«Болашақ» жоғары колледжі БЕКІТІЛДІ ___________ Кафедра меңгерушісі «____» _________20__ж.
Оқу сабағының жоспары Сандардың бөлінгіштік қасиеттері. (сабақтың тақырыбы)
Модуль /пән атауыМатематиканың теориялық негіздері және бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі.
Үй тапсырмасын «Көршіңді сына» әдісі арқылы жұптасып тексертемін.
Қандай да бір нәрсені есептеу үшін 1,2,3,4 және т.б. сандар қолданылатыны белгілі. Санау үшін пайдаланылатын сандар натурал сандар деп аталады. 1 саны – ең кіші натурал сан.
Өсу ретімен жазылған 1,2,3,4,5,... натурал сандар натурал қатарды немесе натурал сандар қатарын құрайды. Өсу ретімен жазылған 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15,... натурал сандар натурал қатарды немесе натурал сандар қатарын құрайды.
1 – саны натурал қатардың ең кіші саны, ал ең үлкен сан болмайды.
0натурал санына жатпайды.
Сандар 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 белгілері арқылы жазылады.
Натурал сандарды жазу үшін қолданылатын белгілер цифрлар деп аталады. Жұп, тақ цифрлар болып бөлінеді
Жұп сандар деп қандай сандарды айтамыз?
Жұп сандар дегеніміз 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар.
Жұп сандарға: 2, 4,6,8,10,12,14,16,18,20...... деген сандар жатады.
Тақ сандар деп қандай сандарды айтамыз?
Тақ сандар дегеніміз 2-ге қалдықпен бөлінетін сандар.
Тақ сандарға: 1,3,5,7,9,11,13,15,17,19,21.......
Әрбір натурал сан разрядтарға бөлінеді. Разрядтар оңнан солға қарай бірлік, ондық, жүздік және т.с.с. оқылады
Санның жазылуындағы алғашқы үш разряд бір топқа біріктіріліп, бірліктер класы деп аталады. Бұл класс бірліктер, ондықтар, жүздіктерден тұрады.
Төртінші, бесінші, алтыншы разрядтар мыңдықтар класын құрайды. Оған мың, он мың, жүз мыңдардың бірліктері кіреді.
Кестеде көрсетілгендей, мыңдықтар класынан кейін миллиондар класы, одан кейін миллиардтар класы және т.б. жалғаса береді.