«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет82/148
Дата12.09.2020
өлшемі1,02 Mb.
#63838
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   148
Дәріс 18

Тақырып: Мерзімді және жалғасты басылым.

Дәрістің мақсаты: Мерзімді және жалғасты басылымдарды анықтау

Дәріс мазмұны: Мерзімді және жалғасты басылымның жалпы мінездемесі.

Газет: анықтамасы және негізгі түрлері.

Журнал: анықтамасы және негізгі түрлері.

Жалғасты жинақ: анықтамасы және негізгі түрлері.

Бюллетень, күнтізбе, экспресс - ақпараты.

Мерзімді және жалғасты басылымдар жарық көру жиелігінің белгісіне сәйкес бөлінеді.

Мерзімді басылымдар белгісі бір уақыт аралығында әр жылғы номерімен (шығарымдылық) белгіленіп жарық көреді. Мерзімді басылымдардың мағынасы қайталанбайды,бір қалыпты нөмірленеді, шыққан күні белгіленеді, бір атпен жарық көреді. Жалғасты басылымдар материалдардың қордаланып, жиналуына байланысты, әр түрлі уақыт аралығында жарық көреді. Жалғасты басылымдардың да мағынасы қайталанбайды, жалпы атауға ие болып, бір қалыпты нөмірленеді, күні белгіленеді. Мерзімді және жалғасты басылымдар сериялық басылымдардың бір түрі болып табылады. Сериялық басылымдар шектеусіз, мерзімге шек қойылмайтын басылым. Оның белгілі шығарымдары жалпы нөиірленеді де, бір мағынаны қайталамайды. Сериялық басылымдардың шығарылымы бастапқы шығаралымында тоқтаусыз шығарылады деген оймен шыққанымен әр түрлі жағдайлардың себебімен тоқтап қалуы да мүмкін. Сериялық басылымдарға тән тағы бір белгі оларды бірнеше ұжым шығара алады, (ғылыми, шығармашыл, ағартушы, қоғамдық т.б.). Бұл ұжымдардыңаттары шығарылым деректкрінде атап көрсетіледі.

Мерзімді және жалғасты басылым ретінде өзіндік бағыты бар. Мерзімді басылымдар белгілі бір уақыт аралығында, жалғасты басылымдар мерзімді қатал сақтамайды, деректің жинақталуына байланысты жарық көреді. Мерзімді сериялық басылымдарды уақыт аралығы көрсетіледі.

Сонымен қатар мерзімді және жалғасты сериялық басылымдар мерзімсіз де шығарылады. Мерзімсіз басылымдар ашық серияларды құрады, себебі олардың шығарылым ұзаұтығы мен, саны күні бұрын басылуы мүмкін.

Жабық серия – мерзімсіз сериялық басылым. Олардың шығарылымы белгілі шектеулі уақыт пен шығарылым санымен белгіленеді. («кітапханалық серия», «Мектеп сериясы» т.б.). Олардың безендірулі барысында бұл кітаптардың үй жағдайында емес, қоғамдық кітапханаларда қолданылатынын естен шығармау керек (қатты мұқабасының болуы, форзац, титулдың бетінің болуы). Кей кезде сериялар серия ішілік бөлулер бойынша белгілі бір оқырмандық бағытқа, мақсатқа, белгілі тақырыпқа шығарылады.

Мерзімді басылымдар – сериялық басылымдардың ішіндегі ең кен тараған түрі. Ол өзінің: өзектілік тақырыбымен, мазмұнының әртүрлігімен, тез ұйымдастырылуымен, шығарылым жиелігімен, мерзімді басылым атының басылым сипатына сәйкес келуімен, оның ұзақ мерзімге өзгермейтіндігімен, бір немесе бірнеше мекеменің шығаратындығымен ерекшеленеді. Мерзімді басылымдар бұқаралық қатынас құралы ретінде өте зор маңызға ие.

Мерзімді және жалғасты басылымдарды жүйелеу әлі толық аяқталған жоқ.. Жарық көру жиелігіне байланысты олар күн сайын,апта сайын, ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын шығарылатын басылым болып бөлінеді. Шығаратын жері мен таратылу жағдайына байланысты жергілікті (бір облыс, қала, бір немесе бірнеше аудан, мекеме, өндіріс орны) аймақтық, жалпымемлекеттік және шетелдік мерзімді басылымдар болып бөлінеді. Кітапханаларда мерзімді басылымдар өз алдына қор болып жинақталады. Бұл қорға газет,журнал, бюллетень жалғасты басылымдар қойылады. Мерзімді басылымдардың 5 негізгі түрін атап көрсетуге болады:



  1. газет

  2. журнал

  3. күнтізбе

  4. бюллетень

  5. жедел – ақпарат

Газет – мерзімді газет басылымы, қысқа мерзім аралығында жарық көріп тұратын, ресми деректер туралы мәлімет беретін, жедел ақпарат пен қоғамдық – саяси өзекті деректер, ғылыми, өндірістік т.б. сұрақтар бойынша, әдеби шығармашылық пен жарнама туралы мақалалар жарық көретін мерзімді басылымның бір түрі. Газет басылымы –бір немесе бірнеше баспа бетке орналастырылған деректер жазылған берілген басылымның мағынасына сәйкестендірілген беттен тұрады.

Кей жағдайда баспа деректерінің біріктіріліп басылып шығуы мүмкін, Мұндай басылымдар газет-журналдың басылым деп аталады. Газет – мәтіндік ақпарат тасымалдаушы, осы ерекшелігі газетті өзге басылымдардан дара етіп көрсетеді. Онда қоғамдық өмір, ағымдағы жаналықтар мен деректер жарық көреді. Ол төңіректе болып жатқан жаңалықтар туралы үздіксіз хабар беріп тұрады. Мұнда репортаждар,сұхбат,пресс-релиздер, очерктер,фельетон, оқырман хаттары т.б. жарық көреді. Өзге мерзімді баспасөзден газет көлемді баспа табағы (форматы) мен жарық көру, шығарылым жиелігімен оқшауланып тұрады. Газеттің бетінің көлемі 2-ден 100-ге дейін беттен тұрады. Газеттерді:



  • шығарылым жиелігінен (күнделікті ертеңгілік, кешкілік, жексенбілік, апталық).

  • Көлеміне, ауқымына байланысты (орталық, жалпыхалықтық, аймақтық, жергілікті (облыстық,аудандық,қалалық) коорпаративтік (университеттік) ұжымдық).

  • Кәсіби бағытына сәйкес (жалпы бағыттағы, арнаулы(кәсіби) болып бөлінеді.

Атқаратын қызметіне байланысты газеттің үш түрін айқындаймыз:

  • жалпы саяси газет елдің ішкі және сыртқы саясаты, халықаралық жағдай т.б. жариялайды.

  • Мамандандырылған газет-жүйелі түрде қоғамдық өмір, ғылым,техника,мәдениет т.б. саладағы жекелеген өзекті мәселелерге бағытталып шығарылады.

Оқырмандарының сұранысына байланысты мұндай газеттер:

  • кәсіби газет.

  • Кәсіподақ газеті

  • Партиялық газет

  • Газеттің арнайы шығарылымы қоғамдық және елге сапармен шыққан кездегі қажетті ақпаратты жедел оқырманға жеткізуге арналған арнайы басылым.

Журнал (фр journal – күнделік газет ) – мерзімді журнал басылымы, ол әртүрлі қоғамдық-саяси, ғылыми, өндірістік т.б. мәселелер туралы мақалаларды, әдеби – көркем шығармаларды өз бетінде жариялап отырады.

Ол белгіленген баспа табақ (формат) көлемінде бірнеше беттердің қатталып шығарылған баспа деректерінен тұрады.

Журналдың тек өзіне тән ерекшелігк – шектеусіз және белгілі бір қалыптасқан уақыт аралығында шығарылып, мазмұнында тақырыптың бағыт болатындығы, мұқабасы болатындығы т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет