Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет69/182
Дата14.04.2017
өлшемі21,55 Mb.
#13930
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   182

Дене шынықтыру және спорт сабақтарына оқушылар мен ересектерді тарту мақсатында үгіт жұмыстарын ұйымдастыру, өткізу. Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру үшін оқу-жаттықтыру материалдарын жинақтау. Спорттық-сауықтыру жұмысымен шұғылданушылардың дайындық деңгейі және жағдайына диагностика жүргізу. Қызметтік мүмкіндіктерін, дене сапаларын тестілеу. Қозғалыс біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, жаттықтыру деңгейін анықтау, психологиялық және әдіс-тәсілдік дайындығының жағдайы. Дене шынықтыру-сауықтыру, жарыс және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. Дене шынықтыру-сауықтыру, жарыс және тәрбие қызметін ұйымдастыру формалары, әдістері мен құралдары. Нұсқаушы портфолиосы мазмұнын жаңарту. Жобалау жұмысын презентациялау. Практика бойынша есеп беру.


Іскерліктер:

- дене шынықтыру-сауықтыру, жарыс, тәрбие жұмыстарының, практиканың даму, ағымдағы, шұғыл жоспарларын құру;


- дене шынықтыру-сауықтыру, жарыс, тәрбие жұмыстарының сценарийлерін, жоспар-конспектілерін құру;


- спорттық-сауықтыру жұмысымен шұғылданушылардың дайындық деңгейі және жағдайына диагностика жүргізу;


- мәдени-көпшілік, спорттық-сауықтыру шараларын, мерекелерін психологиялы-педагогикалық, медициналық-биологиялық, әдістемелік талаптарға сай ұйымдастыру.


КҚ 3.3.1, 3.3.2,

3.3.4-3.3.8,


3.3.10-3.3.12


КП 2.2

Білім алушының таңдауы бойынша практика:

Жас және жеке ерекшеліктеріне қарай оқушылардың танымдық жұмысын басқару дағдылары және сабақ, сыныптан тыс шараларды өткізу әдіс-тәсілдерімен қаруландыру. Спорт түрінен байқау сабағы, жаттығулар, сыныптан тыс шаралар өткізу.


Практиканттардың байқау сабақтары, жаттығулары, секциялары, сыныптан тыс шараларына қатысу және талдау. Әдістемелік әдебиеттермен, оқулықтармен жұмыс істеу, дидактикалық материал, көрнекі құрал, компьютерлік технологияны пайдалану, сабақ және жаттығу жоспарларын жасақтау және безендіру біліктері мен дағдыларын жетілдіру. Болашақ нұсқаушы, жаттықтырушы портфолиосы мазмұнын жаңарту. Жобалау жұмысын презентациялау. Практика бойынша есеп беру.


Іскерліктер:

- таңдаған спорт түрінен теориялық білімдерін пайдалану;


- жинаған материалды жүйелеу;


- сабақ, жаттығу өткізу;


- бақылау, өзін-өзі бақылау тәсілдерін, зерттеу жұмысы әдістерін меңгеру, диагностика нәтижелерін пайдалану;


- болашақ нұсқаушы, жаттықтырушы портфолиосы мазмұнын жаңарту;


- өз құзырлығы мен біліктілігін көтеру.


КҚ 3.3.1-3.3.12

КП 2.3

Байқау практикасы:

Жас және жеке мүмкіндіктеріне сай мектеп оқушыларының танымдық қызметін басқару дағдысымен және шараларды өткізу әдіс-тәсілдерімен қаруландыру. Спорт түрі бойынша байқау сабақтарының жаттығуларын, сыныптан тыс шараларды өткізу. Практиканттардың байқау сабақтары, жаттығулары, секциялары, сыныптан тыс шараларына қатысу және талдау. Әдістемелік әдебиеттермен, оқулықтармен жұмыс істеу, дидактикалық материал, көрнекі құрал, компьютерлік технологияны пайдалану, сабақ және жаттығу жоспарларын жасақтау және безендіру біліктері мен дағдыларын жетілдіру. Болашақ нұсқаушы, тренер портфолиосы мазмұнын жаңарту. Жобалау жұмысын презентациялау. Практика бойынша есеп беру.


Іскерліктер:

- жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, сабақ, жаттығу жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін, формаларын таңдау;


- оқу-көрнекі құралдарды дайындау және пайдалану, оқушылардың зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастыру;


- күнтізбелік-тақырыптық және сабақ жоспарларын жасақтау;


- сабақта инновациялық технологияларды пайдалану;


- сабақ, жаттығу және сыныптан тыс шараларды өткізу;


- практика кезінде өз іс-әрекетін бақылау және талдау;


- болашақ нұсқаушы, жаттықтырушы портфолиосы мазмұнын жаңарту;


- өз құзырлығы мен біліктілігін көтеру.


КҚ

3.3.1-3.3.12


КП 2.4

Жазғы спорттық практика:

Ұйымдастыру-педагогикалық жұмыстары. Балалармен және жасөспірімдермен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының бағыттарын таңдау. Спорт-сауықтыру жұмыстары. Туристік-өлкетану жұмыстары. Балалардың бос уақытын ұйымдастыру. Педагогикалық күнделікті жүргізу.


Нұсқаушы, жаттықтырушы, бос уақытты ұйымдастырушы портфолиосы мазмұнын жаңарту. Жобалау жұмысын презентациялау. Практика бойынша есеп беру.


Іскерліктер:

- шомылу және байдаркамен жүзу кезінде балаларға қауіпсіздік ережесі туралы нұсқау беру;


- балалардың жеке ерекшеліктері мен қызығушылықтарына қарай күн сайын және лагерь ауысымы бойынша спорттық шаралар жоспарын жасақтау;


- жалпы лагерішілік және лагераралық жарыстар, дене тәрбиесі және спорт сабақтарын, ертеңгілік жаттығулар өткізу;


- таңдаған спорт түрінен сабақтар және жарыстар өткізу;


- уақытша балалар ұйымында өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру;


- ұжымдық-шығармашылық жұмыстарды өткізуді ұйымдастыру;


- нұсқаушы, бос уақытты ұйымдастырушы портфолиосы мазмұнын жаңарту;


- күнделік жүргізу.


КҚ 3.3.1-3.3.12

КП 03

Диплом алдындағы практикасы:

Оқу-жаттығу материалын жүйелеу, спортшылардың дайындық деңгейін анықтау. Жаттықтырушының оқыту-жаттықтыру, жарыс, тәрбие, ғылыми-әдістемелік жұмысын даму, ағымдық, шұғыл жоспарлау. Спортшылармен оқыту-жаттықтыру, жарыс және тәрбие жұмыстарын қазіргі психологиялық-педагогикалық, медициналық-биологиялық, дидактикалық және әдістемелік талаптарға сай ұйымдастыру. Шешілетін мәселеге сай шұғылданушылардың оқыту-жаттықтыру, жарыс, тәрбиелік жұмыстарын ұйымдастыру формаларын, әдіс-тәсілдерін қолдану. Шұғылданушылармен, басқару құрамымен, жаттықтырушылармен, ата-аналармен және көпшілікпен өзара қарым-қатынас орнату. Жаңа мәселелерді анықтау мақсатында жұмыс нәтижесін бағалау. Нұсқаушы, жаттықтырушы портфолиосы мазмұнын жаңарту. Жобалау жұмысын презентациялау.


Іскерліктер:

- оқыту-жаттықтыру материалын таңдау, талдау және жүйелеу;


- спортшылардың дайындық деңгейлерін, жағдайын диагностикалау;


- нұсқаушы, жаттықтырушының оқыту-жаттықтыру, жарыс, тәрбие, ғылыми-әдістемелік т.б. жұмыстарын даму, ағымдық, шұғыл жоспарлауды жүзеге асыру;


- спортшылармен оқыту-жаттықтыру, жарыс, тәрбие жұмыстарын қазіргі психологиялық-педагогикалық, медициналық-биологиялық, дидактикалық және әдістемелік талаптарға сай ұйымдастыру;


- шұғылданушылармен, басқару құрамымен, жаттықтырушылармен, ата-аналармен және көпшілікпен педагогикалық қарым-қатынас орнату;


- оқыту мен тәрбиелеу, жаттығудың нақыт жағдаяттары мен міндеттеріне қарай өз жұмысына өзгерістер енгізу және қайта құру;


- жаңа міндеттер анықтау мақсатында жұмыс нәтижесін есепке алу және бағалау;


- дене тәрбиесі және спорт сабақтарына балаларды және ересектерді тартуда кәсіптік бағыттау жұмыстарын жүргізу;


- төрешілік жұмыстың барлық кезеңінде төреші қызметін атқару;


- өз әдіс-тәсілдік шеберлігін жетілдіру;


- практика кезінде күнделік толтыру;


- оқытушы портфолиосы мазмұнын жаңарту.


КҚ 3.3.1-3.3.12





Ескерту: 1-кесте Базалық құзыреттер






Құзырет

коды


Базалық құзыретттер (БҚ)

БҚ 1

Мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну.

БҚ 2

Адами қасиеттер үлгілеріне негізделген рухани құндылықтар мен нормаларды түсіну және қолдану.

БҚ 3

Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңын, балалар құқықтары туралы Конвенцияны білу.

БҚ 4

Әртүрлі жағдайдағы мәселелерді анықтай, жауапты шешімдер қабылдай, өз шешімінің салдарын бағалай білу, өз білімін жетілдіру.

БҚ 5

Топтағы көзқарастары әртүрлі адамдармен этикет нормаларына сәйкес байланыс (коммуникация) орната білу.

БҚ 6

Еңбек заңына сәйкес өз құқығын қорғай алу. Қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау.

БҚ 7

Ауызша және жазбаша еркін қарым-қатынас жасаудың тәсілдерін меңгеру.

БҚ 8

Денсаулықты сақтау технологияларын пайдалана білу, өзінің физикалық қабілетін дамыта білу.

БҚ 9

Ақпаратты қолдану, өңдеу және сақтаудың компьютерлік әдістерін, Интернетпен жұмысты, электронды поштаны, АКТ меңгеру.





2-кесте Кәсіптік құзыреттер






ТжКБ деңгейі

Біліктілік

Кәсіптік құзырет (КҚ)

3. Орта буын маманы

010301 3 Дене тәрбиесі, суда жүзу нұсқаушысы

КҚ 3.1.1. Білім алушылардың психологиялық, анатомофизиологиялық даму ерекшеліктерін, оқу үдерісінің мәнін, дидактика заңдылықтарын білу.

КҚ 3.1.2. Нұсқаушының спорттық және әдістемелік шеберлігін көтеруде арнайы-кәсіптік білімдерін, оқытудың жаңаша формалары мен құралдарын, қазіргі заманғы әдістерді, тәсілдерді, оқу-әдістемелік кешендерді қолдана білу.


КҚ 3.1.3. Таңдап алған спорт түрі бойынша нұсқаушы дайындаудың оқыту әдістемесін меңгеру.


КҚ 3.1.4. Спорттық және қозғалмалы ойындардың, жеңіл атлетикалық және гимнастикалық жаттығулардың, жүзу стилінің негізгі түрлерін, шаңғымен, конькимен және т.б. жылжу әдістерін білу.


КҚ 3.1.5. Төрешілікті, спорттық секцияларды, сыныптан тыс сабақтарды, жарыстарды, жаттығуларды жоспарлай және өткізе білу.


КҚ 3.1.6. Нұсқаушы қызметінің мақсат пен міндеттерін анықтайды, оқушылардың іс-әрекетін жобалай, басқарушылық сапаларын дамыта білу.


КҚ 3.1.7. Өзін-өзі бақылау, бақылау, тиімді әдістер мен құралдарды таңдау, жоспарлау әдістерін меңгеру.


КҚ 3.1.8. Нұсқаушының қызметін, тәрбие жұмысы мазмұнын, әртүрлі жастағы ұжымды диагностикалау әдісін білу.


КҚ 3.1.9. Оқу-бағдарламалық құжаттарды жасақтау негіздерін меңгеру, нұсқаушының спорттық және әдістемелік шеберлігін көтеруге арналған оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын талдай білу.


КҚ 3.1.10. Тұрғылықты жерлері бойынша балалармен, жасөспірімдермен, тұрғындармен мәдени-көпшілік, спорттық сауықтыру жұмыстарын жүргізу.


КҚ 3.1.11. Дене тәрбиесі, жүзу бойынша нұсқаушы портфолиосы мазмұнын жинақтау әдістерін меңгеру.


КҚ 3.1.12. Оқу сапасының мониторингін жүргізе білу.


010302 3 Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі

КҚ 3.2.1. Білім алушылардың психологиялық, анатомофизиологиялық даму ерекшеліктерін, оқу үдерісінің мәнін, дидактика заңдылықтарын білу.

КҚ 3.2.2. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі бойынша арнайы-кәсіптік білімді, оқытудың жаңаша формалары мен құралдарын, қазіргі заманғы әдістерді, тәсілдерді, оқу -әдістемелік кешенді қолдана білу.


КҚ 3.2.3. Дене тәрбиесін оқыту әдістемесін меңгеру.


КҚ 3.2.4. Спорттық және қозғалмалы ойындардың, жеңіл атлетикалық және гимнастикалық жаттығулардың, жүзу стилінің негізгі түрлерін, шаңғымен, конькимен және т. б. жылжу әдістерін білу.


КҚ 3.2.5. Төрешілікті жүзеге асыру, спорттық секцияларды, сыныптан тыс сабақтарды, жарыстарды, сабақты жоспарлай және өткізе білу.


КҚ 3.2.6. Сабақтың мақсат-міндеттерін анықтай, мұғалімнің, білім алушылардың қызметін жобалай, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттерін дамыта білу.


КҚ 3.2.7. Өзін-өзі бақылау, бақылау, тиімді әдістер мен құралдарды таңдау, жоспарлау әдістерін меңгеру.


КҚ 3.2.8. Топ жетекшісінің қызметін, тәрбие жұмысы мазмұнын, әр жастағы ұжымды диагностикалау әдісін білу.


КҚ 3.2.9. Оқу-бағдарламалық құжаттарын жасақтау негіздерін меңгеру, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінен мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын талдай білу.


КҚ 3.2.10. Тұрғылықты жерлері бойынша балалармен, жасөспірімдермен, тұрғындармен мәдени-көпшілік, спорттық сауықтыру жұмыстарын жүргізу.


КҚ 3.2.11. Дене тәрбиесі мұғалімі мен оқушының портфолиосының мазмұнын жинақтау (жинау) әдістерін меңгеру.


КҚ 3.2.12. Оқу сапасының мониторингін жүргізе білу.


010303 3 Спорт жаттықтырушысы – оқытушы

КҚ 3.3.1. Білім алушылардың психологиялық, анатомофизиологиялық даму ерекшеліктерін, оқу үдерісінің мәнін, дидактика заңдылықтарын білу.

КҚ 3.3.2. Жаттықтырушының таңдап алған спорт түрі бойынша спорттық және әдістемелік шеберлігін көтеруде арнайы-кәсіптік білімдерін, оқытудың жаңаша формалары мен құралдарын, қазіргі заманғы әдістерді, тәсілдерді, оқу-әдістемелік кешендерді қолдана білу.


КҚ 3.3.3. Таңдап алған спорт түрі бойынша спорттық шеберлікке үйретудің әдістемесі мен жаттықтырушылық дағдыларын меңгеру.


КҚ 3.3.4. Спорттық және қозғалмалы ойындардың, жеңіл атлетикалық және гимнастикалық жаттығулардың, жүзу стилінің негізгі түрлерін, шаңғымен, конькимен және т. б. жылжу әдістерін білу.


КҚ 3.3.5. Төрешілікті, спорттық секцияларды, сыныптан тыс сабақтарды, жарыстарды, жаттығуларды жоспарлай және өткізе білу.


КҚ 3.3.6. Жаттықтырушы қызметінің мақсат-міндеттерін анықтай, білім алушылардың іс-әрекетін жобалай, ұйымдастырушылық, басқарушылық сапаларын және қабілеттерін дамыта білу.


КҚ 3.3.7. Өзін-өзі бақылау, бақылау, тиімді әдістер мен құралдарды таңдау, жоспарлау әдістерін меңгеру.


КҚ 3.3.8. Жаттықтырушы, нұсқаушы қызметін, тәрбие жұмысының мазмұнын, әртүрлі жастағы ұжымды диагностикалау әдісін білу.


КҚ 3.3.9. Оқу-бағдарламалық құжаттарын жасақтау негіздерін меңгеру, жаттықтырушының шеберлігін көтеруге арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын талдай білу.


КҚ 3.3.10. Тұрғылықты жерлері бойынша балалармен, жасөспірімдермен, тұрғындармен мәдени-көпшілік, спорттық сауықтыру жұмыстарын жүргізу.


КҚ 3.3.11. Жаттықтырушы – оқытушы портфолиосы мазмұнын жинақтау (жинау) әдістерін меңгеру.


КҚ 3.3.12. Оқу сапасының мониторингін жүргізе білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет