Теңдеулер жүйесі және теңсіздіктер жүйесі



бет11/21
Дата16.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#191527
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
Гаухар

Білемін

Білдім

Білгім келеді













-сурақ-жауап
Студенттер бір-біріне сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылайды

-дебат
Студенттер бір-бірімен пікір аламасады

-тапсырмаларды орындау
Аудиториялық тапсырмаларды орындайды

-жеке жұмыс
Студенттердің деңгейіне байланысты тапсырмалар.

5.5

Сабақты қорытынды бағалау

Бірін-бірі «Басбармақ» арқылы бағалайды




5.6

Үй тапсырмасын беру

  1. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру.

  2. №123


«Болашақ» жоғары колледжі
БЕКІТІЛДІ ___________
Кафедра меңгерушісі «____» _________20__ж.
Оқу сабағының жоспары
Сандардың бір жүйедегі жазылуынан басқа екінші жүйеде жазылуына көшу.
(сабақтың тақырыбы)
Модуль /пән атауы Математиканың теориялық негіздері және бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі.


Педагог Даткаева Гаухар Ажибаевна дайындады

Топ

ББ-9г-22/1

ББ-9г-22/2

ББ-9г-22/3

Мерзімі

10.11.2023ж.

11.11.2023ж.

13.11.2023ж.












1

Сабақтың түрі



Лекциялық

2

Мақсаты, міндеттері

Студенттерге санау жүйесі ұғымын бастауыш сынып оқушыларына үйрету әдістерін меңгерту

3

Күтілетін нәтижелер

Студенттер теңдеу және теңсіздік ұғымын біледі және түрлерін, шығару жолдарын меңгереді.

4

Қажетті ресурстар

Слайд, презентация, таратпалар, кітап.







5

Сабақтың барысы




5.1

Сабақты ұйымдастыру

Студенттердің сабаққа дайындығы.
Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.
Сабақ мақсатымен таныстыру.




5.2

Өткен тақырыпты қайталау

Қайталау сұрақтарын беру:

  • Сандық өрнектер дегеніміз не?

  • Айнымалысы бар өрнек дегеніміз не?







5.3

Жаңа тақырыпқа шолу

Үй тапсырмасын «Көршіңді сына» әдісі арқылы жұптасып тексертемін.



«Сан» түсінігі математика үшін де, информатика үшін де маңызды болып табылады.
Сан қандай да бір алфавиттің символымен немесе символдар тізбегімен өрнектеледі. Мұндай символдарды цифр деп атайды. Сан түсінігімен санау жүйелері туралы түсінік байланысты.
Санау жүйелері – сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері. 
Бұрынғы және қазіргі қолданылып жүрген барлық санау жүйелері позициялық және позициялық емес санау жүйелері болып екі үлкен топқа бөлінеді. Позициялық санау жүйелерінде цифрдың мәні орналасу орнына тәуелді, ал позициялық емес санау жүйелерінде тәуелді емес. Позициялық емес санау жүйелерінде әр цифрдың мәні оның тұрған орнына тәуелді емес. Позициялық емес санау жүйелерінің ішінде ең көп тарағаны – римдік санау жүйесі.
Позициялық санау жүйелері
Позициялық санау жүйелерінде әрбір цифрдың мәні, осы санның жазылуында тұрған орнына тәуелді. Қазіргі кезде кең тараған позициялық санау жүйелеріне ондық, екілік, сегіздік және он алтылық жүйелер жатады. Әрбір позициялық жүйенің нақты анықталған цифрлар алфавиті мен негізі бар.
Позициялық санау жүйесінің негізі цифрлар санына тең және көрші позицияда тұрған бірдей цифрлардың мәндері неше есеге ерекшеленетінін анықтайды.
Сандардың бізге үйреншікті жазылу жүйесі ондық жүйе деп аталады, ол он араб цифрларынан тұрады. Кез келген санды жазу үшін 0-ден 10-ға дейінгі 10 цифр қолданылады, оның негізі 10-ға тең; екілік жүйеде тек 0 және 1 цифрларын қолдануға болады, негізі-2; сегіздік жүйе сегіз цифрдан тұрады, негізі – 8; он алтылық жүйеде ондық санау жүйесінің он цифры және қалған 6 цифрдың орнына латын алфавитінің әріптері қолданылатын, барлығы он алты цифр бар, негізі – 16.
Позициялық санау жүйелері

Санау жүйесі

негізі

Цифр алфавиті

ондық

10

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9

Екілік

2

0,1

Сегіздік

8

0,1,2,3,4,5,6,7

Он алтылық

16

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 А(10),В(11),С(12),Д(13),Е(14),F(15)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет