Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет40/141
Дата08.07.2018
өлшемі2,01 Mb.
#48691
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   141

Кесу жұмыстарының технологиясы

Кесу станогының құрылысы, қолданылу ережелері. Алмастарды қырнау және қырнау дискісінің қадамдауы кезінде пайдаланылатын жабдықтардың түрлері.

Кесу және өлшеу аспаптарын пайдалану ережелері. Желімдейтін заттардың құрамы және желімдеу ережелері.

Қырнау режимі. Қырнау дискісін таңдау, түзету және тесіп тастау ережелері. Қырнау станогының секциясындағы қырнау дискісінің шпинделін реттеу ережелері.

Қырнау дискілерінің периодты қадамдауы. Көп секциялы қырнау станогын реттеу ережелері. Қырнау дискілерінің қадамдауының периодтылығы. Кесу аспаптарын жұмысқа дайындау тәсілдері. Көп секциялы қырнау станогында сыртқы ақаулары бар алмастарды қырнау технологиясы.

Көп секциялы қырнау станогында сыртқы ақаулары бар алмастарды өңдеу. Алмастардың кристаллографиялық формалары және олардың қырнау жазықтықтарына белгілер қою ережелері. Алмас шикізатының техникалық жағдайлары.



Білімдер:

- көп секциялы егеу станогында алмастарды қырнау технологиясы және тиімді режимдері;

- кристалдау негіздері және алмастың физикалық қасиеттері;

- қырнайтын жартылай фабрикаттардың техникалық жағдайлары;

- караттық және аналитикалық таразыларды пайдалану ережелері;

- қырнау кезінде қолданылатын алмастық ұнтақтардың маркалары;

- дефекті кристалдар үшін қырнау бағыттарын өлшеу ережелері;

- желімденетін заттар және алмастарды желімдеу ережелері;

- алмастарды өлшеуге тапсыру ережелері;

Іскерліктер:

- алмас шикізатының I тобының "а" шағын тобындағы массасы 0,15 каратқа дейінгі 1-ші, 2-ші және 3-ші сапамен таңбаланған алмастарды ұсату;

- алмас шикізатының II тобының "а" шағын тобындағы массасы 0,25-тен 0,75 каратқа дейінгі 1-ші және 2-ші сапамен таңбаланған алмастарды көп секциялы ұсақтау станогінде ұсату;

- алмас шикізатының II тобының "а" шағын тобындағы массасы 0,16-дан 0,99 каратқа дейінгі 1-ші, 2-ші, 3-ші және 4-ші сапамен, "б" шағын тобындағы массасы 0,16-дан 0,99 каратқа дейінгі 1-ші және 2-ші сапамен, "в" шағын тобындағы массасы 0,16-дан 0,99 каратқа дейінгі 1-ші және 2-ші сапамен таңбаланған алмастарды ұсату;

- алмас шикізатының III тобының "а" және "б" шағын тобындағы массасы 1,0 карат және одан жоғары 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші және 5-ші сапамен, "в" шағын тобындағы массасы 1,0 карат және одан жоғары 2-ші, 3-ші және 4-ші сапамен, "г" және "д" шағын тобындағы массасы 1,0 карат және одан жоғары 1-ші, 2-ші, 3-ші және 4-ші сапамен таңбаланған алмастарды көп секциялы ұсақтау станогінде ұсату;

- ұсақтайтын дисклердің жылғаларын шырпу және ұсатылатын алмастың массасына байланысты ұсақтау жұмысын орындау;

- дискінің кеспелтегін алмас пастасымен өңдеу;

- алмасты оправаға және ұсатқыш жебенің шанышқысына желімдеп бекіту, станокқа орнату;

- алмасты сызаттау және ұсату үшін дисклер таңдап алу, дисклерді бекіту және алмастыру;

- алты- және он- есе үлкейтетін лупаның көмегімен ұсатылатын алмасты тексеру;

- алмасты техникалық бақылау бөлімінен алу және караттық және аналитикалық таразылармен өлшеу үшін тапсыру;

- шпинделі бар өңдеу дискін өңдеу станогінде реттеу;

- ұсатушы дисклерді сызаттауға және ұсатуға туралау;

- ұсатуға жұмсалатын күштің тиімді режимін тағайындау;

- ақаулы кристалдар үшін ұсақтау бағытын анықтау және өзгерту.


КҚ 2.8.1

КҚ 2.8.2


КҚ 2.8.3

КҚ 2.8.4


КҚ 2.8.5

КҚ 2.8.6


КҚ 2.8.7



Біліктілігі: 0415092 – Сағатшы



АП 05

Түрлі модельдегі сағат механизмдерін құру технологиясы

Металдарды өңдеу: кесу, ұнтақтау, бұрғылау, оймалар жасау, термиялық өңдеу. Шектер және техникалық өлшеулер: қателіктер, шектер, кішіреюлер, бұдырлар, өлшеу аспабы, калибрлер. Сағат механизмдері бұйымдарын қосу және бекіту. Қосудың түрлері, қосуды бекіту тәсілдері, бұйымдарды сығу. Сағат бұйымдарын жуу. Жуу қоспаларының құрамы, жуу аппараттары, бұйымдарды жуу режимі, бұйымдарды кептіру режимі. Сағаттардың жөндеуге келетіндігін анықтау. Сағаттардың құрылымы. Сағаттардың жинақтылығы. Сағат механизмдері бұйымдарының тозу дәрежесі. Дефектация. Қоңыраулы сағаттарды жөндеу. Қоңыраулы сағат механизмдерінің дефектациясы. Қоңыраулы сағат қозғалтқышын жөндеу және оны құрастыру. Шаппаны жөндеу және оны құрастыру. Механизмді жүргізу. Реттеу, басқару. Қабырға сағаттарын жөндеу. Сағат механизмдерінің дефектациясы. Сағат механизмдерін жөндеу. Реттеу, басқару. Қалта және қол механикалық сағаттары механизмдерін жөндеу. Дөңгелек жүйелердің дефектациясы. Дөңгелек жүйелерді реттеу. Жүргізу серіппесінің түйінін жөндеу және оны құрастыру. Теңгеру (баланс) түйінін бөлшектеу. Теңгеру осін алмастыру. Тоғынды жөндеу және теңгеруді тепе-теңдеу. Шаппа түйінін жөндеу. Теңгергішті және шиыршық серіппені тазалау. Сағаттарды құрастыруға дайындау. Механизмді қимылға келтіру. Сағат механизмдерінің жұмысын тексеру және оларды реттеу. Ақырғы жинастыру және сағат механизмдерін тексеру. Бұйымның сапасын стандарттау және бақылау. Стандарттау түрлері. Бұйымның сапасына қойылатын талаптар. Сағат бұйымдарын пісіру. Дәнекерлеулер. Флюстер. Пісіру жолдары және тәсілдері. Кварцтық сағаттарды жөндеу. Сағаттар дефектациясы. Сағат тілдерінің түйіндерін және негізгі дөңгелек жүйесін жөндеу және құрастыру. Теңгергіш қозғалтқышы бар сағаттарды жөндеу және жүрісін реттеу. Теңгергіш түйінін жөндеу және реттеу, механизмді іске қосу. Күнтізбені бөлшектеу және жинау. Сағат теңгергішінің сөткелік жүрісін реттеу. Қадамды қозғалтқышы бар сағаттарды жөндеу. Кварцтық генератордың сөткелік жүрісін реттеу. Сағат механизміндегі ақауларды жөндеу және түзету тәсілдері. Теңгергіш қозғалтқышы бар кварцтық сағаттарды жалпы жөндеу. Жұмыс орнын жабдықтау. Сағаттар механизмдерін толық бөлшектеу. Бұйымдарды жуу. Бұйымдарды кептіру. Сағаттар механизмдерін толық құрастыру. Сағаттарды реттеу. Электронды сағаттарды жөндеу. Электронды-есептегіш жиілік өлшегіштер. Электронды осциллографтар. Сағат ақаулары: ақпараттың болмауы, үлкен кернеулі токтың пайдаланылуы, ақпараттағы кемістіктер, жүрістің дәлсіздігі, кейбір сегменттерінің болмауы, коррекциялар, жарықтандырғыш жұмыс істемейді, дыбыс дабылы жұмыс істемейді, есептеулер дәл емес.

Индикация блогін жөндеу. Дыбыс бергіш блокты жөндеу. Электр көзі болгін жөндеу. Басқару болгін жөндеу. Кварцтық генератоды жөндеу. Сағат механизмдерінің негізгі түйіндері: қолдануы, құрылымы, жұмысы. Беріліс механизмдері. Сағат механизмдерінің қозғалтқыштары. Сағаттардағы қосалқы құрылғылар. Микросызбалар. Кварцтық генератор. Есептегіш блоктар. Дешифраторлар. Индикация блогі. Басқару блогі. Қоректендіру блогі.

Кварцтық резонаторлар. Қоректендіру элементтері. Транзисторлар. Диодтар. Трансформаторлар. Серіппені іске қосу және тілдер бағытын ауыстыру түйіндері. Шаппаны реттегіштер. Тербелмелі жүйе. Сағат жүрісінің дәлдігі. Сағат жүрісінің дәлдігі туралы ұғым. Жүріс дәлдігін анықтау. Жүріс дәлдігін өлшеу. Дәлдіктер кластары. Сағат жүрісінің дәлдігіне әсер ететін факторлар. Сағат жүрісінің дәлдігін реттеу. Сағаттардың техникалық сипаттамасы. Жүрістің дербестілігі. Дәлдіктер сипаттамасы. Конструктивті сипаттамалар. Электронды сағаттардың сызбалары: белгіленуі, сипаттамасы, параметрлері. Механикалық сағаттардың кинематикалық сызбалары. Сағаттар конструкциясы. Сағаттардың типтері. Сағат механизмдерінің конструктивті ерекшеліктері. Сағаттардың техникалық сипаттамалары. Сағаттардың классификациясы. Сағаттардағы қосымша қондырғылар: белгіленуі, құрылысы, жұмыс істеу принципі. Соққыға қарсы құрылғы. Күнтізбелік құрылғы. Дыбыс дабылын беретін құрылғы. Бұрау механизмі. Соғу түйіні. Сағаттардың сыртқы корпусының безендірілуі. Сыртқы безендіру бұйымдарына қойылатын техникалық талаптар. Сағаттар корпусы және олардың таңбалануы. Сыртының қапталуы. Сыртқы корпусының герметикалылығы.



Білімдер:

- өнімдерді қабылдау ережелері;

- нормативті-техникалық құжаттар;

- сағат механизмдерінің құрылысы;

- сағаттардың жөндеуге жарамдылығы;

- сағаттарды жөндеу технологиясы;

- сағат жүрістерінің бұзылуына әкелетін себептер және оларды жою әдістері;

- бақылау-өлшеу және жұмыс аспаптарын қолдану;

- сағат түйіндері мен бұйымдарының дефектация түрлері;

- сағаттардың кемшіліктерін анықтау, жөнддеу және реттеу жұмыстарын орындау әдістері;

- әр түрлі ақауларды жою;

- жөнделетін сағаттардың жиынды бірліктерін және бұйымдарын алмастыру және шақтау тәсілі;



Іскерліктер:

- механикалық, балансты және маятникті сағаттарды, құрылысы онша күрделі емес механикалық қол және қалта сағаттарын жөндеу;

- операциялық жөндеу кезінде механикалық дабылды, балансты және дабылсыз маятникті сағаттардың қарапайым және орташа күрделі түйіндерін бөлшектеу, тазалау және құрастыру

- әр түрлі сағат ақауларын түзету;

- қол және үстел сағаттарын бөшектеу, жөндеу, реттеу және құрастыру жұмысын жүргізу;

- 8- және одан жоғары разрядты, сағатты, минутты, секундты, апта күндерін, жылды және т.с.с. көрсететін электронды сағаттарды бөшектеу, жөндеу, реттеу және құрастыру жұмысын жүргізу;

- сағат жүрісіндегі кемістіктерді тудыратын себептерді анықтау және жөндеу;

- алмастыру арқылы жөнделетін сағаттардың жаңа жинамалы бірліктерін және бұйымдарын таңдау және келтіру;

- сағаттардың қарапайым жеке бұйымдарын дайындап шығару;

- жөнделетін сағаттардың жинамалы бірліктерін және бұйымдарын алмастыру және дайындау;

- электронды және кварцты сағаттардың жүріс дәлдігін аспаптар бойынша тексеру, дәл уақытты тағайындау;

- арнайы стендтерде электронды блоктардағы элементердің кемшіліктерін анықтау;

- электронды сағаттардың микросызбаларындағы кемшіліктерін түзету;

- сағаттық тастарды алмастыру және осьтік саңлауларды реттеу;

- әр түрлі токарлық операцияларды орындау.


КҚ 2.9.1

КҚ 2.9.2


КҚ 2.9.3

КҚ 2.9.4


КҚ 2.9.5

КҚ 2.9.6


КҚ 2.9.7



Біліктілігі: 041510 2 –Зергер-білезікші



АП 05

Білезік құрастыру технологиясы

Білезік құрастыру технологиясы: қатты дәнекерлегіштермен дәнекерлеу тәсілдері; ұштеу геометриясы; түзету және кесу аспаптарының термиялық өңделуі. Білезіктерді майдан тазарту және жуу тәсілдері. Ағартқыштар құрамын дайындау тәсілдері. Білезік бұйымдарының штампталған түйіндерін құрастыру және өңдеу. Дәнекерлегеннен кейін бұйымдар мен түйіндерді ағарту ережелері. Білезіктердің түйіндерін құрастыру мен бұйымдарын өңдеуде қолданылатын аспаптардың, құрылғылардың және жабдықтардың құрылысы. Түсті металдардың физика-механикалық қасиеттері.

Қымбат металдарға қоспа қосуды сынамалары бойынша есептеу әдістері.

Білезікті безендіру жұмыстарының түрлері. Дәнекерлеудің барлық түрлерін жөндеу және қайта жөндеу әдістері.

Суреттері және сызбалары бойынша көркемдігі жоғары білезіктер дайындаудың ерекшеліктері.


Білімдер:

- білезіктерді құрастыру алдында жүргізілетін дайындау операцияларының технологиялық реті және тәсілдері;

- дәнекерлегіштердің қолданылуы және олардың сызбалардағы шартты белгілері;

- қымбат металдардың ең аз шығынын қамтамасыз ететін білезіктерді өңдеу әдістері мен тәсілдері;

- қималары әр түрлі сымды созу тәсілі;

- қиыстырмалы білезіктер дайындау және күрделі фасонды тізбектер әзірлеу технологиясы;



Іскерліктер:

- білезіктерді құрастыру алдында дайындық жұмыстарын жүргізу;

- түсті металдардан қарапайым білезіктер құрастыру;

- дәнекерлеуден кейін ағарту, жуу және кептіру жұмыстарын жүргізу;

- түсті және қымбат металдардан орташа күрделі білезіктер құрастыру;

- білезіктер үзбелерін, құлақшалы, тігінді және бүйірлі шнепперімен тізбектер әзірлеу;

- бұйымдар мен түйіндерді дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу;

- арнайы кесу құрылғыларын үштеу, түзету және термиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу;

- дәнекерлеген соң білезіктерді майдан тазарту, сымдарды алу және жуу;

- штампталған бұйымдарды өңдеу және білезіктердің түйіндерін дәнекерлеу;

- білезіктердің үзбелерін, шнепперімен бірге құлақтық, тігінді және өңірлік тізбектер дайындап шығару;

- глидерлі, үзбелі және басқа білезіктерді құрастыру;

- ағартуға арналған қоспаларды дайындау;

- дәнекерлеуші заттарды және бұйымдарды дәнекерлеуге дайындау; штампталған бұйымдардан шарнирлі шнепперімен бірге қуыс жатық білезіктерді дайындау.



КҚ 2.10.1

КҚ 2.10.2

КҚ 2.10.3

КҚ 2.10.4

КҚ 2.10.5

КҚ 2.10.6

КҚ 2.10.7


ӨО және КП 00

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика





Цехтың шеберханалардың,өндіріс бөлімшелердің құрылымымен таныстыру; жұмыс уақытымен және негізгі, қосалқы цехтар, шеберханалар және олардың белгіленуі. Негізгі цехтың шикізаты мен өнімдерін технологиялық процесін зерделеу, жұмыс орнын ұйымдастыру; Негізгі және қосалқы құрал-жабдықтар үрдісі. Жұмыс орнында регламентке сәйкес технологиялық үрдістерді жүргізудің негізгі тәсілдері мен әдістерін бекіту және оқып үйрену. Цехтың технологиялық үрдісін оқып үйрену біліктілігіне сәйкес кәсіби бойынша орын алмастырушы (дублер) ретінде жұмыс жасау.

Іскерліктер:

кәсіптік терминология; технологиялық процестердің топтамасын; кәсіпорынның құрылымы мен жұмысын ұйымдастыру; еңбек қауіпсіздігі техникасының ережелерін;



Дағдылар:

біліктілікке сәйкес операцияларды орындау; жабдықтар мен аппаратураларда қызмет көрсету; үрдістерді жүйелілеу және бақылау жасауды жүзеге асыру;





      Ескерту: 1 кесте. Базалық құзыреттер

құзыреттер коды

Базалық құзыреттер (БҚ)

БҚ 1

Өмір бойы өз білімі мен шеберлігін жаңартып отыру

БҚ 2

Өндіріс экономикасы және автоматтандыру негіздері мен АЖБТП жөніндегі білімдерін тереңдету

БҚ 3

Жекетұлғалық және коммуникативтік мінез-құлық ережесін сақтау

БҚ4

Өз бетінше және командамен жұмыс істей білу

БҚ 5

Жеке еңбек қызметін жоспарлау

БҚ 6

Керекті ақпаратты қолдану және жүйелеу

БҚ 7

Техникалық құжаттармен жұмыс істеу

БҚ 8

Жабдықтарды пайдалану кезінде өрт және техника қауіпсіздігін, еңбекті қорғау ережелерін сақтау

      2 кесте. Кәсіптік құзыреттер

ТжКО деңгейі

Мамандардыру

Кәсіптік құзыреттер (КҚ)

Жоғары деңгей

041501 2 - Зергерлік және көркемдік бұйымдарға өндірмені бедерлеуші

КҚ 2.1.1. Түсті әйнектерден әр түрлі формадағы ендірмелерді қырнап дайындау;

КҚ 2.1.2. Қырлаушы диск пен станокты жұмысқа дайындау;

КҚ 2.1.3. Ендірмелер үшін әйнектен, жартылай асыл тастардан әзірленген дайындамаларды ұштау;

КҚ 2.1.4. Түрпілі дөңгелектерді қолдану;

КҚ 2.1.5. Бұрғылайтын және қырнаушы бір шпиндельді станоктарда жұмыс істеу;

КҚ 2.1.6. Жартылай асыл тастан жасалған дайындамалардағы рундисті және конусты ұштау;

КҚ 2.1.7. Жартылай асыл тастың сапасын бағалау;

КҚ 2.1.8. Техникалық қадағалауға арналған аналитикалық таразылармен жұмыс істеу;



041502 2 – Зергер-шынжыршы

КҚ 2.2.1. Әр түрлі материалдардан: сымнан, тоқыма сымдарынан, пісіру электродтарынан және т.с.с. дайындамалар таңдап алу;

КҚ 2.2.2. Орама шиыршық сымдар жасау үшін диаметрі әр түрлі ригельдермен жұмыс істеу;

КҚ 2.2.3. Бір типті дөңгелекше, сопақша және фасонды құлақшалы қарапайым тізбектер әзірлеу;

КҚ 2.2.4. Түсті және қымбат металдардан күрделілігі орташа тізбектер әзірлеу;

КҚ 2.2.5. Жаншу (вальцовка) әдісін қолдану;

КҚ 2.2.6. Аспаптарды қолдану.



041503 2 – Зергер-нақыштаушы

КҚ 2.3.1. Түсті және қымбат металдардан жасылған зергерлік және көркем бұйымдардың беттеріне әр түрлі фасонды ойылмалы өрнектер түсіру;

КҚ 2.3.2. Сызбаларды оқу;

КҚ 2.2.3. Сызбамен және сызбасыз ойылмалар жасау;

КҚ 2.3.4. Түсті және асыл металдардан жасылған зергерлік және көркем бұйымдарды шырпу;

КҚ 2.3.5. Ойылмалар жұмысының технологиясын дайындау;

КҚ 2.3. 6. Түрлі ою-өрнектер түсіру;

КҚ 2.3.7. Сүйектен, безендірілген металдардан әзірленген бұйымдарға ойылмалар жасау.


041504 2 – Зергер-орнықтырушы

КҚ 2.4.1 Тесіктерді бұрғылау және тесіп шығу үшін әр түрлі құрылғылар қолдану;

КҚ 2.4.2 Түсті және қымбат металдардан жасылған зергерлік өнімдерді термиялық өңдеуден өткізу;

КҚ 2.4.3 Үзбелер, бұрандалар және тығырықтар негіздерін егеу;

КҚ 2.4.4 Кілт астына сыздықтар, топсалар және пластиналар дәнекерлеу;

КҚ 2.4.5 Қарапайым құрылғыларды пайдаланып тесіктерді бұрғылау;

КҚ 2.4.6 Түсті металдар мен күмістен жасалған ыдыс тобындағы зергерлік бұйымдарды қырып тегістеу және қолдан жылтырату жұмысын орындау.



041505 2 – Зергер-бұрамашы

КҚ 2.5.1 Бұйымдарды зер таспа (филигрань) әзірлеуге дайындау;

КҚ 2.5.2 Дайын бөлшектерді қағаздағы суреті немесе үлгісі бойынша бұйымдарда немесе селдір ширатпа кезінде қағазда дәнекерлеуді орындау;

КҚ 2.5.3 Зер таспалы өнімдерді арасында бұйымдарын жалғастыра отырып дәнекерлеуді орындау;

КҚ 2.5.4 Түйіршікті еріту жұмысын жүргізу;

КҚ 2.5.5 Дайын үлгілері бойынша суретті толтыру үшін ширатпадан қарапайым бұйымдар жасап шығару;

КҚ 2.5.6 Фигуралар және жайылма лар салу үшін есептеулер жүргізу.





041506 2 - Алмастарды гауһарларға сұрыптаушы

КҚ 2.6.1 Қолдан қырнайтын құрылғылары бар қырлаушы станокта алмастың жартылай фабрикаттарының жоғарғы не төменгі қырларын массасы 0,05 каратқа дейінгі 17 және 33 қырлы дөңгелек формадағы гауһар тасқа қырнауды және жылтыратуды орындау;

КҚ 2.6.2 Робот технологиялық кешенді, автоматты манипуляторды пайдалану;

КҚ 2.6.3 Бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану;

КҚ 2.6.4 Технологиялық жабдықтарды, қолданылатын кесу және өлшеу құралдарын пайдалану;

КҚ 2.6.5 Қырнау станогін қолдану;

КҚ 2.6.6 Алмастың жартылай фабрикаттарын 17 және 33 қырлы дөңгелек формадағы гауһар тасқа қырнаудың тиімді режимін тағайындау;

КҚ 2.6.7 Техникалық бақылау бөлімінен жартылай фабрикаттарды алу және өткізу.




041507 2 - Алмасты әшекейлеуші

КҚ 2.7.1. Қашау станогінде немесе жартылай автоматта алмастың тегіс және шамалы мүсінді қыры бар жартылай фабрикаттарын өңдеуден кейінгі массасы 0,10 карат және 0,50-ден 0,99-ға дейінгі карат болатын сыдыру және жетілдіру жұмысын орындау;

КҚ 2.7.2. Қашау станогінде немесе жартылай автоматта алмастың тегіс және шамалы мүсінді қыры бар жартылай фабрикаттарын өңдеуден кейінгі массасы 0,11-ден 0,49-ға дейінгі карат болатын сыдыру және жетілдіру жұмысын орындау;

КҚ 2.7.3. Қашау станогінде алмастың жартылай фабрикаттарын дөңгелек формадағы гауһар тасқа сыдырудан және жетілдіруден кейінгі шығынын есептеу;

КҚ 2.7.4. Өңдеу процесі кезіндегі алмастың беріктік анизотропиясын анықтау;

КҚ 2.7.5. Алмастың жартылай фабрикаттарын дөңгелек формада жасалған гауһар тас оправасына жапсыруға арналған желімнің рецептін дайындау;

КҚ 2.7.6. Караттық және аналитикалық таразыларды қолдану.





2.8 041508 2 – Алмасты кесуші

КҚ 2.8.1. Алмас шикізатының I тобының "а" шағын тобындағы массасы 0,15 каратқа дейінгі 1-ші, 2-ші және 3-ші сапамен таңбаланған алмастарын ұсату;

КҚ 2.8.2. Алмас шикізатының II тобының "а" шағын тобындағы массасы 0,25-тен 0,75 каратқа дейінгі 1-ші және 2-ші сапамен таңбаланған алмастарды көп секциялы ұсақтау станогінде ұсату;

КҚ 2.8.3 Алмас шикізатының II тобының "а" шағын тобындағы ң массасы 0,16-дан 0,99 каратқа дейінгі 1-ші, 2-ші, 3-ші және 4-ші сапамен, "б" шағын тобындағы массасы 0,16-дан 0,99 каратқа дейінгі 1-ші және 2-ші сапамен, "в" шағын тобындағы массасы 0,16-дан 0,99 каратқа дейінгі 1-ші және 2-ші сапамен таңбаланған алмастарды ұсату;

КҚ 2.8.4 Алмас шикізатының III тобының "а" және "б" шағын тобындағы массасы 1,0 карат және одан жоғары 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші және 5-ші сапамен, "в" шағын тобындағы массасы 1,0 карат және одан жоғары 2-ші, 3-ші және 4-ші сапамен, "г" және "д" шағын тобындағы массасы 1,0 карат және одан жоғары 1-ші, 2-ші, 3-ші және 4-ші сапамен таңбаланған алмастарды көп секциялы ұсақтау станогінде ұсату;

КҚ 2.8.5 Ұсақтайтын дисклердің жылғаларын шырпу және ұсатылатын алмастың массасына байланысты ұсақтау жұмысын орындау;

КҚ 2.8.6 Дискінің кеспелтегін алмас пастасымен өңдеу;

КҚ 2.8.7 Алмасты оправаға және ұсатқыш жебенің шанышқысына желімдеп бекіту, станокқа орнату.




041509 2–Сағатшы

КҚ 2.9.1 Механикалық, балансты және маятникті сағаттарды, құрылысы онша күрделі емес механикалық қол және қалта сағаттарын жөндеу;

КҚ 2.9.2 Операциялық жөндеу кезінде механикалық дабылды, балансты және дабылсыз маятникті сағаттардың қарапайым және орташа күрделі түйіндерін бөлшектеу, тазалау және құрастыру;

КҚ 2.9.3 Әр түрлі сағат ақауларын түзету;

КҚ 2.9.4 Қол және үстел сағаттарын бөшектеу, жөндеу, реттеу және құрастыру жұмысын жүргізу;

КҚ 2.9.5 8-және одан жоғары разрядты, сағатты, минутты, секундты, апта күндерін, жылды және т.с.с. көрсететін электронды сағаттарды бөшектеу, жөндеу, реттеу және құрастыру жұмысын жүргізу;

КҚ 2.9. 6 Кварцты сағаттарды бөлшектеу, жөндеу, генераторларын, резонаторларын реттеу және құрастыру жұмысын жүргізу;

КҚ 2.9.7 Сағат жүрісіндегі кемістіктерді тудыратын себептерді анықтау және жөндеу.




041510 2– Зергер-білезікші

КҚ 2.10.1 Білезіктерді құрастыру алдында дайындық жұмыстарын жүргізу;

КҚ 2.10.2 Түсті металдардан қарапайым білезіктер құрастыру;

КҚ 2.10.3 Дәнекерлеуден кейін ағарту, жуу және кептіру жұмыстарын жүргізу;

КҚ 2.10.4 Түсті және қымбат металдардан орташа күрделі білезіктер құрастыру;

КҚ 2.10.5 Білезіктердің үзбелерін, шнепперімен бірге құлақтық, тігінді және өңірлік тізбектер дайындап шығару;

КҚ 2.10.6 Бұйымдар мен түйіндерді дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу;

КҚ 2.10.7 Арнайы кесу құрылғыларын үштеу, түзету және термиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу.


 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ 384 бұйрығына 27-қосымша


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет