Теңдеулер жүйесі және теңсіздіктер жүйесі



бет18/21
Дата16.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#191527
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Гаухар

Есіңе сақта!
Цифр – бұл таңба. Олар: 0, 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9.
Цифрлар тек таңба болғандықтан, оларды «жұп» және «тақ» деген ұғымдарға бөлуге болмайды. Бірақ, цифрлардың көмегімен сандар жазылады.
Заттарды немесе ұғымдарды санау үшін қолданылатын сандарды натурал сандар деп атайды.
Егер натурал сандарды бірінен соң бірін жазса, онда натурал сандар қатары шығады. Оның шексіз екенін көрсету үшін, соңына көп нүкте қойылады:
1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, ...100, 101... 1000, 1001, ...
Егер натурал сандар қатарынан кез келген бірнеше сандарды ретімен жазсақ, онда ол натурал сандар қатарының кесіндісі болады.
8, 9, 10, 11, 12, 13 – бұл натурал сандар қатарының кесіндісі.
8, 9, 10, 12, 11, 13 – бұл натурал сандар қатарының кесіндісі емес, себебі сандар ретімен тұрған жоқ.
8, 9, 10, 12,13 – бұл натурал сандар қатарының кесіндісі емес, себебі 11 саны жоқ.
Натурал сандардың қасиеттері:
-натурал сандар қатары 1-ден басталады;
-натурал сандар қатарының әрбір келесі мүшесі алдыңғысынан 1-ге артық;
-натурал сандар қатары шексіз, себебі оның «ең соңғы мүшесі» деп саналған кез келген үлкен натурал санның өзіне бірлікті қосу арқылы келесі мүшесін алуға болады
Сыни тұрғыдан талдау (жұппен жұмыс)

1-тапсырма.
Берілген қатардағы натурал сандар қатарын көрсетіңіз:
1, 3, 5, 7…
0, 1, 2, 3…
1, 2, 3, 4…
Кему ретімен орналасқан сандарды көрсетіңіз:
155; 99; 74; 50; 33
15; 28; 61; 88; 129
297; 102; 5; 75; 20



5.4

Жаңа тақырыпты пысықтау

-рефлексия

Сабақ соңында оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау үшін «БББ кестесі» тәсілін пайдаланамын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет