Технология пәніне арналған


Сабақтың тақырыбы: Ұн өнімдерінен жасалатын тағамдар. Ашытқылы және ашытқысыз қамыр



бет8/13
Дата05.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#15484
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Сабақтың тақырыбы: Ұн өнімдерінен жасалатын тағамдар. Ашытқылы және ашытқысыз қамыр
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білік дағдыларын қалыптастыру, тақырып мазмұнын меңгерту. Оқушылардың іс-әрекетін белгілі бір мақсатқа жүйелеу, бағыттау. Тағамдардың ағзаға әсерін жете түсіну, талдауға үйрету. Ғылыми ізденіс жасауға баулу, тиянақты білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік жұмыс барысының әр кезеңдеріндеізденуге, зерттеуге, талдауға, сараптауға, сыни ойлауға, салыстыра білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
Тәрбиелік: Тағам жасаудың тәсілдерін үйрету барысында тазалық пен ұқыптылық, инабаттылыққа баулу, кәсіптік бағдар беру
Сабақтың әдісі: аралас сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кондитер бұйымдарын дайындауға қажетт
құрал-жабдықтар
Пәнаралық байланыс: математика, биология, физика, химия
Сабақты жаңа технология элементтерін пайдалана отырып «Блум жүйесі» бойынша өткіземін. Әуелі сынып қыздарын екі топқа бөліп аламын.
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау :Ұннан кондитер бұйымдарын пісіру
ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру
І деңге «Сұрақ бізден, жауап сізден»
Үйге берілген тапсырма бойынша екі топ бір-біріне сұрақтар қою арқылы жауап береді.
1) Ұнның дымқылдығы қалай анықталады?
2) Ұнды електен өткізудің маңызы неде?
3) Жоғары сортты ұннан қандай кондитер бұйымдары дайындалады?
4) Екінші сортты ұннан қандай кондитер бұйымдары дайындалады?
5) Кондитер бұйымдарын жасау үшін қандай қоспалар қажет?
6) Тамақ содасы не үшін қолданылады?
7) Ванилиннің маңызы қандай?
8) Қамыр қалай ашытылады?
Ашытылған қамыр дайындау үшін келесі қойылған талаптарды орындау қажет: а) ұнмен ашытқының сапасы – ұн ылғалдығы бірқалыпты, бөтен иісі жоқ болуы тиіс. Ұнның ылғалдығын қолмен сығымдау арқылы біледі, егер ұн қолмен қысқан кезде түйіршектелмей, есіліп тұрса, онда оның ылғалдығы жақсы деп есептеледі. Ашытқы жеңіл үгітіліп, оның өзіне тән түсімен иісі болуға тиіс.
ә) ашытқы мен сүт қышқылды бактерияларды әзірлеуге арналған шарттар.
Қамырды салқын ұннан илеуге болмайды. Ашытқыны езіп, қамырға араластырып, 25 – 30 температурада көтерілгенше ұстайды. Қамырды ашыту кезінде оны қақпақпен емес, таза сүлгімен жапқан дұрыс.
Енді ашытқылы қамырды дайындау технологиясын қарастырайық.
1. Қамырды илеу – ұнды илеп, тұз, қант, ашытқы, жылы сүт, су қосады.
2. Қамырдың ашуы – ашытқы қантты ашытып спирт пен көмірқышқыл газы түзеледі. Пісіру кезінде спирт ұшып кетеді.
3. Қамырды толықсыту – пісіру алдында қалпына келуі үшін қамырды жылы жерде бірнеше минут ұстайды.
4. Ұсақ өнімдерді пісіру 10-12 минут, ірі өнімдерді пісіру 45 – 60 минут, пісіру температурасы 200 – 250 С.
Ал енді ашытылған қамырдан картоп салынған бәліш дайындайық.

Каталог: uploads -> doc -> 0ede
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ede -> Хаттама № «Д. Нұрпейісова атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»
0ede -> Сабақ түрі: аралас сабақ Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, кесте. Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет