Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Пәндер циклы мен кәсіби практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (



бет53/141
Дата08.07.2018
өлшемі2,01 Mb.
#48691
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   141

      Пәндер циклы мен кәсіби практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (орта буын маманы)

Цикл индексі (пәндер)

Пәндердің, практикалардың атаулары мен негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білім, қабілет және дағды

Қалыптасатын құзыреттер коды

ЖБП 00

Жалпы білім беретін пәндер



ЖГП 00

Жалпы гумантиарлық пәндер



ЖГП 01

Кәсіби қазақ (орыс) тілі

Қазақ тілінің синтаксисі. Мамандық бойынша тіл дамыту. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізе білу. Қазақстан Республикасының іс қағаздарының нормативтік құжаттарын білуі. Аудару техникасы (сөздікпен), кәсіби қарым-қатынас. Орыс тілі синтаксисі. Кәсіби лексика. Орыс тіліндегі техникалық кітаппен жұмыс. Мамандыққа қатысты сөздікпен жұмыс. Тілді дамыту және кәсіби қарым-қатынас.



Білімдері:

кәсіби терминологиялар;

қазақ (орыс) тілінің жүйесі мен қарым-қатынас жасауда тілдік құралдарға сүйену ережелері;

Іскерліктер:

аудару техникасын меңгеру;

бағдарламалық тілдік материалдар шегінде ауызша және жазбаша сөздіксіз аудару.


БҚ 1

БҚ 7


БҚ 8

ЖГП 02

Кәсіби ағылшын тілі

Мамандық бойынша іскерлік тіл негіздері, кәсіби лексика, фразеологиялық сөздер мен терминдер. Кәсіби мәтіндерді аудару техникасы. Кәсіби қарым-қатынас. Сөйлеудің міндетті деңгейі, оңаша сөйлесу, оқу және хат, ауызша және жазбаша аудару, есту бойынша сөзді түсіну.



Білімдер:

кәсіби терминологиялар;

шет тілдер жүйесі мен қарым-қатынас жасауда тілдік құралдарға сүйену ережелері;

Іскерліктер:

аудару техникасын меңгеру;

бағдарламалық тілдік материалдар шегінде ауызша және жазбаша сөздіксіз аудару.


БҚ 1

БҚ 7


БҚ 8

ЖГП 03

Дене тәрбиесі Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі. Физикалық тұрғыдан өзін өзі жетілдіру, тұлғаның гармониялық даму негіздері. Кәсіби-қолданбалы физикалық дайындық.

- адамның жалпы мәдени, кәсіби және әлеуметтік дамуындағы дене тәрбиесінің ролі.

- салауатты өмір салтының негіздері



Білімдер:

адамның жалпы мәдени, кәсіби және әлеуметтік дамуында дене шынықтырудың ролін;

салауатты өмір салтын сақтау негіздерін.

Іскерліктер:

денсаулығын нығайту, өмірде және кәсіби мақсаттарда жетістіктерге жету үшін сауықтыру қызметтерін пайдалану



БҚ 11

ЖГП 04

Қазқстан тарихы



БҚ 1

БҚ 3


ӘЭП 00

Әлеуметтік-экономикалық пәндер

ӘЭП 01

Мәдениеттану

Әлемдік және отандық мәдениет. Қазақстан мәдениеті тарихы; дін тану негіздері; мәдениет ұғымы; мәдениет және өркениет; заманауи мәдениет; Қазақстан жерін мекендейтін халықтар мәдениеті; Қазақстан жеріндегі ежелгі өркениет; тайпалар одағы мен 9-13 ғасырлардағы қазақ хандығының ортағасырлық мәдениеті; 14-15 ғасырлардағы Қазақстан тұрғындарының мәдениеті; 16-18 ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы; 19 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті; Ресей империясының құрамындағы Қазақстан мәдениетінің дамуы (19 ғасырдың екінші жартысы – 20ғасырдың басы). Қазақстан революция жәнеКеңес билігінің орнауы жылдарында; 20-30- шы жылдардағы мәдени құрылыс; Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мәдени құрылыс; Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ғылым, білім беру, әдебиет және өнер және өнер; 40-шы жылдардың ортасы мен 80-ші жылдардың басына дейінгі Қазақстан мәдениетінің дамуы; Қазақстан Республикасының қазіргі замандағы ғылымы және мәдениеті; дін – қоғамдық құбылыс ретінде; діннің мәні мен ролі; христиан дінінің негізгі тарихи кезеңдері; Қазақстан территориясындағы христиандық қауымдастықтар; ислам



Білімдер:

негізгі ұғымдары;

Конфуций ілімі, даосизм, Қытай мәдениеті;

Үнді мәдениетінің ерекшеліктері және оның негізгі жетістіктері;

Ислам ұғымы, құрайыш, мұхаммед, құран, Алла, Мекке;

христиан ілімінің негізгі принциптері мен құндылықтары;

Франция мәдениеті; Ашель мәдениеті; проманьондықтар, галлдар, франктар, әдебиет, философия;

көшпелілердің өмір сүру бейнесі мен құндылықтарының жүйесі;

орта ғасырлардағы қазақ этносының мәдениеті туралы білімнің қалыптасуы;

Қазақстанның орта ғасырлық мәдениетіне түрік және араб мәдениетінің әсері.



Іскерліктер:

әлемдік мәдениет тарихының негізгі кезеңдері мен оның өркениетінің мәнін аша білу;

мәдени мұраларды пайдалану;

мәдениеттану ұғымдарын еркін қолдану;

көшпелілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктерін көрсету;

діннің шығуы мен оның тарихи типтерін талдау;



БҚ 3

БҚ 4


ӘЭП 02

Философия негіздері

Философия пәні, әлемдік философиялық ойлардың негізгі кезеңдері; адам табиғаты және оның өмір сүруінің мәні; адам және құдай; адам және ғарыш; адам, қоғам, өркениет, мәдениет; тұлғаның еркіндігі мен жауаКҚершілігі; адам танымы мен іс-әрекеті; ғылым және оның ролі; ғаламдық проблемалар алдындағы адамзат.



Білімдер:

адам өмірі, дүниенің философиялық, ғылыми және діни мәні туралы; түсінік;

ғылым мен ғылыми танымның ролі, оның құрылымы, формалары мен әдістері, әлеуметтік және этикалық мәселелері туралы түсінік.

Іскерліктер:

биологиялық және әлеуметтік, тәндік және рухани бастамасындағы адам мінез-құлқын, оның санасының мәнін, саналы және санасыз іс-әрекетін анықтау;



БҚ 3

БҚ 4


ӘЭП 03

Саясаттану және әлеуметтану негіздері

Пән, негізгі ұғымдары мен категориялары; саяси ойлардың шығу тарихы және қазіргі заманғы саяси мемлекеттер; саясат; саяси билік; демократия билікті жүзеге асырудың түрі ретінде; саяси жүйе; мемлекет оның негізгі буыны ретінде; саяси партиялар мен саяси жүйелер; қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар; саяси жүйедегі адам; саяси қызмет құралдары мен тәсілдері; тоталитарлық жүйе ден демократиялық қоғамға ауысудың актуалды мәселелері; сыртқы саяси қызмет және әлемдік саяси үрдіс.



Білімдер:

заңдылықтарды ұғынудағы әлеуметтік қадамдар туралы түсінік;

әлеуметтік құрылым, әлеуметтік жіктелу, әлеуметтік қарым-қатынас туралы түсінік;

тұлғаның әлеуметтену үрдісінің ерекшеліктері;



Іскерліктер:

әлеуметтік өзгерістер мен дамуға әсер ететін әлеуметтік қозғалыстардыжәне басқа факторларды дамыту;

биліктің маңызын, саясат субъектілерін, саяси қатынастар мен үрдістерді (Қазақстандағы және біртұтас әлемдегі) анықтау;

саяси жүйе мен саяси режимдер туралы түсініктерді қалыптастыру.



БҚ3

БҚ 4


БҚ 5

ӘЭП 04

Экономика негіздері

Мақсаты, негізгі ұғымдары, қызметі, мәні, принциптері; меншік формалары мен түрлері; меншікті басқару; жоспар түрлері, олардың негізгі кезеңдері, мазмұны, стратегиялық жоспарлау;

Жоспарларды экономикалық негіздеу әдістері мен болжамдар жасау; бизнес-жоспар; экономикалық талдау; халық тұтынатын тауарлар мен қызметтер нарығының жағдайын талдау; нарықтық инфрақұрылым.


Білімдер:

экономикалық теорияның жалпы ережелері;

еліміздегі және шетелдердегі экономикалық жағдайлар;

макро және микро экономика негіздері, салық, ақша, несие, әлеуметтік және инвестициялық саясат туралы;



Іскерліктер:

нарықтық баға механизмінің қалыптасуын сипаттауды;

өзінің кәсіби қызметіне қажетті экономикалық ақпараттарды табуды және пайдалануды.


БҚ 1

БҚ 9


ӘЭП 05

Құқық негіздері

Құқық, ұғым, жүйе, қайнар көздері; Қазақстан Республикасының Конституциясы – құқық жүйесінің жетекші саласы; адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы; жеке тұлға, құқық, құқықтық мемлекет; заң алдындағы жауаКҚершілік және оның түрлері; құқықтың негізгі салалары; Қазақстан Республикасының сот жүйесі; құқық қорғау органдары.



Білімдер:

адам және адамзат құқықтары мен бостандықтарын, оларды жүзеге асыру механизмдерін;

кәсіби қызмет аясындағы құқықтық және адамгершілік-этикалық нормаларды;

Іскерліктер:

жеке бостандығы мен жетістіктерін қорғауды;

маманның кәсіби қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдалануды.


БҚ 2

БҚ 5


ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер



ЖКП 01

Салалық экономика

Сала және нарықтық экономика; саланың ерекшеліктері мен даму болашағы; өндіріс типтері, олардың сипаттамасы; негізгі өндірістік және технологиялық үрдістер; ұйымның инфрақұрылымы; ұйымның капиталы және мүлкі; негізгі және айналым құралдары; еңбек ресурстары; еңбекақы төлеуді және мөлшерлеуді ұйымдастыру; ұйымның маркетингтік қызметі; өндірістік бағдарлама және өндірістік қуаттылық; өндірістің шығыны мен өнімнің, қызметтің өзіндік құны; баға белгілеу; ұйым қызметінің тиімділігін бағалау; өнім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі; патентжүргізу, өнертапқыштық; инновациялық және инвестициялық саясат; ұйымның сыртқы экономикалық қызметі; бизнес-жоспар; негізгі технико-экономикалық көрсеткіштердің есептеу әдістері.



Білімдер:

өндірістік және технологиялық үрдістерді ұйымдастыруды;

салалар мен кәсіпорынның (ұйымның) материалды-техникалық, еңбек және қаржылық ресурстары, оларды тиімді қолданудың көрсеткіштері;

заман талабына сай өнімнің құнын белгілеу механизмдері (қызметтің), еңбекақы төлеу формалары;

бизнес-жоспар әзірлеу әдістері;

Іскерліктер:

белгілі әдістеме бойынша ұйым қызметінің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерін есептеп шығару;

жедел жоспарлардың көрсеткіштерін есептеп шығару, сол арқылы тәжірибелік шешім қабылдау.


БҚ 9

БҚ 2


КҚ 3.7.5

ЖКП 02

Менеджмент

Менеджменттің негізгі қағидасы, оның мәні; заманауи менеджменттің сипатты белгілері; менеджменттің инфрақұрылымы мен циклы; басқару жүйесі элементтері; тиімділігі; басқару: атқарымдары, ұйымдастыру, құрылым, принциптері мен әдістері, уәждеме; басқару үрдісіндегі бақылау мен реттеу: формалары, кезеңдері; менеджер жұмысын ұйымдастыру мен бейнесі; басқару стилдері; еңбек ұжымын басқару; еңбекті ұйымдастыру;

Басқарушы шешімдер қабылдау, олардың мазмұны мен түрлері; дайындық кезеңдері, шешімдерді қабылдау және орындау; оңтайландыру әдістері.


Білімдер:

кәсіпорынды басқару функциялары;

еңбек ұжымының құрылымы;

басшының жеке бас, іскерлік және психологиялық қасиеті;

іскерлік қатынастағы этикет;

ұжымда қызмет ету принциптері мен әдістері;



Іскерліктер:

басқару үрдісін бақылау және реттеу;

менеджер жұмысын ұйымдастыру және имидж қалыптастыру;

еңбек ұжымын басқару;

басшылық шешімдер қабылдау;


БҚ 5

БҚ 10


КҚ 3.7.3

КҚ 3.7.4


КҚ 3.7.5

ЖКП 03

Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері Метрология: негізгі ұғымдар мен анықтамалар;, өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз етуші метрологиялық қызметтер; мемлекеттік метрологиялық бақылау және қадағалау. Стандарттау: стандарттау аумағы мен сапаны басқарудағы негізгі терминдермен анықтамалар; өнімді сынау және бақылау; сапа жүйесі. Сертификаттау: сертификаттау жүйесі; сертификаттау тәртібі мен ережелері; рұқсат етілу мен қондыру жүйесі; техникалық өлшемдер.

Білімдер:

сертификаттау мен метрологияның, стандарттаудың құқықтық негіздері, мақсаты, міндеті, принциптері, нысандары, субъектілері, құралдары, әдістері;

халықаралық және аймақтық стандарттардың құлыымын;

маталардың сұрыпталуының стандарттары;



Іскерліктер:

өлшем құралдарын дұрыс таңдау және оларды қолдана білу;

сапа жүйесінің құжаттарын қолдануды;


БҚ 1

БҚ 2


БҚ 10

КҚ 3.7.4


ЖКП 04

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Пәннің мазмұны, оның міндеттері. Іс қағаздарын жүргізуде лингвистикалық сөздіктердің әр түрін қолдану. Ұйымдарда, кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізу ұғымы, жүйесі мен ұйымдастыру. Техникалық сөздіктердің ерекшеліктері. Офистік және құжаттық жұмыс негіздері. Ұйымдастыра басқару, нормативті-құқықтық, ақша-қаржы-есептік және анықтамалық құжаттар. Қызметтік хаттың негізгі әдістемесі. АБЖ-н іс қағаздар жүргізуде қолдану. Құжаттар жинағы туралы анықтама. Мәтіндік құжаттардың бастапқы жинақтары.күрделі мәтіндік жинақтар.құжаттар қоры туралы ұғым. Мұрағат. Ведомстволық мұрағаттар, мемлекеттік мұрағаттар ұлттық мұрағат қоры.



Білімдер:

оқытылатын пәннің мазмұны, оның міндеттері;

лингвистикалық және техникалық сөздік түрлері;

іскерлік және ақпараттық құжаттар классификациясы;

іс қағаздарын жүргізудің заманауи стандарттарына қойылатын талаптар;

құжаттар формулярлары және оның құрамдас бөліктері;



Іскерліктер:

іскерлік және ақпараттық сипаттағы әр түрлі құжаттарды классификациялау;

құжаттардың формулярларын жасау;

ұйымдық-әкімшілік құжаттармен жұмыс істеу;

мұрағаттық құжаттар мәтіндерінің үлгілерін талдау;

жұмыстарды рәсімдеу, сақтау және мұрағатқа өткізу;



БҚ1

БҚ 2


БҚ 8

ЖКП 05

Еңбекті қорғау

Адамға жағымсыз факторлардың әсері; зақым келтіруші және зиянды факторлардың ұқсастығы; техникалық жүйе мен технологиялық үрдістердің қауіптерден сақтану құралдары мен әдістері; экобиотехқорғаушы және өрт сөндіру техникасы; кәсіпорындағы еңбекті қорғаудың құқықтық, нормативті ұйымдастыру негіздері; еңбекті қорғауға кететін материалдық шығындар; кәсіби қызмет ету саласындағы еңбектің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекшеліктері;



Білімдер:

еңбекті қорғаудың жалпы нормалары;

технологиялық үрдістердің қауіпсіздігі;

кәсіпорындағы жарақаттану себептері;

өрт қауіпсіздігі жайындағы жалпы мағлұматтар;

Іскерліктер:

еңбекті қорғау және қоршаған орта жайындағы білімдерін тәжірибе кезінде қолдану;

қорғанудың жеке дара құралдарын қолдануды;

өндірістік жарақат алған кезде көмек көрсетуді;



БҚ 8

БҚ 10


КҚ 3.7.6

ЖКП 06

Кәсіби этика және психология

Этика ұғымы рухани мәдениет пен ғылым құбылысы ретінде; қызмет көрсету саласындағы кәсіби этика және оның құрамдас бөліктері; қызмет көрсету саласындағы психологиялық мәдениет пен психологиялық ерекшеліктер; этикалық мәдениет, кәсіби мінез-құлық, еңбек ұжымындағы, тұтынушылармен қарым-қатынастағы (тапсырыс берушілермен) жұмысшының сыртқы эстетикасы (имидж және стиль), заманауи этикеттің нормалары мен ережелері; қызмет көрсету саласындағы іскерлік қарым-қатынастардың психологиялық ерекшеліктері; топтағы өзара әрекеттесу (тұтынушылармен жұмыс жасауда жіне де еңбек ұжымында); кәсіби қызмет саласында туындайтын дау-жанжалды жағдайлардың шығу себептері мен оларды реттеу.



Білімдер:

кәсіби мінез-құлық пен іскерлік этикеттің нормалары мен ережелері;

қызмет көрсету саласында іскерлік қарым-қатынастағы психологиялық ерекшеліктерді және оның қыр-сырын;

қызмет көрсету саласындағы коммуникацияны ұйымдастыру тәсілдер;

серіктестік сұхбаттар жүргізу принциптері;

Іскерліктер:

іскерлік қарым-қатынастың әр түрлі тәсілдерін қолдануды;

кәсіби этика негіздері мен іскерлік өарым-қатынас психологиясын сақтауды;


КҚ 3.7.3

ЖКП 07

Технологиялық үрдістерді автоматтандыру

Технологиялық үрдістерді басқару, басқару объектілері, басқару жүйесі, автоматты басқару жүйесінің түрлері (тұйық, ажыратылған, аралас); жобалау бойынша жалпы мағлұматтар; басқару жүйесінің жасалуы: ЭВМ базасында жобалауды техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету, автоматтандырылған жобалау жүйесі (АЖЖ), технологиялық үрдістерді автоматтандыру жүйесі, технологиялық үрдістерді автоматандызу жүйесінің жасалу принциптері, құрылуы, құрылымы, жұмыс тәртібі.



Білімдер:

технологиялық үрдістерді автоматтандыру жүйесінің жасалу негіздері;

схемалардың түрлері мен типтері, автоматтандырудың атқарымдық схемалары сигнал беру схемалары, ажырату, қорғаныштар, басқару, қуат көзі;

Іскерліктер:

тоқыма өндірісінің негізгі технологиялық параметрлеріне бақылау жүргізуді;

кәсіби қызмет аясында өндірістің автоматтандырылған технологиялық үрдісін қолдануды.


БҚ 10

КҚ 3.7.6


ЖКП 08

Органикалық және аналитикалық химия

Органикалық қосылыстардың қарапайым тадауы көмірқышқыл суы: алкандар, циклоалкандар, алкендер, алкиндар, алкадиендер, арендер, мұнай; біртекті атқарымдармен қосылыстар: галогентуындылар, гидрокстуындылар, көмірсутекткердің, альдегидтер және кетондар, карбонды қышқылдар, органикалық қосылыстар, күкіртті қосылыстар, нитроқосылыстар, аминдер, диазоқосылыстар; гетерофункционалды қосылыстар: галогенқышқылдар, окси-, оксо-, аминқышқылдар; көмірсутектер: гетероциклды қосылыстар; синтетикалық жоғарғымолекулярлы қосылыстар: полимерленген және поликонденсацияланған.

Сапалық және сандық сараптама; заттың химиялық құрамын зерттеудегі химиялық, физикалық, физико-химиялық әдістер; ылғалды және құрғақ әдісті сараптама; катиондардың бірінші, екінші және үшінші аналитикалық топтары, құрама қоспа сараптамасын жасау; катиондардың аналитикалық төртінші тобы, амфотерлық, тұздар гидролизі, қышқылды-қалпына келтіргіш реакциялар; катиондардың бесіншіжәне алтыншы аналитикалықтоптары, коллоидты ерітінділер, буферлі қоспалар, қосарлы және кешенді тұздар; аниондар,қоспалардың сипаттамасы мен сараптамасы; гравиметриялық сараптама, оның негізі, есептеулері; титрометриялық сараптама, оны жүргізу шарттары; оксидиметрия әдістері, бейтараптандырулар,тұндырулар, олардың маңызы; сараптаудың физико-механикалық әдістері, олардың технологиялық үрдістеді автоматтандыру үшін маңыздылығы; калориметрия, хроматография, поляриметрия, олардың мәні.


Білімдер:

органикалық қосылыстардың қарапайым сараптамасы;

синтетикалық жоғарғы молекулярлық қосылыстар: полимеризациялық және поликонденсациялық;

көмірсутектер: алкандар, циклоалкандар, алкендер, алкиндер, алкадиендер, арендер, мұнай;

біртекті қызмет атқаратын қосылыстар: галоидтуындылар, гидрокстуындылар көмірсутектер, альдегидтер мен кетондар, карбонды қышқылдар, күкірттің органикалық қосылыстары, нитроқосылыстар, аминдер, диазоқосылыстар;

гетерофункционалды қосылыстар: галоидоқышқылдар, окси-, оксо-, амино-қышқылдар; көмірсутектер: гетероциклды қосылыстар;

заттың химиялық құрамының сапалық және сандық сараптама әдістері;

Іскерліктер:

кәсіби қызметте органикалық қосылыстарды қолдану;

заттың химиялық құрамына әртүрлі әдістермен талдау жүргізу;

көлемді сараптама жасауда есептеулер жүргізу;

аналитикалық таразымен жұмыс жасау;

химиялық тепе-теңдік реакциясының кинетикалық параметрлерінің есебін жүргізу;

физико-химиялық эксперименттер жүргізу және оларды сараптау.


БҚ 1

БҚ 10


КҚ 3.7.1

КҚ 3.7.2


КҚ 3.7.3

КҚ 3.7.4


ЖКП 06

Физикалық және коллоидтық химия

Заттың агрегаттық күйі. Полимерлердің фазалық және агрегаттық күйлері, олардың қасиеттері. Полимерлердің физикалық қасиеттері. Химиялық және фазалық тепетеңдіктің қағидалары. Ерітінділердің қасиеттері және олармен байланысты заңдар. Шынайы ерітінділер және коллоидтық жүйелер. Полимер ерітінділерінің қасиеттері. Полимерлердің еру кинетикасы. Полимерлердің фазалық ауысуының өзгешеліктері. Химиялық үрдістердің өтуінің негізгі заңдылықтары.. Химиялық термодинамика және химиялық кинетика. Полимерлену үрдісінің кинетикасы. Полимерленудің каталитикалық үрдістері.



Білімдер: 

химиялық үрдістердің өтуінің негізгі заңдылықтары;

термодинамика заңдары;

заттардың агрегаттық және фазалық күйлерінің қасиеттері;

соның ішінде полимерлердің;

полимер ерітінділерінің айрықша қасиеттері;

коллоидтық жүйелердің түрлері мен қасиеттері.

Іскерліктер:

химиялық үрдістердің өту мүмкіндігі туралы қорытынды жасау;

есептеулер жүргізу және полимеризациялау мен поликонденсациялау үрдістері термодинамикалық жүйесінің параметрлерін анықтау.


БҚ 1

БҚ 10


КҚ 3.7.1

КҚ 3.7.2


КҚ 3.7.3

АП 00

Арнайы пәндер



АП 01

Тоқыма бұйымдар материалтануы

Мататанудың физико-химиялық негіздері; маталардың құрылымы мен қасиеттері; параметрлер мен маталар қасиеттерін өлшеу әдістері; материалдарды қолдану аумағы; тоқыма талшықтар: саралау, алу, қасиеттері; тоқыма өнімдердің технологиялық негіздері: иіру, тоқыма жіптер, тоқымашылық, маталарды өңдеу; маталар: талшықты құрам, құрылымы, қасиеттері, саралануы және стандартталу, сұрыпталымы; жылытқыш материалдар: мақта, ватин, тоқылмаған көлемді жылытқыштар (түрлері, талшықты құрам, қасиеттері, алынуы); трикотажды материалдар: талшықты құрамы, құрылымы, алу тәсілдері, сұрыпталымы, қасиеттері; көмекші материалдар (өңдеу және желімді материалдар, тігін жіптері, фурнитура); кілемді бұйымдар: талшықты құрам, өндіріс тәсілдері, қасиеттері.



Білімдер:

тоқыма талшықтардың, маталардың, бұйымдардың түрлері, құрамы, құрылымы, қасиеттері және олардың ластану үдерісі;

өңдеу материалдары мен тоқыма бұйымдарға арналған фурнитураның түрлері, құрамы, құрылымы, қасиеттері;

Іскерліктер:

тоқыма материалдардың талшықты құрамын анықтай алу;

тоқыма бұйымдардың қасиеттеріне сынау жүргізу;

матаның, кенеп матаның сапасына қойылатын талаптарды сақтау.



БҚ 1

БҚ 2


КҚ 3.7.1

КҚ 3.7.2


АП 02

Былғары-үлбір тері бұйымдар материалтануы

Табиғи үлбір: үлпек-ұлпан және қой терісі-тонды шикізатты саралау және сұрыптау; үлбір тері құрылымы мен құрамы; үлбірлі терілердің табиғи қаситтері мен белгілері, үлбірлі терілердің бастапқы өңделуі; шикізатты сұрыптау және стандарттау; үлбірлі өңдеу, оның негізгі принциптері мен кезеңдері (дайындау операциялары, арнайы өңдеу, өңдеу операциялары); табиғи үлбірлерді қолдану; жасанды үлбір: түрлері, алу тәсілдері, қасиеттері, сұрыпталымы, қолданылуы; табиғи былғары: теріден жасалған былғарыларды өңдеу; табиғи киімдік былғарылардың түрлері, сұрыпталымы, қасиеттері мен қолданылуые; жасанды үлбір: түрлері, дайындау әдістері, сұрыпталымы, қасиеттері, қолданылуы.



Білімдер:

өңделген терілердің химиялық құрамы және физико-химиялық қасиеттері;

жасанды үлбірлерді өңдеу тәсілдері;

жартылай фабрикаттарды стандарттау және сертификаттау;



Іскерліктер:

жасанды үлбірлерді таңдау бойынша анықтамалық әдебиетерді пайдалану;

үлпек-ұлпан жартылай фабрикаттардың сапалық көрсеткіштерін сақтау және оларды анықтау;

әртүрлі материалдармен жұмыс жасау және қауіпсіздік шараларын сақтау;



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 10

КҚ 3.7.1


КҚ 3.7.2

АП 03

Бұйымдарды химиялық өңдеу технологиялық үрдісін ұйымдастыру және басқару

Маркетингтік зерттеулер мен технологиялар; тұтынушыларға қызмет көрсету ережелері; персоналды басқарудың негізгі принциптері;

кадрлар таңдау принциптері; бұйымдарды химиялық өңдеу үрдісінде қолданылатын судың қатаңдығын, химиялық материалдар мен бояулардың негізгі көрсеткіштерін анықтау әдістері; бояуларға қатысты сапалы реакциялар; жуу және шайқау сапасын бағалау әдістері; өндірістік бөлімшенің, цехтың материалды-техникалық, еңбек және қаржылық ресурстары; өндірістік бөлімшенің, цех қызметінің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері; өндірістік бөлімше, цехтың қызметінің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу әдістемесі; технологиялық жабдықтардың жұмыс ережелерін және оның тиімділігін; технологиялық жабдықтарды автоматты түрде басқару принциптері; бұйымдарды химиялық өңдеуге арналған экологиялық таза технологиялық жабдықтардың жұмыс принциптері; жууға арналған ерітіндімен тазаланатын бұйымның кірлеу деңгейін талдау; өндірістік бөлімше, цехтың ағымдағы қызметінің тиімділігін бағалау; бұйымдарды химиялық өңдеудің прогрессивті технологиялары; бұйымдарды химиялық өңдеудің технологиялық үрдістерінің сапасын жақсарту үшін шаралар жүргізу; басқарудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану.


Білімдер:

есептеу және есеп беру түрлері;

технологиялық құжаттардың жұмысқа бағытталуы мен түрлерін;

бұйымдарды химиялық өңдеуде көрсетілетін қызмет түрлері;



Іскерліктер:

бұйымдарды химиялық өңдеуге қабылдауда ілеспе құжаттар жүргізіп отыру;

бұйымдарды химиялық өңдеуде қолданылатын жабдықтар жұмысын және пайдаланылған химиялық материалдарды есепту құжаттарын жүргізуді;

бұйымдарды химиялық өңдеудің технологиялық үрдістерін нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету;

бұйымдарды химиялық өңдеу бойынша қызметтер ұсынуда нарық беталысын оқып-үйрену, талдау;

кәсіпорын қызметін нарыққа енгізу стратегиясын құру;

нарық талаптарына жедел әрекет ету;

бұйымдарды химиялық өңдеуде көрсетілетін қызмет кезінде туындаған даулы сұрақтарды шешу;

судың техникалық экспертизасын жасау;

химиялық материалдар мен бояулар экспертизасын жасау;

жуу мен шайқаудың сапасын бағалау;

өндірістік бөлімшенің немесе цехтың жұмыс жоспарын құру;

өндістік бөлімше, қызметінің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін қабылданған әдіс бойынша есептеу;

бұйымдарды химиялық өңдеудің ресурс, энергия үнемдейтін және экологиялық таза технологиясын енгізу.



БҚ 1

БҚ 2


КҚ 3.7.2

КҚ 3.7.3

КҚ 3.7.4

КҚ3.7.5


КҚ 3.7.6

АП 04

Технологиялық жабдықтар

Технологиялық жабдықтар; химиялық тазалауға арналған машиналардың жұмысы, олардың түрлері мен технологиялық ерекшеліктері; машиналардың негізгі технологиялық түйіндері туралы түсінік; жуатын жер, сығу кептіру,дистилляциялар; кір жуатын машиналарды қондыру схемалары, олардың құрастырылуы; бұйымдарды сығуға және кептіруге арналған жабдықтардың жұмысы мен жұмыс принциптері, оның жетістіктері мен кемшіліктері; кептіре-үтіктеу және үтіктей-булау жабдықтары, оныорнату схемасы мен жұмыс принципі; бояушы жабдықтардың құрылымының ерекшеліктері, пайдалануға қойылатын талаптар; конвейерлі құрылғы, оның жұмысқа икемделуі мен схемалары, құрылымы, жұмыс принциптері; жылу энергетикалық жабдықтар.



Білімдер:

бұйымдарды бастапқы өңдеуге арналған жабдықтардың құрылымдық схемаларын;

жабдықтармен жұмыс істеуде қауіпсіздік ережелерін;

Іскерліктер:

қолдануға қойылатын талаптарды сақтай отырып бояғыш жабдықтардың құрылғыларын жөндеуді;

конвейерлі құрылғыларды қолдануды;

жылуэнергетикалық жабдықтарды күтіп ұстау.



БҚ 1

БҚ 6


БҚ 10

КҚ 3.7.2 КҚ3.7.6



АП 05

Бұйымдарды химиялық тазалау үрдісінің технологиясы

Бұйымдарды химиялық тазалау үрдісіне пайдаланылатын химиялық материалдардың түрі, бағытталуы, қасиеті мен әсері; бұйымдарды химиялық тазалау үрдісінде қолданылатын химиялық материалдардың шығын нормасы; бұйымдарды химиялық тазалау технологиялық үрдістерінің түрлері мен схемалары; бұйымдарды химиялық өңдеудің технологиялық үрдістері мен ережелерінің физикалық-химиялық маңызы; өндірістік партияларды топтау тәртібі; бұйымдарды химиялық тазалаудың технологиялық үрдісінің барлық кезеңдеріндегі өндірістік ақаулар; бұйымдарды химиялық тазалаудың технологиялық үрдісінің барлық кезеңдеріндегі ақаулардың себептері; ақауды бағалау әдістері; ақаудың алдын алу және жою әдістері; бұйымдарды өңдеу сапасын тексеру әдістері; бұйымдарды химиялық тазалаудың технологиялық үрдісінің барлық кезеңдеріндегі өңдеу сапасына қойылатын техникалық талаптар; бұйымдарды химиялық тазалауға арналған технологиялық жабдықтардың құрылысы, жұмыс принциптер мен қолдану ережелері.



Білімдер:

бұйымдарды химиялық тазалау қабылдау және дайындау;

қолданыстағы технологиялық нұсқаулар, стандарттар, техникалық шарттар және т.б.нормативті құжаттар;

Іскерліктер:

бұйымдарды химиялық тазалау үрдісінде қолданатын химиялық материалдардың мөлшерлемесін және дайындау рецептурасын қадағалау;

бұйымдарды химиялық тазалауға дайындау бойынша операциаларды орындау;

бұйымдарды химиялық тазалаудың технологиялық бірізділігі мен режимдерін анықтау;

бұйымдарды химиялық тазалаудың технологиялық үрдісінің әртүрлі кезеңдеріндегі технологиялық талаптарды, стандарттарды және техникалық шарттардың орындалуын бақылау;

бұйымдарды химиялық тазалаудың технологиялық үрдістерінің барлық кезеңдеріндегі ақау түрлерін айқындау және белгілеу;

бұйымдарды химиялық тазалаудың технологиялық жабдықтары;

бұйымдарды химиялық тазалаудың технологиялық үрдісінің барлық кезеңдеріндегі ақаулар себептерін бақылау және талдау.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 6

БҚ 9


КҚ 3.7.2

КҚ 3.7.3


АП 06

Тоқыма және былғары-үлбір тері бұйымдарын бояу технологилық үрдісі

Былғары-үлбір бұйымдардың түрлері, құрамы, құрылысы мен қасиеттері; бұйымдарды бояу үрдісінде пайдаланатын химиялық материалдар мен бояулардың түрлері, неге бағытталғандығы, қасиетті мен әсері; бояудың түрлері мен бұйымдарды бояудың технологиялық үрдістерінің схемалары; бұйымдарды бояудың технологиялық үрдістері мен режимдерінің физикалық- химиялық маңызы; бұйымдарды бояуға арналған технологиялық жабдықтардың орнатылуы, жұмыс принципі мен пайдалану тәртібі; өндірістік топтамаларды жиынтықтау тәртібі; бұйымдарды бояуға қабылдау және дайындау тәртібі, қолданыстағы технологиялық нұсқаулар, стандарттар, техникалық ережелер және т.б. нормативтік құжаттарды; бұйымдарды бояу үрдісінде қолданатын химиялық материалдар мен бояғыш заттардың шығын нормасы; бұйымдарды бояудың технологиялық үрдісінің барлық кезеңіндегі өндірістік ақау түрлері; бұйымдарды бояудың технологиялық үрдісінің барлық кезеңіндегі ақау себептері; бұйымдардың бояу сапасына қойылатын техникалық бақылау әдістері; бұйымдарды бояу технологиялық үрдісінің барлық кезеңдеріндегі өңдеу сапасына қойылатын техникалық талаптар



Білімдер:

былғары-үлбір бұйым түрлері, құрамы, құрылымы және қасиеті;

ақауды бағалау әдістері;

бұйымдарды бояу үрдісінде қолданылатын химиялық материалдар мен бояғыш заттардың шығын нормаларын;



Іскерліктер:

үлбір және былғары бұйымдардың табиғи және жасанды құрамын айыру;

бұйымдарды бояуға арналған технологиялық жабдықтармен қызмет көрсету;

бұйымдарды бояуға арналған технологиялық жабдықтардың қызмет көрсету параметрлерін бақылау және сараптау;

бұйымдарды бояудың технологиялық үрдістерінің әртүрлі кезеңдеріндегі технологиялық талаптарын, стандарттарды және техникалық шарттардың орындалуын қадағалау;

бұйымдарды бояу жабдықтарының техникалық қызмет көрсету және жөнделуін қадағалау;

бұйымдарды бояу үрдісінде қолданылатын химиялық материалдар мен бояулардың рецептурасын дайындау және мөлшерін қадағалау;

бұйымдарды бояудың технологиялық үрдісінің барлық кезеңіндегі ақау себептерін анықтау және сараптау;

ақаудың алдын алу және жою шараларын қолдану;

бұйымдарды бояудың технологиялық үрдісінің барлық кезеңіндегі бұйым сапасына бақылауды қамтамасыз ету.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 6

БҚ 10


КҚ 3.7.1

КҚ 3.7.2


КҚ 3.7.4

КП 00

Кәсіби практика





ӨП 01

Алғашқы кәсіптік дағдылар қалыптастыру практикасы

Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқалар. Өндірістік регламентті оқып білу. Процестің оптималды тәртіп параметрлері. Жабдықтарға қызмет көрсету бойынша нұсқа және процестің жүргізілуі. Технологиялық процестің қызмет көрсету жабдықтарының практикалық тәсілдерін меңгеру. Техникалық процестерді бақылау әдістерімен танысу.



Іскерліктер:

белгіліенген технологиялық регламент негізінде технологиялық процестерді жүргізу бойынша жұмыстар орындауды; учаскенің жабдықтары мен аппараттарын іске қосу мен тоқтатуды; учаскенің технологиялық процестерінің қызмет көрсетуін; берілген технологиялық регламенттен аутқуды ескертуді және жоюды.



Дағдылар:

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және аналитикалық бақылау нәтижелері бойынша технологиялық процестің қауіпсіз қызмет көрсету әдістерінде



КҚ 3.7.1

КҚ 3.7.2


КҚ 3.7.3

КҚ 3.7.4


КҚ 3.7.5

ПП 02

Технологиялық практика

Цехтың технологиялық үрдісін үйрену (бөлімшелер), біліктілікке сәйкес кәсіп бойынша дублер ретінде, желілік бақарушы жұмысын дублерлау (ауысым бастығын, шеберді), курсытық жобалау материалын жинақтау.



Іскерліктер:

бүліну сипатын мен орнын анықтау;

қиын емес бүлінулермен жарамсыздықтарды жою:

жабдықтарға қажетті тексерулер жүргізу;

станциялық кабельдің жұмысын анықтай алу;

техникалық құжаттарды қолдана білу;

сызбалар мен схемаларды жасау.

Дағдылар:

техникалық құжаттармен жұмыс жасауды;

өлшеуіш аспаптармен жұмысты;

каналдарды алдын ала тексеру;

қауіпсіздік техникасын сақтауды.


КҚ 3.7.1

КҚ 3.7.2


КҚ 3.7.3

КҚ 3.7.4


КҚ 3.7.5

ПП 03

өндірістік дипломалды практикасы

Біліктілік пен дағдыны тығыз меңгеру, кәсіптік-біліктілік сипаттамалары талаптары көлемінде жұмыстың барлық түрлерін өздігінен орындау. Дипломдық жұмыс және/немесе комплексті емтиханға дайындыққа материалдар жинау.



Іскерліктер:

бүліну сипатын мен орнын анықтау;

қиын емес бүлінулермен жарамсыздықтарды жою:

жабдықтарға қажетті тексерулер жүргізу;

станциялық кабельдің жұмысын анықтай алу;

техникалық құжаттарды қолдана білу;

сызбалар мен схемаларды жасау.

Дағдылар:

техникалық құжаттармен жұмыс жасауды;

өлшеуіш аспаптармен жұмысты;

каналдарды алдын ала тексеру;

қауіпсіздік техникасын сақтауды.


КҚ3.7.1

КҚ 3.7.2


КҚ 3.7.3

КҚ 3.7.4


КҚ 3.7.5


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет