге ие болады және жаттығу секілді емес, бөлек музыкалық шығарма ретінде, мысалы Листтің этюдтері, Поганини, Рахманинов, Шопен шығармалары секілді бағаланады. Концерттік басылымдарды орындаушылар, педагогтар техникалық тәсілдерді жаттықтыру үшін пайдаланады.
Барлық нота басылымдары келесі топтарға бөлінеді: музыкалық оқу орнының оқушыларына (мектеп, училище, консерватория); мамандар үшін (педагогтарға, музыкатанушыларға, композиторларға, дирижерларға, орындаушы-мамандарға), кәсіпқойларға.
Музыкалық шығармалардың орындалу сипатына қарай барлық нота басылымдары сахналық, аспаптық, вокалдық-хор шығармаларына бөлінеді.
Сахналық шығармалар тобы театрда ғана орындалатын музыкалық шығармаларды құрайды. Олар драма, музыка, биді біріктіретін өнердің синтетикалық жанры болып есептеледі.
Бұл жанрға опера және музыкалық драма, яғни оперетта, музыкалық комедиялар, мюзиклдар, сонымен қатар балет кіреді.
Аспапты музыка шығармалары 3 үлкен нота басылымдардың топтарын құрайды:
а) оркестрге (симфониялық, камерлік, эстрадалық, халық аспаптары): жанрлық қатынаста бұл басылымдар симфония, концерт, увертюра, поэма, симфониялық картина, пьеса -–миниатюра негізінде берілген;
б) камерлік шығармалар басылымдары. Оған сонаталар, ансамбльдерге арналған шығармалар жатады.
в) бөлек аспаптарға арналған шығармалар басылымдары: фортепиано, халық асапаптары және симфониялық оркестр аспаптары; олар қиял, вариация, полифониялық пьесалар жанрында жазылуы мүмкін.
Вокалдық-хор шығармалары басылымдары топтарына келесі түрлер жатады: вокалды-симфониялық шығармалар басылымдары – контат, ораторийлер, вокалды-симфониялық циклдер; хор мен дауысқа арналған шығармалар басылымдары, олар халықтық (әндер, частушкалар), кәсіби, авторлық, камерлік, вокалды шығармалар, эстрадалық және көпшілік әндер.
Аралас басылымдар әр түрлі жанрлар бойынша музыкалық шығармаларды құрайды. Бұл тақырыптық емес және тақырыптық автор жинақтары.
Сипаты бойынша музыкалық шығармалардың басылымдары партитура және дирекциондар, оркестрлік дауыс, дауыс жазу т.б. болып бөлінеді.
Партитура – оркестр, хор, камерлік ансамбльдерге арналған ноталық жазба. Партия – бөлек дауыспен орындалатын оркестрлік, хор және опера шығармасының бір бөлігі.
Партитурада ноталық белгілер әр жолға орналастырылған, әр жолда бір аспап партиясы көрнекті етіп жазылған. Партитурадағы барлыө партиялар бірінен соң бірі белгілі бір тәртіп бойынша орналасқан. Партитуралар оркес-трлік, оперлік, балеттік, камерлік, вокалды-хорға арналған түрлері болады.
Заманауи партитураның орналасуының басты принципі: диапазоны жоғары дауыс бойынша жоғары орналасады, ал төмен дауыстар – төменге орналасады. Хор партитурасының тәртібі жоғарыдан төменге қарай: страна, альты, менор, бас; ішектік квартет партитурасының тәртібі: бірінші, екінші скрипка, альт, виолончель және т.б.
Партитураны көбінесе дирижерлер пайдаланады, сонымен қатар музыкатанушылар және музыкалық шығармаларды үйренуші оқушылар жа пайдаланады. Ол бізден пайда болған жоқ. Соңғы орта ғасыр дәуірі мен қайта өрлеу дәуірінде партитура деген болған жоқ. Хор хор кітабы бойынша ән айтты. Бірте-бірте 1500 жылдарда көп дауысты музыка жазу тәсілі пайда болды, яғни композитор тақтайшасы.Есек терісімен қапталған бұл бақтайшаға композитор шығармадан үзінділер жазды. Үзінді дайын болған кезде ол оны дауысқа енгізіп, содан соң кетіріп тастап отырады. әрине, мұндай тәсіл жазудың әмбебап құралына айналуы мүмкін емес. Сондықтан да басқа тәсіл ойлап шығару қажеттілігі туындады. Бұл Венецияда 1577 жылы алғаш басылған партитура болды. Кейіннен партитуралық жазба әлем әндері музыканың өнер төрінен орын алды.
Дирекцион – партитурасының қысқаша түрі, мұнда барлық дауыс шынайы түрінде 3-4 нота бойынша жазылған. Бұл, дұрысында қосымша нота болып есептеледі. Ол партияны жаттап алуға, дирижерсіз шығарманы орындауға мүмкіндік береді. Дирекцион түрінде шағын пьесалар шығарылады.
Клавир – партитурасы фортепианоның сүйемелдеуімен немесе тек қана фортепианамен ән айтуға арналған вокалдық-симфониялық шығарма немесе сахналық шығарманың орнын ауыстыру болып саналады.
Клавирлік жазба әрқашан кестелік сипатқа ие.
Дауысқа немесе аспапқа шығарма жазуда соло бөлек басылған партия формасын иемденеді. Өз құрылымы бойынша нота басылымдары монобасылымдар мен жинақтарға бөлінеді. Бір автордың неғұрлым белгілі шығармалар бөлігі таңдамалы шығармалар болып бөлінеді.
Материалдық конструкциясы бойынша барлық ноталық басылымдар кітап түрінде және кешенді болып бөлінеді (жәй және күрделі). Көптеген ноталар кітап басылымы түрінде шығарылады. Нота басылымдары бір томдық, коп томдық және сериялық басылымдар, сонымен қатар кітапта, журналда жарияланып бөлек музыкалық шығарма болып беріледі. Кітап басылымдары безендіруі бойынша кейбір өзгешеліктері болады. Көптомдық басылымдар, шығармалар жинағы, моно басылымдар мен жинақтар сыртқы қабымен басылып шығады. Нота басылымдарының басым бөлігі сыртқы қабатымен шығады.
Жәй кешенді басылымдар формасында оркестрлік дауыстар шығарылады. Күрделі комплект жалпы футляр мен супер қаптамаға негізделген партитура мен дауыстардан тұрады. Күрделі комплект формасында фортепианоның қатысуымен камерлік ансамбльдерге арналған шығармалар басылады. Бұл топқа фортепианоның сүйемелдеуімен орындалатын әр түрлі аспаптар шығармалары жатады.
Факсимилдық басылымдар ерекше құндылыққа ие.
Нота басылымдарының ішкі элементтеріне нот мәтіні, нота мәтіні алдындағы мәлімет, ғылыми-көмекші аппарат, алғысөз, нота басылымына қосымша, баспа аннотациясы жатады.
Нота басылымының сыртқы элементіне кітап блогы, титул, біріккен титул, сыртқы беті, контртитул, авантитул, шмуцтитул, суперқаптама, шыққан баспасы туралы мәлімет, данасы, базасы.
Нота басылымының негізгі реквизиттеріне, яғни құжат туралы мәліметтерге: автор туралы немесе басылымды құруға қатысқан басқа да тұлғалар туралы мәлімет.
Авторлар туралы мәлімет композитордың аты кітаптың сыртқы қабатында беріледі және шыққан жері туралы мәлімет беретін тұста толығымен қайта қайталанады. әдеби мәтін авторы есімі кітаптың сыртқы бетінде және шыққан жері туралы мәлімет беретін тұста қайталанады.
Құрастырушылар туралы мәлімет құрастырушының аты кітаптың сыртқы бетінде немесе кітаптың шыққан жері туралы мәлімет беретін тұста қайталанады.
Әдеби шығарманың аты, егер ол басылымға енген музыкалық атынан ерекшеленсе кітаптың сыртқы бетінде жазылады немесе толық түрде шыққаны туралы мәлімет беретін тұста қайталанады.
Нота басылымына аннотациясы мәтін тілінде сыртқы беті мен кітап қабының екінші бетінде береді.
Достарыңызбен бөлісу: |