Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет44/141
Дата08.07.2018
өлшемі2,01 Mb.
#48691
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   141

Педагогикалық практика

Орындаушылық сыныпта оқытушы ретінде жұмыс дағдыларын қалыптьастыру. Педагогикалық практика сабақтарының мазмұны БММ орындаушылық бөліміне арналған бағдарламалар арқылы анықталады.



Іскерліктер:

аспапта ойнау әдістеме курсын оқыту мазмұны бойынша білімдерін қолдану;

жас ерекшеліктеріне қарай педагогика мен психология ерекшеліктерін ескеру;

БММ оқу-әдістемелік құжаттарын жүргізу;

оқушылардың жеке жоспарларын құрастыруды;

оқушылармен практикалық жұмыс жасау.

жеке шығармашылық білім беру сыныбында педагогикалық талдау жасау;

педагогикалық қызметінде жее тұлға және ара-қатынастар жөнінде теориялық мәліметтерін падалануда;

музыкалық (вокалдық) әдебиетке падагогикалық талдау жасау; - арнайы әдебиетті пайдалану;

оқушының дауысы жайында маңызды сипаттама жасау, оны дамыту үшін жоспар құру.



Дағдылар:

тәрбие мен білдім берудің теория негіздерін қолданады.

мектеп жасындағы балалармен жұмыс жасаудың психолого-педагогикалық ерекшеліктерін;

оқытушының жеке басына деген талапты;

-шығармашылық және педагогикалық вокалдық мектептер, дауысты қоюдың қазіргі заманғы әдістері, арнайы (вокалдық пәндер);

БММ және БӨМ педагогикалық (вокалдық) репертуары;

қосымша білім беру мекемелерінде, жалпыбілім беру мектептерінде оқу құжаттарын жүргізудің реті.


БҚ 3

КҚ 3.1.3


КҚ 3.1.11

      Ескерту: кесте 1 Базалық құзыреттер

Құзыреттер коды

Базалық құзыреттер (БҚ)

БҚ 1

Өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну, оған тұрақты қызығушылық таныту;

БҚ 2

Өзінің қызметін ұйымдастыру, кәсіби міндеттерді орындау әдістері мен тәсілдерін анықтау, олардың тиімділігі мен сапасын бағалау, ұжым мен командада жұмыс істеу, әріптестер мен жетекшілікпен тиімді қарым-қатынас жасау;

БҚ 3

Кәсіби міндеттерді белгілеу мен шешуге қажетті ақпаратты іздеу, талдау және бағалай білу, кәсіби және жеке даму міндеттерін өз бетімен анықтау, өз бетімен білім іздеу, біліктілікті көтеруді саналы түрде жоспарлау;

БҚ 4

Кәсіби жағдайда жүйелі түрде әрекет етуге, өз қызметін талдау мен жобалауға қабілетті болу;

БҚ 5

Белгісіздік жағдайда өз бетімен шешім шығара білуге қабілетті болу, мәселелерді шеше білу, тәуекелдерді бағалау және қалыптан тыс жағдайларда шешім қабылдай білу;

БҚ 6

Мемлекеттік және орыс тілінің әдеби тіл нормаларын білу, ауызекі және жазба тілдің ерекшеліктерін, түрлі іскерлік жанрдағы мәтіндердің туындау ережелерін, сөзін тілдік, коммуникативтік, этикалық нормаларға сай құрастыра білу, сөйлейтін сөзін оның нормативтігі, тиімділігі жағынан талдай білу, өзінің ауызекі және жазба тілдеріндегі олқылықтар мен қателіктерді жою, шет тілінде сөйлеудің қарапайым дағдаларын қалыптастыру;

БҚ 7

Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бастап біздің заманымызға дейінгі негізгі кезеңдері мен маңызды оқиғаларын білу, Қазақстан тарихында маңызды орны бар көрнекті тұлғалардың өмірбаяндарын білу, тарихи даму барысында қалыптасқан мәдениет пен құндылықтар жүйесіндегі маңызды жетістіктерді білу;

БҚ 8

Қазақстан Республикасы Консититуциясының негіздерін білу, адамдар арасындағы, қоғам мен табиғат қарым-қатынасты реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды білу, әлеуметтік құрылым, қоғамның негізгі әлеуметтік институттары туралы мағлұматы болу, алған білімдерін кәсіби міндеттерді шешу барысында алған білімдерін ескеру;

БҚ 9

Өмірдің философиялық, көркемдік, ғылыми және діни сипаттары туралы, адам өмірінің мәні туралы түсінігі болу;

БҚ 10

Технолоигялардың жиі ауысу жағдайында табиғи ғылыми, математикалық пәндерден қарапайым білімдерін қолдануға дайын болу, ақпараттық- коммуникациялық технологияларды кәсіби қызметін шыңдай түсуде пайдалана білу;

БҚ 11

Экономикалық теорияның жалпы жағдайларын білу, макро және микро экономика негіздері туралы түсінігінің болуы, елдегі және шетелдегі экономикалық жағдайдан хабары болу, кәсіби салада кәсіпкерлік ерекшеліктерін пайдалана білу;

БҚ 12

Салауатты өмір салты туралы ғылыми негізінің болуы, дене шынықтырудың іскерліктері мен дағдыларын болуы, тұлғаның қалыптасуы, оның өмірді, мәдениетті, қоршаған табиғи ортаны сақтау жөнінде еркі мен жауапкершілік туралы мағлұматының болуы.

БҚ 13

Әскери міндетті, соның ішінде жігіттер үшін кәсіби білімдерін, қыздар үшін дәрігерлік-санитарлық дайындық негіздерінен алған білімдерін қолдана отырып орындау.

БҚ 14

Ұжымда жұмыс істеу, оның жұмыла әрекет етуін қамтамасыз ету, әріптестермен, жетекшілермен тиімді жұмыс жасау;

БҚ 15

Кәсіби және тұлғалық даму міндеттерін өз бетімен анықтау, білімін жетілдіру, біліктілігін көтеруді саналы түрле жоспарлау;

БҚ 16

Орта (толық) жалпы білім берудің республикалық компонентіне қатысты базалық және кәсіптік пәндердің білімдері мен дағдыларын кәсіби қызметте пайдалану.

      Кесте 2 Кәсіптік құзыреттер

ТжКО деңгейі

Біліктілік

Кәсіптік құзыреттер (КҚ)

3. Орта буын маманы

0416013 - Балалар музыка мектебінің оқытушысы, оркестр әртісі, дыбыс операторы

КҚ 3.1.1 Музыкалық шығармаларды кәсіби деңгейде орындау, өз бетімен жеке, ансамбльдік репертуарды меңгере алу;

КҚ 3.1.2 Классикалық, халық шығармаларыны орындау ерекшеліктерін анықтау және оларды шығармашылық тұрғыдан түсіндіре білу, концерттік-орындаушылық жұмысты концерттік аудитория жағдайында жүзеге асыру;

КҚ 3.1.3 Жас ерекшеліктеріне байланысты педагогика мен психология ерекшеліктерін түсіну;

КҚ 3.1.4 Музыка мен гармония теориялары негіздерін кәсіби қызметте қолдану.

КҚ 3.1.5 Әлемдік, отандық музыка өнерінің даму тарихын білу, музыкалық шығармаға теориялық және орындаушылық талдау жасау;

КҚ 3.1.6 Музыкалық шығарманы түсіндіруде орындаушының өзімен байланыста болу;

КҚ 3.1.7 Музыкалық шығармаларға компьютерде аранжировка жасау, дыбыс жазуда компьютерлік аранжировканы қолдану;

КҚ 3.1.8 Фортепианода түрлі классикалық, қазіргі заманғы және эстрадалық-джаз әдебиетінің шығармаларын ойнау;

КҚ 3.1.9 Көркемдік образды музыкалық тілдің ерекшеліктерін білу негізінде көрсете білу;

КҚ 3.1.10 Дыбыс жазу жұмыс үдерісін ашық және жабық орындарда ұйымдастыру және басқару жөнінде іс-шаралар кешенін дайындау;

КҚ 3.1.11 Дыбыстық техникалық қондырғыны пайдалану үдерісін басқару;

КҚ 3.1.12 Классикалық музыкалық өнердегі қазіргі заманғы бағыттарды қадағалау;

КҚ 3.1.13 Жазбы және ауызшы тіл мәдениетін, кәсіби териминологияны меңгеру;

КҚ 3.1.14 Әлемдік және отандық музыкалық өнердің даму тарихын, түрлі мектептер мен бағыттардың ерекшеліктерін, алған білімдерін кәсіби қызметте қолдана білу;

КҚ 3.1.15 Оқу-педагогикалық репертуарды өз бетімен игеру, балалар музыка мектептерінде, балалардың өнер мектептерінде педагогикалық және оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру;

КҚ 3.1.16 Тәжірибеде электротехника, акустика, есту қабілеті мен дыбыстың сипаттары саласындағы білімдерінің негіздерін пайдалана білу;

КҚ 3.1.17 Фонограммаларды жазу, дыбыстарын біріктіру мен монтаж жасай алатын қабілетін көрсету;

КҚ 3.1.18 Дыбыс жазу, дыбыс шығаратын, күшейткіш аппаратураны және т.б. дыбыстық техниканы пайдалана білу;

КҚ 3.1.19 Музыкалық және көріністік іс-шаралардың өтуін қадағалау;

КҚ 3.1.20 Дыбыстық техникалық қондырғылардың жұмысына бақылау жүргізу және оған талдау жүргізу;

КҚ 3.1.21 Нақты бір зал, театр, дыбыс жазу студиясы, радио хабарлар тарататын студия және т.б. орындар үшін қажетті дыбыстық техникалық қондырғыларды таңдап орныластыру;

КҚ 3.1.22 Дыбыстық техникаларды орналастыру, жөндеу және іске қосып көру жұмыстарын жүргізу;

КҚ 3.1.23 Тәжірибеде дыбыстық техника мен дыбыстық режисура туралы білімдерінің негіздерін қолдану.


 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ 384 бұйрығына 29-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет