Технология пәніне арналған


Сабақтағы жұмысқа қорытынды жасау. Бағалау



бет12/13
Дата05.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#15484
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Сабақтағы жұмысқа қорытынды жасау. Бағалау:
5. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.
Үй тапсырмасы:
Сабақ тақырыбы: Ашытылған қамыр дайындау технологиясы. Ашыған қамырдан тағам пісіру.
Сабақ мақсаты: -
Білімділігі: ашытылған қамырдан тағам пісіруін көрсетіп үйрету, білім – білік дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбилігі:ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: практикалық сабақ.
Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету, уйрету.
Құрал жабдықтар: тегеш, электр пеші, қалып.
Азық-түліктер: ұн -1,5 стакан, 0,5 –шай қасық сода, дәміне қарай тұз, 250 гр -қаймақ, 3-4 қызанақ, 100-150 гр сыр, 1-2 пісірілген жұмыртқа, 10-15 г көкшөптер, 1- шай қасық өсімдік майы.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезені: - сәлемдесу, жоқтарын белгілеу, дайындықтарын
тексеру
II. Үй тапсырмасын тексеру. – салқын көжелерді қай мезгілде дайындаған жөн?
- неге салқын көже деп атаймыз?
- сорпаны дайындаудың неше әдісі бар?
- көже дәмінің сапасы неден байланысты?
- сорпаны неден қайнатады?
III. Жаңа сабақ. Қамырдан жасалған тағамдар мен кондитерлік өнімдер көптеген халықтардың аспаздық өнерінде елеулі орын алады.
Мысалы: а) ұннан жасалатын тағамдар әр түрлі қамырдан және көп ассортиментте пісіріледі; олар: нан, бөлке, батон, тоқаш, күлше, бауырсақ т.б;
ә) ұннан жасалатын аспаздық өнімдер: құймақтар, бәліш, пирог, тұшпара, мәнті;
б) ұннан жасалатын кондитерлік өнімдер – торттар, кекстер, печенье, вафли, пряниктер.
Ашытылған қамыр дайындау үшін келесі қойылған талаптарды орындау қажет: а) ұнмен ашытқының сапасы – ұн ылғалдығы бірқалыпты, бөтен иісі жоқ болуы тиіс. Ұнның ылғалдығын қолмен сығымдау арқылы біледі, егер ұн қолмен қысқан кезде түйіршектелмей, есіліп тұрса, онда оның ылғалдығы жақсы деп есептеледі. Ашытқы жеңіл үгітіліп, оның өзіне тән түсімен иісі болуға тиіс.
ә) ашытқы мен сүт қышқылды бактерияларды әзірлеуге арналған шарттар.
Қамырды салқын ұннан илеуге болмайды. Ашытқыны езіп, қамырға араластырып, 25 – 30 температурада көтерілгенше ұстайды. Қамырды ашыту кезінде оны қақпақпен емес, таза сүлгімен жапқан дұрыс.
Енді ашытқылы қамырды дайындау технологиясын қарастырайық.
1. Қамырды илеу – ұнды илеп, тұз, қант, ашытқы, жылы сүт, су қосады.
2. Қамырдың ашуы – ашытқы қантты ашытып спирт пен көмірқышқыл газы түзеледі. Пісіру кезінде спирт ұшып кетеді.
3. Қамырды толықсыту – пісіру алдында қалпына келуі үшін қамырды жылы жерде бірнеше минут ұстайды.
4. Ұсақ өнімдерді пісіру 10-12 минут, ірі өнімдерді пісіру 45 – 60 минут, пісіру температурасы 200 – 250 С.
Ал енді ашытылған қамырдан картоп салынған бәліш дайындайық.

Каталог: uploads -> doc -> 0ede
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ede -> Хаттама № «Д. Нұрпейісова атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»
0ede -> Сабақ түрі: аралас сабақ Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, кесте. Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет