Ескерту. 34-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беретін оқу бағдарламасының мазмұны (белгіленген деңгей)
Цикл индексі
(пәндер)
|
Пәндердің, практикалардың атаулары мен негізгі бөлімдері
|
Қалыптасатын білім, іскерліктер және дағдылар
|
Қалыптасатын құзыреттер коды
|
ЖБП 00
|
Жалпы білім беретін пәндер
|
|
ЖКП 00
|
Жалпы кәсіптік пәндер
|
|
ЖКП 01
|
Сызу
Сызбаларды дұрыс рәсімдеу. Сызбалардағы геометриялық кұрылымдар. Геометриялық денелердің жазбалары; технологиялық сызба негіздері; қималар мен тіліктер; бұйымдар сызбалары детальдарының қажетті және жеткілікті түрлерін қолдану арқылы орындау; құрама сызбалар, детальдың жұмысшы эскизі, детальдың техникалық суреті, құрама сызба бойынша бөлшектеу.
|
Білімдер:
- сызбаларды дұрыс рәсімдеу;
- қималарды құру;
- жиналмалы сызбаларды құру әдістері;
- кедір-бұдырларды белгілеу;
- өңдеу дәлдігі, өңдеуге жіберу;
Іскерліктер:
- сызбалар мен схемаларды оқу;
- эскиз детальдар дайындау;
- құрама сызба бойынша детальдау.
|
БҚ 1
|
ЖКП 02
|
Электротехника
Электрлік және магниттік тізбектер анықтамасы; электр энергиясы көздері және қабылдағыштары (тұтынушылар);
негізгі электрлік және магниттік шамасы;тұрақты ток көпірі; тұрақты токтың сызықтық емес тізбегі туралы ұғым; магнитті тізбек классификациясы; магнитті тізбек элементтері; магнитті тізбек элементтерінің сипаттамасы; ауыспалы токтың электрлі тізбегінің классификациялануы; электрлі машиналардың құрылысы мен жұмыс жасау принциптері.
|
Білімдер:
- электротехника негіздері;
- электрлі машиналар құрылысы мен жұмыс істеу принципі;
- электрлі құрылғылар жайында негізгі мәліметтер;
-электр қауіпсіздігі туралы негізгі ережелер;
Іскерліктер:
- электрлі желілермен жабдықталған құрылғыларды қосу, ажырату және пайдалану;
- электр қауіпсіздігін сақтау;
- электр тогымен жарақаттанғанда алғашқы көмек көрсету.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 8
|
ЖКП 03
|
Нарықтық экономика негіздері
Нарықтық экономикаға кіріспе; нарықтық экономиканың негізгі принциптері мониторинг, ұсыныс пен сұраныс; нарықтық жүйе, монополия және бәсеке; кәсіКҚерлік пен нарықтық қатынастарды дамыту; кәсіпорындардың жұмыс нәтижесі мен экономикалық шығындар; маркетинг және жарнама; баға және бағаның құрылуы; өндіріс тиімділігі – шаруашылық қызмет; салық және салық салу.
|
Білімдер:
- экономикалық теорияның негізгі ережелері;
- макро және микроэкономика негіздері, салық, ақша- несие, әлеуметтік және инвестициялық саясат туралы;
- шығындар, нарық субъектілері бойынша негізгі ұғымдар;
-маркетингті анықтамасы мен принциптері, болмысы;
- жарнамалар, жарнама түрлері;
Іскерліктер:
- тауардың өзіндік құнын,өндіріс бағасын, көтерме бағасын, бөлшек сауда бағасын анықтау (мысал келтіру әдісімен);
- бизнес-жоспар құру;
|
БҚ1
БҚ 5
БҚ 7
|
ЖКП 04
|
Информатика негіздері және өндірісті автоматтандыру
Қауіпсіздік техникасы; ақпарат; ақпаратты кодтау; есептеу жүйесі; бір жүйеден екіншісіне аудару; қос таңбалы арифметика; логика – пән ретінде; формальды, математикалық логика; моделдеу; модель ұғымдары; моделдер типтері; ОС WINDOWS түрлері; WORD мәтіндік процессор; EXCEL электронды кестелер; Corel DRAW векторлық редактор; вирустардан қорғану; WinZip архиваторы; ОС DOS; бағдарлама-қабықша Norton Commander; ойындар; алгоритм ұғымы; көрсету әдістері, қасиеті; алгоритм типтері;бағдарламалау тілі; бағдарлама, оның құрылымы; командалар мен операторлар; шартты операторлар; цикл операторлары; мәлімет түрлері; сызықтық бағдарламаны жоспарлау; тармақталған бағдарламалар құру; циклдық бағдарламаны жоспарлау; графикалық бағдарламалар; шығармашылық жобалар жасау; автоматты түрде реттеу; ұғым анықтама, реттелетін параметр, реттелу объектісі, оның қасиеті, кестелер; автоматты реттегіштер: классификация, міндеті, құрылғы, жұмыс істеу принципі, атқарымдық және құрылымдық кестелер, күйге келтіру органдары; автоматты басқару жүйесінің қосалқы құралдары: панельдер, станциялары мен басқару блоктары, жағдай көрсеткіштері, бағдарламалық құрылғылар; автоматты басқару үрдісін қолмен басқаруға және керісінше ауыстыру.
|
Білімдер:
- ақпаратты кодтау тәртібін;
- есептеу жүйесі;
- қос таңбалы арифметиканы;
- логиканы – пән ретінде;
- формальды, математикалық логиканы;
- ОС WINDOWS түрлері. Архиватор WinZip, ОС DOS;
- бағдарлама-қабықша;
- алгоритм ұғымы;
- қасиеттер, көрсету әдістері;
- алгоритмдер типтері;
- бағдарламалау тілдері;
- сызықты бағдарламаларды құру тәсілдері;
- тармақталған бағдарламалар құру;
- графикалық бағдарламалар;
- автоматты басқару үрдісін қолмен басқаруға және керісінше ауыстыру реті;
Іскерліктер:
- бір жүйеден екіншісіне ауыстыру;
- WORD мәтіндік процессорымен, EXCEL электрондық кестесімен, Corel DRAW векторлық редактормен жұмыс;
- вирустардан қорғаныс қою;
- шығармашылық жобалар жасау;
- автоматты реттегіштерді қолдану;
- автоматты басқару жүйелерінің қосалқы құралдарын: панельдерді, басқару станциялары мен блогтарды, бағдарламалық құрылғыларды қолдануды;
- қауіпсіздік техникасын сақтауды.
|
БҚ 1
БҚ 2
|
ЖКП 05
|
Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері
Стандарттау негіздері; стандарттаудың туындауы мен дамуы; өнімдерді сынақтан өткізу және бақылау; сертификациялау негіздері; терминдер мен анықтамалар; "Сертификациялау туралы" ҚР заңы; өнім сапасы және сәйкес келу туралы декларация; сапа менеджменті жүйесін құру және енгізу; машина жасаудағы дәлдік; метрология; метрология негіздері; мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалау.
|
Білімдер:
- метрология, стандарттау және сертификациялау негіздері;
- негізгі ұғымдар мен анықтамалар;
-өнім сапасын бақылау;
- электронды басқару жүйесінің концепциясы;
- өлшемдердегі қателіктер мен әдістер;
Іскерліктер:
- техникалық өлшемдер жүргізу;
- бұйымның Мемлекеттік стандартқа сәйкестігін анықтау.
|
БҚ 6
БҚ 7
БҚ 8
|
ЖКП 06
|
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Пәннің мазмұны, оның міндеттері. Іс қағаздарын жүргізуде лингвистикалық сөздіктердің әр түрін қолдану. Ұйымдарда, кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізу ұғымы, жүйесі мен ұйымдастыру. Техникалық сөздіктердің ерекшеліктері. Офистік және құжаттық жұмыс негіздері. Ұйымдастыра басқару, нормативті-құқықтық, ақша-қаржы-есептік және анықтамалық құжаттар. Қызметтік хаттың негізгі әдістемесі. АБЖ-н іс қағаздар жүргізуде қолдану. Құжаттар жинағы туралы анықтама. Мәтіндік құжаттардың бастапқы жинақтары.күрделі мәтіндік жинақтар.құжаттар қоры туралы ұғым. Мұрағат. Ведомстволық мұрағаттар, мемлекеттік мұрағаттар ұлттық мұрағат қоры.
|
Білімдер:
- оқытылатын пәннің мазмұны, оның міндеттері;
- лингвистикалық және техникалық сөздік түрлері;
- іскерлік және ақпараттық құжаттар классификациясы;
-іс қағаздарын жүргізудің заманауи стандарттарына қойылатын талаптар;
- құжаттар формулярлары және оның құрамдас бөліктері;
Іскерліктер:
-іскерлік және ақпараттық сипаттағы әр түрлі құжаттарды классификациялау;
-құжаттардың формулярларын жасау;
-ұйымдық-әкімшілік құжаттармен жұмыс істеу;
- мұрағаттық құжаттар мәтіндерінің үлгілерін талдау;
- жұмыстарды рәсімдеу, сақтау және мұрағатқа өткізу;
|
БҚ 1
БҚ 3
|
ЖКП 07
|
Кәсіби этика және этикет
Этика ұғымы рухани мәдениет пен ғылым құбылысы ретінде; қызмет көрсету саласындағы кәсіби этика және оның құрамдас бөліктері; қызмет көрсету саласындағы психологиялық мәдениет пен психологиялық ерекшеліктер; этикалық мәдениет, кәсіби мінез-құлық, еңбек ұжымындағы, тұтынушылармен қарым-қатынастағы (тапсырыс берушілермен) жұмысшының сыртқы эстетикасы (имидж және стиль), заманауи этикеттің нормалары мен ережелері; қызмет көрсету саласындағы іскерлік қарым-қатынастардың психологиялық ерекшеліктері; топтағы өзара әрекеттесу (тұтынушылармен жұмыс жасауда жіне де еңбек ұжымында); кәсіби қызмет саласында туындайтын дау-жанжалды жағдайлардың шығу себептері мен оларды реттеу.
|
Білімдер:
- кәсіби мінез-құлық пен іскерлік этикеттің нормалары мен ережелері;
-қызмет көрсету саласында іскерлік қарым-қатынастағы психологиялық ерекшеліктерді және оның қыр-сырын;
-қызмет көрсету саласындағы коммуникацияны ұйымдастыру тәсілдер;
- серіктестік сұхбаттар жүргізу принциптері;
Іскерліктер:
-іскерлік қарым-қатынастың әр түрлі тәсілдерін қолдануды;
- кәсіби этика негіздері мен іскерлік өарым-қатынас психологиясын сақтауды;
|
БҚ 1
БҚ 3
БҚ 4
|
ЖКП 08
|
Еңбекті қорғау
Адамға жағымсыз факторлардың әсері; зақым келтіруші және зиянды факторлардың ұқсастығы; техникалық жүйе мен технологиялық үрдістердің қауіптерден сақтану құралдары мен әдістері; экобиотехқорғаушы және өрт сөндіру техникасы; кәсіпорындағы еңбекті қорғаудың құқықтық, нормативті ұйымдастыру негіздері; еңбекті қорғауға кететін материалдық шығындар; кәсіби қызмет ету саласындағы еңбектің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекшеліктері;
|
Білімдер:
- еңбекті қорғаудың жалпы нормалары;
- технологиялық үрдістердің қауіпсіздігі;
- кәсіпорындағы жарақаттану себептері;
- өрт қауіпсіздігі жайындағы жалпы мағлұматтар;
Іскерліктер:
- еңбекті қорғау және қоршаған орта жайындағы білімдерін тәжірибе кезінде қолдану;
- қорғанудың жеке дара құралдарын қолдануды;
- өндірістік жарақат алған кезде көмек көрсетуді;
|
БҚ 8
|
АП 00
|
Арнайы пәндер
|
|
|
Біліктілігі: 050401 1– Булаушы-нығыздаушы
|
|
АП 01
АП 02
АП 03
|
Бұйымды ылғалды-жылумен өңдеуге арналған химиялық құралдар
Арнайы сіңдіргіш химиялық материалдардың түрлері, тағайындалуы, қасиеттері мен олардың бұйымға әсері;
Сіңіргіш ерітінділердің рецептурасын және дайындау технологиясын;
Бұйымды ылғалды-жылумен өңдеу технологиясы ылғалды-жылумен өңдеу тәртібі мен әрлеу операцияларын орындау технологиясы; жұмыстарды қауіпсіз орындау амалдары мен тәсілдері;
Жұмыс уақытында болған барлық кемшіліктер жайында басшыға ескерту тәртібі;
Келеңсіз жағдай тудыратын апатты жағдайлар мен жайттар туындағанда жасалатын әрекет;
Қалыпты технологиялық режимнен ауытқудың негізгі түрлері және оларды жою әдістері;
Бұйымды ылғалды-жылумен өңдеудің технологиялық жабдықтары
Бұйымдарды ылғалды-жылумен өңдеу жабдықтарының құрылысы, техникалық қолданылуы мен қызметі;
Бұйымдарды ылғалды-жылумен өңдеу режимдері мен технологиясы;
Бұйымның ақырғы өңделуіне қажетті құралдар және оларды қолдану ережелері;
бұйымды ылғалды-жылумен әрлеу кезінде пайда болатын ақаулар; бұйымды ылғалды-жылумен өңдеу сапасына қойылатын талаптар.
|
Білімдер:
- өңдеуге түсетін бұйымдар ассортименті мен таңбалануын;
- материалдардың түрлері мен талшықты құрамын;
- нығыздауыштардың, булаушы столдардың, электороүтіктердің, манекендердің, булы ауалы камералардың, нығыздуыштар үтіктеуіш машиналардың құрылымын, техникалық пайдаланылуын және қызметінің ережелерін;
- сіңіргіш ерітінділерді даярлау ережелерін;
-қолданылатын химиялық материалдардың нормаларын;
- бұйымды өңдеу сапасына қойылатын талаптарды;
- қауіпті әрі зиянды өндіріс факторларының сипатын;
- жұмыс орнын қауіпсіз ету нұсқауларын;
- апатты жағдайларды болдырмауға бағытталған шаралар;
Іскерліктер:
- белгіленген рецептура бойынша бұйымдарды ылғалды-жылумен өңдеуге арналған арнайы сіңіргіш ерітінділер дайындауды;
- бұйымның негізіне қарай ылғалды-жылумен өңдеудің технологиялық реті мен режимін анықтай алуды;
- ылғалды-жылумен өңдеуге арналған әртүрлі жабдықтармен жұмыс істеуді;
- дайын бұйымдарды арнайы құрылғыларға ілуді;
-бұйымның ақырғы өңделуін жүзеге асыру.
|
БҚ 1
БҚ 8
КҚ 1.1.1
КҚ 1.1.2
КҚ 1.1.3
КҚ 1.1.4.
|
|
Біліктілігі: 050402 1– Дақ кетіруші
|
|
АП 01
АП 02
АП 03
|
Химиялық құралдар және бояулар
Бұйымдардан дақтарды кетіру мен тазартуға арналған химиялық ерітінділер, қоспалар мен жууға арналған ерітінділер рецептурасын және дайындау технологиясы; тазартуға арналған арнайы құралдардың қасиеті, химиялық материалдардың түрлері, белгіленуі, бұйымдарға әсері;
Дақ кетіру технологиясы
Бұйымдарды тазарту механизмі, дақ түрлері; арнайы дақ кетіргіш құралдардың, химиялық материалдардың түрлері, белгіленуі, қасиеті және олардың бұйымдарға әсері; дақтарды бұйымдардан қолдап кетіру механизмі;
Дақ кетірудің технологиялық жабдықтары
Бұйымдарды қолдап және дақ кетіргіш станоктарда өңдеу режимі мен технологиялық жүйелілігі; тазарту мен дақ кетіруге қолданылатын химиялық материалдар шығынының нормалары;
Дақтарды кетіру кезінде пайда болатын ақаулар; тазарту мен дақ кетіру сапасына қойылатын талаптар.
|
Білімдер:
- бұйымдардан дақтарды кетіру мен тазартуға арналған химиялық ерітінділер, қоспалар мен жууға арналған ерітінділер рецептурасын және дайындау технологиясын;
- тазартуға арналған арнайы құралдардың қасиеті, химиялық материалдардың түрлері, белгіленуі, бұйымдарға әсерін;
Іскерліктер:
- белгіленген рецептура бойынша бұйымдарды тазарту мен дақтарын кетіруге арналған химиялық ерітінділер, қоспалар мен жууға арналған ерітінділерді дайындау технологиясын;
- арнайы столдарда бұйымдардың ластанған жерлерін тазалау;
- дақ түрлерін тануы;
- таңдап алынған реактивтердің мата талшықтары мен бояуына әсерін сынау;
- бұйым сипатына қарай өңдеу режимдерін, тәсілдері мен технологиялық жүйелілігін анықтау;
- қолдап дақ кетіруде арнайы саймандар мен құралдарды пайдалауды;
- бұйымдардан дақтарды кетіруде дақ кетіргіш станокты пайдалану.
|
БҚ 8
КҚ 1.2.1
КҚ 1.2.2
КҚ 1.2.3
КҚ 1.2.4
КҚ 1.2.6
КҚ 1.2.7
|
АП 04
|
Органикалық химия негіздері
Органикалық қосылыстар және олардың классификациясының химиялық құрылымы теориясы негіздері;
Органикалық қосылыстардың маңызды класстарының химиялық және физикалық сипатты қасиеттері;
Химиялық тазалауда органикалық қосылыстардың негізгі класстарының жеке өкілдерін тәжірибеде пайдалану.
|
Білімдер:
- органикалық заттардың химиялық құрылымы теориясын;
-көмірсулар, липидтер, ақуыздар құрамын, құрылысын, классификациясын;
Іскерліктер:
- бұйымдарды химиялық тазалауда органикалық заттарды пайдалануды.
|
БҚ 1
БҚ 8
КҚ 1.2.4
|
АП 05
|
Материалтану негіздері
Ассортимент пен бұйымдарды таңбалау; фурнитура және әрлеу материалдары; материалдың талшықты құрамы мен құрылымы, құрамы, қасиеті;
Бұйымдардың талшықты құрамын танып білу әдістері; бұйымдардың, маталардың талшықтанының ластану үрдісін.
Жұмысшы ерітінділермен және де химиялық материалдармен жұмыс жасауда қауіпсіздік шараларын сақтау.
|
Білімдер:
- ассортимент және бұйымдарды таңбалау;
- маталардың құрылысы мен қасиеттері;
Іскерліктер:
- бұйымдардың талшықты құрамын танып білу;
- мата сапасына, кенеКҚе қойылатын талаптарды сақтау.
|
БҚ1
БҚ 3
КҚ 1.2.1
КҚ 1.2.5
КҚ 1.2.6
КҚ 1.2.7
|
ӨО және КП 00
|
Өндірістік оқыту және кәсіби практика
|
|
|
Өндірістік оқыту
Оқу шеберханасында оқыту. Біліктілік бойынша жұмыстар. Еңбек қауіпсіздігі. Химиялық тазалау кезінде қолданылатын жабдықтар, құралдар мен бақылаушы-өлшеуіш құралдар. Әртүрлі операцияларды орындау. Біліктілік бойынша бұйымдарды өңдеу.
|
Іскерліктер:
-химиялық операцияларды дайындау технологиясын біліктілік бойынша орындау;
- жұмыс орны мен жабдықтарды дайындау;
-жабдықтарды, құралдарды біліктілік бойынша қолдану.
Дағдылар:
-қызмет көрсету бойынша кәсіби дағдыларды қолдану;
-технологиялық үрдісті жүргізу жұмыстарын белгіленген регламентке сәйкес орындау;
-әртүрлі операциялар орындау
|
ПК 1.1.1
ПК 1.1.2
ПК 1.1.3
ПК 1.1.4
ПК 1.1.5
ПК 1.1.6
ПК 1.1.7
ПК 1.2.1
ПК 1.2.2
ПК 1.2.3
ПК 1.2.4
ПК 1.2.5
ПК 1.2.6
|