-сурақ-жауап
Студенттер бір-біріне сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылайды
-дебат
Студенттер бір-бірімен пікір аламасады
-тапсырмаларды орындау
Аудиториялық тапсырмаларды орындайды
-жеке жұмыс
Студенттердің деңгейіне байланысты тапсырмалар.
5.5
Сабақты қорытынды бағалау
5.6
Үй тапсырмасын беру
Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру.
№28,29.
Оқу сабағының жоспары Теріс емес бүтін сандар, қосындысының, айырмасының, көбейтіндісінің бөлінгіштігі. (сабақтың тақырыбы)
Модуль /пән атауы Математиканың теориялық негіздері және бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі.
ПедагогДаткаева Гаухар Ажибаевна дайындады
Топ
ББ-9г-22/1
ББ-9г-22/2
ББ-9г-22/3
Мерзімі
№
1
Сабақтың түрі
Практикалық
2
Мақсаты, міндеттері
Студенттерге натурал сан мен ноль ұғымының шығуы ұғымын бастауыш сынып оқушыларына үйрету әдістерін меңгерту
3
Күтілетін нәтижелер
Студенттер сандар ұғымы, натурал сандар ұғымын біледі және түрлерін меңгереді.
4
Қажетті ресурстар
Слайд, презентация, таратпалар, кітап.
5
Сабақтың барысы
5.1
Сабақты ұйымдастыру
Студенттердің сабаққа дайындығы.
Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
5.2
Өткен тақырыпты қайталау
Қайталау сұрақтарын беру:
Сандық өрнектер дегеніміз не?
Айнымалысы бар өрнек дегеніміз не?
5.3
Жаңа тақырыпқа шолу
Үй тапсырмасын «Көршіңді сына» әдісі арқылы жұптасып тексертемін.
Қандай да бір нәрсені есептеу үшін 1,2,3,4 және т.б. сандар қолданылатыны белгілі. Санау үшін пайдаланылатын сандар натурал сандар деп аталады. 1 саны – ең кіші натурал сан.
Өсу ретімен жазылған 1,2,3,4,5,... натурал сандар натурал қатарды немесе натурал сандар қатарын құрайды. Өсу ретімен жазылған 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15,... натурал сандар натурал қатарды немесе натурал сандар қатарын құрайды.
1 – саны натурал қатардың ең кіші саны, ал ең үлкен сан болмайды.
0натурал санына жатпайды.
Сандар 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 белгілері арқылы жазылады.
Натурал сандарды жазу үшін қолданылатын белгілер цифрлар деп аталады. Жұп, тақ цифрлар болып бөлінеді
Жұп сандар деп қандай сандарды айтамыз?
Жұп сандар дегеніміз 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар.
Жұп сандарға: 2, 4,6,8,10,12,14,16,18,20...... деген сандар жатады.
Тақ сандар деп қандай сандарды айтамыз?
Тақ сандар дегеніміз 2-ге қалдықпен бөлінетін сандар.
Тақ сандарға: 1,3,5,7,9,11,13,15,17,19,21.......
Әрбір натурал сан разрядтарға бөлінеді. Разрядтар оңнан солға қарай бірлік, ондық, жүздік және т.с.с. оқылады
Санның жазылуындағы алғашқы үш разряд бір топқа біріктіріліп, бірліктер класы деп аталады. Бұл класс бірліктер, ондықтар, жүздіктерден тұрады.
Төртінші, бесінші, алтыншы разрядтар мыңдықтар класын құрайды. Оған мың, он мың, жүз мыңдардың бірліктері кіреді.
Кестеде көрсетілгендей, мыңдықтар класынан кейін миллиондар класы, одан кейін миллиардтар класы және т.б. жалғаса береді.